Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
2-курс магинстрант
студенті
Қосдаулетова Баянсұлу
Хамзақызы
Жетекші: Узахова
А.С
Практикалық
сабақ:
Тақырыбы
: Қыз
жасауы.
Жоспары:
-
Кіріспе.
-
Негізгі
бөлім
-
Қыз
жасауының
өзектілігі.
-
Қыз
жасауының
тарихы.
-
Қыз
жасаудың тимді
жолдары.
-
Эканомикалық
есептеу.
ІІІ.
Қортынды.
VI.
пайдаланған әдибеттер.
-
Кіріспе.
Қыз жасауы
– жасау дайындығын қыздың кішкене кезінен
бастайды да, оған әке-шешесімен бірге туған-туыстары да өз
үлестерін қосып, кем-кетігін толықтырады. Сонымен қатар жасау
дайындауға қыздың өзін де кірістіріп, іскерлікке тәрбиелеген.
Жасауды апарар алдында ауыл болып жиналып, сыннан өткізіп,
тыңғылықты дайындық жасайды. Қыздың жасауы ағайын-туыстың
береке-бірлігі және әр үйдің мал-дәулетіне, хал-ахуалына байланысты
әртүрлі мөлшерде болады.
Жасауға берілетін
8-9 түрлі
мал-мүліктердің (ақ отау, көрпе-жасау,
киім, ыдыс-аяқ, көлік, сауын, сойыс малы,) арасынан киім-кешектің орны бөлек және әрқайсысы
тоғыздан: тон, ішік, көйлек-көншек,
шапан, қамзол, бешпент салынатын
болған. Жасаудың мөлшері құдандалы екі жақтың өзара келісімімен
әрқилы деңгейде болса да, жігіт жағынан берілетін қалыңмал,
кәде,жыртысымен пара-пар болуы шарт.
ІІ. Негізгі
бөлім.
2.1. Қыз жасауның
өзектілігі.
Қазіргі кезде қыздың жасауына
оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді. Әрбір ана
осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің
бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың
көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының
жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен
бағаланады.
1.“Қыз жасауы” деген не?
2.Қыз үшін жүктің қандай
маңызы бар?
3.Ұзатылар қыздың ең басты
көрсеткіші – жасауы дейді.
4.Қыз жасауы қандай болу
керек?
Уақыт жылжығанымен, салт-дәстүріміз жаңарып келеді. Керісінше
бүгінде бұрынғыдан да артығырақ мән беретін болдық. Қыздың ең басты
көрсеткіші – жасауы деп бекер айтылмаса
керек.
2.2. Қыз жасауының
тарихы.
Жасауға кіретін
заттар:
9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр
көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи
көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да
болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз
өзіңе де сондай ыстық болады.
-
төсек-орын
-
сандық
-
3
көрпе тыстары
-
2
жастық
-
2
кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде
жүреді
-
9
қол орамал
-
ыдыс-аяқ
-
2
шелек
-
2
ет табақ
-
қасықтар, пышақ, шөміш, кепсер
-
терезе пердесі
-
төсек жабқыш
-
басқа тағатын орамал,
-
көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі
материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан
кісілерге беріп отырады
Бұл жерде тізім жалпылама түрде
жазылған.
Жасау ашылған соң
орындалатын салт-дәстүрлер:
Апарған жасауға әр қашан
құдалар жағы баға береді, бұл салтты «жасау
бағасы» деп атайды. Баға берген
адамға жоралғы жасалады. Жоралғыға көйлектік материал, тәттілер,
ыдыс -аяқ беруге болады. Қыздың жасауын жігіттің жеңгелері жинайды.
Жинаған жеңгеге де жоралғы жасалады: көлейктік мата мен орамал
беріледі.
-
Қыз жасаудың тимді
жолдары.
"Жасаусыз қыз болмайды,
жабдықсыз үй болмайды"
демекші,
қазақ халқы алақанына салып,
аялап өсірген қызын жасаусыз ұзатпаған.
Қазір тұрмыс-салттың өзгеруіне қарай қалыңдықтың артынан "баратын"
қыз жасауы да жаңа дүниелермен толығып,
құны аспандап жатыр.
Sputnik Қазақстан
тілшісі ертеден келе жатқан салт-дәстүрдің өткені
мен бүгініне зер салып, жүгін алған келіндермен
әңгімелесті.
Әдетте қыздың жүгі күйеу жігіт
берген қалыңмалдың мөлшеріне қарай жасалады. Десе де, бүгінде ата
дәстүрді орындау мақтану мен бәсекеге айналғандай. Бүгінде қыз жүгі
деп буылып-түйілетін заттардың қатарына тұрмыстық техника қосылды.
Дәулеті тасыған кейбір жандар құтты орнына қондырған қызына
көліктің кілтін де сыйлап жатады. Хош делік, ең бастысы, отау
құрған екі жастың бақытты болуы емес
пе?!
2.4. Эканомикалық
есептеу.
9
көрпе (6 жамылғы, 1 «махаббат көрпесі»,
1 төр немесе «құдағи
көрпесі»)
Бұл көрпелердің мақтасы мен
матасын, тігуін есептегенде бір көрпе шамамен 4500 теңгеге
шағады.
Ал 9 көрпе –
40 500
6 көрпеше – 18 000
теңге
2 құрақ көрпеше – 15 000
теңге
6 Жастық – 15 000
теңге
Төсек жабқыш – 11 000
теңге
99 500теңге Бұл ең
төменгі бағалар арқылы есептелген көрсеткіш. Кейбірі жағдайына
қарай қысқатолқынды пеш, теледидар, ыдыс жууға арналған мәшине,
блендер сияқты заттарды да жасауға қосып жатады. Қыздың мүлкінен
бөлек, қонақтарға тарататын мата мен орамалдар және айна-тарақ
сияқты ұсақ-түйек заттар сатып алынады. Олардың да құны шамемен 100
мыңға жетіп жығылады. Ал қыздың киіміне кететін ақша бөлек
әңгіме... Айлық табысқа қарап отырған отбасы үшін миллионнан аса
қаржыны бірден табу оңай емес екені анық. Қазақ «6 жастан жинасаң
артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» дегенді бекер айтып кетпесе
керек-ті.
Экономика:
Бұл
материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын
өнім.
Шығынды
есептедік:
Экономика қоғамдық ғылым
ретінде 3 сұраққа жауап беруі тиіс:
-
Не өндіру керек – қандай
тауарлар мен қызметтер өндірілуі
тиіс?
-
Қалай өндіру қажет – қандай
ресурстар, технологиялар арқылы өндіру
қажет?
-
Кім үшін қажет – дайын тауар
қалай бөлінеді, кімге араналады, кім сатып
алады?
Нарық
механизмінің элементері:
-
Баға – тауардың ақшалай
көрінісі.
-
Сұраныс – төлем қажеттілігі бар
қажеттілік.
-
Ұсыныс – өндірушінің сатуға дайындаған тауарлардың
саны.
ІІІ.
Қортынды.
Тарихи деректерге сүйенсек,
халық арасында қыз жасауына қазан қосып беруге болмайтыны жайлы
аңыз тараған. Қазан - береке-бірліктің, ырыстың, отбасы ошақ
қасының символы саналғандықтан, қыз бала оны өз елінің
ырыс-берекесін бірге алып кетеді деп түсінген. Яғни ол үшін қызға
сын айтылған. Дегенмен қазақ қыз жасауына үй тұрмысына ең
қажетті қажетті қазан-ошақтан бастап үйге қажетті
бұйымдар керек деп білген.
VI.
пайдаланған әдибеттер.
1.
Қазақ халқының ұлттық киімдері: Дәстүрлер/
құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007.
ISBN 9965-24-811-7
2. http://neke.kz/kyz-jasauy-kurak-korpe/
3. Интернет желісінен алынды.