Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері
1.1. Өзіне бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасайды
1.2 Оқушылардың жас ерекшелігімен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.
1.3. Сыныптағы әрбір оқушы үшін жағымды орта және моральдік-психологиялық климат орнатады.
1.4.Оқушылардың жолдастарымен, мұғалімдермен, ата-анасымен қарым – қатынасмындағы туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі, оларға әдепті қарым қатынас үлгілерін үйретеді.
1.5.Оқушының тұлғалық қалыптасуына оң ықпал етеді, оның өзін-өзі тәрбиелеуіне,өзіндік дамуына бағыт бағдар береді.
1.6. Оқушының сабағына көмектеседі, үлгерім төмендігінің себептерін анықтайды, оларды болдырмаудың жолдарын ұйымдастырады.
1.7. Мектептегі қосымша берудің оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылған оқушылардың пәндік үйірмелеріне, секция, бірлестік жұмыстарына тартады. Тұрғылықты жері бойынша мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына қатысуға ықпал етеді.
1.8. Жеке тұлғанның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
1.9. Өзін өзі басқару ұйымдарымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын насихаттайды, спорттық көпшілік, мәдени-көпшілік т.б. шараларды жүзеге асырады, сыныптағы оқушылардың денсаулығының нығаюына ықпал етеді.
1.10. Бекітілген тәртіп бойынша сыныптың құжаттамалық жұмысын жүргізеді, сынып журналынан бастап оқушының жеке іс қағаздарын әзірлейді. Оқушының күнделігінің толтырылуын, бағаларының қойылуын қадағалайды.
1.11. Сынып ата- аналарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру. Ата – аналармен (олардың орнындағы адамдармен ) үнемі байланыста болады.
1.12. Сыныптың тәрбие жұмысын жоспарлайды.
1.13. Оқу үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1.14. Кез келген тосын жағдайлардамектеп әкімшілігін шұғыл хабардар етеді, дәрігерлік көмекке дейінгі шұғыл көмек шараларын ұйымдастырады.
1.15. Әкімшілікке, кабинет меңгерушісіне оқыту үдерісіне кедергі келтіретін кемшіліктерді, оқушының денсаулығына кері әсер ететін жағдайлар туралы, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мен жақсарту туралы ұсыныстарды енгізе алады.
1.16. Сынып оқушыларына тәрбиелік шараларды өткізу барысындағы қауіпсіздік туралы нұсқау береді және оны сынып журналына немесе арнаулы кітапшаға тіркейді.
1.17. Оқушыларға жолда жүрудің, тұрмыстағы, еңбектегі, судағы т.б. қауіпсіздік ережелері туралы туралы нұсқау береді.
1.18. Мектептің педагогикалық кеңесңне қатысады.
1.19. Жүйелі түрде кәсіби білімін арттырып отырады, әдістемелік жұмыстарға, сынып жетекшілерінің бірлестігі отырысына т.б. шараларға қатысады.
1.20. Мектепте, күнделікті өмірде, қоғамдық орындарда педагогикалық этика талаптарын сақтайды.
Сынып жетекшінің жауапкершілігі
2.1. Сабақ барысы мен сабақтан тыс барлық деңгейдегі шаралар уақытында оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауға міндетті;
2.2. Мектеп ережесіндегі талаптар мен ішкі еңбек тәртібін себепсіз бұзған жағдайда, мектеп басшысы мен әкімшілігінің лауазымдық міндеттеріне қатысты нұсқауларын орындамаған жағдайда сынып жетекшісі ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
2.3. Оқушыға тәрбиелеу мақсатында бір рет болса да күш жұмсап немесе психикалық қысым көрсеткені үшін, сондай-ақ адамгершілікке жат қылықтар көрсеткені үшін сынып жетекшісі ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша және ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес қызметінен алынады. Бұл жағдайда жұмыстан шығарылу тәртіптік жауапқа тарту болып есептелмейді.
2.4. Оқу – тәрбие қызметі барысында білім беру ісіне қатысушыларға және мектептің мүлкіне (лауазымдық міндеттері бойынша) қатысты сынып жетекшісіне ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша және азаматтық құқықтық заңнамаларға сәйкес материалдық және рухани жауапкершілік жүктеледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Портфолио_Сынып_жетекшінің_лауазымдық_міндеттері.

шағым қалдыра аласыз