Профи - TIME мамандықтар. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Профи - TIME мамандықтар. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Профи - TIME мамандықтар. Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Профи-TIME мамандықтар

Құндылық


Мақсаттары

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.





Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол, тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені, бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн.

Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар.

«Кім болам?»деген сөз бар оған да құлақ сал.

Алуан-алуан сыры бар

Бейімді ескер де

Таңдап соның бірін ал

Қазақ халқының көрнекті педагог ағартушылары, қоғам қайреткерлері Ы. Алтынсарин, М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Құнанбаев өздерінің төл жазба әдебиеттерінде қазақ жастарын, адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға және пікірлерден әдет- ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық-зомбылық, жатыпішер, жалқаулық сияқты жаман қылық жат мінездерден аулақ ұстауға шақырады.

Миға шабуыл

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа
түрі қосылып отырады екен.

Жалпы мамандық дегенімізді сіздер қалай түсінесіздер? (оқушылардың пікірі)

Ең алдымен мамандық сөзіне назар аударайық. Мамандық орыс тілінде профессия, профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
«Укипедия» ашық энциклопедиясында «Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек
дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс - әрекетінің түрі» деп көрсетілген екен.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.



Сабақтың ортасы

І.Тест
1.Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?

А) 3000 Б) 3200 В) 3400

2. Мамандықты Климов неше типке бөлді?

А) 2 Б) 3 В) 5

3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек?

А) тәрбиелік Б) өзін - өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г) барлығы дұрыс

4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?

А) маман Б) мамандық В) кәсіпкер

5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?

А) Адам - адам Б) Адам - белгі В) Адам – техника

6. Адам – табиғатқа жататын мамандық

А) ұста Б) тігінші В) агроном

7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?

А) суретші Б) сатушы В) әнші

8. Малшыға қандай талап қойылады?

А) шебер Б) күш иесі В) шыдамды

9. Қорлық келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам

А) дилер Б) брокер В) моклер

10. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?

А) үстірт қарау Б) ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі дұрыс


Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.


ІІ. Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер---------------------------------------- тапқыр
Дәрігер---------- ------------------------------әділ
Мұғалім--------- -----------------------------өте ақылды
Журналист----------------------------------- шыдамдылық
Механизатор---------------------------------өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы---------------------------------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері------------------------------мейірімді
Өнер иесі-------------------------------------мәдениетті



Сабақтың соңы

« Мамандықтың бәрі жақсы» қалауыңша таңдап ал деп заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2024
954
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі