Поэзия

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Поэзия

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәрбие сағаттарына қосымша
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

МАҒЖАН ізімен

Жаратқан сыйласа егер жақұт жырды,

Шаттық пен сүре білгін бақыт күнді.

Ел мүддесіне қызмет ет, тек тынымсыз,

Өйткені дөңгеленген уақыт құнды.


Өмір ме қазір мынау таңданатын,

Қазіргің өткеніңмен жалғанатын.

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН, үміт етем,

Деген ед (і) заманында Мағжан ақын.


Ал бүгін қоғам бөлек заман басқа,

Дегенмен өмір сүрер, қалам доста.

Абайдың айтып кеткен қыңыр мінез,

Жалқаулық айналмасын ұран досқа.


Жүрмесе де жат-бауыр жаныңды ұғып,

Күш қайрат, ерік жігер жағымдылық.

Біріңді қазақ, бірің дос көр деп еді,

Абай хакім өсиет таным қылып.


Замандас! Қояр жылжып уақыт мүсін,

Жарқын өмір жаңаша жақұт күшің

Мәңгілік ел тұрғанда Дана басшы,

Ашық аспан астында бақыттысың!

Естіп міне мінбе де ақын әнін,

Тыныштық арқасында шарқ ұрамын.

Болашаққа бағдар, рухани жаңғырайық,

Әр біріңді мен соған шақырамын.


Тірлікті жүрмесең де пайымдамай,

Өмір сүр, өткеніңді уайымдамай.

Ынсап пен ынтымақ бер, е құдайым,

Алаш жастарын бірліктен айырмағай!


Қадірлі жастар! Көздейік ел мүддесін,

Сырт көз сыншы, алауыз деп жүрмесін.

Тәуелсіздікті сақтайық, қарашығымыздай

Көк туымыз көгімізде желбіресін,







ТІЛ - ҚАЗЫНА

Ана тілім қазынам едің байлығым,

Жаңара берсін, жарқырай берсін ай-күнің.

Жасай бер, жаса ұрпақпен бірге мәңгілік,

Көтеріліп рухым сенімен өрге айбыным.


Айнала шуақ, гүлдерге толса дала құт,

Ана тілімнің бойынан өндім нәр алып.

Ұлттық болмысқа тамырды терең жіберіп,

Рухани міне жатырмыз әсте жаңғырып.


Елбасы сөзі ертеңді бүгін анықта,

Игі ісіңді, ұлт мүддесіне бағытта.

Тілсіз рухани мәңгүрттенесің қазағым,

Ұмытпа мұны. Тілі жоқ ұлт, халық па?


Мақсаты айқын, құлақ түріп ілкі үндеуге,

Бара бермейік жазғырып босқа күндеуге.

Латын әліпбиі, оралар бізге кезеңмен,

Түсеміз солай бабамыз салған сүрлеуге.


Латын әліпбиі кемелге бастар дара жол,

Түсіне білгенге ғылымның тілі саналы ол.

Сына жазудан басталған мирас түркілік,

Ахмет салған сара жол.


Ысыра бермей нұрлы ісіңді кейінге,

Кирилица анау одақтан қалған күйің бе?

Рухани жаңғырып, болашаққа бағдар өзіңді,

Бүгіннен бастап бейімде.





,

Мінез менің болмысым – жарылысым,

Бірбеткей ұл, біледі анық ішің.

Сөзге кеп бұл күнге де аман жетсек,

Ол сенің маған деген сағынышың.


Сезілмей жатсадағы жанға қайғым,

Ешкімді тілдемеймін, қарғамаймын.

Бір нанды бөлісіп жеп жалпақ жұртпен,

Жақын түгіл жатты да алдамаймын,


Аңқылдақ, аңқаулаумын, бала көңіл,

Адал болма деп бүгін замана тұр.

Қолыңыз бірде жетіп, бірде жетпей,

Артыңда сағым болып қалады өмір.


Жылағанды жұбатам шаққа жүріп,

Сырымды айтып отырам ақтарылып.

Мейірімі азайған адамдардың

Кім бар дейсіз, бір-бірін жатқан ұғып?!


Сыйластық болсыншы деп арада нық,

Көңіл сұрап ағайын бара қалып.

Жан құлазып қайтады үміт кеміп,

Салқын сөзден жүрегім жараланып.


Дүние іздемедім жоқ па, көп пе,

Мұратқа жеткізе ме ол да текке.

Жер ананы құшақтап бауырыммен,

Жылап алғым келеді оқта-текте.


Нені аңсаймын білмеймін, алып-ұшып,

Қадамымнан кетемін жаңылысып.

Нұр тұнған жанарларын көрсем деймін,

Жақын жұрттың жүздерін сағынысып.


Бәйгеге орта жолдан қосылмаймын,

Шыным осы. Сөзімнен тосылмаймын.

Кектенбеймін, сағынам әлдекімді,

Жаратылыс, мен сірә осындаймын.


Осындаймын танысаң күйде мені,

Алқам-салқам тағылмай түймелері.

Жүремін ешнәрсеге ебім де жоқ,

Шамаң жетсе, жарқыным сүйме мені!..

23. 08. 2016 ж. Түн. 02. 30




АСЫЛ ДІНІҢДІ АРДАҚТА

Өткен күннің ұмытпай ғұрыптарын,

Дәстүрдің озығы бар сұрыптағын.

Санаңа түйіп алғын бабаң жүрген,

Сүрлеуін ізгі жолын ұлықтағын.


Қалайша тірлігімнен жәй қалғанмын,

Өткеніңнен сабақ ал, айбарланғын.

Хақ жолынан әсте сен адаспайсың,

Өсиетін тыңдасаң пайғамбардың.


Көп жайды аңғарасыз жүріпте көп,

Жас буын сен оларға ілікпе тек.

Асыл діннің бойламай болмысына,

Өзгенің сойылын соқпа, желөкпе боп.


Неліктен бола алмайды жастар үлгі,

Улама басқа ағым мен бастарыңды.

Ханбал, Мәлик hәм Шапиғи құрмет қылғын,

Ардақ тұт Ханафидей мәзhәбыңды.


Байып пен құлақ түрсек базынаға,

Ие бол, байтақ дала, қазынаға.

Дін деген - Отбасың мен Отаның ол,

Отан – Ана, сен одан ажырама.


Қойнауы кең қазақтың атырабы,

Жаңарыпта сан қилы отырады.

Дін дегенің - туыс пен ағайын жұрт,

Қасиетті жұмыр жер топырағы...


Әлем мынау сан түрлі күйге енуде,

Кей қылығынан болады жиренуге.

Дін деген - сені өсірген текті елің,

Үлес қос, мемлекетіңе гүлденуге.


Қамшы сабындай ғұмырды сүре біл де,

Шарықта өркендей бер, түле гүлде.

Дін мен Отан дегенің - тұтас ұғым,

Бөлек деген ой болмасын жүрегіңде.


Жанарымды салмасын жатқа ұдай,

Жүргені жоқ қазаққа бақ дарымай.

Елімді аман, халқыма тыныштық бер,

Баянсыз бақытымнан сақта құдай!

*****



Шаршадым. Жалықтым. Торықтым,

Келбетін жасырды ғаріп түн.

Дүние айналып кеткендей,

Жалғанда жалғызбын, жаңа ұқтым.


Дос-бауыр боп жүрсем де сансызбенен,

Соның бәрі алдамшы, қамсыз кілең.

Ертең мақтап айтады мен жайында,

Қара жерге кіргенде жансыз денем.


Жау қылып мен біреуді көздедім бе,

Өмірдің қилы күнін көргенімде.

Жақын ғып айналама тарта білдім,

Ағайын, құрбы-құрдас өзгені де.


Ит-мінез кімге осы ұнайтыным,

Ол рас. Бір күн бәлкім құлайтыным.

Елімді Алла ертеңін жарық қылғай,

Шуақ қылғай деп анық сұрайтыным.


Айырып мән арасын ақ-қараның,

Белгілі озық күнді жоқтағаным.

Олар жүр, көргісі кеп іштарлықпен

Мендегі іңкәр жүрек тоқтағанын.


Адамзатпын сылдыр сөзге ерімес,

Өз ауасы, топырағынан жерімес.

Ажал келсе, мен өлермін, менімен,

Жер бетінің тірілері кемімес...




ҚЫЗ ОЙЫ


Келдіңіз де жетеледің шуаққа,

Алдың баурап, қалдың бірден ұнапта.

Өміріме өзгеше күй әкелдің,

Кетпеңізші жыраққа...


Ойлай берем қадамымнан жаңылдым,

Сезім сиқыр, арбап алды сағындым.

Қыз басымды еш жігітке имеуші ем,

Қалай сізге бағындым?


Түсінбедім. Бұл сүюдің мәні ме,

Алып баршы, махаббат бақ, көліне.

Өзің сүйіп сыпайылық ізетпен,

Сүйгізесіз мені де.


Дәрменім жоқ, тағатсыз-ақ көңіл-мұң,

Ықыласпен қалай ғана берілдім.

Сіз жанымнан табылмаған сәттерде,

Мәні де жоқ өмірдің.


Арман асқақ аласармас көктейді,

Олар мені бос алдамшы етпейді.

Ішкі әлем жан-дүнием де тебіреніс,

Біреу маған жетпейді.


Нұрлы ғалам көздегенде бір үміт,

Келер күннен күтем әркез ұлылық.

Жаным менің! От көремін көзіңнен

Содан алам жылылық.


Болмысым да санам сізде, сол жаным,

Аялайды ақ көгершін арманым.

Жүрек қалау мәңгі сүйер Абайым,

Мен болайын Тоғжаның.


Ұмытпаймын алабұртқан шақты бұл,

Көкірегімнен саумал болып ақты жыр.

Алла маған кездестірді осындай,

Тәңір берген тәтті ұл!

11. 06. 2016 ж.




МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН


Бітпейтіндей болғанмен жалын әнім,

Тірлігіне бес күннің бағынамын.

Тағатcыз аласұрып өзіңді іздеп,

Мен сені сағынамын.


Ие болып аяулы бір есімге,

Жазулы пешенеңді сүресің де.

Саған ғана сырым мен ақтарылам,

Сен мұны білесің бе?


Ұл мен қызы ек Адамдай бір атаның,

Қисаймайды сондықтан құба талың.

Бойыңдағы ибалық, ізеттілікті,

Гүлиза, ұнатамын!


Ағысымен аққанда бұлақ дара,

Жақындадым жаныңа сыр ақтара.

Мұңға батқан күндерде қасымда бол,

Жанымнан жырақтама.


Сын-сағаттар сырғуда өмірімде,

Секунд, минут оны кеп кеміруде.

Айға апарам демеймін Гүлім сені,

Сандуғашым болшы тек көңілімде.


Қызғалдағым сан түрлі күйге енеді,

Күйге енген соң көңілім сүйген еді.

Қыран құстай томағамды сыпырып ап,

Түлете біл, кейде мені...


Тәңірім аласартпа биігімнен,

Мен емеспін есерсіз жиі күлген.

Саған деген сенім мен сезімімді,

Парықта пейілімнен.


Ардақта ақыныңды сүймесең де,

Дедің бе үйлесімді күй кешем бе?!

Мендік күй қолыңызда алтыным-ау,

Басымды төрге, көрге сүйресең де.

Солай жаным!..



АҚҚЫСТАУЫМ – БАЙТАҒЫМ


Аққыстау – мекен көнеден қалған байтағым,

Атыңды сенің ән қылып бүгін айтамын.

Бозбала болып арманға қанат қақтырып,

Сәбиің болдым, бесікті жырмен шайқадың.


Тұрса егер тәтті тіршілік мына сән құрып,

Көрсетпей бейне алдыңда дел-сал паң қылық.

Жасай бер, жаса, қасиетті менің мекенім,

Жылдардан жылға тұрсыншы атың жаңғырып.


Жаудырып жақсы тілекті жырды саған-ақ,

Тойлайды сені ағайын-туыс, бар алап.

Батыр ұлдардың тұлпары тұяғы тиген жер,

Аққыстауым менің, бабадан қалған аманат.


Аққыстау - үйім, асылым, қымбат мекенім,

Қайда жүрсем де сағынышым мен жетемін.

Кеудемнен менің шығып кеткенше шыбын жан,

Ардақты елім, аймалап сені өтемін.


Адамдар пенде заңына өмір бағынар,

Өзің бар жерде кезі жоқ көңіл жабығар.

Ақын ұлың келді өлеңін алып арнаған,

Жырменен шашқан шашуым міне, қабыл ал.


Текті ұл болсам тәлімін алған атаның,

Қасиеті онда дарығаны маған батаның.

Сенің асқақ намыс пен абыройың үшін де

Көрде жатсам да арпалысып мәңгі жатамын.


*****


САҒЫНЫШ ДЕГЕН...


Сағындым сізді,

Сағынар десе тұлғаны тұлға

Біреу сенер, мүмкін ел сенбес.

Сағыныш деген тәтті бір сезім

Килограмм, тоннамен өлшенбес.


Сағыныш деген

Тәтті сезім ол, тәтті арман.

Бізге де жеткен ата-бабадан,

Ғұндардан, бәлкім сақтардан.

Сағыныш деген

Өзіңді-өзің алдамау,

Үміт күтетін шұғыла түсер шақтардан.


Сағыныш деген

Сарғаюы емес сананың.

Сағыныш деген

Аялап, күтер, алақаны ол ананың.

Сағыныш деген

Сенімге селкеу түсірмеу

Қамқорлығы ғой кейінгі жасқа ағаның.


Сағындым сізді,

Сағынып жүрек тасынған.

Сағыныш деген

Сезім ғой қымбат тұратын алтын, асылдан.

Сағыныш деген

Өмірлік мәңгі сағыну

Бір күндік фәни өтеді сәтте басыңнан.


Сағыныш деген

Риясыз сенім, соға қоймайтын дауыл үн.

Сағыныш деген

Жатсынбай қарар тау ұлын.

Сағыныш деген

Қияға қанат қақтыру,

Батасын беріп қыран бүркіттей бауырын.


Сағыныш деген

Формула емес, мәңгі ұғым.

Сағыныш деген

Өмірді сүю, адамның сүю әрбірін.

Сағыныш деген биіктен орға құламау,

Сағынсын сізді мендей боп, аға, бар інің.


Сағыныш деген қара күші емес білектің,

Сағыныш деген жақсысы алуан тілектің.

Сағыныш деген көңілдің жарқын ақтығы,

Сағыныш деген пәктігі таза жүректің.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі