Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.

Бөлім:

9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Педагогтің аты-жөні:

Смет Гүлжамал Нұрыллақызы

Күні:

12.09.2024

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Популяция түсінігі, оның көрсеткіштерін оқып біледі.

Көпшілік оқушылар үшін

Өсімнің түрлі қисық сызықтарын сыза алады.

Құндылыққа баулу

Талап құндылығы:

Сыни және креативті ойлау;

Жеке және командамен жұмыс істей білу;

Күтілетін нәтижесі:

Қоршаған орта тазалығынсақтайды;

Ізденімпаз, жасампаз тұлға.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

https://qazmath.net/nis-catalog/okushyny_tandau/#


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Ағзалардың шексіз көбюі мүмкін бе?

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:

1. Популяция дегеніміз не?

2.Қандай белгілері бойынша ағзаларды популяцияға біріктіреді?

3.Попиуляция көрсеткіштері мен сипаттамалары дегеніміз не?


4.Популяцияның тірі қалуының қандай стратегияларын білесіңдер?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

https://qazmath.net/nis-catalog/okushyny_tandau/#

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Популяция санының қисық сызығын түсіндіреді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көредібейнебаян:

http://www.youtube.com/watch?v=zrx7Xg0gkQ4

немесе

https://www.youtube.com/watch?v=Cilx9zEU2ac


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тапсырма.

Қояндардың популяция санының қисық сызығын түсіндіріп бер.

2. Тапсырма.

1. Тірі қалу стратегиясы мен популяция өсімінің қисық сызығы арасындағы байланысты анықтайды.


2. Графикті қарап. Қандай өсім қисық сызығы бейнеленгенін анықтайды.

3.Жасыл түсті 3-қатар санының динамикасын болжауға болама?

Дискриптор:

Жалпы-3 балл

1. Тапсырманы орындайды.

2. Графикпен жұмыс жасайды.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Бұл веб-сайт популяция графигінен тұрады.

http://www.shodor.org/interactivate/activities/RabbitsAndWolves/


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

Тапсырма 1.

Оқушылар бүгінгі  « Популяцияның өсуі, өсудің қисық сызығы»  тақырыбына арналған сабақтан алған білімді меңгергендеріңізді анықтау үшін тесті шешіп көрейік:

1.Популяция терминін 1903 жылы кім енгізді?

А.К.Линней

Б. Л.Пастер

С. В.Иогансен

Жауабы:

А.К.Линней –жүйелеу/систематиканың қалаған

Б. Л.Пастер-ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірбие жүзінде дәлелдеген

С. В.Иогансен –популяция терминін 1903 ғылымға енгізген



2.Популяция санын көрсететін қисық сызықтың неше типі бар?

А.2

Б. 3

С. 4

Жауабы: Популяция санын көрсететін қисық сызықтың 2 типі бар: Олар экспоненцилды және сигмоидты деп бөлінеді.

 3. Бір аумақта қанша дара орналасатынын    көрсетеді?

А.Популяцияның өсім қарқыны

Б. Популяцияның тығыздығы

С. Өлім-жітім

Жауабы: Популяция тығыздығы-

бір аумақта қанша дара орналасатынын    көрсетеді

Берілген тұжырымдамаларға иә немесе жоқ деп белгілеңіз.

1.Популяцияда жүретін үдерістерді демэкология зерттейді.

2.Қандай да бір уақыт ішіндегі популяциядағы дара санының өзгеру динамикасы –популяция тығыздығы деп аталады

3. Популяция санына әсер ететін факторлар: ауа-райы, жыртқыштар, аурулар, жыныс және жас топтарының қатынасы

4. Экспоненциалды өсу антропгендік факторға жатады.

Дұрыс  жауап: иә, жоқ, иә, жоқ




Оқушылар топта жұптасып, сәйкестігін тап тапсырмасын орындайды

Дескриптор:

« Популяцияның өсуі, өсудің қисық сызығы»  тақырыбына арналған сабақтан алған білімдерін тексереді

.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2024
1128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі