Тақырып бойынша 11 материал табылды

Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын анықтау зертханалық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
биолог мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Шайтім А.Қ биология пәні мұғалімі

1.1 тақырып. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстары

Жұмыс барысы

Плазмолиз – қайтымды процесс. Плазмолиздің жойылуы деплазмолизге әкеледі, өсімдік жасушасын, осмостық әсер етуі заттар ерітіндісінің ролін жасушалық шырын, ал жартылай өткізгіш қабықша ролін цитоплазмалық мембрана атқаратын, осмостық жүйе ретінде қарастыруға болады. Жартылай өткізгіш қабықша арқылы таза судан бөлінген ерітінді, өзінің потенциалдық осмостық қысымына тең күшпен суды сорады.

Әр жасуша үшін келесі ерітінділерді алуға болады:

1) гипотоникалық ерітіндінің осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан кем;

2) изотоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымымен тең;

3) гипертоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан жоғары.

Құрал-жабдықтар: көк пиязшық; тамызғыштағы 1М қант ерітіндісі; лезвие; скальпель; пинцеттер; препарат инесі; микроскоп; зат және жабынды шынылар; су құбырынан алынған 1 стақан қайнаған су; шыны таяқша; сүзгі қағазы кесінділері; спирттік шам; сіріңке.

Жұмыс барысы

Жасуша құрамында антоцианы бар эпидермистің 1 бөлігің бритвамен кесіп аламыз. Эпидермис жасушасың зақымдап алмау үшін, кескің жасушалардың екі қабатынан тұру керек. Зат шынысындағы 1 тамшы суға кескінді алмастырамыз.

Жабынды шынымен жауып, жасушалық шырынмен боялған жасушаларды микроскоп арқылы көру керек. Суды 1М қант ерітіндісімен алмастыру үшін, заттық шыныға жабынды шыны ерітіндісінің тамшысын тамызып, сүзгі қағазды жабынды шынының қарама-қарсы жағынан орналастырып, суды сорып аламыз. Су толығымен ерітіндіге алмасқанша, бұл әдісті 2-3 рет қайталау қажет. Микроскоп арқылы жасушадағы өзгерістерді үнемі байқап отыру керек.

Жасушаның тургор, бұрыштық, бүлінген, төмпешіктелген плазмолиз жағдайларың схема арқылы көрсету.

Сүзгі қағаз арқылы ерітіндіні сора отырып, жабынды шынының астына 2-3 тамшы су енгізе отырып, жасушадағы деплазмолиз құбылысын байқаймыз (бұл процестің плазмолизбен салыстырғандағы жылдамдығына назар аударыңыз).

Деплазмолиздан соң жасушаларды өлтіру керек, ол үшін заттық шынының шетінен пинцетпен алып, спирттік шамның жалынына препаратты абайлап қыздыру кезінде судың булануын болдырмау қажет. Суды 1М қант ерітіндісінен алмастырып, жасушадағы плазмолиздің жүру-жүрмеуін байқау.

Бақылау нәтижелерін тіркеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1) плазмолиз деген не және оның себептері?

2) деплазмолиз қалай өтеді?

3) өлген жасушаларда плазмолиз өте ме?

4) гипертоникалық ерітінді дегеніміз не?

5) цитоплазмалық мембрана қандай қызмет атқарады.


Әдебиеттер


1 Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений. – 2-е изд.- Воронеж: Изд-во ВГУ, 1991.-С16-18


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
7114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12