400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пропорция. Қатынас. Берілген қатынаста бөлу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға екі санның қатынасы, кері қатынас және берілген қатынасқа тең қатынас жөнінде білім беру. Білімді есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке тәрбиелеу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №2. Сабақтың типі: Жаңа материалдарды меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Пропорция. Қатынас.

Берілген қатынаста бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға екі санның қатынасы, кері қатынас және берілген қатынасқа тең қатынас жөнінде білім беру.

Білімді есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №2.

Сабақтың типі:

Жаңа материалдарды меңгерту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білімберу сабағы.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтамалық материалдар» Б.А.Гаусс.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике» 6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

    1. Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

1.Шамаларды сандар айырмасы немесе бөліндісі бойынша салыстырылады.

Соның ішінде шамаларды бөліндісі бойынша салыстыруды қарастырайық.

Мысалы: АВ және СД кесінділерінің ұзындықтарының бөліндісі бойынша салыстырайық.

Анықтама:Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады.

Айталық, АВ=8 см, СД=5 см, 1) 8:5= , яғни АВ кесіндісінің ұзындығы СД кесіндісінің ұзындығынан есе ұзын.

2) , яғни СД кесіндісінің ұзындығы АВ кесінідісінің -індей екенін көрсетеді.

Екі санның қатынасын әріппен жазсақ:

Оқылуы: а санының в санына қатынасы немесе а-ның в-ға қатынасы.

Мұндағы: а –алдыңғы мүше в- соңғы мүше.

Анықтама: Егер алдыңғы мүшені соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшені

алдыңғы мүше етіп жазсақ, онда берілген қатынасқа кері

қатынас алынады.

Мысалы: қатынасына кері қатынас

қатынасына кері қатынас

Қасиеті: Қатынастың екі мүшесінде нольден өзге санға көбейтсек немесе

бөлсек берілген қатынасқа тең қатынас шығады.

Екі санның қатынасын пайызбен өрнектеугеболады. Ол үшін екі санның қатынасын (бөліндісін) 100-ге көбейтіп, пайыз белгісін (%) жазу керек.

Мысалы:

Ендеше 2,7 саны 9 санның 30%-ы мұны сандардың %-дық қатынасы деп атайды.

Тексеру: 9 саны 100%

2,7 саны х %

х=

Есеп: m=350 (г) , m1 : m2= 2: 5 m1=2х , m2=5х

m1- тұз массасы m1+ m2 =2х+5х=7х

m2 – су массасы 7x= 350

m1- ? x=50

m2- ? m1=2·50=100 (г)

m2=5·50=250 (г)





2- тәсіл 2+5=7 (бөлік)

Бөлшек сандардың қатынасын бүтін сандардың қатынасы түрінде жазуға болады.

Ол үшін:

  1. бөлшек сандардың бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін табу керек.

  2. қатынастың алдыңғы және соңғы мүшелерін Е.К.О.Е-ке көбейту керек.

Мысалы:

Оқушылардың жаңа материалдарды игеру деңгейін анықтау:

  1. Екі санның қатынасы дегеніміз не ?

  2. Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады ?

  3. Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады ?

Жаң материалдарды № 37, № 38, № 39, № 40 ,№ 41 , № 42 , № 43 есптерді шығару арқылы бекіту:

№ 37 (ауызша)

№ 38 (ауызша)

№ 39 8:5 ; 15:7 ; 0,6:2 ; 1,4:7 ; 0,25:5 ; 0,8:0,5 ;

№ 40 (ауызша)



VI .Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі:

1. № 44-50

2. Сабақты қортындылау. Оқушылыр білігін бағалау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі