Пиза домендері бойынша
күрделілік деңгейлері
Оқу сауаттылығы
дағдылары
Оқу сауаттылығы: адамның
мақсаттарына жету, білімі мен әлеуетін дамыту және қоғамға араласу
үшін мәтіндерді түсіну, ақпаратты қолдану, бағалау, ойлау және
өзара әрекеттесу қабілеті.
1.
а) Қарапайым тілде жазылған
мәтіннен қажетті ақпаратты таба
білу; таныс тақырыптағы мәтіннен
автор қозғаған негізгі тақырыпты немесе
автордың мақсатын анықтай білу. Әдетте,
мәтіндегі қажетті ақпарат бұрыннан белгілі, қарама-қайшы ақпараты
аз немесе ақпарат болмауы да
мүмкін.
б)
Синтаксистік қарапайым
тілде, таныс контекстпен жазылған және аздаған қарама-қайшы
ақпараты бар мәтін түрінен қажетті ақпаратты таба
білу, мысалы, хабарлама немесе
қарапайым тізім. Ақпараттың дәйекті үзінділері арасында қарапайым
байланыстар жасай отырып, мәтіндерді түсіндіре
білу.
2.
Тікелей мәтін түрінде
жазылмауы мүмкін үзіндіден қажетті ақпаратты таба
білу.
Мәтіннің негізгі идеясын анықтай
білу,
байланысты
түсіну,
мағынасын түсіндіру және мәтін үзінділері бойынша
қарапайым қорытынды жасау. Осы деңгейдегі тапсырмалар мәтіндегі бір
ерекшелікке негізделген салыстыруларды немесе қарама-қайшылықтарды
қамтуы мүмкін.
3.
Мәтіннің бірнеше үзінділері
арасындағы байланысты табу және кей жағдайда тани
алу. Негізгі идеяны
анықтау, қарым-қатынасты түсіну
немесе сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру үшін
мәтіннің бірнеше бөлігін сәйкестендіру мүмкіндігі. Салыстыру,
қарама-қарсы қою немесе жіктеу кезінде мәтіннің бірнеше үзіндісін
ескеру мүмкіндігі. Мәтінде қажетті ақпарат ерекшеленбейді немесе
көптеген қарама-қайшы ақпарат бар. Байланыс құра білу, ақпаратты
салыстыру және түсіндіру, мәтіннің кез келген бөлігіне баға бере
білу. Ойлануға берілетін кейбір тапсырмалар оқырманнан мәтіндегі
ақпаратты күнделікті өмірмен сәйкестендіру дағдыларын көрсетуді
талап етеді.
4. Ақпараттың бірнеше
үзіндісін табу және ретке келтіру мүмкіндігі. Мәтіннің мазмұнын
ескере отырып, мәтіннің бір бөлігіндегі тілдің ерекшеліктерін
түсіндіре білу. Мәтінді болжау немесе сыни
бағалау үшін дерексіз немесе жалпыға белгілі білімді түсінгенін мен
қолдана алуын көрсету. Оқырмандар мазмұны немесе
формасы оларға таныс болмауы мүмкін ұзақ немесе күрделі мәтіндерді
нақты түсінгенін көрсетуі тиіс.
5. Ақпараттың өзектілігін
анықтай отырып, бірнеше фрагменттерді табу және жүйелеу
мүмкіндігі. Арнайы біліміне сүйене
отырып, сыни бағалауды немесе болжам жасауды талап ететін
рефлексивті тапсырмаларды орындау
мүмкіндігі. Интерпретация да, рефлексия
да мазмұны немесе формасы бейтаныс мәтінді толық және
егжей-тегжейлі түсінуді талап етеді. Оқудың барлық аспектілері үшін
осы деңгейдегі тапсырмалар әдетте күтілетін нәрселерге қайшы
келетін ұғымдармен байланысты.
6. Егжей-тегжейлі және дәлме-дәл
бірнеше қорытындылар, салыстырулар мен қарама-қайшылықтар жасай
білу. Бір немесе бірнеше мәтінді
толық және егжей-тегжейлі түсінгенін көрсету және бірнеше мәтіндегі
ақпаратты біріктіру. Тапсырмалар оқырманнан елеулі
қарама-қайшы ақпараттың қатысуымен бейтаныс болып тұрған идеялармен
жұмыс жасауды және интерпретация жасау үшін дерексіз категорияларды
құруды талап етуі мүмкін. Бірнеше критерийлерді
немесе көзқарастарды ескере отырып және мәтіннен тыс күрделі
ұғымдарды қолдана отырып, бейтаныс тақырыптағы күрделі мәтінге
болжам жасау немесе сыни тұрғыдан бағалау
мүмкіндігі. Мәтіндерде көрінбейтін
егжей-тегжейге мұқият назар аудара отырып, дәл талдау жасай
білу.