Материалдар / Пісіру қосылыстары және жіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пісіру қосылыстары және жіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Пісіру қосылыстары және жіктері

МемСТ 2601–84 сəйкес пісіру қосылыстары мен жіктеріне байланысты бірқатар терминдер мен
анықтамалар бар.
Жеке бөлшектерді пісіру көмегімен жасалатын металл құрылымны пісірме құрылым деп
атайды, ал осындай құрылымның бөлігін пісірме түйіні деп атайды.

Пісірме құрылымы – бұл пісірумен орындалған бірнеше бөлшектің ажырамайтын қосылысы.
Пісірме қосылыстың құралмалы түрі пісірілетін бөлшектерінің өзара орналасуымен анықталады.
Балқумен пісіру кезінде пісіру қосылыстарыының келесі түрлерін ажыратады: түйісті, айқасатын,
қапталдық, бұрыштық жəне таврлы (1.3-сурет). Сонымен қатар, доғалы пісірумен жасалған нүктелі
пісірім жігі бар айқасатын қосылысты да қолданады.

Түйісті қосылыс (1.3-сурет, а) бір жазықтықта жəне бір-біріне қапталдық беттерімен түйісе
орналасқан екі бөлшекті пісірмелі қосуды білдіреді. Олар пісірме құрылымларда кеңінен таралған.
Түйіспелі қосылыстардың шартты белгілері: С1–С48.

Айқасатын қосылыс (1.3-сурет, б) қосылатын элементтер параллель жəне бір-бірін біраз баса
орналасқан пісірме қосылысын білдіреді. Шартты белгілері: Н1 – Н9.
Қапталдық қосылыс (1.3-сурет, в) – мұнда элементтердің бүйір беттері бір-біріне қабысатын
қосылыс. Стандартта шартты белгісі əзірше жоқ.

Бұрыштық қосылыс (1.3-сурет, г ) бұрышпен бір-біріне орналасқан жəне жиектеріне қойылған
орнында пісірілген екі
элементтің пісірме қосылысын білдіреді. Бұрыштық қосылыстардың шартты белгілері: У1 – У10.





а б в








г д

1.3-сурет. Пісіру қосылыстарының түрлері:

а – түйісті; б – айқасатын; в – қапталдық; г – бұрыштық; д – таврлыТаврлы қосылыс (1.3-сурет, д) – бұл
бір элементтің бүйір жақ бетіне бұрышынан екінші элементтің қапталы қабыса келіп пісірілген
қосылыс. Негізінде, элементтер арасындағы бұрыш тік. Таврлы қосылыстардың шартты белгілері:
Т1 – Т8.

Пісіру қосылысына пісірме жігі кіреді. Пісіру жігі пісіру ваннасының балқыған металл
кристалдану нəтижесінде түзілетін пісірме қосылысының учаскесін білдіреді.
Пісіру ваннасы – бұл пісіру сəтінде балқыған күйде болатын металдың пісіру жігі. Доғаның
əсерінен пісірме ваннасында түзілетін тереңдету шұңғылы деп атайды. Пісіруге түскен қосылатын
бөлшектердің металын негізгі металл деп атайды. Пісіру ваннасына балқыған негізгі металға
қосымша салуға арналған металл қосым металл деп атайды. Балқытылған негізгі металға немесе
пісіру ваннасына енгізілген қайта балқытылған қосым металды балқыған металл деп атайды. Қайта
балқытылған негізгі немесе қайта балқытылған жəне балқытылған металдан түзілген қорытпаны
жіктің металы деп атайды. Бөлшектердің пісірілетін жиектерін дайындау параметрлері мен
пішіндеріне қарай негізгі жəне балқытылған металдың қатысу үлесі жікті жасауда біршама өзгеруі
мүмкін (1.4-сурет).

Бүкіл жіктің қима ауданын Fш мына формула бойынша есептейді:
Fш = Fир + Fн.

мұндағы Fпр – негізгі металдың балқу есебінен қалыптастырылған жіктің қима ауданы; Fн –
балқытылған (қосымды) металдың есебінен қалыптасқан жіктің қима ауданы.
Жіктегі негізгі т жəне балқытылған n металдың үлесін келесі формулалар бойынша есептейді:

т = Fпр/Fш = Fпр/(Fпр + Fн);

n = Fн/Fн = Fн/(Fпр + Fн).



Page 2

Жіктегі негізгі жəне балқытылған металдың үлесі 0-ден 1-ге дейінгі шекте өзгеріп отырады.
Мысалы, қосым металсыз жиектер арасындағы нольге жақын саңылауларды пісіру кезінде m = 1, n
= 0.


1.4-сурет. Түйісті жіктің көлденең қимасының схемасы:
Тн – балқытылған металл есебінен қалыптасқан жіктің қима ауданы; Тпр – негізгі металдың
балқу есебінен қалыптасқан жіктің қима ауданы; S жəне Sl – пісірілетін бөлшектердің
қалыңдығы
Жікті қалыптастыруда негізгі жəне қосым металдың қатысу үлесіне
қарай оның құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл жағдайда жік металында
сол немесе басқа металдың құрамы [Ме]ш келесі түрде есептелуі мүмкін:
[Ме]ш = т[Ме]о + п[Ме]п,

мұндағы [Ме]о жəне [Ме]п – негізгі ж əне қосым металда тиісінше есептелетін элементтің
шоғырлануы.

Оның үстіңгі бетінен біршама алыс алынған пісіру жіктің бөлігін жіктің түбі деп атайды. Пісіру
кезінде қыздырылатын жəне балқытылатын бөлшектердің қаптал беттерін пісірім жиектері деп
атайды . Пісірме жиектерінің тегіс балқытылып шығуын қамтамасыз ету негізгі металдың
қалыңдығына жəне МемСТ 5264-80 бойынша пісіру тəсіліне байланысты біршама оңтайлы
пішінін береді,



























1.5-сурет. Түйісті қосылыста дайындалған жиектердің көлденең қиылысу пішіндері:

а – жиектерін көмкерумен; б – жиектерін қиякеспей; в – тура сызықты қиякесумен; г – қисық сызықты қиякесумен; д
– екі симметриялы қиякесумен; е
– екі симметриялы сынықты қиякесумен; ж – екі симметриялы тік сызықты бір жиекті қиякесумен; с – жиектің
мұқалуымен; b – саңылау; а – жиекті бөлу бұрышы; в – жиекті қиякесу бұрышы; I – көмкеру биіктігі; R – шеңберлеу
радиусы; S жəне S1 – пісірілетін бөлшектердің металл қалыңдығыжиектерді алдын ала даярлауды орындау
(1.5-сурет) . Жиектерді көмкеруді қабырғалары жұқа бөлшектерді пісіруде қолданады.
Қабырғалары жұқа бөлшектер үшін жиектерін бөлуді оларды қиякесу арқылы жасайды, яғни
пісірілетін жиектің тік сызықты немесе қисық сызықты қиякесілуін жасайды. Жиектің шауып
алынбаған бөлігін с жиегінің мұқалуы деп атайды, жинау кезінде жиектер арасындағы
арақашықтық саңылау деп аталады. Жиектің қиякесілген жазықтығы мен қаптал жағындағы
жазықтық арасындағы сүйір бұрышты жиектің қиғаш бұрышы, ал қиякесілген жиектер
арасындағы жиектің бөлу бұрышы деп атайды.
Пісіру қосылыстардың үлгісіне қарай оларды түйісті жəне бұрышты пісіру жіктерін ажыратады.
Жіктердің бірінші түрін түйіспелі пісіру қосылыстарыын алу кезінде қолданады. Жіктердің екінші
түрін бұрыштық, таврлы жəне айқасатын қосылыстарды алуда қолданады. Түйіспелі жіктің негізгі
параметрлері (1.6-сурет, а) e жіктің ені, q дөңестігі, H балқытып жіберу тереңдігі (пісірім) ;
бұрыштың жіктің (1.6-сурет, б) К – катет шамасы болып табылады. Жіктердің қиылысу
параметрлерінің өлшемдерін МемСТ 5264-80 бойынша белгілейді.


Page 3







Жіктердің орналасуына қарай пісіру құрылымын түрлі жағдайларда жасайды (1.7-сурет):
төменгі, көлденең, тік жəне











1.6-сурет. Пісіру жіктерінің негізгі параметрлері:
а – түйісті; б – бұрышты; е – жіктің ені; q – жіктің дөңестігі; H – балқытып алу тереңдігі; К – жіктің катеті; b –
саңылау


















төбе (МемСТ 11969-79).
1.7-сурет. Дəнекерлеудің негізгі қалыптары:
а – төменгі; б – горизонтальді; в – вертикальді; г – төбелік










1.8-сурет. Үзікті пісіру жіктері:

а – тізбекті; б – шахматты; / – жіктің ұзындығы; t – жіктің қадамы







1.9-сурет. Пісірме жіктердің пішіні:
а – стандартты; б – дөңесті; в – ойысқан; q – дөңестілік; m – ойыстылық

Орындалуы сипатына қарай бір жəне екі жақты жіктер болады, олар салмақта сияқты, түрлі
тектегі төсемдер мен флюсті көпшіктерде орындалады. Келесі пісіруде күйіктеспелердің алдын

алу үшін алдын ала салатын екі жақты жіктің бөлігі немесе соңғы кезекте саынатын жіктің
түбіне жіктің сапалы болуын қамтамасыз ету үшін пісірме астындағы жік деп аталады.


Page 4

Ұзындығы жағынан үздіксіз жəне үзікті жіктер деп ажыратылады. Үздіксіз жік – бұл пісірме
жігі аралықсыз ұзындығынан; үзік жіктің аралықтары болады (1.8-сурет). Көлденең қимасының
пішіні бойынша стандартты, дөңес жəне ойыс деп ажыратылады (1.9-сурет). Қабаттарының саны
жағынан пісіру жіктер бір қабатты жəне көп қабатты болуы мүмкін (1.10-сурет). Қабат – бір
немесе бірнеше білікшелерден тұратын пісіру жіктің металының бір бөлігі,

1...2 Декоративті

қабат

Х\\\\\\\\\

3-қабат

2-қабат
1.10-сурет. Көпқабатты пісіру жігі:
1-қабат,, „ 1-8 – толтырушы білікшелердің
балқытып алу бірізділігі

Пісірілген жік
а б в г

1.11-сурет. Қолданыстағы күшке байланысты жіктердің түрлері:

а – маңдайша; б – қапталдағы; в – қия; г – құрама; Р – күш


жіктің көлденең қиманың бір деңгейінде орналасады. Білікше – бұл бір өткелде балқытылған немесе
қайта балқытылған металл жігі.
Түсетін күштің бағытына қарай пісіру жіктер маңдайшалық деп ажыратылады, олардың осі
күштің бағытына перпендикуляр; қапталдық, олардың осі күшке параллель; қисық, күшке
бұрышпен орналасқан жəне құрастырылған аталған жіктердің үйлесімін білдіреді (1.11-сурет).

Жұмыс жағдайларына байланысты жіктер сыртқы күшті алатын жұмыс жəне сыртқы күшке
есептелмеген жəне бұйымның бір бөлігін бекітуге ғана арналған байланыстырушы (жалғаушы) деп
ажыратылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!