Материалдар / Подстанцияның негізгі қызметі

Подстанцияның негізгі қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге керек мәліметтер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
473
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Подстанцияның негізгі қызметі


Қосалқы станса дегеніміз электр энергиясын тиімді пайдалану немесе оны түрлендіруге арналған электр қондырғысы.

Мұнда электр желісінің кернеуін төмендетуге арналған төмендеткіш қосалқы стансалар қарастырылады. Мұндай қосалқы стансалар мынандай бөліктерден тұрады:

1. бір немесе бірнеше трансформаторлар;

2. жоғары кернеулі таратқыш;

3. төмендетілген кернеулі таратқыш;

4. қосалқы құрылғы.

Кейбір қосалқы стансаларда синхронды компенсаторлар, статикалық конденсаторлар немесе шунттаушы реакторлар орнатылған. Әдетте олар жоғары кернеуді жіктеумен шектеледі, өйткені мұның өзі белгілі бір дәрежеде стансаның қуатын , алатын аумағын және құнын белгілейді.

Қосалқы стансалар категориясына мыналар жатады:

1.Ұзын көп тізбекті линиялардағы трансформаторсыз электр қондырғылары. Бұлар беріктігін арттыратын секциялық линияға, бойлық компенсацияға конденсаторлар орнатуға арналған. Мұндай құрылғыны секциялық қосалқы станса деп атайды.

2. Қалалық желілер мен өнеркәсіп орындары желілеріндегі трансформаторсыз электр қондырғылары тұтынушыларға қуатты таратуға арналған. Мұндай құрылғы таратқыш қосалқы станция деп аталады.

Қосалқы стансаны жобалау қарастырылып отырған жүйенің дамуына немесе ауданды электрмен қамтамасыз ету сұлбасына байланысты. Мүдделі ұйымдардың сұранысы негізінде таяудағы 10 жылда энергияны пайдалану мүмкіндігі анықталады. Желі сұлбасы, қосалқы стансалардың орны және олардың қуаты белгіленеді. Мұндайда даму келешегі және құрылысты салу кезегі ескеріледі.

Аудандық электрлік төмендеткіш қосалқы стансаларды жобалау, оларды жалғайтын энергожүйенің жобасына тығыз байланысты.

Энергиямен жабдықтау сұлбасының энергожүйесіндегі электр желісі мен жекелеген экономикалық ауданды дамытудың жобасында мына мәселелер қарастырылады:

1. электр және қуатының қосымша күші, жекелеген ЖЭО-ның параметрлері мен оларды іске қосу мерзімдері айқындалады;

2. энергия жүйелері арасындағы қарастырылып отыратын ауданның ішіндегі ток қуатының шамасы анықталады;

3. 110-220 кВ-тық желінің параметрлерін таңдап алу;

4. қысқа тұйықталу қуаты және басқа да деректер анықталады, мұның өзі 120-220 кВ-ты қосалқы станса мен электр берілісі желісін жобалау үшін қажет;

5. 110-220 кВ электр берілісінің желісі мен қосалқы стансаны іске қосу кезегін белгілеу;


6. электр стансасын, қосалқы стансаны және электр беріліс желісін салуға кететін қаржы шығыны, электр стансалары мен тұтынатын орындардағы қондырғылардағы электр энергиясының шамамен алынған құны есептеледі.

Аудандық қосалқы станса электр жүйесінің жауапты элементері болып саналады. Сондықтан да бұл қосалқы стансаларды жобалағанда және салғанда, оларды пайдаланатын орындардың қалыпты режімде жұмыс істеуін ғана емес, апаттық жағдайда ажыратылғанда да сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аудандық ірі қосалқы стансаларда қуатты автотрансформаторлар мен трансформаторлар орнатқан тиімді. Өйткені электр қосылысының неғұрлым тиімді сұлбасын қабылдауға, таратқыш құрылғыларды және қосалқы стансаның басқа құрылыстарын тиімді құрастыруға мүмкіндік береді. Әдетте екі трансформаторды немесе автотрансформаторды орнатқан тиімді. Ал кейбір жағдайда одан да көп трансформаторлар орнатылуы мүмкін.

Аудандық қосалқы стансаларға өте жоғары талап қойылады. Соның ең бастылары:

1. қосалқы стансаның электр желісінің екінші тізбегінің резервтік қорегі мен электр қондырғыларының аудандық тораппен байланысы болуы тиіс;

2. бірінші немесе екінші кернеудегі шиналар зақымданған жағдайда қосалқы станса тұтынатын орындарды қоректендіруді толық немесе жартылай қысқартуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қосалқы стансадағы электр қосылысының сұлбасы арқылы қолданылған жабдықтар мен құрылғылар кешенін белгілеп, оны тұтастай салуға кеткен жұмыс көлемі мен күрделі қаржы шығынын анықтайды. Қосалқы станса сұлбасы орнатылған жабдықтардың тек түрін және оған кеткен шығынды ғана емес, оның құрастырылуы мен қосалқы құрылғылардың көлемін де белгілейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ