400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

PON ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазіргі таңдағы телекоммуникация саласында кеңінен қолданылып жатқан PON-технологиясының түрлері мен талдауы берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

PON ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН САЛЫСТЫ РМАЛЫ
ТАЛДАУЫ

Нурмагамбетова Гульмира Галимжановна,
«М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» ЖШС,
арнайы пәндер оқытушысы

Бүгінгі таңда абоненттік желіде (абоненттік қолжеткізімде) ең қарқындап
дамып келе жатқан технологиялардың бірі мен бірегейі - passive optical network (PON)
немесе пассивті оптикалық желілер болып табылады. Мұндай желілерде соңғы
(шеткі) (терминалды) клиентке трафикті жеткізу үшін қымбат емес пассивті
бөлгіштер (сплиттерлер) қолданылады және PON желі өз кезегінде 1-суретте
көрсетілгендей келесідей негізгі құрылымдық элементтерден тұрады [1]:
- optical line terminal (OLT) оптикалық байланыс жолы (желісі) терминалы,
оператор жағында орнатылған жабдық және бірнеше PON порттары болуы мүмкін (4
немесе одан да көп). PON порттарының әрқайсысына оптикалық сплиттер арқылы 64
абонентке дейін ағаш тәріздес топология бойынша (GPON үшін) қосуға болады;
- optical network terminal (ONT) оптикалық желі терминалы және пассивті
оптикалық желідегі жеке абоненттік жабдық болып табылады. Ол тікелей абоненттің
үй - жайында орнатылады және компьютерге, теледидарға және IP телефонына
қосылуы мүмкін;
- splitter-оптикалық бөлгіштер (тармақтағыштар) қабылданған оптикалық
сигналдың қуатын шығыс порттар арасында берілген пропорцияда таратуға арналған
пассивті құрылғылар.



Сурет 1. Passive optical network (PON) желісінің құрылымдық элементтері

PON архитектурасының (сәулетінің) негізгі мақсаты – көптеген абоненттік
ONT құрылғыларына ақпаратты жеткізу және одан қабылдау үшін тек ғана бір
кабылдап-таратқыш OLT модулін пайдалану. OLT құрылғысы телекоммуникациялық
провайдердің немесе оператордың аудандық (қалалық) торабында орналасады. Ол
трафикті шоғырландыру нүктесінің функциясын атқарады, яғни оптикалық
сигналдарды генерациялап, абоненттерден келген трафиктерді біріктіреді. ONT не
ONU абоненттік құрылғылары әр түрлі интерфейстерге ие болуы мүмкін, мысал


Page 2

ретінде 10/100 Мбит/с дейінгі Ethernet және Е1 интерфейстері. Орталық торапта
(OLT) транспорттық магистральды желіге қосылуға тән ATM немесе SDH (STM-1),
Gigabit Ethernet интерфейстерімен жасақталады (сонымен қатар транспорттық
желідегі жаңа технологиялы жабдықтарды да қолдау қарастырылуы қажет).
Абоненттік торап (ONT немесе ONU) 10/100Base-TX, FXS (аналогтық SLT қосылу
үшін 2, 4, 8 және 16 порттарымен), E1, цифрлық бейне, ATM (E3, DS3, STM-1c)
сервистік интерфейстерін қамтамасыз ете алады [2].
OLT жабдығы (бір қабылдап-таратқышты) модуліне қосылатын абоненттік
тораптардың саны қуат көзі бюджеті мен қабылдап-таратқыш аппаратураның
максимал жылдамдығына байланысты анықталады. Ақпарат ағынын тікелей (төменгі
бағыт) тасымалдау үшін (OLT-дан ONT-ға) 1550 нм толқын ұзындығы қолданылса,
ал кері (жоғарғы) бағытта (ONT-дан OLT-ға) 1310 нм толқын ұзындығы
қолданылады. OLT мен ONT аралығында WDM мультиплексорлары орнатылған,
олардың мақсаты – кері және тіке бағыттардағы деректер ағынын бір - бірінен
ажырату. Бұл принциптің жүзеге асырылуы келесі 2-суретінде көрсетілген [3].


Сурет 2. PON сәулетінің басты компоненттері мен жұмыс істеу принципі

Оптикалық сигналдардың деңгейінде тіке ағын кеңжолақты болып келеді.
Әрбір абоненттік ONT торабы адрестік өрісті оқып, жалпы ағыннан өзіне арналған
ақпаратты бөліп алады. Барлық абоненттік ONT тораптар ақпаратты тасымалдауда
кері ағында және сол толқын ұзындығында жүзеге асырады. Мұнда уақыттық бөлу
қолданылатын көпшілік қолжеткізім концепциясы (тұжырымдамасы) Time Division
Multiple Access (TDMA) қолданады. Әр түрлі ONT тораптарынан келген сигналдар
бір - бірімен қиылыспас (әрекеттеспеу) үшін олардың әр қайсысына жеке деректер
тасымалдау күнделігі белгіленеді. Бұл күнделік ONT терминалымен OLT арасындағы
кідірістерді есепке алып отырады. Бұл мәселені TDMA MAC хаттамасы көмегімен
шешеді [1].
Барлық технологиялар сияқты PON технологиясының да шектеулері бар: PON
құру үшін нүктеден-көп нүктеге топологиясы қолданылады, ал желінің өзі «ағаш
тәріздес» құрылымына ие. Әрбір талшықты сегмент орталық сайттағы бір
қабылдағышқа қосылған (нүктеден-нүктеге топологияға қарағанда, бұл сонымен
қатар жабдық құнын айтарлықтай үнемдеуге әкеледі. PON желісінің бір талшықты-
оптикалық сегменті EPON/BPON технологиялары үшін 20 км радиуста 32 абоненттік


Page 3

торапты және GPON технологиясы үшін 60 км радиуста 128 торапты қамтуы мүмкін.
Әрбір абоненттік торап кәдімгі тұрғын үй немесе кеңсе ғимаратына арналған және өз
кезегінде жүздеген абоненттерді қамтуы мүмкін. Барлық абоненттік тораптар
терминал болып табылады және бір немесе бірнеше абоненттік тораптардың тоқтауы
немесе істен шығуы басқаларының жұмысына әсер етпейді [3].
PON технологиясындағы алғашқы қадамдар 1995 жылы жасалды. Бұл бағытта
әлемдік телекоммуникация саласында өндіруші алпауыт компаниялар ITU–T
қолдауымен FSAN (Full Service Access Network) консорциумын құрды. Осы бағытта
2000 жылдың қарашасында IEEE ұйымының LMSC (LAN/MAN Standards Committee)
комитеті EFM (Ethernet in the First Mile) 802.3ah арнайы комиссиясын құрды. Екінші
бірлестіктің мақсаты Ethernet желілеріне жақын PON желілерінің сәулетін құру
бойынша көптеген эксперттердің тілектерін іске асыру болды. Осы бағытта параллель
EFMA (Ethernet in the First Mile Alliance) альянсы түзіліп, 2001 жылдан бастап екі
ұйым EFMA мен EFM бір-бірін толықтырып, стандарт әзірлеу бойынша бірлесе
жұмыстар жүргізе бастады. Келесі технологиялар осы стандарттау ұйымдарының
қызметінің нәтижелері болып табылады: APON (ATM PON) и BPON (Broadband
PON); XGPON (10 Gigabit PON); EPON или GEPON (Ethernet PON); 10GEPON (10
Gigabit Ethernet PON) [2]
Келесі 3-суретте аталған технологиялардың негізгі сипаттамаларын
салыстыру көрсетілген [1].



Сурет 3. PON стандарттарын сипаттамалары бойынша салыстыру


Page 4

3-суретте көрсетілген APON/BPON нұсқасы негізінен Солтүстік Америкада,
Еуропада – GPON, Азияда – EPON қолданылады. APON/BPON технологиялары
«аралдық» (эксперименталды аймақтарда енгізілді) сипатқа ие болғандықтан және
ATM технологиясының дамымағандығына байланысты ТМД елдері
телекоммуникация нарығында кездеспейді. Ал Ethernet желісіне мүмкіндігінше
жақын, бірақ бірқатар шектеулері бар GEPON негізіндегі желілер ТМД елдерінің
оператор желілерінде кездеседі, алайда GPON технологиясымен салыстырғанда
өткізу қабілеттілігі төмен. Осылайша, Еуропа, Ресей және ТМД елдері үшін GPON
технологиясы және оның кеңірек мұрагері xGPON үлкен қызығушылық тудырып
отыр [2].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Технология PON - что это такое и зачем она нужна? Қолжеткізім ресурсы:
https://club.dns-shop.ru/blog/t-372-patch-kordyi-i-vitaya-para/48306-tehnologiya-pon-
chto-eto-takoe-i-zachem-ona-nujna/. Қолданыстағы күні: 02.12.2025.
2 Саитов, И.А. Основы построения современных систем и сетей абонентского
доступа. Учебное пособие / А.Е. Миронов, В.Ю. Головачев, В.В. Дворядкин. -Орел:
Академия ФСО России, 2005. -129 с.
3 PON – пассивные оптические сети. Қолжеткізім ресурсы:
https://skomplekt.com/technology/pon/. Қолданыстағы күні: 05.12.2025.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
14
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі