Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Презентация. Өзін-өзі тану пәнінен.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология
сабағының жоспары Қ.А.Яссауи атындағы №123мг. Алматы қаласы.
Мұғалім: Биология пәнінің мұғалімі: 1.Алиева М.
_ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: 2.Жунисбаева А.Ж.
Сынып 7б Оқушы саны- 22
Тақырыбы: Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. Жылықандылығы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Күтіп баптау, қамқорлық, табиғатты сүю.
Сабақтың мақсаты: Құстар класының жалпы сипаттамасымен таныстыра отырып, оларға сүйіспеншілікпен қарауын түсіндіру. Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Құстардың тіршілік ортасы,сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктеріне баса көңіл аударып оларды күтіп баптау туралы білім қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Оқушыларға құстардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіруде оларға қамқорлық жасау біліктіліктерін дамыту. 3.Тәрбиелік. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыра отырып еңбекқорлыққа, адалдыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Сабақтағы әдіс тәсілдер: Үй тапсырмасы, әңгіме, жүгіртпе сұрақ,топтық тапсырма, сергіту, Екі жұлдыз,бір тілек, бағалау,тыныштық сәті. 1.Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдері) 1. Үй тапсырмасын тексеру. 2.Жағымды көңіл-күй сыйлау. 3.Мұғалім сыйы. 4.Аңыз әңгіме 5. Ән айту. 6. Соңғы тыныштық. 2.Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) 1. Әңгіме мазмұнында 2.Топтық тапсырмада көрініс тапты. 3.Сабақтың түйіні. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2мин Күндей
жарқырап, Жағымды
көңілімізбен |
Ресурстар: (материалдар көздері карточкалар. Аудиожазба,бейне жазбалар) |
Топқа бөлу . 2мин Тақтаға жапсырма қағаздарға құстардың аттары жасырын жазылып,қыстырылады, топқа тақтадағы жасырын құстардың аттары арқылы бөлінеді және топ болып топқа түскен «құс» туралы айтып береді. . Үй тапсырмасын тексеру 5 мин 1 Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарларды ата? 2.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым? 3.Қандай жорғалаушыларды білесің? 4. Жорғалаушыларды қаңқасының алғаш рет пайда болған бөлім қандай? 5.Жүрегі төрт қуысты жорғалаушылар? 6.Үшкөзді жорғалаушылар? 7.Қазақстанда кездесетін ең ірі кесіртке қандай? 8.Ж-ң алдыңғы ми бөлігінің ерекшелігі қандай? 9.Жорғалаушылардың ұрпақтарының дамуы? 10.Ж-ң терісінің құрылыс ерекшеліктері. Сабақты қорытындылау. 1мин Жаңа сабақ. 1.Тақырыпты дәптерге жазу 1мин 2.Жағымды көңіл күй сыйлау. Айгүл Үлкенбаева – Аққу күйі. 3мин 2. Мұғалім сыйы (қысқаша шолу) 3мин Қазақстан территориясында қүстардың 489-дей түрі мекендейді. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы алқаптарды, өзен бойларын, көлдер мен теңіздердің жағалауларын, ауылды жерлерді мекендейді. Ең ғажабы осы қүстардың 150-ден астам түрінің тіршілік әрекеті орман мен ағашты алқаппен тікелей байланысты. Бүл орман қүстары-ның 80 пайызы жәндіктермен қоректенеді де, жалпы ағаштардың, соның ішінде жеміс ағаштарының зиянкестерін жойып, орман шаруа-шылығына пайда келтіреді. Құстарды зерттейтін ғылымды орнитология деп атайды... 3. Аңыз әңгіме 5мин Құстар – табиғаттың көркі! Көгершін - бейбітшілік құсы "Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні сүйіспеншілік танытатыны- құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббат сүйіспеншілігі, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын боламыз. 1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездікдер Конгресстің өтуіне себепші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан танымбелгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді. Міне осындай ерекшелігін біле отырып оған сүйіспеншілік танытуымыз керек.Бұл суреттің пайда болуы туралы мұнан да қызықты хикая бар. Халық арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр... Маған әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді тамақтанған болар едім»,-дейді. Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып, бірер минуттің ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді. Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал. Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын, Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен) суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырған кезде шынайы сүйіспеншілікпен сезінген екен. Көгершіннің бейбітшілік құсы ретінде бейнеленуін түсіндіру аса қиын емес. Кезінде Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын алып келіп, топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын жеткізген дәл осы інжіл құсы болған. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртқалағандықтан, Соғыс Құдайы кезекті қантөгістен бас тартып, халықтың аман қалғандығы туралы антикалық аңызды еске түсіруге де болады. Пикассо қызының есімін Палома (испан тілінде-көгершін деген мағынаны білдіреді) деп қойғандығына қарағанда, аталған құсқа еркеше ілтипатпен әрі ыстық ықыласпен қарған секілді. Айтпақшы, бейбітшілік нышаны ретінде ер көгершін емес, ұрғашы көгершіннің алынғандығын да біле жүріңіз. Ішкі интеграция 4. Шығармашылық жұмыс (топтық ) 5мин Әр топқа мәтінге байланысты сұрақтар таратылады: (оқулықпен жұмыс) 1. Құстардың жылықандылығы мен қоректенуі? 2. Құстардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері? 3. Құстардың ұшуға бейімділігін түсіндіріңіздер? (қосарлы тынысалу) 4.Құстардың ішкі құрылысының ерекшелігі? Тіршілік ортасы? Құстардың пайда болуы туралы үйренген, білген білімдерінен кластер құрып, қорғайды 6мин Сергіту сәті. Ән. «Құс қайтты Алматыма» Тұманбай Молдағалиев. 3мин
Екі жұлдыз,бір тілек 1мин |
Жүгіртпе сұрақ әдісі. Кері байланыс орнату Бірінші сұраққа оқушы жеке ойланады, сосын жұптасып талдайды,одан соң топ болып талдап, ортақ бір шешім шығарады. Оқушылар топтардың жұмыстарын әділ бағалау |
Сабақтың түйіні 1мин “Торғай екеш торғай да- өз балапанын
қорғайды”. Тауық-ол ана, өзінің балапандарын қорғап, үнемі көз
алдында болғанын қалайды. Бізді анамыз қалай өсіріп, біз қуансақ
қуанып, біз мұңайсақ мұңайып жанымызда болса, тауықта өз
балапандарының көз алдында болмағанына
мазасызданды. Критерийлер арқылы бағалау 1мин Үйге тапсырма: 274 беттегі 13 сұраққа ауызша дайындалу және қызықты деректер әкелу. 1мин Сабақты бекіту. 2мин Тыныштық сәті 2мин Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді. Ал, құссыз адамзат ойы шарықтамақ түгілі, жерден де көтерілмес еді. Адамның қиялдауы, бостандықты көзбе-көз көруі, әсемдікті, сұлулықты түсінуі үшін құс адамға пайдалы. Сондықтан да құстарды қорғап, аялап оларға сүйіспеншілікпен қамқор бола білу біздің үлкен парызымыз.Құстарға сүйіспеншілік таныта білейік. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар! |
Топ басшысы топ мүшелерін критерий арқылы бағалауы тиіс. |
МГ директоры: Ашимбаева Б.М.