Материалдар / политехникалық апталық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

политехникалық апталық

Материал туралы қысқаша түсінік
апталық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2018
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әлем нақты ғылымдар тілінде»


Мақсаты: Студенттерге әртүрлі сұрақтар беру арқылы политехникалық пәндері бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымын дамыту. Студенттерді шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге нақты сөйлей білуге тәрбиелеу.


Міндеттері: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, топта жұмыла жұмыс істеуге үйрету.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер және сайыскерлер!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым!

«Әлем нақты ғылымдар тілінде»атты 1-ші курстар арасында политехникалық-жаратылыстану пәндерінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!


Жүргізуші:Міне, құрметті ұстаздар, студенттер, біз бүгін политехникалық пәндері төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Әлем нақты ғылымдар тілінде»атты интелектуалды сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

(музыка)

Жүргізуші:Сайысымызды бақылап отыратын және сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Оқу ісінің орынбасары Нуркенова Армангүл апай

2.Әдіскер Қабиева Жанар апай

3. Аға шебер Сыбанов Қасен ағай

4. Колледж психологі Нихметолла Ерік ағай

Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

қызықты бір ойын болсын,

Білімдірек шәкірт озар,

сұрақтары қиын болсын.


Жүргізуші: Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:

І кезең –Таныстыру

ІІ кезең – «Кім білгір?»

ІІІ кезең –«Адасқан әріптер»

ІҮ кезең – «Ғажайып бейнелер»

Ү кезең – «Мақалды жалғастыру»

VІ кезең: Капитандар сайысы:Автоматты бұзып жинау.

ҮІІ кезең – Үй тапсырмасы «Нақты ғылымдар менің мамандығымда»

Көрермендермен ойын:«Қызықты логика нақты ғылымдарда».


Жүргізуші:  Ойын кезеңдерінің ережелері мен шарттарын әр кезең барысында түсіндіріп отырамыз. Бірінші бастау құқығы жеребе арқылы шешіледі;

(Жеребе анықталады)


Жүргізуші:Қатысушы топтар реті белгілі болды. Олар:

І топ ....................

ІІ топ .............................

ІІІ топ ................................


Жүргізуші:Білген сайын келеді біле бергім,

біле беру емеспе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

білімді,әрі білікті жас жеткіншек,-

деп, білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымыз өздерін таныстырып өтсін.

1 кезең: Таныстыру (топтың аты, ұраны,төсбелгісі) оралады.


Жүргізуші: Олай болса I кезеңімізді бастаймыз. Бүгінгі ойынға әрбір топтан 4 студенттен қатысады.Топтың аты, және ұраны таныстырылып, сонымен қатар топтың басшысы өз төсбелгілерінің мәнісін түсіндіреді. (Әр топ жеребе бойынша кезекпен өздерін таныстырады)


Жүргізуші: Әділ-қазылар І кезең – таныстырудың бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Жаратылыс-есеп пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздыңнегізгі интелектуалды кезеңін бастасақ.


Жүргізуші: II кезең «Кім білгір?» кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтар 3 түсті папкаға бөлінген, папканы таңдау топтың еркінде. Сайыскерлер сұрақтарды оқи отырып толық бірден жауап береді. Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады. Әр сұраққа дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріледі. Экранға назар салып, әр топ өздері таңдаған түстегі папкалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Ендеше іске сәт.


Қызыл түсті папка:

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология

2. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында, 28-ші қысқы Универсиада чемпионы, алтын жүлдегер атанған Қазақстандық кім? /Денис Тен/

3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

4. ЭКСПО – 2017 көрмесіқай қалада, қай айларда өтеді? /Астана.10.06-10.09./

5. Тоқ күшін өлшейтін құрал? (амперметр)

6. ХХУ111 ДүниежүзілікУниверсиада-2017 қай қалада қай күндеріөтті?(Алматы.29.01-08.02.)

7. Топырақты құнарландыратын элемент (Азот)

8.Компьютердің  құрылғылары нешеге бөлінеді?(2-ге: негізгі және қосымша)

9. Тізбектегі кедергіні өлшейтін құрал. (реостат)

10.Төртбұрыштың түрі.(трапеция)


Көк түсті папка:

1. Сутек жанғанда алынатын зат (су)

2. Ең жұмсақ металл. / Сілтілік металдар/

3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: /Қант ауруы/

4. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін қандай кернеу пайдаланылады? (220В)

5. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм.(тіктөртбұрыш)

6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: /Дальтонизм/

7. Екі нүкте арсындағы түзу не деп аталады? (Кесінді)

8. Нүктелік зарядтың өзара әрекеттесі заңын ашқан ғалым. (Кулон)

9. Өшірілген файлдар қайда сақталады? ( Корзина)

10.Фристайл-акробатика турнен, 28 ысы Универсиада чемпионы, алтын жүлдегер атанан Қазақстанды кім? /Алдабергенова Жанбота/


Сары түсті папка:

1. Электр тоғының жылулық эффектісін алғаш рет зерттеген ғалым кім? (Джоуль)

2. Арқа омыртқаларының саны: /12/

3. Жасушаның көбеюіне қатысады: /Ядро/

4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: /Пластид/

5. Ақпаратты шығару құрылғысы . (принтер)

6. Ұшақ Астанадан Алматыға 1 сағат 40 минут ұшады, ал қайтарда 100 минут ұшады неліктен?

(тең )

7. Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарындабіздің Қазастандык құраманеше алтын, нешекүміс, нешеқола медальдар жеңіп алды? /7алтын, 2күміс, 5қола/

8. Темірдің құймалары. (шойын мен болат)

9. Бір тонна темір ауырма, әлде бір тонна ағаш отын ауырма? (тең)

10. Ең қиын балқитын металл. /Вольфрам/



Жүргізуші:Жақсы, осымен ойынымыздың екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар, ІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: 3-кезең – «Адасқан әріптер» деп аталады.

Әр топ мүшелері жеке-жеке шар таңдайды. Бұл кезеңде әріптері адасқан ұғымдар беріледі. Шардағы ұғымдарды дұрыс ретімен жазып шығу керек. Әр дұрыс жауап 2 ұпай саны арқылы есептеледі.Ойын шарттары түсінікті болса,онда ойынымызды бастайық, іске сәт!

Жүргізуші:Осымен ойынымыздың үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы сайыскерлеріміздің шеберлігіне әділ бағасын берсеңіздер.


Музыкалық сәлем «»

Жүргізуші: 4- кезең - «Ғажайып бейнелер»деп аталады. Бұл сайыста әр топтан бір сайыскер шығып, экрандағы өз мамандығына сәйкес суретті таңдап алады.Суреттер астында түрлібейнелер жасырылған, осы бейнелерді байланған көзімен плакатқа сызу керек.


Көрермендермен ойын: «Қызықты логика нақты ғылымдарда»

Тапсырмалар:

1. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады.Барлығы нешеу? (0)

2. Бес адамға бес алманы бөлу керек, әр адам бір алманы алса, бір алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз? (бір адам бір алманы себетпен қоса алады)

3.. Асқабақтың дұрыс өнуіне және пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның дәнін қай уақыттан бастап жинаймыз?(30 шілде)

4. Тоғыз бас, жиырма екі аяқ. Неше тауық, неше ешкі?(екі ешкі, жеті тауық)

5. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады?(моль)


Жүргізуші:Осымен ойынымыздың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы сайыскерлеріміздің шеберлігіне әділ бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші:Бесінші кезең - «Мақалды жалғастыру» деп аталады.Мақалдар 3 папкаға бөлінген, папканы таңдау топтың еркінде; Сайыскерлер мақалдарды оқи отырып, толық жауабын жалғастырады. Бір ғана нақты жауап қабылданады;

Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Олай болса, бірінші болып жауап беретін топтың бір сайыскерін экран алдына шақырамыз.Экранға назар салайық. Папканы таңдаңыз.Ендеше іске сәт.

(экраннан көрсетіледі. әрбір папкада 7 макалдан берілген.Үш топ та жауап береді)

А папкасы бойынша

1.Жығылып жатып................. /сүрінгенге күлме/.

2.Күлме досыңа...................../келер басыңа/.

3.Ауру қалсада.................... /әдет қалмайды/.

4.Әдепті бала арлы бала......./әдепсіз бала сорлы бала/

5.Ұяда не көрсең.................../ұшқанда соны ілерсің/

6.Жаксыдан үйрен................/жаманнан жирен/

7.Жаксы туса - ел ырысы....../жаңбыр жауса - жер ырысы/

Ә папкасы бойынша

8.Қызым саған айтам.........../келінім сен тыңда/

9.Дария жанынан................./құдық қазба/

10.Сумен ойнама батарсың...../отпен ойнама жанарсың/

11.Ағасы бардың - жағасы бар..../інісі бардың тынысы бар/

12.Жылы - жылы сөйлесең....../жылан інінен шығады/

13.Атаның баласы болма......./адамныңбаласы бол/

14.Әдепті бала ата – анасын мақтатар..../әдепсіз бала ата – анасынқаксатар/

Б папкасы бойынша

15. Тазалық – денсаулық кепілі.

16.Көзің ауырса, қолыңды тый....\Ішің ауырса, ауызыңды тый.

17.Ауру қалса да.........\әдет қалмас.

18. Ауырып ем іздегенше........\Ауырмаудың жолын ізде.

19. Күш білімде.......\Білім кітапта.

20. Білекті бірді жығады...........\Білімді мыңды жығады.


Жүргізуші:Осымен ойынымыздың бесінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

/баалайды/



Жүргізуші: VІІ кезең: Капитандар сайысы:Автоматты бұзып жинау.


Жүргізуші: VІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер


(бағаланады)


Жүргізуші:ҮІІІ кезең – Үй тапсырмасы ретінде берілген «Нақты ғылымдар - менің мамандығымда» атты тақырыпта әр топ өздерінің болашақ мамандықтарын техникалық-жаратылыс пәндерімен байланыстыра жарнама, не қас-қағым сәттік көрініс, не тағы басқа шаралар көрсету керек. Олай болса, бірінші болып бастайтын топтың сайыскерлерін ортаға шақырамыз. Ендеше іске сәт.

(Әр топ кезекпен шығады. )

Жүргізуші: VІІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер

(бағаланады)


Жүргізуші:Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Азылар алкасы здеріңіздің жинаған пайларыңызды санап шығыңыздар.



Жургзуш:Сонымен бүгінгі «Накты ылымдар лемне саяхат» сайысы өз мәресіне жетті. Жүргізуші: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жүргізуші: Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!