PR және жарнама – журналистиканың бөлігі ретінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

PR және жарнама – журналистиканың бөлігі ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы, PR дегеніміз не? Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. ХХІ ғасырда жарнама қоғамның капиталы болып тұрған кезеңде дәл осы мамандықтың сұранысы кез келген мекеме, кез келген қызметке ауадай қажат мамандық. Себебі, беделді қалыптастыру, басқару ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

PR және жарнама – журналистиканың бөлігі ретінде

Еліміздің жаңа экономикалық формацияға көшуіне орай қоғамда көптеген жаңалықтар мен өзгерістер орын алды. Солардың бірі де бірегейі қоғаммен байланыс институты. Жалпы, PR дегеніміз не? Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. ХХІ ғасырда жарнама қоғамның капиталы болып тұрған кезеңде дәл осы мамандықтың сұранысы кез келген мекеме, кез келген қызметке ауадай қажат мамандық. Себебі, беделді қалыптастыру, басқару ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін. Белгілі бір компания не болмаса фирмаға тиесілі тауар маркасының имимджін құрайды және сүйемелдеп отыруға жауапты маман болып саналады. Нақтырақ айтқанда адамдардың, компанияның қоғам алдындағы беделін, абыройын қалыптастыру, атын шығару. PR мамандығы шығармашылықты және ұйымдастырушылықты қатар алып жүретін мамандық. Оның басқа мамандықтардан ерекшелігі де осы.PR маманы болу үшін сан түрлі қасиеттерді қатар алып жүру тиіс. Мысалы: жақсы ұйымдастырушылық қабілет, креативті ойлау, көшбасшылық қасиет және осы салаға байланысты заңдарды білу шарт. Ақпараттық технология мен нарық экономикасының дамуына орай елімізде жарнама мен PR нарығы елеулі өсіп келеді.

Жарнама бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, сыртқы жарнамасы (плакат, афиша, билборд), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспасөз жарнамалар Ұлыбритания мен Францияда 17-ғасырда пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден етене таныс. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте «жарлық айту», «жар салу» ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері қазақтың эпостық жырларында да кездеседі. 19-ғасырдың аяғында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерінде саяси-экономикалық мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша жарнамалар берілген. Жарнамалық сипаттағы, «Иғлан» («құлақтандыру») айдарымен беріліп отырған бұл қысқа мәтіндер арқылы редакция баспа өнімдерін жарнамалаған. 20-ғасырда жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Медиалық жарнама – мәтіндік- графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша БАҚ-тағы жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы және анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиалық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін кеңейте түседі. Контекстік жарнама – мәтіндік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайтбеттерінде орналастыру. Электронды пошта (e-mail) жарнамасы. Тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электронды поштаның артықшылықтары: электрондық пошта желіні қолданушы, тұтынушылардың барлығында бар. E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді. Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді. Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін. Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан және оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді маркетинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайтжаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды. Жаңалық жіберілімдерінде жарнама орналастыру – БАҚ- тың рөлін де атқарады. Демек, бүгін ақпараттық технологиялық үрдістер қарқынды дамып келе жатқан қоғамда жарнаманың мұндай түрлерінің маңызы зор. Қорыта айтқанда, PR маманы жұмысының басым бөлігі баспасөзге материал дайындау болғандықтан, ол жазуды меңгеруі қажет. Әрі оның дайындаған материалы қоғамда маңызды, өткір, сондай-ақ сенімділігімен және пайдалылығымен аудиторияны тартуы, баурап алуы тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2023
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі