«№65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Профилактикалық (құқық бұзушылықты алдын алу) кеңес
№65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Бұйрық № 84
Көлкент ауылы 04.09.2023 ж.
«Профилактикалық кеңес» тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 03 наурыздағы №61 бұйрық негізінде және 2023-2024 оқу жылында сәтсіз отбасылармен қүқықбұзушылықтың алдын алу мақсаттында
БҰЙЫРАМЫН:
-
Құқықтық тәртіп бұзушылықты болдырмау және алдын алу істерін үнемі жүргізіп, жалпыға бірдей құқықтық тәрбие беруді ұштастыра отыру мақсатында қеңес құрылсын.
2. Құқықтық тәртіп бұзушылықты болдырмау және алдын алу кеңесі мүшелеріне төмендегі мұғалімдер бекітілсін:
-
Кеңес төрағасы: А.Баратов – директор м.у.а.;
Кеңес мүшелері:
-
Н.Азамханов -директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;
-
М.Имамов-АӘД мұғалімі;
-
Б.Нишанкулов - әлеуметтік педагог;
-
У.Садбахасова- педагог-психолог;
-
Г.Бабаханова - медбике;
-
Ш.Каримова-сынып жетекшілер бірлестігі
Кеңес хатшысы: Ш.Аюпов –тәлімгер.
3. Құқықтық тәртіп бұзушылықты болдырмау және алдын алу кеңесі оқушыларға айына 1 рет өткізілсін.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Азамхановқа жүктелсін.
Мектеп директоры м.у.а.: А.Баратов
«Бекітемін»
Мектеп директоры м.у.а: А.Баратов
«№65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ
Профилактикалық (құқық бұзушылықты алдын алу) кеңесі отырысының 2023-2024 оқу жылына арналған жоспары
|
№ |
Күн тәртібінде |
Аяқталу нысаны |
Жауапты мамандар |
Орындалу мерзімі |
|
1 |
2023-2024 оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту; Мектептің ішкі тәртібін сақтау ережесін құрастыру, оқушыларға таныстыру; |
Хаттама Анықтама Фото сүрет |
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі кеңес мүшелері |
Қыркүйек |
|
2 |
Баяндама: «Кәмелетке төлмағандар арасында құқық бұзушылықтың және балалар қылмысының алдын алу» |

Қазан |
|
3 |
Баяндама «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың саалдары». «Буллинг және кибербуллингтің алдын – алу» |

Желтоқсан |
|
4 |
Қамқорлықтағы балалардың құқықтарының сақталуы; Сабаққа қатыспайтын, себепсіз босататын балаларды аныктау, іс- шараларды ұйымдастыру, шаралар қолдану |
Хаттама Фото сүрет |
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі кеңсс мүшелері |
Ақпан |
|
5 |
Жыл бойына істелген жұмыстардың есебі Жазғы мерзімде қүкық бұзушылықтың алдын алу; Жазгы демалыс кезіндегі окушылар қауіпсіздігін ескеру; |
Хаттама Анықтама Фото сүрет |
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі кеңсс мүшелсрі |
Мамыр |
Орындаушы
ДТЖО: Н.Азамханов
№65 Ә.Мұзаров атындағы жалпы орта мектебі
ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«№65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта метебі»нде еңбек тәртібі Қазақстан Республикасы білім беру заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 білім беру мекемесінің ішкі тәртібі типтік ережелеріне сәйкес, әкімшіліктің ұсынуы бойынша мектеп жұмыскерлерінің педагогикалық кеңесінде ішкі еңбек тәртібінің ережелері анықталады.
Осы ережелерге білім ұйымындағы әкімшілік пен ұстаздардың оқушыларымен қарым-қатынасы, оқу-тәрбие үрдісі қатысушыларының тәртібі, оқушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарға балалардың құқығын қорғау, білім ұйымындағы жұмыстың басталуы мен аяқталуы, үзілістер, оқу сабақтарының ұзақтығы енеді.
ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта метебіндегі тәртіп оқушыларды, ұстаздарды құрметтеу негізінде сақталады. Оқушыларға талап қою әдістері арқалы оқыту қолданылады.
2. Мектептегі еңбек тәртібі жұмыс істеу үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және экономикалық жағдайлар, еңбекке деген саналы сезімдері қамтамасыз етеді.
3. Педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар, ғимараттағы басқа да қызметкерлер еңбек тәртібін сақтап, адал жұмыс істеуі тиіс. Әкімшіліктің үкімдерін уақытында орындап, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.
4. Барлық оқу үрдісі субъектілерінің тәртібі мектеп Жарғысында белгіленген міндеттері мен құқыларымен анықталады.
5. №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта метебінде еңбек тәртібін бұзатын, өз міндеттерін дұрыс орындамайтын қызметкерлер қажетті жағдайда қоғамдық немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
1. БІЛІМ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ПЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
1.1 №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта метебі өз қызметінде ҚР «Білім туралы» Заңды басшылыққа алады.
1.2 №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта метебі ҚР белгіленген заңнамасына сәйкес жалпы білім сапасына, оның мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес болуына, оқушылардың психофизикалық жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына қарай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданатынына, оқушылардың денсаулығы мен өміріне жауап береді.
1.3 Мектепте саяси партиялар, ұйымдық құрылымдар, қоғамдық-саяси немесе дін қозғалыстарын, ұйымдарын құруға тыйым салынады.
1.4 Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін қолданумен байланысты мәселелер құқықтарына қарай мектеп әкімшілігімен, кей жағдайларда заңнамаға сәйкес кәсіподақ комитетімен бірлесіп шешіледі.
2. ОҚЫТУ ҚЫЗМЕТІ
3.1 Ұстаздардың сағат жүктемесі мектеп мұғалімдерінің білікті мінездемелерін ескере отырып, мектеп мүмкіндіктері мен мүдделері негізінде қабылданған нормаларға сәйкес мектеп әкімшілігімен реттеледі.
3.2 Мектепте оқыту сабақтары орындауға міндетті оқу жоспары негізінде директормен бекітілген сабақ кестесіне қарай өткізіледі.
3.3 Сабақтардың, үйірмелердің, секциялардың, арнаулы курстардың өткізілмеуі, ауыстырылуы, қысқартылуы немесе мерзімнен бұрын аяқталуы әкімшіліктің келісімі болмаса рұқсат етілмейді.
3.4 Оқу үрдісінің үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында мұғалім белгілі бір себеппен сабақты өткізе алмайтын болса, бір күн бұрын директорға немесе директордың ОІЖО ескертеді.
3.5 Мұғалімдер мен оқушылар сабаққа кешікпеуі тиіс.
3.6 Мұғалім жұмыс орнында сабақ басталуына дейін 15 минут бұрын келуі тиіс, ал оқушылар 10 минут бұрын келуі керек. Мұғалім мен оқушылар сабаққа қоңырауға дейін дайындалады. Қоңыраудан кейін сабаққа келу немесе сабаққа дайындалу оқу тәртібін бұзушылық деп есептеледі.
3.7 Тәртіп бұзу, сабаққа кешігу жағдайлары кезекші мұғаліммен немесе сынып жетекшісімен тіркеледі. Оқушылардың жүйелі түрде тәртіп бұзу туралы ақпаратты сынып жетекшілері әкімшілік пен ата-аналарға жеткізуі тиіс.
3.8 Оқушыларды сабақтан шығару рұқсат етілмейді.
3.9 Сабақтың уақыты үнемді пайдалануы тиіс. Оқушылардың өзге тақырыптарға назары аударуы рұқсат етілмейді.
3.10 Мұғалім мен оқушыларға сабақ кезінде сыныптан шығуға немесе өзге қызметпен айналысуға болмайды. Сабақ кезінде мұғалім оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты.
3.11 Оқу қызметінің жағдайына оқу үрдісінің барлық қатысушылары жауап береді.
3.12 Тапсырмалардың жалпы көлемі қабылданған нормалардан аспауы тиіс.
3.13 Сыныптардағы сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар аяқталған соң, сыныптың іші тазалануы тиіс.
3.14 Өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша жұмыстар жауапты кезекші көмегімен сынып жетекшісімен реттеледі.
3.15 Кезекші сынып кезекші мұғалімнің және кезекші әкімшілік жетекшілігімен мектепке сағат 7. 35-те келуі тиіс (1 ауысым); сағат 12.35 (2 ауысым)
3.16 Кезекшілік нұсқаулықтан (жиыннан) басталады, онда сынып жетекшісі негізгі міндеттерді айқындап, оларды орындау бойынша ұсыныстар береді.
3.17 Кезекші әкімшілік кезекшілікті ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын енгізеді, шешім мен бақылауды қажет ететін мәселелерге көңіл бөледі.
3.18 Кезекшілер мектепте белгілі орындарға қойылып, 1) тәртіпке 2) санитарлық жағдайға 3) өз объектісінің, ауласының көрікті жағдайына жауап береді.
3.19 Кезекшілер оқушыларға талап қоюға және талаптарды орындатуға құқылы.
3.20 Егер кезекшілердің талаптары орындалмаса, кезекшілер сынып жетекшісіне немесе кезекшілікке жауапты мұғалімге жүгіне алады.
3. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕРІ
Оқушылар жауапты:
4.1 Оқу үрдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мектеп Жарғысын, Педагогикалық кеңестің шешімін, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті сақтау нұсқаулығын, өрт қауіпсіздігінің ережелерін, әкімшілік пен мұғалімдердің талаптарын орындауға жауапты.
4.2 Белгіленген уақытта мектепке келу және себепсіз сабақтан қалмау. Сабақтан қалған жағдайда оқушы сынып жетекшісіне медициналық мекеменің анықтамасын немесе ата-анасының (қамқоршысының) өтінішін көрсетеді.
4.3 Сабақ уақыты кезінде мектепте болу. Сабақ кезінде сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігінің рұқсаты болмаса, мектептен кетуге рұқсат етілмейді.
4.4 Оқу бағдарламасын меңгеруге, жақсы оқуға, уақытында үй жұмысын сапалы орындауға жауапты.
4.5 Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.
4.6 Үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге қамқор болу. Оқушылар ұстаздарға, үлкендерге, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына, ұлдар қыздарға жол береді.
4.7 Даулы мәселелерді жанжалсыз шешу. Болмаса, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігінің көмегіне жүгіну.
4.8 Мектеп мүлкін сақтау, жөндеу жұмыстарына мүмкіндігінше қатысу, өзгенің мүлкін де сақтау.
4.9 Өзінің сыртқы киімі қадағалау, ресми түрде киіну.
4.10 Тыйым салынады:
- мектеп және оның ауласына қару, жарылғыш, химиялық, қауіпті заттарды, темекі, ішімдіктерді, есірткі, улы заттарды әкелуге;
- шылым шегуге;
- балағат сөздерді айтуға;
- сабақта ұялы телефонды пайдалануға;
- мектепке кір, жыртық, тым қысқа немесе ашық-шашық киімде келуге, түрлі партияларға, діни ағымдарға қатысуын көрсететін киімде келуге;
- құмар ойындар ойнауға, спирттік және энергетикалық сусындарды ішуге, психотроптық заттарды қабылдауға, алып сатуға; Әкімшілік, сынып жетекшілері, кезекші мұғалімдер ата-анасының (заңды өкілдері) келгенге дейін алып қоюға міндетті.
- боянуға, мектепке ұзын тырнақпен келуге, әр түрлі түске боялған шашпен, түрлі зергерлік бұйымдар тағуға, пирсингпен келуге.
4. МЕКТЕПКЕ КЕЛУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН КЕТУ
5.1 Мектепке сабаққа дейін кемінде10 минут бұрын таза, үтіктелген мектеп формасында, шашын тарап, қыздар тағып келу керек.
5.2 Сабақтар аяқталған соң өз заттарын алып, киініп, мектептен сыйластық ережелерін сақтап шығуы тиіс.
5. СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ
Оқушылар мектепке мектеп формасымен келеді:
Қыздарға:
Костюм тройка (кофта мен жеңсіз трикотаж жемпір, юбка, сарафан), ақ блузка.
Ұлдарға:
Костюм тройка (кофта мен жеңсіз трикотаж жемпір), ақ түсті жейде. Суық ауа райында блузка, көйлекті ауыстырып киюге болады, көк немесе ақ түсті; Дене шынықтыру, АӘД сабақтарында оқушылар арнайы киім және аяқ киім киеді.
Шаштары:
1) ұлдар - қысқа классикалық немесе модельді шаш;
2) қыздар - ұзын шаштарын тегіс жинауы тиіс, шаштар шаш бантигімен жиналуы тиіс.
Бірыңғай мектеп формасын киіп келгенде келесілерге жол берілмейді: ауыстыратын аяқ киім ретінде (шлёпанцы, «сланцы» және т. б.), кроссовка, кеды, биіктік өлшемі 4,5 см. аспайтын аяқ киім, ашық және абстрактілі жазулары, суреттері бар киімдер немесе джинсы киюге, көзді жауып тұратын кекіл қоюға, "панки" үлгідегі шаш үлгісіне, ұлдарға шаш өрімін жасауға, түрлі-түсті көзге көрінетін түске шашты бояуға, ашық және көзге қатты көрінетін бояулар қолдануға, татуировка жасауға, әшекейлер тағуға, пирсингке, тырнақтарын бояуға, маникюрге.
6. САБАҚТАҒЫ ТӘРТІБІ
7.1 Оқушыларды кабинетте сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі психофизикалық ерекшеліктерін ескеріп отырғызады.
7.2 Әр мұғалім өз пәні бойынша сабақ жүргізгенде ҚР заңнамасына қарама-қайшы келмейтін пәнге тән ережелермен таныстырады. Бұл ережелерді барлық оқушылар орындауға міндетті.
7.3 Сабақ басталар алдында оқушылар өз жұмыс орнын, сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауы керек.
7.4 Сыныпқа кірер алдында оқушылар мұғаліммен амандасып, мұғалім рұқсат бергенде ғана орындарына отырады. Сабаққа кірген кез-келген үлкен адаммен амандасулары тиіс.
7.5 Сабақтың уақыты тек қана оқу мақсатына арналады. Сабақ кезінде шулауға, ойнауға, сабаққа қатыспайтын тақырыптарға сөйлесуге болмайды.
7.6 Мұғалімнің (сынып жетекшінің) талабы бойынша оқушы күнделікті дереу беруге тиіс. Күнделіктегі кез-келген жазуларды ұқыпты жазу керек. Әр жұмыс аптасынан кейін оқушының ата-аналары күнделікті тексеріп, қолдарын қояды.
7.7 Сұрақ қою немесе жауап беру үшін қолын көтеріп, мұғалімнің рұқсатын сұрау керек.
7.8 Егер оқушы сыныптан шыққысы келсе, ол мұғалімнен рұқсат сұрайды.
7.9 Сабаққа қоңырау – бұл мұғалімге ескерту. Мұғалім сабақ аяқталғанын хабарлаған кезде ғана, оқушылар орындарынан тұрып, жұмыс орындарын тазалап, сыныптан шыға алады.
7.10 Оқушылар денешынықтыру сабақтары үшін спортық киімін, ал технология сабақтарына арнаулы киім әкелу керек. Мұндай киімдері болмаса, оқушылар сабаққа қатыспайды отырады.
7.11 Сабақ кезінде ұялы телефондарды мектепке олып келуге болмайды. Барлық техникалық құрылғыларды (плеер, аирпод) сөндіру тиіс. Егер оқушы талапты орындамаса, мұғалім сабақ кезінде техникалық құрылғысын алып қоя алады. Талаптарды орындамасы, мұғалім техникалық құрылғыларын ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуымен ғана оқушыға қайтара алады.
7. ҮЗІЛІСТЕГІ ТӘРТІП
8.1 Оқушылар үзіліс уақытын демалу үшін пайдаланады.
8.2 Дәліздер, сатыларда оң жақ жолмен жүрулері тиіс.
8.3 Үзілістер кезінде оқушыларға рұқсат етілмейді:
- шулауға, сатыларда, терезелердің маңайында, ойындарға келмейтін орындарда жүгіруге;
- бір-бірін түртінуге, заттарды лақтыруға, кез-келген мәселені күш арқылы шешуге;
- бір-біріне балағат сөздер айтуға, қорқытуға, заттарын қорқытып алуға;
Мұндай құқық бұзушылыққа ҚР заңнамасына сәйкес іс-шаралар қолданылады.
8. АСХАНАДАҒЫ ТӘРТІП
9.1. Оқушылар гигиена ережелерін сақтайды: асханаға сыртқы киімсіз кіру, тамақ ішер алдында қолдарын жақсылап жуу.
9.2. Оқушыларға асханадағы қызмет кезекпен көрсетіледі, оқушылар асхана қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті. Тамақ ішкенде тәртіп сақтауы тиіс. Ыстық, сұйық тағамдарды алғанда абай болулары керек.
9.3. Асханада сатып алған немесе өздерімен әкелген тамақ мен сусындарын тек қана асханада ішуі тиіс. Тамақ ішкен соң, оқушылар ыдыс-аяқтарды жинап қояды.
9.4. Сабаққа кешіккен жағдайда, оқушы кабинеттің есігін қағып, мұғаліммен амандасып, кешіккені үшін кешірім сұрап, орнына отыруға рұқсат сұрайды.
9. СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП
10.1 Іс-шаралар өткізу алдында оқушылар техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен таныстырылады.
10.2 Іс-шараларды өткізу кезінде жетекшінің барлық талаптарын мұқият орындау керек, өз өмірі мен басқа оқушылардың өміріне қауіпті әрекеттерді болдырмауға тиіс.
10.3 Оқушылар тәртіп сақтап, белгіленген жолмен ғана жүріп, жетекшінің айтуымен топ арасында болулары тиіс.
10.4 Жеке гигиена ережелерін сақтап, денсаулығы нашарласа, сынып жетекшісіне немесе кезекші мұғалімге хабарлау керек.
10.5 Оқушылар жергілікті дәстүрлерді құрметтеуге, табиғатты, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қастерлеуге міндетті.
10.6 От шығаратын (факелдер, балауыздар, фейерверк т.б.), химиялық, пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салынады.
10. СОҢҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР
11.1 Осы ережелер мектептің бүкіл аймағында сақталады және мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілетін барлық іс-шараларда қолданады.
11.2 Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқық бұзушылық әрекеттері үшін, мектептің Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, оқу тәртібін бұзғаны үшін оқушы мектептен шығарылады.
11.3 Осы ережелер мектептің көрнекті жеріне ілінеді.
Мектеп директоры м.у.а. : Баратов А.С.
№ 65 Ә. Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектебінде құқықбұзушылықың алдын алу мақсатында
«Ұлдар және қыздар жиналысы» өткізілді.
«Көлкент ауылы» «15» 09. 2023 жыл.
Күн тәртібі:
-
Мектептің ішкі тәртібін сақтау ережесін оқушыларға таныстыру;
-
Мектеп формасының үлгісі;
-
Құқықбұзушықтың әр-түрлі баптарын таныстыру.
Қатысқандар: Мектеп директоры А.Баратов, ДТЖО Н.Азамханов, АӘД пәні мұғалімі М. Имамов, әлеуметтік-педагог Б.Нишанкулов, педагог-ұйымдастырушы Т. Усманов, мектеп тәлімгері Ш. Аюпов және мектеп оқушылары.
№65 Ә. Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектебінеде 15 қыркүйек күні оқушы ұлдар және жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры А.Баратов сөзге шығып оқушыларға тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендер сол үшін ел болашағын тек биікке көтеру жастардың қолында деп оларға рухани күш беріп жігерлентірді. Мектепке толық келіп сабақтарды өз уақытысында орындауды талап етті.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Азамханов мектеп формасы, оқушылардың гигиеналық тазалығы, тәртібі, мектепке оқушыларының мектепге ұялы телефондар әкелмеуі және де ұялы телефондан келетін қауіп-қатерлер, діни экстеримизмге қарсы күрес теріс ағымдар туралы барынша толығымен түсіндіріп айтты. Одан бөлек мектептің ішкі тәртібі ережелері менен таныстырып шықты. Осы ережелерге білім ұйымындағы әкімшілік пен ұстаздардың оқушыларымен қарым-қатынасы, оқу-тәрбие үрдісі қатысушыларының тәртібі, оқушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарға балалардың құқығын қорғау, білім ұйымындағы жұмыстың басталуы мен аяқталуы, үзілістер, оқу сабақтарының ұзақтығы енедінін айтып өтті.
АӘД пәні мұғалімі М. Имамов оқушылардың тәртібін олардың шаш үлгілерін тексеріп, мектептен тыс уақытта ата-ананың рұқсатынсыз көшеде қаңғып жүрмеуді және құқықбұзушықтың әр-түрлі баптарымен жазаланатынын түсіндірді.
Әлеуметтік-педагог Б.Нишанкулов оқушыларға спорт денсаулық кепілі салауатты өмір салтын ұстануға шықырды. Оларға темекі шегуді және сол сияқты жаман әдеттердің адам өміріне қаншалықты зиян екендігін түсіндіріп өтті.
Қауылы:
-
Оқушылар мектептің ішкі тәртібі ережесін қадағалау сынып жетекшілеріне жүктетілсін;
-
Оқушылар мектеп формасының үлгісіне сақтасын;
-
Құқықбұзушық болған жағдайда оқушылар жауапкершілікке тартылсын.
ТІЖДО Н.Азамханов
Педагог ұйымдастырүшы: Т.Усманов
Хатшы: Ш. Аюпов
Анықтама
Көлкент ауылы «15».09.2023 жыл
Түркістан облысы, Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты № 65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта мектептің ішкі тәртібін сақтау ережесін құрастыру, оқушыларға таныстыру өмір қауіпсіздігін сақтау, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, нашақорлықтың алдын алу және Ерте некенің, ерте жүктіліктің, аборттардың және кәмелетке толмаған қалыңдықтардың ұрлануының алдын алумақсатында мектеп тәрбие орынбасарлыры, мектеп педагог психологтары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен "Ұлдар және Қыздар" ұйымына жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіздік Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, от басында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.
Іс-шара facebook желісі арқылы жарияланды.
|
№ |
Мектеп атауы |
Фейсбук ссылкасы |
Фото суреттер |
|
1 |
№65 Ә.Мұзрапов атындағы ЖОМ |
|
|
ТІЖДО : Н. Азамханов
Педагог -ұйымдастырушы: Т.Усманов
Мектеп тәлімгері: Ш.Аюпов

ХАТТАМА
Кәмелетке төлмағандар арасындақұқық бұзушылықтың
және балалар қылмысының алдын алу
Көлкент 16.11.2023 ж
Қатысқандар: 215
Сайрам АПБ ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Б.Есенов
Мектеп инспекторы полиция подплклвнигі Миркаримов Гайратжан Сабиржанович, мектеп ұжымы және оқушылар
Күн тәртібінде қаралған мәселер:
1. Кәмелетке төлмағандар арасындақұқық бұзушылықтың және балалар қылмысының алдын алу;
2. Оқушылар арасында әлім жеттілік (Буллинг және кибербуллинг) алдын-алу туралы прафилактикалық түсіндіру жұмысы;
3. Деструктівті діни ағымдардың алдын алу;
4. Мектептегі дабыл кнопкасы және бейне камералар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тыңдалды:
Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелермен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Азамханов таныстырып өтті. Алдағы атқарылатын жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды. Сонымен қатар, оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға және оларды орындауға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушыларға мектептің ішкі ережесін сақтауға,түнгіі мезгілде көшеде жүрмеуге,құқық бұзушылық әрекеттер жасамауды түсіндіріп өтті. Егер осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда,әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп сөзін аяқтады.
Сайрам ауданы ЖПҚБ-ның полиция полковнигі Б.Есенов балаға әлім жеттілік (Буллинг және кибербуллинг) алдын-алу туралы прафилактикалық түсіндіру жұмысы бойынша Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте,жалпы айтатын болсақ,кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату оны елемеу немесе жекелету ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою, ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру, қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту. Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады. Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: уайымдау, ұйқының бұзылуы,тәбеттің болмауы,өзі жайлы жаман ойлау, өз-өзіне физикалық зақым келтіру,өлім туралы ойлау, сабақ үлгерімдерінің нашарлауы, ауыру маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау, өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану, қорқу сияқыты белгілері болатынын тілге тиек етіп түсіндірді.
Мектеп инспекторы полиция
подплклвнигі Миркаримов Гайратжан Сабиржанович өз сөзін
сәлемдесумен бастады. Сөз барысында ҚР заңында тыйым салған
ағымдардың аттарын атап, олардың ұстанған жолдары қате және мүлдем
шариғатқа теріс екендігін айтып өтті. Сол ағымдарға кіріп кетпеу
үшін діни сауаттылық керектігін де айтып өтті. Кездесу барысында
Миркаримов Гайратжан Сабиржанович оқушылар өздерінің қызықтырған
сұрақтарын қойып жауап алып отырды. Мысалы 11 сынып оқушысы
Ё.Сайдирахимов «Осы теріс ағымдардың көбейіп кетуіне не себеп?»
және «Секталардың мақсаты не?» деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға
жауап төмендегідей болды. ҚР діни ағымдардың көбейіп кетуінің
бірінші себебі қадағалаудың аздығынан, екіншіден шет елдерде оқып
келгендерді еш-қандай тексерусіз уағыздарға рұқсат беруімізден.
Секталардың бұндай әрекеттері баршамызға мәлім, ислам діни
дұшпандарының әрекеттері. Олар осы ислам дінін өздеріне перде қылып
өздерінің арам ниеттерін амалға асыру.
ҚР Қылмыстық Кодексi 256-бап
«Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария
түрде шақыру» және
174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе
дiни алауыздықты қоздыру»да түсіндіріп
өтті.
Сонымен қатар Миркаримов Гайратжан Сабиржанович өз сөзінде мектебіміздің педогог қызметкерлеріне және оқушыларға мектепте тосыннан төтенше жағдай болған уақытта дабыл кнопкасын басып, дер кезінде полиция қызметкерлерін шақыруға болатынын айтты.
Қаулы:
1.Мектептің ішкі тәртіп ережесі сақталынсын.
2.Сынып жетекшілерге қосымша оқушыларға және ата-аналарға қосымша Буллинг және кибербуллингтін алдын алу мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.
3. Деструктівті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін
4.Оқыс жағдай боған жағдайда дер кезінде дабыл кнопкасы іске қосылсын.
Мектеп директоры: А.Баратов
ДТЖО: Н.Азамханов
Хатшы: Ш.Аюпов
Анықтама
Көлкент ауылы «16».11.2023 жыл
Түркістан облысы, Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке төлмағандар арасында құқық бұзушылықтың және балалар қылмысының алдын алу» тақырыбында, Сайрам АПБ ЖПҚ ЖКТЖ инспекторы полиция подполковнигі Миркаримов. Ғ. С баяндама оқыды. Баяндамда жасөспірімдер арасында, қылмыс пен құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу, жастар мен оқушылар арасында Нашақорлықтың, таксикоманияға әуестену, "Көңілді" газды, вейп және однаразколарды пайдаланудың алдын алу мақсатында және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 7,8,9,10,11-сынып оқушыларына түсіндірілді. Жиналыс барысында оқушыларға адам құқығы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осыған қоса жол және өмір қауіпсіздігі ережелерін, оқушыларға қауіпсіздік пен жол ережелері туралы толық түсіндірді. Жиналыс соңында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын алды.

Сайрам АПБ ЖПҚ ЖКТЖ инспекторы
полиция подполковнигі: Ғ. С.Миркаримов.
ДТЖО : Н. Азамханов
Педагог -ұйымдастырушы: Т.Усманов
Мектеп тәлімгері: Ш.Аюпов
Хаттама

«Көлкент ауылы» «20» 12. 2023 жыл.
Күн тәртібі:
-
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың саалдары;
-
Буллинг және кибербуллингтің алдын – алу;
Қатысқандар: ДТЖО Н.Азамханов, АӘД пәні мұғалімі М. Имамов, әлеуметтік-педагог Б.Нишанкулов, педагог-ұйымдастырушы Т. Усманов, мектеп тәлімгері Ш. Аюпов, Педагог-психолог У. Садбахасова, мектеп медбикесі Г. Бабаханова, сынып жетекшілері және 8- 9-10-11-сынып оқушылары.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Азамханов жыналысты ашып сөз барысында мектеп ережесі талаптары қатаң сақталуын қамтамасыз ету туралы, жауапкершілікті күшейту бойынша түсіндірме берді. Құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау әрбір патриотты Қазақстан азаматының міндеті екені түсіндірді. Жасөспірімдер санасында сыпайылықты, адамгершілікті сіңіру сабақтарда кеңінен қолға алынуы айтылды. "Әлімжеттік және буллинг", "Кибербуллингтен қорғану жолдары" тақырыбында видеоролик көрсетілді.
Мектеп психологи У. Садбахасова жиналыстың мақсатымен таныстырды. Бүгінгі біздің қоғамда адамдарды алаңдататын мәселелер өте көп кездеседі. Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық проблемасы. Сол тақырыптар бойынша оқушыларға видеороликтер көрсетіліп түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сұхбат барысында оқушылар да өз ойларымен бөлісіп отырды. Оқушылар мен қызықты тренингтер жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарға жауап таба білді.
Қауылы:
-
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың саалдарын болдырмау, болған жағдайда сынып жетекшісі және мектеп-психологіне жүктетілсін;
-
Буллинг және кибербуллингтің алдын – алу жұмыстары күшейтілсін;
ТІЖДО Н.Азамханов
Әлеуметтік-педагог: Б.Нишанкулов
Педагог-психолог: У. Садбахасова
Хатшы: Ш. Аюпов
Анықтама
Көлкент ауылы «20».12.2023 жыл
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Көлкент ауылында орналасқан №65 Ә. Мұзрапов атындағы жалпы_білім_беретін_мектепте, «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың саалдары». «Буллинг және кибербуллингтің алдын – алу» мақсатында, бірлескен іс-шаралар аясында, ДТЖО Н. Азамханов, Педагог-психолог У. Садбахасова, мектеп медбикесі Г. Бабаханова және сынып жетекшілері жетекшілігінде, 8- 9-10-11-сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті.
Мектеп психологи У. Садбахасова жиналыстың мақсатымен таныстырды. Бүгінгі біздің қоғамда адамдарды алаңдататын мәселелер өте көп кездеседі. Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық проблемасы. Сол тақырыптар бойынша оқушыларға видеороликтер көрсетіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар да өз ойларымен бөлісіп отырды. Оқушылар мен қызықты тренингтер жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарға жауап таба білді.
Жалпы бұл шараны ДТЖО Н.Азамханов ашып сөз барысында "Әлімжеттік және буллинг", "Кибербуллингтен қорғану жолдары" тақырыбында видеоролик көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

№65 Ә.Мұзрапов атындағы ЖББМ |
|
|
ТІЖДО : Н. Азамханов
Психолог: У.Садбахасова
Педагог -ұйымдастырушы: Т.Усманов
Мектеп тәлімгері: Ш.Аюпов
№ 65 Ә. Мұзрапов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Хаттама
«Көлкент ауылы» «12» 02. 2024 жыл.
Күн тәртібі:
-
Қамқорлықтағы балалардың құқықтарының сақталуы;
-
Сабаққа қатыспайтын, себепсіз босататын балаларды аныктау, іс- шараларды ұйымдастыру, шаралар қолдану;
Қатысқандар: Мектеп директоры Б.Қансейіт, ДТЖО Н.Азамханов, АӘД пәні мұғалімі М. Имамов, әлеуметтік-педагог Б.Нишанкулов, педагог-ұйымдастырушы Т. Усманов, мектеп тәлімгері Ш. Аюпов, сынып жетекшілері және мектеп оқушылар.

Көлкент ауылы «25».12.2023 жыл
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Көлкент ауылында орналасқан №65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы_білім_беретін_мектебі және Көлкент ауылындағы барлық мектептердың тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары 23-24.12.2023 жыл аралығында Сайрам ауданының полиция басқармасымен бірлесекен жоспарына сәйкес профилактикалық іс-шараларды жандандыру мақсатында, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда бірлескен рейдтер ұйымдастырылды.
Рейд барысында Сайрам аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанат Мырзатаев, Көлкент ауылындағы барлық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары бірлесе отырып, аудандық білім бөлімінің бірлескен іс-шарасына сәйкес, мектеп ұжымдарының жауапты қызметкерлері мен күндізгі және түнгі рейдтер, ата-аналармен түрлі келеңсіз оқиғалар, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қаражат жинау бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектебімізге қарасты учаскелерінде 23-24.12 2023 жылы кезектегі "Түнгі қаладағы балалар" атты күндізгі және түнгі рейдтік іс-шараларын ТІЖДО Н.Азамханов , мектебіміз мабильдық топ мүшелері мектеп мөлтек учаскесіне қарасты мейрамханалар, кафе, тойханалар, балалар спорттық ойын-сауық орталықтарында рейдтік іс-шараларыны ұйымдастырып өткізді .
Жеке мейрамхана, кафе, тойханалардың иелерімен кездесіп, "Бала еңбегін қанауға" жол бермеуге, оларға спирттық, алкаголдык, темекі, сигарет тауарларыны сатпауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды, және ата-аналар мен спорттық ойын-сауық кешендері иелеріне балалардың түнгі 23:00 ден 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ерітіп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерлерде жүруіне тиім салынатыны жөнінде құқықтық-ақпараттық кеңестер мен ескертулерді назарларына жеткізілді.

Мектебімізге қарасты учаскелерінде 23-24.12 2023 жылы кезектегі "Түнгі қаладағы балалар" атты күндізгі және түнгі рейдтік іс- шараларын ТІЖДО Н.Азамханов , мектебіміз мабильдық топ мүшелері мектеп мөлтек учаскесіне қарасты мейрамханалар, кафе, тойханалар, балалар спорттық ойын-сауық орталықтарында рейдтік іс-шараларыны ұйымдастырып өткізді .

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Профилактикалық кеңес» тобы+жоспар+хаттамалар+анықтамалар+ бұйрық

шағым қалдыра аласыз