Материалдар / Пісіру жұмыстарын қалыптау және бұйымның өзіндік құны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пісіру жұмыстарын қалыптау және бұйымның өзіндік құны

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
190
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Пісіру жұмыстарын қалыптау және бұйымның өзіндік құны

Технологиялық үрдістерді жобалау сұрақтарының бірі болып оның операцияларын қалыпта
ұстау табылады. Қалыпта ұстау міндеті болып құрастырма жасау барысында қандай да бір
операцияны орындау үшін қажет уақыт нормасын дұрыс есептеу табылады.
Техникалық негізделген уақыт нормасы деп құрылғыны неғұрлым тиімді қолданумен жəне
берілетін өндірістік тəжірибені ескерумен нақты бір ұйымдық-техникалық жағдайда белгілі бір
операцияны орындауға бекітілетін уақытты айтады. Оны шекті уақыт ретінде қарастыруға
болмайды.

Техниканың дамуымен жəне технологияның жақсартылуымен, механикаландыру мен
автоматтаныдырылудың енгізілуімен, оңтайлылық пен өнертабыстылықтың дамуымен үздіксіз
еңбек өнімділігі артуда, сəйкесінше, уақыт нормасы да өзгереді.

Құрастырманы дайындаудың жалпы ұзақтығы технологиялық үрдістің негізгі жəне көмекші
операцияларын орындаудың қосындылы ұзақтығынан, сонымен бірге, бұйымдардың күтіп қалулары
мен операция арылық уақыттардан құралады.

Негізгі операциялар (кесу, жинау, пісірмелеу жəне т.б.) үшін Т уақытының нормасы уақыттың
басқа да қажетті шығындарынан құралады:

мұндағы 4-з — жұмысшымен тапсырманы алуға, технологиялық үрдіс сызбалары жəне
карталарымен танысуға, құрылғыны, құралдарды, қосалық бөліктер мен материалдарды
дайындауға жəне орындалған жұмысты тапсыруға кететін дайындау-аяқтау уақыты; tП — негізгі
уақыт, яғни операцияныңтікелей орындалуына жұмсалатын уақыт (пісіру барысында — негізгі
жəне орналастырылатын металдар арасында пісіру жіктерін жасау, яғни пісіру доғаның үздіксіз
жанып тұру уақыты); 4 — көмекші əрекеттерге жұмсалатын көмекші уақыт, ол келесідей негізгі
операциялар орындау үшін қажет: бұйымды қондыру, оның қосалқы бөлікте бекітілуі, бұйымға
қатысты құралды орнату, өңдеуден кейінгі бұйымды алу; 4бсл — жұмыс орнына қызмет көрсетуге
арналған уақыт, яғни құрылғыға күтім жасау жəне жұмыс орынында тазалықты қамтамасыз ету
(мұнда пісіру режимін бекіту уақытын, пісіру құрылығысын қосу жəне өшіру уақытын, флюсті
шашу жəне жинау, қорғаушы газын беру, пісірмелеу сымын қайта толтыру жəне жұмыс
орындарындағы құрылғыларды қылыпқа келтіру уақыттары кіреді); ?отд — қалыпты демалыс
жəне жеке бас қажеттілігіне кеткен уақыт жатады.
Сондай-ақ, жалпы уақытты қалыпта ұстау барысын негізгі
уақыт ta пен Куч еңбекті ұйымдастыруды есепке алу коэффициентімен:



Куч, неғұрлым жоғары болған сайын, еңбекті ұйымдастыру да соғұрлым жоғары болады. Қолмен
пісіру кезінде Куч = 0,25-0,40, автоматты пісіру кезінде — Куч = 0,6-0,8. Куч коэффициенті пісіру
жағдайы мен еңбектің ұйымдастырылуына байланысты болады.
Доғалы қолмен пісіру барысындағы негізгі уақыт (доғаның жану уақыты) пісірудің өнімділігін
анықтау формуласымен анықталады:



мұндағы /н — балқытылған металдың көлбеу бойлық алаңы, см
2
; I
— жіктің ұзындығы, см; у — балқытылған металдың тығыздығы, г/см
3
; ан — балқытпа
коэффициенті, г/(А-ч); /св — пісіру тоғы, А.
Автоматтандырылған бір жүрісті пісіру барысындағы негізгі уақытты мына формуламен
есептеуге болады,


мұндағы /оп — бір операцияда пісірілетін түйіндегі аталған өлшемдегі жіктің тартылымдығы,
м; г>св — аталған өлшемдегі жікті пісіру жылдамдығы, м/сағ.
Қолмен пісіруді механикаландырылған немесе автоматтандырылған түрге ауыстыру пісірудің
негізгі уақытын бірден қысқартады. Мысалы, 10-12 мм қалыңдықта пісіру барысында қолмен
қапталған электродпен төменгі тұсында сағатына 1 метр, ал автоматтандырылған пісіру барысында

құбырлар флюстерінде осындай қалыңдықты пісіруу жылдамдығы сағатына 320 метрге дейін жетуі
мүмкін. Пісіруқұрыдымдарды дайындаудағы жалпы еңбек сыйымдылығы шамамен 25-30%
пайызды құрады, сондықтан да пісіру
құрылымдарды дайындаудың одан əрі уақытын қысқарту механикаландыру ж əне
автоматтандырумен қатар, пісіру құрылымдар дайындаудың технологиялық кешенін құраушы
барлық өндірістік операцияларды кешенді механикаландыру жəне автоматтандыру есебінен
жүзеге асыру қарастырылуда. Өнімділік нормасы уақыт нормасына кері шама болып табылады,


Page 2

жəне уақыттың бір бірлігіне қанша жұмыс көлемі орындалғанын білдіреді (пісіру жіктерінің
ұзындық метрі, балқытылған метал килограмы, дайын болған бұйым саны жəне т.с.с.).

Кез-келген өндірістің маңызды өндірістік көрсеткіші болып өнімнің өзіндік құны табылады.
Ол бұйым дайындауға кететін өндірістегі барлық шығындарды сипаттайды. Пісіру өндірісінде
пісіру құрылымдарының өзіндік құны С мына формуламен анықталады:

С = См + Сз + Сup

мұндағы См —материалдар құны; С3 — өндірістік жұмысшылардың аударымдарымен бірге
алғандағы жалақысы; Сцр — электр энергиясына, құрылғыны жөндеуге жəне амортизацияға,
құралдармен жарақтандыруға, көмекші материалдарға кеткен цех шығындары.
Өндірістің технологиялық дайындығының міндеті өндірістің өзіндік құнын төмендетуге
мүмкіндік беретін шешімдерді табу болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1. Пісіру өндірісіндегі технологиялық жəне өндірістің қызметтердің негізгі түрлері қандай?
2. Өндірістік жұмысшылардың орын алып отырған еңбектерін бөлудің формаларын атаңыз.
3. Пісіру жұмыстары қалай нормаланады?
4. Пісіру құрылымдарының өзіндік құны түсінігін жəне оның құрылымын сипаттап беріңіз.
5. Пісіру құрылымдарының өзіндік құнын төмендетуге қандай технологиялық шаралар
мүмкіндік береді?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!