ПІСІРУ ӨНДІРІСІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПІСІРУ ӨНДІРІСІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ПІСІРУ ӨНДІРІСІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Технологиялық және өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру

Өндірістің техникалық деңгейінің дамуы жүйелі түрде технологиялық үрдістердің жасалуы
мен жаңа түрлерін енгізуді жəне оларды одан əрі жақсартуды талап етеді. Бұл жұмыс сəйкесінше
технологиялық қызметтермен атқарылады. Ал жобалау-құрастыру ұйымдарынды арнайы
технологиялық бөлімдер мен топтар құрылған, олардың міндеттері жобалау барысында
құрастырмаларды технологиялық өңдеу болып

табылады. Кəсіпорындарды технологиялық қызметті ұйымдастыру аса маңызды болып отыр.
Ұйым жүйесі түрліше болып табылады жəне өндіріс ауқымына, оның техникалық деңгейіне,
өндірістің мамандандырылуына байланысты болады. Зауыттардағы пісіру жұмыстарының көлемі
айтарлықтай үлкен емес, технологиялық басқару құрамына пісіру бюросы немесе пісіру тобы
кіретін бас технолог бөлімімен жүзеге асырылады.

Көп көлемдегі пісірме жұмыстары өндірілетін кəсіпорындарда өз бетінше зауыттың бас
инженеріне тікелей бағынысты бас пісірушілер бөлімі ұйымдастырылады, олардың міндетті
қызметтері бас технолог немесе, металлург қызметімен ұқсас болып табылады. Бұл пісіру
қызметтері технологиялық дайындық бойынша жұмыстарды орындап жəне пісіру өндірісін
автоматтандыру жəне механикаландыруға, үдемелі үрдістерді енгізу жəне игеруге, сонымен бірге,
пісіру жұмыстарының сапалығына тікелей жауапты болып табылады.

Бас пісіру бөлімінің құрылымы түрлі кəсіпорындарда өз ерекшеліктеріне ие болуы мүмкін,
алайда олардың міндеттеріне келесілер кіреді:

• кəсіпорынның құрастырушы қызметтерімен немесе жобалау-құрастыру ұйымдарымен
жасалатын жəне өндіріске келіп түсетін пісіру құрылымдардың технологиялығын бақылау;

• еңбек өнімділігінің артуын жəне пісіру құрылымдар сапасын ететін үдемелі үрдістерді жасау
жəне өндіріске енгізу, сонымен қатар, пісіру өндірісі цехтарын технологиялық құжаттармен жəне
басқа да басшылыққа алынатын материалдармен толықтай қамтамасыз ету;кəсіпорын цехтарында
технологиялық тəртіп сақталуын бақылауға алу, пісіру жалғастардағы ақаулар пайда болуын
зерттеу жəне себептерін талдау жəне оларды жою бойынша шаралар жасау;

• жинау-пісіру жұмыстарын орындау үшін технологиялық жарақтарды жасау жəне енгізу,
жинау-пісіру орындарын жоспарлау жəне ұйымдастыру;
• пісіру құрылғыларын, пісіру материалдарын жүктеу жəне пайдаланылуын бақылау, пісіру
материалдарына өтінім дайындау, жұмысшылар біліктілігін арттыру бойынша əдістемелік
нұсқаулық дайындау; аталған міндеттер бас пісіруші бөлімнің сəйкесінше бағынысты бөлімдерімен
орындалады.

Машина жасауда пісіру өндіріс пісірілу құрылымдарының кең тізімімен жəне түрлі салалар
өндірісінің ауқымымен сипатталады. Осы шарттарға байланысты пісіру өндірісінің өндірістік
бөлімдерін ұйымдастыру қағидаттарын қолданады. Негізгі цехтарды ұйымдастыру негізіне
технологиялық, заттай немесе олардың мамандануына қарай аралас нысаны алынады.

Бірінші түрі бойынша цехтар аталған кəсіпорынның бұйымдар түрлері үшін белгілі бір
технологиялық үрдістерді жəне түрлі

бұйымдар (құрастырма бірліктері) дайындау бойынша маманданады. Бұл жағдайда бұйымды
реттілікпен бірқатар цехтардан өтеді (дайындаушы, механикалық өңдеу, жинау-пісіру жəне т.б.).
Ұйымның бұндай қағидаты ең алдымен, жекелеп жəне аз топтарда өнім өндірісі өтетін
кəсіпорындарға тəн.

Заттық сипаты бойынша цехтар бір типті немесе түрлі аталымдағы бір типті құрастырмаларды
түрліше технологиялық үрдістерді (дайындау, жинау, пісіру жəне т.б.) қолданумен жасауға
машықтанады. Цех шегінде белгілі бір құрастырмалар өндірісінің аяқталу айналымы
ұйымдастырылады. Бұндай қағида топтық жəне жаппай өндірісті кəсіпорындарға тиімді болып
табылады. Алайда ескеретін жайт, бірдей құрылғының түрлі цехта болуы оның толық
жүктелмеуімен ілеседі.

Кəсіпорындарда көбінесе цехтардың мамандандырылуының аралас (заттай технологиялық) түрі
қолданылады. Бұл жағдайда цехтың бір бөлігі технологиялық қағидат бойынша, ал бір бөлігі

— заттай ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, дайындама жұмыстары технологиялық қағида
бойынша ұйымдастырылады, ал өңдеуші жəне жинау-пісірмелеу жұмыстары — заттай
ұйымдастырылады. Бұндай формада ұйымдастыру жоғары икемділікке ие болады жəне бір типті
технологиялыққұрылғыға қажеттілікті төмендетіп жəне оның жүктелуін арттыруға мүмкіндік
туғызады. Пісіру өндірісін ұйымдастыруды дұрыстаңдау бұйымдар тізімін, технологиялық


Page 2

үрдістерді, олардың механикаландырылған ж əне автоматтандырылған қ ұралдармен
жарақтандырылуын терең талдаумен пісіру құрылымдарды жоғары техникалық-экономикалық
тұрғыда дайындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
02.06.2021
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі