Пісіру туралы ұғым және оның мәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пісіру туралы ұғым және оның мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Пісіру туралы ұғым және оның мәні

Күрделі құрылымдарды негізінен жеке элементтерді (бөлшектерді, бөлшектерді, агрегаттарды,
түйіндерді) өзара біріктіру нəтижесінде алады. Мұндай біріктіру ажырайтын немесе берік
қосылыстардың көмегімен орындалуы мүмкін.

МемСТ 2601-74 сəйкес пісіру өзара пісірілетін бөлшектерді жергілікті орнында немесе жалпы
қыздырған кезде, пластикалық пішінін өзгертуде немесе осының жəне басқасының өзара əрекет
кезінде атомаралық байланысты орнату арқылы берік қосылыстарды алу процесінде айқындалады.

Пісіру арқылы жасалған берік қосылыстарды пісірілген қосылыстар деп атайды. Көбінесе
пісірудің көмегімен металдан жасалған бөлшектерді жалғайды. Алайда, пісіру қосылыстарын
металл емес – пластмасса , керамика немесе олардың үйлесімінен жасалған бөлшектер үшін де
қолданады.

Пісірілген қосылыстарды алу үшін қандай да бір арнайы жалғау элементтерін (тойтармаларды,
бастырмаларды жəне т.с.с.) қолдану талап етілмейді. Берік қосылыстарды түзу жүйенің ішкі
күшінің пайда болуы əсерінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте қосылатын бөлшектердің металл
атомдары арасында байланыс пайда болады. Пісірілетін металл қосылыстары үшін иондардың
атомдар арасындағы (3...5) ∙ 10
-7
мкм құратын қашықтықта жақындағанда пайда болатын
электрондардың өзара əсерімен негізделген металл байланыстың пайда болуымен сипатталады.

Пісірілген қосылысты алу үшін қосылатын бөлшектердің үстіңгі беттерінің жай ғана жанасуы
жеткіліксіз. Атомаралық байланыстарды қосылатын атомдар энергетикалық бөгеттер арасындағы
бар бөгеуді жеңу үшін қажетті кейбір қосымша энергияны алғанда ғана орнатылуы мүмкін, бұл
ретте атомдар күш тартылу жəне тебу əрекеттерінде теңдік күйіне жетеді. Бұл энергияны белсендіру
деп атайды. Оны пісіру кезінде қыздыру (термиялық белсендіру) немесе пластикалық пішін өзгерту
(механикалық белсендіру) арқылы сырттан енгізеді.
Пісірілетін бөлшектерді атомдар арасындағы өзара əрекеттесу қашықтығына жақындату мен
белсендіру энергиясын қою – берік пісірілетін қосылыстарды түзуге қажетті жағдайлар.
Белсендіру түріне байланысты қосуды орындау кезінде пісірудің екі түрге ажыратады:
балқытумен жəне қысыммен. Бөлшекті балқытып пісірген кезде жалғанатын жиектерін қыздыру
көзінің əсерімен балқытады. Жиектердің балқыған беттерін жаппай сұйық пісіру ваннасын түзетін
күйімен ағып келетін балқытылған металмен жабады. Пісіру ваннасы салқындаған кезде сұйық
металл қатады да, пісіру жігін түзеді. Жік тек пісірілетін жиектердің металының балқу есебінен
немесе олардың металының жəне пісіру ваннасына қосымша енгізілген балқытушы қосымның
есебінен түзілуі мүмкін.

Қысыммен пісірудің мəні материалдың үздіксіз немесе үзіліспен бірлескен пластикалық
пішінін бөлшектің пісірілетін жиектері бойынша өзгертуінде болады. Илемділік пішінінің өзгеруі
жəне металдың ағуының қосылатын бөлшектердің атом арасындағы байланысын орнату да
жеңілдейді. Процесті жеделдету үшін қыздырып отырып, қысыммен пісіруді қолданады. Кейбір
жағдайларда қыздыру пісірілетін беттерін металл балқып кеткенге дейін жүргізілуі мүмкін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
02.06.2021
515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі