жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
практикалық жұмыс
Hewlett-Packard Company |
Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша міндетті лабораториялық және практикалық жұмыстар тізімі |
Осы лабораториялық және практикалық жұмыстардың тізбесі орындау үшін міндетті болып табылады. Пән мұғалімдері мектептің жабдықталуына сәйкес басқа да лабораториялық және практикалық жұмыстарды жүргізе алады.
Ұсынылған тізбе келесі Практикалық дағдыларды дамытуды көздейді:
-
Жоспарлау
-
Манипуляциялық дағдыларды дамыту
-
Өлшеу және бақылау жүргізу
-
Бақылау мен деректерді жазу және ұсыну
-
Деректер мен қорытындыларды талдау
-
Эксперимент жүргізу әдістерін бағалау
-
Қорытындыларды бағалау
1. Экспериментті жоспарлау
-
Мәселені анықтау
Студенттер негізгі ауыспалыларды анықтау үшін зерттеудің немесе эксперименттің мақсаттары туралы ақпаратты пайдалана білуі тиіс. Олар эксперименттің ықтимал нәтижелерінің сандық болжамдарын жасау үшін қаралатын тақырып бойынша өз білімі мен түсініктерін пайдалануы тиіс.
-
Әдістер
Эксперименттің ұсынылатын сатылары жүзеге асырылуы тиіс. Аппараттың лайықты түрде жиналуына назар аудару қажет, ал ұсынылатын рәсімдер деректерді еш қиындықсыз жинақтауға мүмкіндік беруі тиіс. Мұнда экспериментті өткізу жолы және негізгі ауыспалылардың бақылануы туралы сипаттама, соның ішінде диаграммалар қамтылуы тиіс. Таңдалған жабдық қажетті дәлдік деңгейін қамтамасыз етіп, пайдаланылатын материалдардың саны көрсетілуі тиіс. Бақыланатын эксперименттерді өткізу қарастырылуы тиіс.
-
Тәуекелдерді бағалау
Оқушылар өз жоспарларының тәуекелдеріне қарапайым бағалау жүргізіп, тәуекелдер саласын анықтауы және тиісті сақтық шараларын ұсынуы тиіс.
-
Жоспарлау, талдау, қорытындылар және бағалаулар
Студенттер қорытынды шығару үшін өз нәтижелерін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қадамдарды сипаттай алуы тиіс. Бұл нәтижелер кестесінің дизайнын және деректерді талдаудың графикалық әдістерін қамтуы мүмкін. Олар түсіндірме схемасын, нәтижелердің бағалауын және осы нәтижелерді алуға қолданылатын эксперименттік рәсімдерді ұсынуы тиіс. Олар эксперимент нәтижелерінің бастапқы болжаммен салыстыру жолын көрсетуі тиіс.
2. Жабдықтарды баптау және оларды қолдану
Оқушылар өздерінің манипуляциялық дағдыларын автоматизмге жеткізгенше және осы дағдыларды сенімді қолданғанша, оларды дамыту үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Олар ауызша, жазбаша немесе сызба түрінде берілген нұсқауларды қолданып, аппаратты эксперименттер өткізу үшін пайдалана білуі тиіс.
3. Өлшеу мен бақылау жүргізу
• Өлшеу / бақылау
Эксперименттік қондырғыны пайдалану кезінде студенттердің өлшеуді дәлдікпен және/немесе түрлі тәсіл арқылы бақылау жасауы аса маңызды болып табылады. Өлшеу дәлдігі немесе бюретканың бөлгіштерін санау, түс өзгерістерінің сипаттамасы және шөгінділердің түсуі оқушылардың анық қорытындылар және бағалау кезінде жоғары балл алуына мүмкіндік береді.
• Қажетті өлшеу/бақылау жүргізу туралы шешім қабылдау
Тайм-менеджментке назар аудару қажет, сондықтан оқушылар бөлінген
уақыт аясында сынау, өлшеу және бақылау саны мен сериялары туралы
қарапайым шешімдер қабылдай алуы тиіс. Мысалы, егер алғашқы екі
титрлеу нәтижелері жақсы жинақтылыққа ие болса, үшіншісін өткізудің
қажеттілігі жоқ.
Оқушылар қосымша өлшеу мен бақылау жүргізу қажеттілігіне қатысты дәлелді шешімдер қабылдай алуы тиіс. Оқушылар жалпы нормадан ауытқыған нәтижелерді алу жағдайларын анықтап, оларды түсіндіре алуы тиіс.
4. Бақылау мен деректерді жазу және ұсыну
• Нәтижелер кестесінің
мазмұны
Сандық деректерді немесе
бақылауды жазу үшін нәтижелер кестесінің түрі мен мазмұны
эспериментке дейін анықталуы тиіс. Кестелер қолдануға оңай болып,
мүмкіндігінше аз кеңістікті алуы тиіс. Қажетті кез келген
манипуляция деректерін орналастыру үшін кестеде жеткілікті орын
бөлінуі тиіс.
• Нәтижелер кестесіндегі
бағаналардың тақырыптары
Әр бағананың тақырыптары анық және бір мағыналы болуы тиіс. Сандық
деректерді қамтитын бағаналарда тақырып өлшем шамасын және өлшеу
жүргізілетін бірлікті құрауы тиіс. Өлшеу бірліктері халықаралық
өлшеу жүйесіне сәйкесуі тиіс.
• Деректер жазбасындағы дәлдік
Осы бағанадағы барлық деректер қолданылатын өлшеу аспабы үшін аса дәлдікпен жазылуы тиіс.
• Есептеулер мен
пайымдаулар ұсыну
Оқушылардың зерттеу кезінде жүргізетін есептеулері осы жұмысты оқып отырған адам үшін түсінікті болуы тиіс. Қорытындыларды ұсыну кезінде олар анық болуы және белгілі бір реттілікпен ұсынылуы тиіс.
• Деректерді орналастыру
Оқушылар кесте немесе график түрінде алған деректерді барынша дұрыс ұсыну үшін қарапайым шешімдерді қабылдай алуы тиіс. Кесте құру кезінде деректерді жазуға немесе бақылау жүргізуге арналған кеңістік жеткілікті болуы тиіс Кестелерді құру кезінде оқушылар осьтің лайықты масштабын таңдап, нүктелерді және дәл қисықтарды дұрыс сала білуі тиіс.
5. Деректерді талдау және қорытынды шығару
Бұл дағды студенттерден теория мен тәжірибе туралы түсініктерді қолдануды талап етеді. Бұл шеберліктің аса жоғары деңгейі болып табылады, сондықтан мұнда химия туралы жақсы базалық білім болуы тиіс. Кейде оқушылар пәнді жақсы түсінсе де, бұл белгілі бір қиындықты туғызады. Дәл, анық дәлелдерді ұсыну көпшілік адамдар үшін табиғаттың берген дағдысы болып табылмайды, сондықтан осы салада көптеген тәжірибелер өткізу қажет.
• Деректерді немесе бақылауды түсіндіру
Эксперимент бойынша деректер нәтижелерді ең жақсы үлгіде талдау үшін ұсынылғаннан кейін оқушылар кез келген сызбаларды немесе тенденцияларды және көптеген бақылаулар үшін белгіленген негізгі нүктелерді сипаттап, жиынтықтай алуы тиіс. Сонан соң график градиентінен белгісіз мән, мысалы қисықтың кесіндісі есептелуі немесе табылуы мүмкін.
• Қателіктер
Оқушылар эксперимент өткізу кезінде салыстырмалы қатені бағалап, оны қажеттілігіне қарай санмен көрсету қажет. Екі түрлі қатені ескеру қажет:
(і) нақты жабдықты пайдаланудың ажырамас бөлігі болып табылатындығы «қате». Бұл көбінесе қателік болып саналады, осы жабдықта қаншалықты білікті маманның жұмыс істейтініне тәуелді емес.
(іі) осы жабдықта жұмыс істейтін адамның құзыреттілік деңгейінің немесе эксперименттік әдістеме тиімділігінің тікелей салдары болып табылатын эксперименттік қателік.
• Қорытынды
Студенттер осы болжамды қолдау үшін дәлелдерді келтіріп, өздерінің бақылағандарын, деректерді немесе есептік мәндерді түсіндіруі, сондай-ақ өз деректеріне, бақылағандары мен қорытындыларына ғылыми түсінік беруі тиіс. Кез келген қорытынды эксперимент түрінде алынған деректерге берік негізделуі тиіс. Оқушылар жоғары деңгейде болжамдар жасап, шығарылған қорытындыларға тиісінше сұрақтар қоя білуі тиіс.
6. Эксперимент өткізу әдістерін бағалау
Бұл студенттер үшін дамытуды қажет ететін маңызды, ең қиын дағдылардың бірі болуы мүмкін. Бағалау тиімді болу үшін оқушыларда оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы анық түсінік қалыптасуы тиіс, әйтпесе оларда пайдаланылатын рәсімдердің тиімділігі туралы жорамалдауға мүмкіндік болмайды. Олар пайдаланылған жабдыққа байланысты алынған деректердің қандай да бір қателерін бағалай алуы тиіс.
Қателер анықталғаннан кейін олар қателері көп рәсімдерді анықтап, нақты нәтижелерге әкелетін әрекеттердің шынайы өзгерістерін ұсынуы тиіс.
Бағалау рәсімі мыналарды қамтуы мүмкін:
(і) жалпы нормадан ауытқыған мәндерді айқындау, осы ауытқулардың ықтимал себептерінен шегеру және оларды болдырмауға мүмкіндік беретін жолдарды ұсыну;
(іі) алынған деректер ауқымының дұрыстығын бағалау;
(ііі) ауыспалыларды бақылау үшін қолданылатын шаралардың тиімділігін бағалау;
(іv) қорытындылар шығарылатын сенімділік бойынша дәлелді шешім.
7. Қорытындыларды бағалау
Бұл дағды аса жоғары деңгейдегі шеберлікті талап етеді, мұнда оқушылар ғылым негізінде жатқан негізгі теорияларды мұқият түсінуі тиіс. Оқушылар зерттеу анықтығын және жасаған қорытындыларын бағалау үшін курс барысында меңгерген ғылыми білімдері мен теориялық түсініктерін пайдалана алуы тиіс.
Осы дағдыны дамыту үшін тұрақты тәжірибе қажет. Олардың қорытынды жасай алу дағдысын дамыту, оқушыларға қорытынды жасауға, атқарылған рәсімдерді және өз қорытындыларының дәйектілігін бағалауға мүмкіндік беру үшін оларға таныс контексте жаттығу жасау ұсынылады. Өз қорытындыларын бағалау арқылы ғылыми білім мен түсініктерді көрсету талап етілуі мүмкін.
«Химия» пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру үшін төмендегідей құрал – жабдықтар мен реактивтер түрлері талап етіледі:
• теориялық, зертханалық, практикалық сабақтарды өткізуге арналған кабинеттер химиялық заттарға, ыстық және суық ағынды суларға төзімді столдармен, қалдықтарды кері өңдеу мүмкіндігі бар, Бунзен жанарғысына арналған газбен және тартпа шкафтармен жабдықталу қажет.
• түрлі топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жиhаздар (столдар және т.б.) ;
• химиялық заттар мен жабдықтарды сақтау үшін тиісті жағдайлар;
• презентацияға арналған қабырғалар, плакаттар, бор/ маркерлі тақта, оқушы жұмысын көрсетуге арналған тақталар;
• орнатылған және басқарылатын жалюздер;
• антивирустық қорғанысы бар, лецензияланған бағдарламалармен қамтамсыз етілген, интернет желісіне қосылған компьютерлер ;
• Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген түрлі химиялық заттармен жұмыс жасау және оларды сақтаудың техникалық қауіпсіздік ережесінің нұсқаулығы;
• аптечка, өртке қарсы құрылғы, электр желісі, газ қауіпсіздігі үшін тоқтату клапаны, оқушылардың жеке қауіпсіздік құралдары (көзілдірік, комбинезон, қолғап, фартук және т.б.);
• анықтамалық, энциклопедия, видео, плакаттар және тақырыпқа сай т.б заттар;
• әр түрлі заттардың қасиеттерін тануға арналған шарөзекті модельдер жиыны;
• құралдар мен құрылғылар жиынтығы (өлшеу құралдарын жылыту құрылғылары үшін ыдыс-аяқтарды қоса алғанда);
• электролизге арналған электронды құралдар жиынтығы, бағдарламалық қамтамасыз етуге сай электрохимиялық датчиктер;
• шығыс материалдарының жиынтығы (қағаз, шырпы, модельдеу материалдарын қоса алғанда)
7-сыныпқа арналған химия пәні бойынша лабораториялық және практикалық жұмыстардың тізімі
№1 Практикалық жұмыс
«Лабораториялық жабдықпен таныстыру, химия кабинетіндегі және зертханадағы ҚТ»
№1 Лабораториялық жұмыс «Қосылыстар және қоспалар»
№2 Практикалық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту»
№3 Практикалық жұмыс «Элементтер, қоспалар мен қосылыстардың қасиеттерін салыстыру»
№4 Практикалық жұмыс «Физикалық және химиялық құбылыстарды салыстыру. Химиялық реакциялардың белгілері»
№2 Лабораториялық жұмыс «Салқындатуды зерттеу»
№3 Лабораториялық жұмыс «Қайнауды зерттеу»
№4 Лабораториялық жұмыс «Жану реакциясының өнімдеріне арналған тесттер»
№1 Көрсетілім «Ауа мен оттегінде жану реакциясы»
№2 Көрсетілім «Жану өнімдері»
№5 Лабораториялық жұмыс «Табиғи объектілер ерітінділерінің ортасын анықтау»
№6 Лабораториялық жұмыс «Химиялық индикаторларды сынау»
Шағын жоба «Табиғи индикаторларды дайындау және сынау»
№7 Лабораториялық жұмыс «Бейтараптану реакцияларын зерттеу»
№8 Лабораториялық жұмыс «Сутекті алу және оны анықтауға арналған тест»
№9 Лабораториялық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оны анықтауға арналған тест»
№5 Практикалық жұмыс «Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау»
№10 Лабораториялық жұмыс «Тыныс алу химизмін зерттеу»
№6 Практикалық жұмыс «Малахиттен мыс алу»
№7 Практикалық жұмыс «Заттардың ерігіштігін зерттеу»
№11 Лабораториялық жұмыс «Ерітінділерді дайындау және суалту арқылы ерітінділердің құрамын талдау»
№8 Практикалық жұмыс «Тұз кристалдарын өсіру»
№3Көрсетілім «Аса қаныққан ерітіндіні кристалдау»
№9 Практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»
Зертханалық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдік эксперимент кезінде оқушылар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Химия, негізгі мектеп, 7-сынып
Оқу жоспарына сілтеме |
Негізгі мақсаттар мен дағдылар |
Жұмыс барысы |
Ресурстар |
||
Кіріспе |
№1 Практикалық жұмыс «Лабораториялық жабдықпен таныстыру, Химия кабинетіндегі және зертханадағы ҚТ» |
||||
|
Дағдылар |
-Лабораториялық ыдыстың құрылымы мен арналуын түсіну; -эксперименттерді орындау кезінде ҚТ сақтаудың маңыздылығын бағалау. |
|||
|
7.1.1.2 лабораторияда қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелерін білу және түсіну; -химиялық ыдыс пен жабдық түрлерімен танысу; |
1. Химиялық ыдыстың берілген үлгілерін қарап шығу. Міндетін анықтау. 2. Химиялық ыдыстың суретін салу және олардың міндетін түсіндіру. 3. Лабораториялық штативтің құрамдас бөліктерін қарап шығу, олардың міндетін анықтау. 4. Штативті жинақтау және оған табанды, шығыршықты бекіту. 5. Жинақталған штативтің суретін салу, оның негізгі бөлшектерін көрсету. |
Екі оқушыға Құрал- жабдықтар: Штатив-1 спирт шам-1 жанарғы- 1 қысқыш-1 құйғыш-1 фарфор табақша-1 сүзгіш қағаз-1 өлшеу цилиндр-1 шыны сынауық-1 таяқша-1 конус тәрізді колба-1 тамшуыр-1 стақандар 100, 250мл -1 термометр-1 |
||
|
№1 Лабораториялық жұмыс «Қосылыстар және қоспалар» |
||||
|
Дағдылар |
- қойылған мәселе бойынша экспериментті жоспарлау; -жабдықты дұрыс, қауіпсіз іріктеу және қолдану; - топта жұмыс істеу барысында басқалармен қарым-қатынас жасау және ынтымақтасу; - зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытынды жазу. |
|||
|
7.4.1.6 элемент, қоспа және қосылысты ажырата білу; |
Жұмыс барысы: А тәжірибесі.
В тәжірибесі
Бақылау сұрақтары: Қарапайым және күрделі заттарды көрсетіңіз. Қоспаның қосылыстан айырмашылығы неде?
Уақыт: 30 мин |
2 оқушыға Реактивтер: темір жоңқасы -10 г күкірт-10г ас тұзы-10г су-100мл Жабдық және ыдыс: сынауықтары бар штатив-1 конусты колба-1 спирт шам-1 сүзгіш қағаз - 4 шыны таяқша-1 сынауықтардың ұстағышы-1 асбест торы-1 құйғы-1 фарфор табақша-1 сіріңкелер-1 қорап |
||
|
№2 Практикалық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту» |
||||
|
Дағдылар |
- сұрақтар қою және болжам жасау; - зерттеуде қолдану үшін тиісінше жабдықтарды таңдау; - оларды қауіпсіз пайдалануды жоспарлау; - химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін әлеуетті тәуекелдерді анықтау; |
|||
|
7.4.1.5 қоспаны бөлуге негізделген қарапайым экспериментті жоспарлау және өткізе алу; 7.4.1.7 элемент пен қосылыстардың физикалық қасиеттері және қоспалар жайлы білімдерін қолданып бейтаныс заттарды анықтай алу; |
Жұмыс барысы: 1.Қоспаны суда ерітіп, ас тұзын құмнан тазалау. 2. Қоспа ерітіндісін сүзгілеу процесін жүргізу. 3. сүзілген ерітіндіні суалту.
Мынаған назар аударыңыз: - қыздырғыш аспаптармен жұмыс істеу ережелерін сақтаңыз
Уақыт: 30 мин |
1 оқушыға Реактивтер: ас тұзы мен құм қоспасы - 20г дистильденген су-100мл Жабдық және ыдыс: химиялық стақандар 200мл -2 штатив-1 шыны таяқша-1 құйғы-1 сүзгіш қағаз-2 спирт шам-1 фарфор табақша-1 конусты колба-1 асбест торы-1 қысқыштар-1 |
||
|
№3 Практикалық жұмыс «Элементтер, қоспалар мен қосылыстарды салыстыру» |
||||
|
Дағдылар |
- мұғалім ғылыми әдістерді көрсеткен соң, оларды пайдалану; - химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін әлеуетті тәуекелдерді анықтау; - жазбаша есеп дайындау, қорытындыны дұрыс тұжырымдауға баса назар аудару |
|||
|
7.4.1.6 элемент, қоспа және қосылысты ажырата білу; 7.4.1.7 элемент пен қосылыстардың физикалық қасиеттері және қоспалар жайлы білімдерін қолданып бейтаныс заттарды анықтай алу; |
Жұмыс барысы: 1. Темір, күкірт, темір-күкірт қоспасының және темір сульфидінің үлгілерін алу. 2. Өз бақылауларын зерттеу және жазу: - сыртқы түрі - біркелкі қыздыру - суда ерігіштігі - сұйылтылған хлор-сутекті қышқылмен жүргізілетін реакция. 3. Үш жіктелімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін кестені құру. Мыналарға назар аударыңыз: - темір жоңқасын емес темір ұнтағын пайдалану; - егер қыздырылатын қоспалардың құрамында күкірт болса, бөлменің жақсы желдетілетініне, оқушылардың азғантай мөлшерін пайдаланатынына және оларды қатты қыздырмайтынына көз жеткізу; - күкірт диоксиді астма дертіне ұшырағандар үшін қауіпті болуы мүмкін; - оқушылар сұйылтылған қышқылдармен және химиялық ерітінділермен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдіріктерін тағуы тиіс. Уақыт: 35 мин |
2 оқушыға Реактивтер: темір ұнтақ- 5г күкірт-5г 0,5 М сұйылтылған тұз қышқылы-10мл Жабдық және ыдыс: фарфор табақшалар -2 100мл стақандар -2 шыны таяқшалар-1 сынауықтар-2 спирт шам-1 |
||
|
№4 Практикалық жұмыс «Физикалық және химиялық құбылыстарды салыстыру. Химиялық реакциялардың белгілері» |
||||
|
Дағдылар |
-зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану қажет; - барлық сезім мүшелерін және тиісті жабдықты пайдаланып, бақылау жүргізу. |
|||
|
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату; |
Жұмыс барысы: 1. Көмірді немесе қантты жағу. 2. Никель/кобальт тұзын суда еріту. 3. Бірнеше йод кристалын колбаға салу және электр пешке қою. Үстіне суық сағат шыныны жабу. 4. Табақшаға ас содасының аздаған ұнтағын салу. Үстіне сірке қышқылының 2 мл ерітіндісін құю. 5. Сынауыққа мыс сульфатының 2 мл ерітіндісін және натрий гидроксидінің 2 мл ерітіндісін құю. 5.Бақылағандарын кестеге жазу. 6. Қорытынды шығару. Ұсыныстар: осы практикалық жұмысқа химиялық реакцияның белгілеріне қатысты сұрақтар құру. Мынаған назар аударыңыз: - қыздырғыш аспаптармен жұмысты қауіпсіз жүргізуге ; Уақыт: 30 мин |
1 оқушыға: Реактивтер: қант немесе көмір-2г никель/кобальт тұзы – 1г ас содасы-1г сірке қышқылының ерітіндісі-1мл су-250мл йод кристалдары -0,2г 0,5М мыс сульфатының ерітіндісі-1мл 0,5М натрий гидроксидінің ерітіндісі-1мл Жабдық және ыдыс: пеш немесе спирт шам-1 конусты колба-1 сағат шынысы-1 фарфор табақша-1 сіріңкелер-1шт сынауық ұстағыш-1 тамшуырлар-4шт сынауық-1шт |
||
|
№2 Лабораториялық жұмыс «Салқындатуды зерттеу» |
||||
|
Дағдылар |
-тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау; -тәуелсіз айнымалылардың аралық мәндерін анықтау; - сандық және сапалық деректерді жинақтау; - жалпы нормадан ауытқыған деректерді анықтау; - зерттеу нәтижелерін тиісінше көрсету әдісін таңдау. |
|||
|
7.1.1.6 салқындау процесін зерделеу, салқындау процесінің қисығын салу және оған талдау жасау, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру; |
Жұмыс барысы:
Мынаған назар аударыңыз: - қайнаған суға стандартты сақтық шаралары
Уақыт: 10 мин |
Реактивтер: су ( мұғалімнің қалауы бойынша өзге заттарды қарастыруға болады). Жабдық және ыдыс: термометр-1 стақандар-1 спирт шам-1 |
||
|
№3 Лабораториялық жұмыс «Қайнауды зерттеу» |
||||
|
Дағдылар |
- барлық ережелерді сақтай отырып, алынған деректерді кестеде көрсету; - алынған деректер негізінде график құру; - қисыққа қатысты орналасқан жалпы нормадан ауытқыған нүктелерді анықтау. |
|||
|
7.1.1.7 қайнау процесін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оған талдау жасау, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру; 7.1.1.8 бөлшектер теориясы деңгейінде булану мен қайнау процестері арасындағы айырмашылықты түсіну; |
Жұмыс барысы: 1. Колбада суды қайнату. 2. Алынған деректер негізінде судың қисық қызу диаграммасын құру. 3. Минут сайын температураның көтерілуін қызғанға дейін белгілеу. Мынаған назар аударыңыз: - қайнаған суға стандартты сақтық шаралары Ұсыныстар: осы практикалық жұмысқа булану және қайнау үдерістерін қамтитын сұрақтарды құрау. Уақыт: 15 мин. |
Дистилденген су 150мл -1 Конусты колба 250мл – 1 спирт шам -1 термометр-1 секундомер-1
http://www.kentchemistry.com/links/Matter/HeatingCurve.htm
|
||
№4 Лабораториялық жұмыс «Жану реакциясының өнімдеріне арналған тесттер» |
|||||
|
Дағдылар |
-жабдықты дұрыс әрі қауіпсіз іріктеу және қолдану; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; -зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытындыны жазу; -ауызша реакция теңдеулерін құру. |
|||
|
7.3.1.4 жану процесін түсіну және реакция өнімдерін білу; |
Жұмыс барысы:
Уақыт:15мин |
2 оқушыға Реактивтер: мыстың сусыз сульфаты, кобальт хлориді-2г әк суы-20мл май шам -1 Жабдық және ыдыс: Сынауықтар - 2 шыны түтіктер - 2, резеңкелі шлангысы бар г-түріндегі түтіктер-2 құйғы (күмбез ретінде пайдаланылуы мүмкін), U-түріндегі түтік-1 сағат шынысы-1
|
||
№1 Көрсетілім «Ауада және оттегінде жану реакциясы» |
|||||
|
Дағдылар |
-мұғалімнің тәжірибені көрсетуі бойынша бақылау жүргізу; - топтың басқа мүшелерімен және оқытушымен бақылау эксперименттерін талқылау; - эксперимент барысында туындайтын, әрі қарай зерттеуді қажет ететін сұрақтарды анықтау |
|||
|
7.3.1.3 заттардың ауаға қарағанда таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну; 7.3.1.4 жану процесін түсінеді және реакция өнімдерін білу; 7.3.1.5 тұтанғыш, жанатын және жанбайтын заттарға мысал келтіру; |
Жұмыс барысы: 1.Заттардың жанғыштығын сынау: этил спирті, пластмасса, құрғақ сүт, болат шеге, печенье, желе тәрізді кәмпиттер, кірпіш, құм, темір, күкірт. 2 Таза оттегі ортасында темір мен күкірттің жану реакциясын жүргізу. 3.От үшбұрышының отпен күресу бойынша шешімдерді қабылдау кезінде қолданылу жолын көрсету.
Уақыт: 15мин |
Көрсетілімді мұғалім немесе лаборант жүргізеді. Реактивтер: этил спирті, пластмасса, құрғақ сүт, болат шеге, печенье, желетәрізді конфеттер, кірпіш, құм, темір, күкірт. Құрал- жабдықтар: пинцет -1 фарфор тостағанша -1 асбест тор -1 спирт шам-1 жануға арналған қасық -1 сіріңке -1 алдын ала оттегі жиналған конусты колба |
||
|
№2 Көрсетілім «Жану өнімдері» |
||||
|
Дағдылар |
- мұғалім көрсеткеннен кейін ғылыми әдістерді пайдалану; -барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу. |
|||
|
7.3.1.7 жану реакциясының нәтижесінде алынған оксидтердің табиғатын анықтау; 7.3.1.8 бейметалл оксидтері қышқылдық, ал металл оксидтерінің негіздік екендігін білу; |
Жұмыс барысы: Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ауада бірқатар элементтерді жандырыңыз, колбаны пайдаланыңыз. Су қосып, шайқаңыз және әмбебап индикатормен тест өткізіңіз. Мыналарға назар аударыңыз: -ауада өте қатты жанатын элементтер, оттегінде жанбауы тиіс; -элементтер колбаларда мұқият жануы тиіс. Сақ болыңыз, себебі көптеген оксид булары шырышты қабықшаларды тітіркендіруі мүмкін; -күкірт диоксиді астма дертіне ұшыраған адамдардың аса сезімталдығынан, аса мұқияттылықты талап етеді. Уақыт: 15 мин |
Көрсетілімді мұғалім немесе лаборант жүргізеді. Ұсынылатын реактивтер: темір, мыс, көміртек, күкірт, қызыл фосфор. Қажет болған жағдайда натрий, кальций мен магнийдің жануын оқушыларға бейнематериал арқылы көрсету қажет. Химиялық ыдыс және жабдық: колба, өнімдерді жандыруға арналған қасық, сіріңке, индикаторлар. |
||
|
№5 Лабораториялық жұмыс «Табиғи объектілер ерітінділерінің ортасын анықтау» |
||||
|
Дағдылар |
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; - зерттеу бойынша жазбаша есеп дайындау, ол нәтижелер кестесі қамтиды; - топта жұмыс істеу кезінде басқалармен қарым-қатынас жасау және ынтымақтасу. |
|||
|
7.3.4.1 «қышқылды және сабынды» заттардың табиғи қышқылдар мен сілтілер болатынын білу; 7.3.4.4 әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау |
Жұмыс барысы:
Уақыт:15мин |
1 оқушыға Ұсынылатын реактивтер: лимон шырыны-5мл алма шырыны,-10мл қызанақ шырыны-10мл сабын тамыры (дәріханада болады)-10мл жылқы каштаны, асқабақ және қияр сабақтары, аю бадам (дәріханада болады) және тағы басқалар. су-100мл Жабдық және ыдыс: сынауық штативі-1 сынауықтар-6 тамшуырлар-6 әмбебап индикатор-1 рН-метр-1 |
||
|
№6 Лабораториялық жұмыс «Химиялық индикаторларды сынау» |
||||
|
Дағдылар |
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; - зерттеу бойынша жазбаша есеп дайындау, ол нәтижелер кестесін қамтиды; - зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытындыны жазу; |
|||
|
7.3.4.3 химиялық индикаторларды (метилоранж, лакмус, фенолфталеин) және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін білу; |
Жұмыс барысы:
Уақыт: 10мин |
2 оқушыға Индикаторлар: Метилоранж-20мл Лакмус-20мл Фенолфталеин-20мл 0,1М 10 мл ұсынылған қышқылдар: лимон қышқылы, хлорсутек қышқылы, фосфор қышқылы, сірке қышқылы.. Ұсынылған сілтілер: 0,1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, кір сабын ерітіндісі, кір жуғыш ұнтағының ерітіндісі. Жабдық және ыдыс: сынауық штативі-1 сынауықтар-6 тамшуырлар-6 |
||
|
Шағын жоба «Табиғи индикаторларды дайындау және сынау» |
||||
|
Дағдылар |
-зерттеуде қолдану үшін тиісті жабдықты таңдау, сондай-ақ оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлау; -сапалы деректерді жинау; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; -қисынды ұйымдастырылған, зерттеу мәнін жеткілікті көлемде ашатын есепті дайындау; - эксперимент барысында туындайтын, әрі қарай зерттеуді қажет ететін сұрақтарды анықтау. |
|||
|
7.3.4.2 кейбір қосылыстардың табиғи индикатор болып табылатындығын (қызыл орамжапырақ, раушан күлтелері , қызылша, және т.б.) және оларды экстракциялауды білу; |
Жұмыс жоспары:
Уақыт: 1 апта |
Табиғи индикатор алу үшін ұсынылатын өнімдер: қызыл қырыққабат, қызылша, раушан гүлдің күлтесі, каскаде және т.б. |
||
|
№7 Лабораториялық жұмыс «Бейтараптану реакцияларын зерттеу» |
||||
|
Дағдылар |
- болжам жасау; -өлшеу, бақылау жүргізу; -қорытынды шығару. |
|||
|
7.3.4.5 қышқылдардың бейтараптануын «асқазан ұнтағын» қолдану мысалында түсіну; |
Жұмыс барысы: А тәжірибесі.
В тәжірибесі.
С тәжірибесі
А, В және С тәжірибесінің алынған деректерін салыстыру. Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Уақыт: 10мин |
2 оқушыға Реактивтер: 0,2М тұз қышқылы ерітіндісі – 10 мл «Ренни» таблеткасы - 1 Су- 50 мл Құрал- жабдықтар: стакан 100 мл – 2 рН-метр – 1 әмбебап индикатор – 1 . |
||
|
№8 Лабораториялық жұмыс «Сутекті алу және оны анықтауға арналған тест» |
||||
|
Дағдылар |
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу |
|||
|
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу 7.2.2.3 сутек газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру; |
Жұмыс барысы:
“ Пах” дыбысы газ-сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру. Мыналарға назар аударыңыз: - концентрациясы 3-5% қышқылды пайдалану қажет. - оқушылар қорғаныш көзілдіріктерін тағуы қажет. Уақыт: 15 мин. |
2 оқушыға Реактивтер: мырыш-3г (5-6 түйір) 5% тұз қышқылы -10мл Құрал- жабдықтар: сынауықтар-3 тығыны бар газ өткізгіш сынауық -1 құйғы-1 шырпы-1 сіріңке-1 |
||
№9 Лабораториялық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оны анықтауға арналған тест» |
|||||
|
Дағдылар |
- химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін әлеуетті тәуекелдерді анықтау; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу. |
|||
|
7.2.2.4 сұйылтылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттеу; 7.2.2.5 көмірқышқыл газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру; |
Жұмыс барысы:
Мыналарға назар аударыңыз: -қышқылдармен жұмыс істеу кезінде стандартты сақтық шаралары; -әк суымен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдіріктерін тағу қажет. Уақыт: 15 мин. |
1 оқушыға Реактивтер: кальций немесе магний карбонаты-5г 0,5М күкірт/тұз қышқылы -3мл әк суы-50мл Жабдық және ыдыс: сынауықтар-2 газ жүретін түтігі бар тығын-1 металл штатив-1 |
||
№5 Практикалық жұмыс «Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау» |
|||||
|
Дағдылар |
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану; - барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; - зерттеу бойынша жазбаша есеп дайындау, ол нәтижелер кестесін қамтиды; - зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытындыны жазу. |
|||
|
7.5.1.2 кейбір қоректік заттарды: көмірсулар (қант, крахмал) нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай білу; |
Жұмыс барысы: А. Биурет реакциясы - ақуызға тест жүргізу.
В. Күміс айна реакциясы - глюкозаға тест жүргізу. 1. Бірінші сынауыққа балдың судағы ерітіндісін дайындау. 2. Екінші сынауыққа 2мл 0.1М күміс нитратының ерітіндісін құю және ерітіндінің түсі өзгергенге дейін бірнеше тамшы 1%-дық аммиак ерітіндісін қосу. 3. Бал ерітіндісі бар сынауыққа екінші сынауықтың ішіндегісін құю. 4. Сынауықты ыстық су құйылған стақанға салу. 5 Бақылау жүргізу. Майларға тест жүргізу.
Жүргізілген тест нәтижелерін жұмыс парақтарына ресімдеу. Қантты анықтауды Бенедикт реактивімен жүргізуге де болады. Уақыт: 30мин |
1 оқушыға Реактивтер: мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл 2М натрий гидроксиді-2мл аммиак 1%-1мл күміс нитраты 0,1М-10мл жұмыртқа ақуызы, бал, жаңғақ немесе күнбағыс дәні. Жабдық және ыдыс: сынауықтар-6 тамшуырлар-6 стақан-1 қасық-1 қағаз майлық немесе сүзгіш қағаз-2 |
||
№10 Лабораториялық жұмыс «Тыныс алу химизмін зерттеу» |
|||||
|
Дағдылар |
- барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу; -жүргізілген тәжірибелердің өзара байланысын анықтау; |
|||
|
7.5.1.4 тыныс алу процесін түсіндіру; |
Жұмыс барысы:
Уақыт: 10мин |
1 оқушыға Реактивтер: әк суы -50 мл Жабдық және ыдыстар: стакан 100 мл – 1 түтік– 1 айна – 1 |
||
№6 Практикалық жұмыс «Малахиттен мыс алу» |
|||||
|
Дағдылар |
- жабдықты дұрыс таңдау және қауіпсіз қолдану; - химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін әлеуетті тәуекелдерді анықтау; - зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытынды жазу. |
|||
|
7.4.2.1 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін, олардың қайда орналасқандығын және қалай өндірілетінін білу; 7.4.2.2 жер қыртысы көптеген пайдалы химиялық қосылыстардан тұратындығын түсіну; 7.4.2.3 кен металдар және оның қосылыстарынан тұратынын түсіну; 7.4.2.4 кеннен металды өндіру процесін білу; |
Жұмыс барысы:
Мынаған назар аударыңыз: - қыздырғыш аспаптармен сақтық шаралары. Ұсыныстар: Қазақстанның минералды ресурстары туралы сұрақтарды енгізу. Уақыт: 40 мин |
2 оқушыға Малахит – 5 г 0,5М тұз қышқылы – 10 мл Мырыш түйірі– 3 г тұрғы – 1 спирт шам -1 сынауықтар – 2 газ жүретін түтікше – 1 табақша – 1 |
||
№7 Практикалық жұмыс «Заттардың ерігіштігін зерттеу» |
|||||
|
Дағдылар |
-сұрақ қою және заттардың ерігіштігі туралы болжам жасау; -нәтижелер кестесін ресімдеу және жазу; -ерітінді массасын табу үшін формула шығару. |
|||
|
7.2.3.1 заттарды суда ерігіштігіне қарай жіктейді; 7.2.3.2 ерітінділердің не екенін біледі және маңызын түсінеді; |
Жұмыс барысы: А тәжірибесі.
В тәжірибесі.
С тәжірибесі.
Бақылау сұрақтары: Судың рөлі қандай болды? Ерітіндінің массасы өзгереді ме? Еріткіш дегеніміз не? Еріген зат дегеніміз не?
Уақыт: 35 мин |
1 оқушыға Реактивтер: натрий хлориді-10г барий сульфаты -10г магний карбонаты-10г су-10мл қант-10г Жабдық және ыдыстар: сынауықтар штативі- 1 сынауықтар-6 спирт шам-6 сынауықтардың ұстағышы-1 шыны таяқша-1 химиялық стақан-1 таразы-1 |
||
№11 Лабораториялық жұмыс «Ерітінділерді дайындау және суалту арқылы ерітінділердің құрамын талдау» |
|||||
|
Дағдылар |
-зерттеу артықшылықтарын/кемшіліктерін бағалау және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну; -тапсырмалар үшін тиісті жабдықты қолдана отырып, көлем мен массаны өлшеу; -деректерді көрсету және талдауды жеңілдету үшін оларды қолайлы форматта өңдеу. |
|||
|
7.2.3.3 ерітінділердің құрамын оларды буландыру жолымен анықтайды; |
Жұмыс барысы:
Уақыт: 15мин |
1 оқушыға Реактивтер: ас тұзы– 10 г су – 25 мл Жабдық және ыдыс: стакан – 1 шыны таяқша– 1 таразы – 1 қалақша – 1 форфор табақша – 1 жылытқыш аспап- 1
|
||
№8 Практикалық жұмыс «Тұз кристалдарын өсіру» |
|||||
|
Дағдылар |
- Зерттеу әдісін жоспарлау; - Жабдықты дұрыс таңдау және қауіпсіз қолдану; - Химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін әлеуетті тәуекелдерді анықтау; - Сандық және сапалық деректерді жинақтау; - Өлшемді, қашықтық пен ауданды өлшеу; |
|||
|
7.2.3.6 кристалл өсіреді және кристалдардың дұрыс геометриялық пішінін белгілейді; |
Жұмыс барысы:
Мыналарға назар аударыңыз: 1. Мыс купоросы улы болып табылады, сондықтан тиісінше сақтық шараларын ұстану қажет. 2. Қорғаныш көзілдірігін тағып, қолғап кию қажет. Уақыт: 35 мин |
2 оқушыға Реактивтер: дистильденген су-300мл мыс купоросы-200г затравка – мыс купоросының кристалы. Жабдық және ыдыс: 500мл стақан-1 шыны таяқша-1 «құм монша»-1 электр плитасы-1 таразы-1 Петри табақшасы-1
|
||
№3 Көрсетілім «Аса қаныққан ерітіндіні кристалдау» |
|||||
|
Дағдылар |
-бақылау жүргізу; - экспериментті талқылау; -сұрақтарды анықтау. |
|||
|
7.2.3.5 «аса қаныққан ерітінді» ұғымын білу және аса қаныққан ерітіндінің кристалдануы кезіндегі энергия өзгерісіне назар аудару; |
Жұмыс барысы:
Мыналарға назар аударыңыз: Натрий тиосульфаты жаңадан дайындалуы, ал сынауықтар жаңа немесе мұқият жуылған және кептірілген болуы тиіс. Шаңның болуы өте қаныққан ерітіндіні қалыптастыруға кедергі болады. Осы кезеңде оқушылар энергияның өзгеруін бақылауы тиіс: бұл олардың химиядан кейінгі жұмыстары үшін негіз болады.
Уақыт:10 мин |
Көрсетілімді мұғалім немесе лаборант жүргізеді Реактивтер: натрий тиосульфаты-5-сулы-50г натрий тиосульфатының кристалы. Жабдықтар: стақан 100мл-1 термометр-1 сынауықтар-1 спирт шам-1 ұстағыш-1 сіріңке -1.
|
||
|
№9 Практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері» |
||||
|
Дағдылар |
- анық нәтижелерді алу үшін қажетті өлшеу бірліктерін анықтау және іріктеу; - анық нәтижелерді алу үшін қажетті өлшеу бірліктерін анықтау; - нәтижелер кестесіндегі деректерді графикке өзгерту; |
|||
|
7.2.3.7 ерігіштікке температураның әсерін білу және түсіну; 7.2.3.8 буландырудың қарапайым техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептей білу, анықтамада берілген ерігіштікпен салыстыру; |
Жұмыс барысы: А тәжірибесі 1.Сынауықтың үштен бірін суға толтыру. 2. Суға 3 шай қасық магний сульфатын салу және араластыру. (Егер барлық тұз ерісе, өте қаныққан ерітінді алу үшін қажетті мөлшерді қосу). 4. Таяқшамен араластыра отырып, сынауықты құрамындағымен сәл қыздыру. 5. Қыздырылған сынауықты қар салынған стақанға (немесе мұз салынған суық суға) орналастыру. В тәжірибесі
Мынаған назар аударыңыз: Осы кезеңде ерігіштікті г/дм-3 (г/л-1) көрсету. Кейін дм-3 мольге ауысу. Уақыт: 40 мин |
2 оқушыға Реактивтер: магний сульфаты-30г су-100мл Жабдық және ыдыс: стақандар-1 спирт шам-1 сынауық-2 қасық-1 шыны таяқша-1 электр пеші-1 таразы-1 тұздың ерігіштігі бойынша деректер кестесі-1 |
||
|
|
Көрсетілімдер - 3 Зертханалық жұмыстар – 11 Практикалық жұмыстар– 9 |
|
8-сыныпқа арналған химия пәні бойынша лабораториялық және практикалық жұмыстардың тізімі
№ 1 Практикалық жұмыс «Лабораториялық құралдармен танысу»
№ 2 Практикалық жұмыс «Атомдардың модельдерін жасау»
№ 1 Лабораториялық жұмыс ««Өлшеу жолымен есептеу» заңы»
№ 3 Практикалық жұмыс «Әртүрлі ерітінділердегі темір коррозиясы»
№ 2 Лабораториялық жұмыс «Металдардың физикалық қасиеттерін зерттеу»
№ 1 Көрсетілім «Өте белсенді металдардың суық және ыстық сумен реакциялары»
№ 3 Лабораториялық жұмыс «Металдардың сумен өзара әрекеттесуі»
№ 4 Практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»
№ 2 Көрсетілім «Заттар массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе»
№ 4 Лабораториялық жұмыс «Реакцияға түсетін заттардың арақатынасы»
№ 5 Лабораториялық жұмыс «Металдардың қышқылдармен өзара әрекеттесуі»
№ 3 Көрсетілім «Металдардың бәсекелестігі»
№ 5 Практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»
№ 4 Көрсетілім «Шапшаң және баяу реакциялар»
№ 6 Лабораториялық жұмыс «Реакцияның жылдамдығына температураның әсері»
№7 Лабораториялық жұмыс «Бөлшектер концентрациялары мен мөлшерлерінің реакция жылдамдығына әсері»
№ 6 Практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу»
№5 Көрсетілім «Сутек тотығының ыдырауы»
№ 7 Практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу»
№ 8 Лабораториялық жұмыс «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»
№ 9 Лабораториялық жұмыс «Жылу өнімділігі»
№ 6 Көрсетілім «Қайтымды химиялық реакциялар»
№ 10 Лабораториялық жұмыс «Қарапайым қайтымды реакциялар»
№ 8 Практикалық жұмыс «Көміртектің химиялық және физикалық қасиеттері»
№ 9 Практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және қасиеттерін зерттеу»
№ 7 Көрсетілім «Суды алу»
№ 11 Лабораториялық жұмыс «Судың қайнау нүктесін анықтау»
№ 10 Практикалық жұмыс (шағын жоба) «Судың физикалық қасиеттерін оқып үйрену»
№ 12 Лабораториялық жұмыс «Молекулааралық күштер»
№ 11 Практикалық жұмыс «Суды тазалау»
Зертханалық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдік эксперимент кезінде оқушылар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

