400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Полифониялық шығармаға түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал, музыка пәні бойынша полифония терминінен нақты түсінік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Полифония (гр. polіphonіa — көп дауыстылық) — орта ғасырдан (10 — 11 ғасырлар) бастау алатын еуропа мәдениетіне тән көпдауысты жүйе. Музыкалық термин ретінде бірдей, тең көпдауыстылықты білдіреді. Оның ерекшелігі — бір-бірімен байланысты бола тұра, әр дауыс өзінің даралығымен айқындалады. Музыка тарихында қатаң және еркін стиль деп аталатын Полифонияның екі түрі белгілі. Қатаң стильдегі Полифониялық шығарманың әуені баяу. Онда негізінен бревис, бүтін, жарты, төрттік нота ұзақтықтары қолданылады. Сегіздік, он алтылық ұзақтықтар мүлде кездеспейді. Муз. әуені баяу, бірқалыпты дамиды. Көлемді мелод. секірістер болмайды.

Еркін Полифониялық стиль 17 ғ. И. Йоганн Себастиан БахГ. Гендель шығармаларынан кең орын алды, кейін А. Моцарт жалғастырды. Олар әуенді жандандыра түсетін кез келген нота ұзақтықтарын пайдаланды. Еркін стильдегі Полифонияның имитац., қарама-қарсы және қосалқы дауысты деген бірнеше түрі бар. Имитация (қайталау) Полифонияда бір дауыстағы әуен келесі дауыстарда сәл кешігіп қайталанады. Қайталау кейде дәл, көп дауысты жүйеде белгілі бір интервалдық аралықта жүзеге асады. Қарама-қарсы Полифонияда әр дауыстың өз ырғағы, өз тақырыбы болады. Соған қарамастан олар бір мезгілде естілгенде бір-бірін толықтырып тұрады. Оның үлгілері қарапайым және күрделі (вертикальды-қозғалмалы, горизонтальды-қозғалмалы, қосалқы-қозғалмалы) контропункт (үйлесімді нүктелер). Қосалқы дауысты Полифония деп негізгі муз. әуен мен оны көркемдеп отыратын, өзіндік даралығы жоқ қосалқы дауыстары бар шығарманы айтады. Әуен бір дауыста жүрсе, қосалқы дауыстар 2 — 3, кейде одан да көп болуы мүмкін. Бірақ олардың ырғақ жүйесі көбіне негізгі әуенге бағынышты. Полифония — классикалық музыка өнеріне тән стиль. Оған инвенция, фуга, т.б. шығармалар жатады.

«Бурре"

Менің алып отырған полифониялық шығармам И.С.Бахтың «Бурре» атты екі дауыста жазылған туындысы. Шығарма қарапайым формаға жатады. Орындалу жағынан белгілі бір қиындықтарды қатты талап етпейді. Тек шығарманы орындау барысында мехты үзбей, әр екі такт сайын мехты білдіртпей ауыстырып отыру маңызды болып саналады. Шығармадағы әрбір дыбысты анық көрсете отырып, орташа екпінде орындау қажет етіледі. Орындаушының шығарманы орындаудағы басты мақсаты, оң қол мен сол қолдағы кезектесіп өрбіп отыратын дауыстарды естірте отырып, бірізді және біркелкі әуенді шығарып көрсету болып табылады. Полифониялық шығармалар студенттің орындаушылық шеберлігінің артуына және тыңдау, дыбыстарды үйлестіре білу қабілеттерінің де дамып, жетілуіне көмектесетін бірден-бір құралдың бірі деп айта аламыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.02.2021
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі