« М.Мақатаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Пластмассалық құтыдан қажетті заттар жасау
3-сынып оқушысы : Бақытнұр Ақниет
Ғылыми жетекші : Жазықбаева Жанат
2018-2019 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы
Облысы Алматы облысы
Ауданы Райымбек ауданы
Елді мекені Тегістік ауылы
Мектебі «М.Мақатаев атындағы орта мек-
теп мектепке дейінгі шағын орта-
лығымен»коммуналдық мемлекет-
тік мекемесі
Автордың аты-жөні Бақытнұр Ақниет
Сыныбы 3-сынып
Жұмыстың тақырыбы Пластмассалық құтыдан қажетті
қажетті заттар жасау
Бағыты, секциясы Технология
Ғылыми жетекші Жазықбаева Жанат Тұрсынбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Бағдарлама паспорты
Тақырыбы: Пластмассалық құтыдан қажетті заттар жасау
Атауы: Технология
Бағдарлама негізі: Қалдық заттардың бірі- әртүрлі пластмассалық
құтылардан тұрмысқа қажетті заттар жасау.
Бағдарламаны әзірлеушілер: 1. Бақытнұр Ақниет
2. Жазықбаева Ж, бастауыш сынып мұға-
лімі.
3. Шамшенов Ж, көркем еңбек пәнінің
мұғалімі
Мақсаты:
1. Халқы мен елінің алдындағы өздерінің
перзенттік парыздарын айқын да, анық тү-
сінген,өз елінің табиғатына жанашыр болатын,
туған елі мен жерін сүйетін шәкірт тәрбиелеу.
2. Шығармашылық қабілетін, ойлауын,
еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
Міндеті: . Отанының табиғатына үлес қосатын
тұлға болу.
Жүзеге асыру мерзімі: Үздіксіз
Күтілетін нәтиже: Ойына жаңа идеялар ұштастырып, пласт-
массалық құтыдан ерекше дүниелер жасау
Пікір
Бақытнұр Ақниеттің ғылыми жобасы көркем еңбек пәнімен тығыз байланысты. Пәннің барлық бөлімдерде шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға жәрдемдесетін бақылау, зерттеу, тәжірибе жасау, үлгілеу, жоспарлау және дайындау дағдыларын қоса алғанда, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылады. Бақытнұр Ақниет сабаққа белсене қатысады және кез-келген тапсырмаларды тиянақты орындайды.
Шығармашылық үдеріс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез- келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды. Бақытнұр Ақниет практикалық жұмыстарда тек мұғалімнің нұсқауына жүгінбей, өзінің идеясын кеңейтіп, тапсырмаларды жаңашылдықпен орындайды.
Бақытнұр Ақниет зерттеу обьектісін еліміздегі қалдық зат- пластмассалық құтыдан қажетті заттар жасау және экологиялық зерттеуге талпыныс жасаған. Дерекнамалар жинап, сараптама жасаған. Жобасын қазақ елінің экологиялық құндылықтарына қосылар іргелі жоба ретінде бағалауға болады.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Шамшенов Ж
Аннотация
Бақытнұр Ақниет зерттеу тақырыбын «Пластмассалық құтыдан қажетті заттар жасау» деп алған. Пластмассалық құтылар қалдық заттардың басым бөлігіне жатады.
Иә, бүкіл өркениетті әлем қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында жанталаса қарекет жасап жатыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәселесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұландығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген күл-қоқысты инновациялық тәсілдермен керекке жаратса, қазба байлығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі.
Жас зерттеушіміз Бақытнұр Ақниеттің тақырыбы кең ауқымды. Ол өз жас ерекшелігіне сай тақырыпты зерттеуге, бақылауға, саралауға, талдауға талпынады. Елінің табиғатына, денсаулығына зиянын тигізетін қалдық заттарды біле отырып, қалдық түрінің бірі-пластмассалық құтылардан әртүрлі заттар жасаған. Оның ерекше өнертапқыш қасиетін байқауға болады. Және жетекшісі бағыт-бағдар беріп, ойына-ой қосып, тақырып аясын тереңнен зерттейді деген ойдамын.
Химия пәнінің мұғалімі: Қорабаева Ж
Аннотация
Тема иследования Бахытнура Акниети «Изготовление изделий из пластикового контейнера». Пластиковые контейнеры относятся к большенству отходов.
Да, весь цивилизованный мир защищает окружающую среду и прилагает усилия, чтобы превратить землю в мусорную свалку. Казакстан тоже настаивает на проблеме мусора в повестке дня и благодария великим степям. Некоторые развитые страны берут ряд полезных продуктов за счет перероботки золы. И наше правительство не расплачевается с преступным миром, разделяя сокровища из щедрых степей и получая двиденти подполья
Наш молодой исследователь Бахытнур Акниет имеет широкий спектр тем. Она потается исследовать, контролировать и анализировать тему своего возраста. Зная природу здоровья и отходов страны, одним из видов отходов является множество вищей изготовленных из пластиковых контейнеров. Можно отметить его уникальные изобретательские качества. И я думаю, что лидер будет руководствоваться идеям и будет подробно изучать этот предмет.
Преподователь химий: Корабаева Ж
Abstract
Bakhytnur Akneti's research topic is "Making things from a plastic container". Plastic containers refer to the majority of waste products.
Yes, the entire civilized world is protecting the environment and making the effort to turn the Earth into a garbage dump. Kazakhstan, too, has been pushing for the rubbish issue on the agenda, and thanks to the great steppes, "the coast of the coast is spacious". Some developed countries are taking a number of useful products by recycling ash. And our government is not paying off the underworld, dividing the treasure from the generous steppes and collecting dividends from the underground. If the ash-slag that has been built up by the innovative means, it is possible to earn at least one of the earnings earned by the excavation. The President of Kazakhstan does not have enough Kazakhstani people who are betting on this initiative. Of course, there is little money to handle all types of waste. It is well known that they will be able to value the necessary technical means.
Our young researcher Bakhytnur Akneti has a wide range of topics. She tries to explore, control, analyze and analyze the topic of her age. Knowing the nature of the country's health and waste, one of the types of waste is a variety of things made of plastic containers. It is possible to notice its unique inventive qualities. And I think that the leader will be guided by ideas and ideas and will explore the subject in depth.
Teacher of Chemistry: Korabayeva Zh.
Таза болса табиғат- аман болар адамзат.
1-сурет

1-суретке назар аударсақ, еліміздің елеулі мәселесі еріксіз көз алдыңа келеді.
Қалдықтар- қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жер үсті және жер асты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар атмосфераға өте үлкен улы зат бөліп, табиғатты ластап қана қоймай, түрлі аурулардың көбеюіне әкеліп соқтырады. Адам баласының кез-келген шаруашылық және тұрмыстық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Қоғам тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластануы. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Швецияда тұтыну қалдықтарының – 25 пайызы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол – 30 пайыз құрайды, Германияда – 35 пайыз. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың – 3 пайызы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны – 97 пайызы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.
Қазақстанда қалдықтарды өндеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Оны өндеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр. Қалдықтарды өндеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқада қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалыптасқан, елді мекендерде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында шашылып жатыр.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады.
Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады:
• тамақ қалдықтары;
• консерві қалбырлары;
• фольга;
• металл сынықтары;
• шыны ыдыстар;
• пластмасса заттар.
Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жабыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі. Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады.
Қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін пластик құтылар құрайды. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.
2-суретке назар салсақ, пластмасса құтыларынан қайық жасаған. Бұл адамдардың ойының ұшқырлығын, еңбекқорлығын, білімділігін көруге болады. Жетекшім екеуміз интернет желісінен мына суретті көргенде ерекше ой келді.
2-сурет

Біз зерттеу тақырыбымызды «Пластикалық құтылардын қажетті заттар жасау» деп алдық.
Ауылымыздың маңынан, үйіміздің жанынан, көшелерден шашылып жатқан пластмаса құтыларын жиі кездестіреміз. Ол жанатын қалдықтарға жатады. Оларды өртеп жіберу керек немесе олардан қажетті заттар жасауға болады.
-
Бөлмені әсемдеп тұратын гүл
Жасалу жолы: 1 литрлік бірдей 3 құтының басын кесеміз. Бірінші құтыдан қарағанда екінші құты 1 см, екінші құтыға қарағанда үшінші құты 1см үлкен қиылады. Гүлдің жапырақтарын жасау үшін құтының аузына қарай бірдей өлшемде қиылады. Үш құтыны ыстық желіммен жабыстырамыз. Құтының астына дискті жабыстырып, гүлді жабыстырамыз. Гүлдің әр сабағына жіптен гүл жасап, жапсырамыз. Моншақтармен безендірсек өте әдемі болады.
2.Қажетті заттар салып қоятын ыдыс.
5 литрлік ыдысты пайдаландық. Әдемі формаға келтіріп, жиектерін темірді қыздыра отырып 5мм қашықтықта тестік. Сол тесіктер арқылы бізді пайдаланып түрлі-түсті жіптерді екі қатар тоқыдық және сыртына гүл жапсырдық. Қажетті заттарыңызды салып қоюға өте ыңғайлы зат болып табылады.
3.Пластмассалық құтыдан гүл отырғызатын ыдыс жасау.
Қоянның бейнесін келтіріп, әр-түрлі материалдарды пайдаланып ыдыс жасадық. Бұл үйіңіздің немесе сынып бөлмесінің ерекше сәнін келтіріп түратын ыдыс болады.
-
Құмыра
Бірдей екі пластмассалық құтының бас жағын бірдей ұзындықта қиып аламыз. Екі құтының аузын жабыстырамыз. Пайдаланған құтының түбін 7 см биіктікте кесіп, алдынғы құтыға жабыстырамыз. Әдемі құмыра пайда болды. Құмыраны ар түрлі материалдарды пайдалана отырып әсемдейміз.
-
Тіс щеткасын салып қоятын ыдыс.
1 литрлік құтыны аламыз. Тура ортасынан кесеміз. Екі құлақтың орны сияқты екі жағын дөңгелектеп қиямыз. Қиған жерімізге үлкендеу құтының ауызын ыстық желіммен жабыстырамыз. Екі жағына екі адамның тіс щеткасын салып қоюға болады. Інім екеуміздің щеткамызды салып қоямын. Бұл тазалықты сақтаудың тиімді жолы. Ыдысты өзіңіздің қалауыңызбек әсемдеуге болады.
Мен болашақта сыныптың барлық гүлдеріне әдемі ыдыстар жасаймын. Және тұрмысқа қажетті, бөлменің сәнін келтіретін заттарды жасаймын.
Қорытынды
Мен осы заттарды жасап қана қоймаймын, болашақта пластмассалық құтылардан тұрмысқа қажетті ерекше заттар жасаймын және жасаған заттарыма достарымның ерекше қызығушылықпен қарағанын қалаймын.
Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау - халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.
Ей адамдар, жер сенің аялы бесігің,
Жер бетінде аштық өмір бесігін.
Жаралған ғой қаның менен жаныңда,
Жер-жаһанды аяла алақаныңда.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Ж. Жатқанбаев Экология негіздері Оқулық- Алматы, 2003 жыл
-
Өмір- тіршілік қауіпсіздігі Оқулық –Алматы, 2004 жыл
-
Құрманбаев К.Д, Абитова Ж.Ғ. Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасаудың мәселелері
-
Құрманбаев К.Д, Абитова Ж.Ғ. Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жоюдың жолдары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз