Тапсырма
ҚАН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанынтолық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан тапсырудың адам өмірін құтқаруда маңызы зор.
Францияда қан құю арқылы жыл сайын 500 мың науқастың азабын жеңілдетеді.Қаналу үшін стерильді бір рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады (шприц, түтіктер және контейнерлер).
Қан тапсыра отырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсындар.

Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең көп тараған түрі және оған небәрі 45минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт кетеді.
Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қаналады.
Ер адам жылына бес рет, ал әйел адам үш рет қан тапсыруына болады.
18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донор бола алады.
Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
«Қан тапсыру тұралы хабарландыру» мәтіні Интернеттегі француз сайтынан алынған. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін«Қан тапсырутуралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңдар.
Сұрақ-1: Қан тапсыру туралы хабарландыру.
Соңғы он екі ай ішінде екі рет қан өткізген он сегіз жастағы қыз қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша оған қандай жағдайда қайтадан қан тапсыруға рұқсат беріледі? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма
МЕН ШЕТЕЛДІК ОТБАСЫНДА ТҰРЫП, ОҚИ АЛАМЫН БА?
Мен шетел отбасында тұрып, оқи аламын аламын ба? Бұл ой мені көп мазалайды, деген мен өте қызығарлық жағдай. Егер сіз еш қорықпастан шешім қабылдасаңыз, бұл жағдай басқаларға ерекше таңданыс тудырар еді. Ең бастысы – сіздің жеке қалауыңыз бен күткен үмітіңіздің толық орындалуы.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушылармен алмасу бағдарламасымен жұмыс істейтін түрлі ұйымдардың талаптарының арасында аз ғана айырмашылық бар, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сыныбына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне қатысты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейінгі негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітірген оқушылар оқуға қабылданады.
Оқушылармен алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда орташа үлгеріммен де қабылдануға болады. Оқушының үлгерім деңгейі біршама төмен болғанымен, әңгімелесу кезіндегі оның эмоционалды жақсы әсер қалдыруы көбірек ескеріледі. Көп жағдайларда мектеп немесе мұғалімдер тарапынан берілген мінездеме қажет болады. Өтінішіңізге қоса сіздің мектептегі бағаларыңыз көрсетілген көшірмені қосу керек.
Тілді білу деңгейі көбіне жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан арқылы бағаланады. Жалпы, үміткерден шет тілінде еркін сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігімен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелесу барысында үміткерлерден күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.
Оқушының денсаулығының мықты болуы міндетті шарт болып есептеледі. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда басқа елдегі отбасында тұрып оқуыңызға да ештеңе кедергі бола алмайды. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, аллергия, сізбен бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын ұзартуы мүмкін. Бірақ бұл сізге кедергі болмауы тиіс. Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады, Әсіресе, баланың қарым-қатынас жасай білу қабілеті, басқа ортаға бейімделе алуы, ұжымда жұмыс істей білуі, оқуға деген ұмтылысы және ой-өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиетттердің барлығы үміткер мен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
Сұрақ-2:Мен шетелдік отбасында тұрып, оқи аламын ба?
Бұл мақаланың басты ойы неде?
А) Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау.
В) Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру.
С) Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу.
D) Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау.
Сұрақ-3:Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?
А) Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).
В) Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оныңстилі туралы).
С) Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай стильде жазуға тырысты.
D) Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.
Сұрақ 4: Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?
А) Оқу жетістіктері.
В) Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.
С) Шет тілін ете жақсы меңгеру.
D) Мықты денсаулық.
Сұрақ 5: Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.
Тапсырма
БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН
Эзоптың мысалы
Дүниеде жасқаншақ бір шал өмір сұріпті, оның жалғыз ұлы болыпты. Әкесі бәрінен де баласыныңаң аулауға құмарлығы мен оның батылдығынан қорқыпты. Бірде оның түсіне оның арыстан өлтіретіні кіріпті. Түсі орындалатынынан қорқып, әкесі ұлына өте үлкен, әсем үй салып, баласы әрқашан көз алдында болу үшін, оны биік жерге қойыпты. Ұлының көңілін аң аулаудан басқа жаққа қалай аудару және оның ынтасын қанағаттандыру үшін әкесінің өтініші бойынша жаңа үйдің қабырғаларына әртүрлі жануарлардың суретін салдырыпты, солардың біреуі арыстан болыпты. Бірақ бұл суреттерді қарай жүріп, жас жігіт бойын билеген қамығуды жеңе алмапты.
Бір күні ол қабырғалардың біріне жақындап, ондағы арыстанмен ұрысады: «Ah, сені ме, сайтанныңқұбыжығы! Мен сен үшін және әкемнің түсіне бола осында, мына түрмеге қамалдым. Сағаннне істесем екен?»
Осыны айтады да, ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны жұдырығымен ұрады. Бірақ оның тырнағының астына тікен тұрып қалып, ол оны суырып ала алмайды. Саусағы қатты ауырып, ісіп кетеді. Қызуы көтеріліп, безгек басталады. Безгегі қатты болғаны сонша, жас жігіт одан өліп кетеді.
Арыстан тек суретте бейнеленгенімен, шынында, оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.
Сұрақ 6: ЭЗОП
Мысалда не туралы жазылған?
А) Баласы әкесін құрметтеуге лайық
В) Әкесі баласының махаббатына ие бола алмады
С) Әкесі баласын сақтап қалғысы келді
D) Баласы әкесіне бойұсынуға үйренгелі жатыр
Сұрақ 7: ЭЗОП
Төменде осы мысалды оқыған екі адамның әңгімесінің бөлігі берілген

Қалай ойлайсыз: суреттегі арыстан жігітті өлтірді ме, жоқ па?
Мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді көрсетіп, жазыңыз.
Сұрақ 8: ЭЗОП
Әңгіме екі жарым мың жылдан астам уақыт бұрын жaзылғaн.
Қалай ойлайсыз, әкесінің баласына деген сезімі мен әрекеттері біздің заманға сай ма? Оның баласына қарауын біздің заманымыздағы ата-аналардың балаларына қарауымен салыстырыңыз. Жауабыңызды осы әңгімеге сүйене отырып беріңіз.
Әке – баланың қамқоршысы, ақылшысы, өмірдегі тірегі. Ол баласына тек қана жақсылық тілейді. Әрине, қанша уақыт өтсе де, ата-ананың мейірімі секілді асыл қасиеттер еш уақытта жоғалмайды. Сондықтан әңгімедегі негізгі идея осы заманның да өзекті мәселелерін танытады.
Тапсырма
АУАЛЫ ШАР

Сұрақ 9: АУАЛЫ ШАР
Виджайпат Сингания көліктің басқа екі түрімен байланысты техникалық жасалымдарды пайдаланды. Көліктің қандай түрлерімен деп ойлайсыз?
Сұрақ 10: АУАЛЫ ШАР
Мәтінде реактивті лайнер не мақсатпен бейнеленген?
Тапсырма
СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР?
Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма?
Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары ментіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады.
Tic тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс»,- дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да тістің бәрін мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».
«Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?» - бұл норвегиялык журналдан алынған мақала.
Сұрақ 11: Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?
Бенте Хансен кеңес бергендей, неге тілді тазалау керек?
Тапсырма
ЖОЛ
ЖОЛДА ТӘУЕКЕЛ ЕТПЕҢДЕР!
БАСЫП ОЗУ –ҚАУІПТІ!
Асығуға, сапарларыңды қауіпті ойынға айналдыруға мүмкіндік бермеңдер - басып озған сайын, сендер өмірлеріңді тәуекелге тігесіңдер. Егер жолдағы жағдай қауіпсіз болмаса, басып озбаңдар. Өмір - ойыншық емес; сеңдердің демалуға сапарларың артық бір сағат алғаны жөн. Сендер сапарға шығуға дайын болсаңдар, - біздің кеңестерімізді қолданыңдар.
Алыс жерге саяхат жасау үшін:
Автомобильдеріңнің негізгі жүйелерін тексеріңдер.
Жылдамдық режимін сақтаңдар.
Алда келе жатқан көліктен қауіпсіз қашықтықта жүріңдер.
Нашар көрінетін жағдайда басып озбаңдар.
Аз ғана шаршағандық белгісі болса да, жолдың шетіне тоқтаңдар.
Жақын жерге саяхат жасау кезінде де, осы кеңестердіқолданыңдар
Өмір - ең тамаша саяхат
Сұрақ 12: ЖОЛ
Бұл мәтін негізінен адамдардың қандай тобына арналған? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырмасы 7
САПРОФИТТЕР
САПРОФИТТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Біздің үйлерде
тұратын сапрофиттер дегеніміз –бұл микроскопиялық кенелер. Олар
адамныңжәне үй жануарларының өлген жасушаларымен қоректенеді.
Қайызғақ (тері жасушалары және қабыршақтар) қонақ жай бөлмелерінде,
матрастарда, жиі қолданылатын жиһаздарда,
сондай-ақ кілемдерде жиі
жиналады. Кәдімгі матраста он мыңдаған сапрофиттер болуы мүмкін.
Әлі жүректеріңіз айныған жоқ па? Кілемнің бір шаршы метрінде
100000-ға дерлік сапрофиттер мекендеуі мүмкін. Сендер өз достарыңды
үнемі жуынып жүруді үйретуге дайынсыңдар ма? Бір сапрофит өзінің
тіршілік әрекетінің қалдықтарын
күніне 20 рет шығаратынын және
көптеген адамдар үшін бұл қалдықтардағы ақуыз аллерген екенін
білесіңдер ме? И-и-и, жексұрын! Сапрофиттер олардың көмегімен
қайызақты қорытатын ақуыздар адамдарда аллергиялық реакция
тудырады. Адамға және оның өмір сүру ұзақтығына байланысты реакция,
көздің төңірегінің қышуынан демікпелік ұстамаға дейін, әр түрлі
болуы мүмкін. Кеңелердің басқа түрінен айырмашылығы, сапрофиттер
паразиттер емес, өйткені олар тек өлі ұлпалармен қоректенеді. Міне,
ащы да болса шындық осындай.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін, жоғарыда келтірілгең «Сапрофиттер» мәтінін пайдаланыңдар.
Сұрақ13: САПРОФИТТЕР
Кілемнің бір шаршы метрінде қанша сапрофиттер мекендеуі мүмкін? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ14: САПРОФИТТЕР
Адам бұл мәтінді оқып, былай деді: «Сапрофиттер халықтың денсаулығы үшін үлкен қауіп-қатер болып табылады» .
Сендер келісесіңдер ме?
«Иә» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызындар. Өз жауаптарыңды негіздеу үшін мәтінді қолданыңдар.
Иә Жоқ
Тапсырма
БАСПАДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
Оқушылардың пікірлері (ОП)
Қаншама адам аштық пен аурудан көз жұмады, ал біз болашақ жетістікке көбірек қызығушылық танытамыз. Біз бұл адамдарды елемейміз, олар туралы ұмытуға тырысамыз жәнеәрі қарай жүреміз. Үлкен компаниялар ғарышты зерттеуге жылына миллиардтаған доллар жұмсайды. Егер ғарышты зерттеуге жұмсалатын ақша сараңдардың емес, мұктаждардың игілігіне жұмсалса, онда бұл миллиондаған адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдетуші еді.
Анна
Көптеген адамдар үшін ғарышты зерттеу міндеті шабыттану көзі болып табылады. Жұлдыздарға жетіп, қол тигізуге ұмтылып, біздің ойымызша сонда өмір сүретін біреулермен қарым-қатынасқа ұмтылып, білуге ұмтылып, аспан туралы мыңдаған жыл армандадық. Бүкіл әлемде біз жалғызбыз ба?
Ғарышты зерттеу - бұл біздің әлемімізді не қозғайтынын зерттеу мен тану үшін метафора. Реалистер біздің мәселелеріміз туралы еске салып жатқанша, армандаушылар біздің ақыл-есімізді байытуда. Бұл - армандаушылардың қиялы, бізді болашаққа әкелетін олардың үміттері мен тілектері.
Беатрис
Біз ылғалды ормандарды бұзамыз, себебі олардың астында мұнай бар, уран өндіру үшін қасиетті жерде шахталар жасаймыз. Біз, адамдар, шыққан тегімізтуралы сұраққа жауапты табу үшін басқа планетаны да бұзар ма екенбіз? Әрине! Ғарышты зерттеу адамзат мәселелерін қоршаған ортаға үнемі үстемдік арқылы шешуге болады деген қауіпті пікірді күшейтеді. Адамдар егер байқап алу үшін әлі бірдеңенің барын білсе, өзендер мен ормандар сияқты табиғи ресурстарын еркін және дұрыс пайдаланбауын жалғастыра бермек.
Біз Жер планетасына жеткілікті зиян келтірдік. Біз ғарыш кеңістігін тыныш қалдыруымыз керек.
Дитер
Жершарының ресурстары тез таусылады. Жер бетінің халқы аса үлкен қарқынмен өсіп келеді. Егер біз осылай өмір сүре беретін болсақ, өмір сүру қиындай бермек. Ауаның ластануы озон қабатындағы тесіктің пайда болу себеп болды. Құнарлы жерлер азайып келеді және көп ұзамай біздің азық-түлік ресурстарымыз таусылады. Қайта қоныстануға байланысты аштық пен ауру да бар.
Ғарыш - бұл өзіміздің игілігіміз үшін пайдалануымызға болатын аса үлкен бос аймақ. Ғарышты зерттей отырып, бір күні біз сонда тұра алатын ғаламшарды табамыз. Қазір бұл іске аспайтын болып көрінеді, бірақ ғарыш саяхаты сияқты түсінік те мүмкін емес болып саналған. Күнделікті мәселелерді шешу үшін ғарышты зерттеуді тоқтату - өте шектеулі жәнекөзқарас. Біз өз ұрпағымыз туралы ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтарымыз туралы ойлауға тиіспіз.
Феликс
Ғарыштық зерттеулердің бізге беретін пайдасын елемеу, бүкіл адамзат үшін үлкен жоғалту болушы еді. Жер жүзі мен оның пайда болуы туралы білу – өте маңызды. Егер біз Жерді дұрыс пайдалансақ, басқа аспан денелерін зерттеу мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты түсініктерімізді кеңейер еді.
Сұрақ 15: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШКІРЛЕРІ
Келесі сұрақтардың қайсысына оқушылар жауап береді?
А) Бүгінгі күні әлемнің алдында қандай маңызды мәселелер тұр?
B) Сіз ғарышты зерттеуді қолдайсыз ба?
C) Біздің ғаламшарымыздан тысқары өмір бар деп ойлайсыз ба?
D) Ғарышты зерттеуде кандай соңғы жетістіктер бар?
Сұрақ 16: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШКІРЛЕРІ
Авторлардың қайсысы Феликстің дәлеліне тікелей қарама-қайшы келеді?
A) Дитер.
B) Анна.
C) Кейт.
D) Беатрис.
Сұрақ 17: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШКІРЛЕРІ
Бес оқушы ұсынған негізгі идеялар туралы ойластыра отырып, сіз қай оқушымен көбірек келісесіз?
Оқушының аты: ___________________________________________________________________________________________________________________________________
Өз пікіріңіз бен оқушы айтқан негізгі идеяларға сүйене отырып, таңдауыңызды өз сөзіңізбен түсіндіріңіз _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
Тапсырма
БИІК ҒИМАРАТТАР
«Биік ғимараттар» - 2006 жылы жарияланған Норвегиялық журналдан алынған мақала

1 сурет: Әлемдегі биік ғимараттар
1-суретте 2001 жылдың қаңтар айынан бастап салынған немесе салынып жатқан кем дегенде 30 қабатты ғимараттар саны көрсетілген.
Сурет 2. Әлемдегі ең биік кейбір ғимараттар.
Құрылысы 2008 жылы аяқталғаннан кейін биіктігі 700 метр болатын Дубай мұнарасы дүние жүзіндегі ең биік ғимарат болып саналады.
Мәтін мазмұны бойынша жалпылама өзара байланысты екі суретті салыстырады. Екі сурет те дүние жүзіндегі биік ғимараттарды бейнелейді: 1-суретте әлемнің түрлі қалаларында бұрыннан бар немесе салынып біткен биік ғимараттардың саны көрсетілсе, 2-суретте әлемдегі ең биік ғимараттар бейнеленген. 1-ші және 2-ші екі сурет те график түрінде бейнеленген. Әрбір санның тұсында қысқаша түсіндірме берілгенімен, мәтіннің мазмұндық ақпараты екі суретпен көрсетілген. Осылайша мәтіннің жалпы форматы үзілген. Мәтін сипаттама түрінде берілген. Оқушыларға арналған журналда жарияланғандықтан, мәтін білім беру мақсатын көздейді. Басында уакыты (ақпарат 2006 жылы жарияланған) мен орыны (журнал - Норвегиялық) бойынша мән мәтінді түсіндіретін қысқаша кіріспе берілген. Осы тапсырманың негізгі зерттеу жұмысының инклюзия үшін таңдалмау себептерінің бірі – бұл материалдың қысқа мерзімге арналуы, себебі әлемде бұдан да биігірек ғимараттар салынып, материал ескіріп қалады.
Сұрақ 18: Биік ғимараттар
Мақала журналда қашан жарияланды, 2 - суреттегі құрылысы аяқталған ғимараттардың қайсысы ең биік? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 19: Биік ғимараттар
Норвегияның Осло қаласындағы Radisson SAS Plaza ғимаратының биіктігі – 117 метр. Оны неліктен 2-ші суретте көрсеткен? ________
Норвегияның Осло қаласындағы 1990 жылы салынған Radisson SAS Plaza ғимаратының 2-ші суретте көрсеткен себебі норвегиялық журналында жарияланғаннан кейін әлемдегі ең биік ғимараттар қатарында болуын көрсету. ________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 20: Биік ғимараттар
1-суретте қандай ақпарат берілген?
A) Түрлі ғимараттардың биіктігін салыстыру.
B) Түрлі қалалардағы ғимараттардың жалпы саны.
C) Түрлі қалалардағы белгілі бір деңгейден биігірек болатын ғимараттардың саны.
D) Түрлі қалалардағы ғимараттардың стилі жөнінде ақпарат.
Сұрақ 21: Биік ғимараттар
Биік ғимараттар туралы ақпарат осындай мақалада жиырма жылдан кейін жарияланады делік.
Бастапқы мақаланың өзара ерекшеліктері төменде берілген. Осы ерекшеліктер жиырма жылдан кейін өзгеріске түсе алатындығын, төмендегі кестедегі «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарын қоршау арқылы, көрсетіңіз.
|
Мақаланың ерекшелігі |
Олар жиырма жылдан кейін өзгеріске түсе ала ма? |
|
2-суреттің атауы |
Ия/Жоқ |
|
1-суретте көрсетілген ғимараттар саны |
Ия/Жоқ |
Тапсырма
ЖҮГІРУШІЛЕР
КӨҢІЛ КҮЙЛЕРІҢІЗ ЖАҚСЫ БОЛСЫН, ЖҮГІРУШІЛЕР!

Францияның Лион қаласындағы спорттық медициналық орталық 14 жыл бойы жас спортшылардың жарақаттану мәселесін зерттейді. Зерттеу нәтижесінде, жарақатты болдырмаудың ең тиімді тәсілі олардың алдын алу деп анықтаған.
|
Соққы алу, құлау, тозу және үзілулер 8 бен 12 жас аралығындағы спортшылардың он сегіз пайызы табанына жарақат алған. Футболшылардың сирақ шеміршектері катты соққыларды сезбейді, және кәсіпқойлардың 25%-ы бұның дұрыс емес екенін біледі.Сонымен қатар, нәзік тізе буын шеміршегі қатты жарақат алған болуы мүмкін, ал егер жастайынан (10-12 жасында) ешқандай шаралар қолға алынбаса, мезгілсіз остеоартриттің себебі болуы мүмкін. Бөксе де қатты зақымдалады, әсіресе ойыншының шаршап, құлап қалуының нәтижесінде сындырып алуы мүмкін. Осы зерттеудің нәтижесінде, 10 жылдан астам футбол ойыншыларының буындары мен табандарында сүйек өскіндері пайда болады. Сүйектегі өзгерістер «футболист аяғы» деген ұғымның пайда болуына себеп болды. |
Спорттық аяқ киімнің әсерінен табан және сирақта пайда болатын деформация. Қорғау, қолдау, орнақылық және амортизация. Егер спорт аяқ киімі өте қатты болатын болса, онда ол сіздің қозғалысыңызға қиындық келтіреді. Ал егер тым жылжымалы болса, онда жарақаттар мен буындардың созылуына әсер етуі мүмкін. Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілерге сәйкес келу керек: біріншіден, ол сырттай қорғанысқа мүмкіндік туғызу керек: доптың не басқа ойыншылардың соққыларынан, спорт алаңының тегіс еместігін сездірмеу және жаңбыр не аязда аяқты құрғақ етіп ұстау. Ол тізені зақымдайтын созылулар, ісік және басқа жарақаттарды болдырмау үшін табан, әсіресе тобық буындарын ұстап тұру керек. |
Сонымен бірге, ол ойыншыға орнықтылық сезімін беруі тиіс. Ол аяқ киімде ойыншы ылғал алаңда құламауы және құрғақ жерде кенеттен құламауы керек. Бір сөзбен, ол баскетбол және волейбол ойыншыларымен болатын соққыларды амортизациялауы керек. Құрғақ аяқтар. Қолдырау, жарылу және аяқтың жұқпалы ауруы (саңырау құлақ аурулары) сияқты ауыртпалы сырқаттануды болдырмау үшін аяқ киім терлеуге, сонымен қатар, аяқ киімнің ішіне ылғалдың кіруіне бөгет жасауы керек. Жауыннан қорғап калатын мұндай аяқ киімге тамаша материал - суға төзімді тері болып табылады. |
Сұрақ 22: ЖҮГІРУШІЛЕР
Бұл мақалада автор не айтқысы келді?
А) Көптеген аяқ киімдердің сапасы әлдеқайда жақсарды
В) Егер жасыңыз 12-ге толмаса футбол ойнамау керек
С) Жастар көбінесе дене жарақаттарынан қиналады
D) Жас спортшыларға жақсы спорт аяқ киімін кию өте маңызды
Сұрақ 23: ЖҮГІРУШІЛЕР
Мақалада: «Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілерге сәйкес келу керек» делінген.
Қандай төрт белгілер жайлы сөз қозғалды?
1 Егер спорт аяқ киімі өте қатты болатын болса,
2 егер тым жылжымалы болса ,
3
4
Тапсырма
ГРАФФИТИ
Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін неге таппайды?
Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кəсіпқой - суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.
Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын əдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сəулет өнерін көркем суретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «суретөнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады. Хельга.
Адамдардың талғамдары əр түрлі. Қоғам ақпаратпен жəне жарнамалармен əбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бəрі қанағаттандырадыма? Негізінен, иə. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иə десе, кейбіреулері – жоқ дейді.
Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым-қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?
Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.
Иə, өнер үшін қиын уақыттар тууда. Маржан.
Бұл екі хат та Интернетпен келді жəне екеуі де «граффити» жайлы. Граффити –
бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.
Сұрақ 24: ГРАФФИТИ
Əр хаттың мақсаты:
A) граффити дегеніміз не екенін түсіндіру.
B) граффити туралы өз ойыңды айту.
C) граффитидің танымалдылығын көрсету.
D) бұл жазуларды жуу үшін, көп құралдар жұмсалатынын адамдарға айту.
Сұрақ 25: ГРАФФИТИ
Неге Маржан жарнамаларға сілтейді? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 26: ГРАФФИТИ
Сендер екі хаттың қайсысымен келісесіңдер? Екі хаттың біреуінде немесе екеуінде де айтылғандарды қолдана отырып, өз сөздеріңмен өз көзқарастарыңның негіздемесін беріңдер. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 27: ГРАФФИТИ
Əр хатты талдай отырып, біз хатта не айтылғанын талқылай аламыз (яғни, оның
мазмұнын). Біз сонымен қатар бұл хаттың қалай жазылғанын талқылай аламыз (яғни, оның стилін).
Сіз кімнің хатымен келісетініңізді ескермей-ақ, сіздің ойыңызша, бұл екі авторлардың қайсысы хатты жақсы жазғанын түсіндіріңіз? Екі хат та немесе екеуінің біреуі қалай жазылғанына сүйене отырып, өз жауаптарыңды түсіндіріңдер _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
Тапсырма
ПОЛИЦИЯ
|
Кісі өлтіру оқиғасы болды, бірақ күдікті құрбан болған адамды білмейтінін айтады. Ол оны ешқашан білмегенін, жолдары ешқашан түйіспегенін, оны ешқашан саусағымен де түртпегенін айтады Полиция менсот оның өтірік айтып тұрғанына сенімді. Бірақ қалай дəлелдеу керек?
|
Əр адам өздігінше қайталанбас. Мамандар жұмысқа кірісті. Олар мұқият шаштың түбірінен алынған клеткалар мен күдіктінің қанының клеткаларын қарап шықты. Біздің ағзамыздағы əр клетканың ядросында ДНҚ бар. Бұл не? ДНҚ екі оратылып маржан жіптен жасалған моншаққа ұқсас болады. Маржандар белгілі бір тəртіппен тізбектелген төрт əр түрлі түстен жəне əр түрлі мыңдаған (генді құрайтын) маржандардан тұрады деп елестетейік. Енді осындай тəртіп əр адамның ағзасындағы жасушаларда сақталады: ол шаштың түбірінде де, аяқтың үлкен бақайында да, бауырда да, асқазанда да, қанда да бірдей. Əр адамда маржандардың орналасу тəртібі əр түрлі. Маржандардың санын есептесек, əр адамдағы тізілген маржандар тізбегінің бірдей болу мүмкіндігі өте аз. Мұндай жағдай егіздерде ғана болуы мүмкін. Сондықтан, ДНҚ тұлғаның генетикалық куəлігі қызметін атқарады. Сонымен, генетиктер күдіктінің генетикалық куəлігін (оның қанынан сынама алынады) жирен шаштан алынған ДНҚ үлгісімен салыстырады. Егер бұл генетикалық куəліктер бірдей болса, ол танымаймын деген құрбан болған адамды кездестіргені анық болады. Айғақтың кішкене ғана бөлігі Жиі-жиі зорлауға, кісі өлтіруге, ұрлық қа байланысты қылмыс тарда полицияларға генетикалық сараптама жасауға тура келеді. Неге? Екі адамның, екі заттың, немесе адам мен заттың бір - бірімен байланыста болғанына айғақ табу үшін. Мұндай байланыс ты тексеру көбінесе тергеуге пайдасын тигізеді, бірақ, ылғи да айғақпен қамтамасыз ете бермейді. Бұл көптеген айғақтардың ішіндегісінің кішкене ғана бөлігі. |
Біз миллиардтаған Жасушалардан тұрамыз Жердегі тірі ағзаның барлығы мыңдаған жасушалар санынан құралады. Əр жасуша өте кішкентай. Өте кішкентай болғаны соншалықты, оларды көп есе үлкейтетін микроскоптың көмегімен ғана көруге болады. ДНҚ орналасқан əр жасушада мембрана жəне ядро бар. Генетикалық куəлік? ДНҚ əрқайсысы мыңдаған «маржаннан» тұратын, гендердің жиынтығынан тұрады. Осы гендердің барлығының бірге жиналуы, жеке адамның генетикалық куəлігін құрайды. Тұлғаның генетикалық куəлігін қалай ажыратуға болады? Генетик өлген адамнан табылған бірнеше шаштың тірі жасушаларын немесе темекі тұқылында қалған сілекейін алады. Ол бұл заттардың барлығын жасушадағы ДНҚ айналасындағылардың барлығын жоятын бір затпен араластырады. Бұл операция күдікті қанынан алынған жасушалармен де жасалады. Содан кейін ДНҚ арнайы сараптамаға дайындалады. Бұдан кейін ДНҚ арнайы бір сұйықтық пен араластырылады, ал осы сұйықтықтың бойымен ток жүргізіледі. Бірнеше сағаттан кейін штрих-код (азық-түлік қораптарының сыртында болатын штрих- кодқа ұқсас) сияқты жолақтар көріне бастайды. Жəне бұл жолақтар арнайы жарықпен көрінеді. Күдіктінің ДНҚ штрих-коды өлген адамнан табылған шаштардан алынған осындай штрих-кодпен салыстырылады.
|
|
|
Сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда берілген журнал мақаласын пайдаланыңдар.
Сұрақ 28: ПОЛИЦИЯ
Автор ДНҚ құрылымын түсіндіру үшін маржан алқасы мысалын қолданады. Бұл алқалар əр адамда қалайша түрленеді?
A) Ұзындығы бойынша түрленеді.
B) Маржан қатарлары ерекшеленеді.
C) Маржан сандары əр түрлі.
D) Маржан түстері əр түрлі.
Сұрақ 29: ПОЛИЦИЯ
«Тұлғаның генетикалық куəлігін қалай ажыратуға болады» мəтінінің мақсаты не?
Келесілерді түсіндіру,
A) ДНҚ дегеніміз не.
B) штрих-код дегеніміз не.
C) ДНҚ үлгісін алу үшін жасушалар сараптамасы қалай жүргізіледі.
D) күдіктінің қылмыс жасағанын қалай дəлелдеуге болады.
Сұрақ 30: ПОЛИЦИЯ
Автордың басты мақсаты не?
A) Алдын-ала сақтандыру.
B) Көңілін көтеру.
C) Хабардар ету.
D) Сендіру.
Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалар мысалдары
Қан тапсыру туралы хабарландыру
1 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Мен шетелдік отбасында тұрып, оқи аламын ба?
2 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Бұл мақаланың басты ойы неде?
Жауап: В)
Жауап қабылданады – 1 балл.
3 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап:С)
Жауап қабылданады – 1 балл.
4 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап:D)
Жауап қабылданады – 1 балл.
5 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жас шамасы 15-тен 18-ге дейінгі негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітірген оқушылар оқуға қабылданады. Тілді білу деңгейі көбіне жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан арқылы бағаланады. Оқушының денсаулығының мықты болуы міндетті шарт болып есептеледі.
Жауап қабылданады – 1 балл.
Бала мен суретте бейнеленген арыстан
(Эзоптың мысалы)
6 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап:С)
Жауап қабылданады – 1 балл.
7 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Арыстан тек суретте бейнеленгені мен, шынында, оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.
Жауап қабылданады – 1 балл.
8 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Ауала шар
9 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Үшақтардай, конструкциясы аллюминий. Виджайпат Сингания ұшу кезінде ғарыш скафандырын киді.
Жауап қабылданады – 1 балл.
10 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Мәтінде реактивті лайнер 10000 метр биіктікке үшады.
Жауап қабылданады – 1 балл.
Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?
11 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
«Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс»,- дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да тістің бәрін мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».
Жауап қабылданады – 1 балл.
Жолда тәуекел етпеңдер! Басып озу –қауіпті!
12 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Бұл мәтін негізінен жас жүргізуші адамдарға арналған.
Жауап қабылданады – 1 балл.
Сапрофиттер. Сапрофиттер дегеніміз не?
13 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Кілемнің бір шаршы метрінде 100000-ға дерлік сапрофиттер мекендеуі мүмкін.
Жауап қабылданады – 1 балл.
14 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Баспада оқуға арналған тапсырма
15 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: А)
Жауап қабылданады – 1 балл.
16 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: D)
Жауап қабылданады – 1 балл.
17 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Биік ғимараттар
18 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
«Биік ғимараттар» - 2006 жылы жарияланған Норвегиялық журналында.
Жауап қабылданады – 1 балл.
19 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Норвегияның Осло қаласындағы 1990 жылы салынған Radisson SAS Plaza ғимаратының 2-ші суретте көрсеткен себебі норвегиялық журналында жарияланғаннан кейін әлемдегі ең биік ғимараттар қатарында болуын көрсету.
20 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: B)
Жауап қабылданады – 1 балл.
21 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: «Ия»
Жауап қабылданады – 1 балл.
22 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: D)
Жауап қабылданады – 1 балл.
23 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Ол сырттай қорғанысқа мүмкіндік туғызу керек: доптың не басқа ойыншылардың соққыларынан, спорт алаңының тегіс еместігін сездірмеу және жаңбыр не аязда аяқты құрғақ етіп ұстау.
Ол тізені зақымдайтын созылулар, ісік және басқа жарақаттарды болдырмау үшін табан, әсіресе тобық буындарын ұстап тұру керек.
Ол ойыншыға орнықтылық сезімін беруі тиіс.
Ол аяқ киімде ойыншы ылғал алаңда құламауы және құрғақ жерде кенеттен құламауы керек.
Жауап қабылданады – 1 балл.
Граффити
24 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: Д
Жауап қабылданады – 1 балл.
25 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін табу.
26 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Көзқарас бір немесе екі хаттың да мазмұнына назар аудару арқылы түсіндіріледі. Автордың жалпы көзқарасы (яғни, келісетіні немесе қарсы болуы) немесе дәлелдің бөлшектері туралы айтылады. Қабырғаға сурет салатындар рұқсат сұрау керек. Граффитиді өшіру үшін қабырғаны тазалап, қайтадан бояу керек.
27 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Көзқарасты түсіндіру барысында бір немесе екі хаттың да стилі немесе пішіні аталады. Мынадай ерекшеліктерге сілтеме жасалады: жазу тілінің стилі, дәлелдерді құру, дәлелдердің сенімділігі, тон, қолданылған жазбалар, адамдары сендіру әдістері. «Жақсы дәлелдейді» типті көзқарасы түсіндірілуі керек.
Полиция
28 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: А) «Ұзындығы бойынша түрленеді»
29 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: D) «күдіктінің қылмыс жасағанын қалай дəлелдеуге болады».
30 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.
Жауап: D) «Сендіру»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Пиза жауабымен

шағым қалдыра аласыз