Программаны тестілеу 8 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Программаны тестілеу 8 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Программаны тестілеу 8 сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

«Практикалық программалау»

Педагогтың аты-жөні

Жармушева Перизат

Күні


Сынып 8

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Алгоритмді программалау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.1.1 Python (пайтон) программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау

8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

тестілеу жоспарын құру.Тестіленетін мәліметтерді анықтау. Тәжірибелік (дұрыс / қате) деректер көмегімен алгоритмді тексеру.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы








Жаңа сабақ

Сәлемдесу .Оқушыларды түгелдеу.

Ой қозғау. «Мига шабуыл» әдісі

1.Программаны тестілеу» дегеніміз не?

2.Программаны тексеруге арналған тестілердің қандай түрлерімен таныссың?


Программаны тестілеу процесі үш кезеңге бөлінеді. Олар:

1. Қалыпты жағдайларға тексеру.

2. Төтенше (шегаралық) жағдайларға тексеру. 3. Ерекше жағдайларға тексеру

Синтаксистік қателердің мысалдары:

тыныс белгілерінің қалып кетуі;

жақшалардың сәйкес келмеуі;

оператордың дұрыс жазылмауы;

қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;

айнымалы атының дұрыс жазылмауы;

циклдің аяқталу шартының болмауы;

массив сипаттамасының болмауы т.с.с. Транслятор таба алмайтын қателер Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен, транслятор таба алмайтын көптеген қателер болады. Осындай қателерден мысалдар келтірейік. Логикалық қателер:

шартты тексеруді дұрыс көрсеткенімен, кейін алгоритмнің қай тармағын орындауға өту жолын дұрыс көрсетпеу;

мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;

программада алгоритм блоктарын орындауға қажет болатын бір немесе бірнеше шаманы қалдырып кету. Циклдерде кездесетін қателер:

циклдің басын дұрыс көрсетпеу;

циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;

итерация санын дұрыс көрсетпеу;

шексіз цикл. Енгізу-шығару қателері мен деректермен жұмыс істеудегі қателер:

деректердің түрін дұрыс бермеу;

талап етілген аз немесе көп деректерді оқуды ұйымдастыру;

деректерді дұрыс нәтижеге шығармау. Айнымалыларды пайдалануда кететін қателер:

айнымалыларды олардың бастапқы мәндерін көрсетпей, типін таныстырмай пайдалану;

бір айнымалыны басқа айнымалының орнына қате көрсету

Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателер:

алдын ала нөлге келтірілмеген массивтер;

дұрыс сипатталмаған массивтер;

индекстерінің берілу реттілігі қате массивтер.

Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателер: • айнымалының түрін дұрыс көрсетпеу (мысалы, нақты айнымалының орнына бүтін айнымалыны көрсету);

әрекеттер ретін дұрыс анықтамау;

нөлге бөлу;

теріс санның квадрат түбірін табу;

санның мәнді разрядын жоғалту.

Осы қателердің бәрін программаны тестілеу барысында анықтауға болады.

.


Сәлемдесу.


Балалар сұрақтарға жауап беру












Мұғалімді тыңдайды





















Мұғалімді тыңдайды



Мадақтау



Қалыптастырушы бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Қошаметтеу» әдісі арқылы бағалайды











Компьютер

слайд


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс.

Бөлгіштер Берілген b натурал саны а санына қалдықсыз бөлінсе, онда а саны b санының бөлгіші болады. Мысалы, 15 санының 4 бөлгіші бар: 1, 3, 5, 15. Әрбір берілген b саны үшін оның бөлгіштер саны жұп немесе тақ сан болатынын анықта. N (1 < N <= 105 ) және b саны берілген. Әрбір берілген b (1 <= b < = 1018) үшін бөлгішінің саны жұп сан болcа 0-ді, бөлгіш саны тақ сан болса, 1 санын шығар. Программаның әрбір тестіге жауап беру уақыты 2 секундтан аспайды



Сабақты бекіту сұрақтары

1. Программаны тестілеу қандай кезеңдерден тұрады?

2. Тестілеу барысында қандай қате түрлерін анықтауға болады?

3. Программаны тестілеуге қандай тестілер жинағы беріледі?

4. Тестілеудің программа жұмысына қандай әсері бар?

5. Программаны тестілеу неліктен маңызды саналады?


import math

n=int(input(‘n=’))

for I in renge(1,n+1):

b= int(input(1))

If math.sqrt(b)== int(math.sqrt(b)): print(1, end=’ ’)

else:

print(0, end=’ ’)



Сұрақтарға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау


Есепті компьютерде нәтижесін алуға байланысты бағалау





Есепті компьютерде нәтижесін алуға байланысты бағалау



















Компьютер

слайд











Компьютер

слайд



Сабақтың соңы.

Қорытындылау.

Кері байланыс



Үйге тапсырма

1-тапсырма. Берілген программа кодын (2-сурет) компьютерге енгізбей-ақ үлгі тестілер бойынша тестілегенде қандай нәтижелер алынады?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
1003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі