Материалдар / ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің тақырып категорияма келетін балаларға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілген, ол «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекіткен Заң құжаттарында айқын көрініс тапқан.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кенжалиева Ұ.М.

Педагогика және психология мамандығы ППМ -11 тобының магистранты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы


Менің тақырып категорияма келетін балаларға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілген, ол «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекіткен Заң құжаттарында айқын көрініс тапқан. «Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес: бөбекжай қызметінің үлгілік қағидалары; арнайы балабақша қызметінің үлгілік қағидалары; арнайы мектеп қызметінің үлгілік қағидалары; арнайы мектеп-интернат қызметінің үлгілік қағидалары; арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат»қызметінің үлгілік қағидалары; арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж» қызметінің үлгілік қағидалары; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары; оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидалары; психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілген. Онда атқарылатын жұмыстарың бағыттары берілген [2]. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз - оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай – ақ бұл балалардың эмоциональдық ерік – жігер саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Органикалық инфантилизм термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен ХІХ ғ. аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс.

Психикалық дамуы тежелген балалар әсіресе мектеп жасына келген кезеңде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі. Қимыл – қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда үйден алып келген ойыншықтармен ойнап отырады. Мектептегі стуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе жұмыстан бас тартады. Бұл балалардың дене бітімінің дамуы да тежеледі. Мұндай инфантилизм – гармониялық инфантилизм деп аталады.

Өкінішке орай, осы күнге дейін басшылардың, мамандардың және тіпті ата-аналардың үлкен саны білім беру құралдарымен оңалту кешеніндегі рөлі мен орнын жете түсінбейді. Бірқатар жағдайларда кәсіби сауатсыз оңалтудың осы компонентінің мазмұны да анықталады. Осыған байланысты дефектолог - мамандар білім беру құралдарымен оңалту миссиясын, мағынасын анықтайды. Біз "білім беру құралдарымен оңалту" деп айтқан кезде, біз баланы әлеуметтік мұраға, яғни адамзаттың мәдени - тарихи тәжірибесін мұраға алу құқығын қалпына келтіруді назарда ұстаймыз. Кез келген баланың өзіне тән адамдық мұра түрі болып табылатын әлеуметтік мұра тек білім беру саласында ғана жүзеге асырылады. Адам мәдениетінде, әрбір қоғамда отбасы және арнайы ұйымдастырылған білім беру мекемелері жағдайында әр жастағы балаларды оқытуға арналған дәстүрлер мен ғылыми негізделген тәсілдерді қамтитын арнайы құрылған білім беру кеңістігі бар. Дамуында ауытқулар баланың осы әлеуметтік және мәдени негізделген білім беру кеңістігінен "құлдырауына" әкеледі. Дамудағы бұзылулар даму көзі ретінде социуммен, мәдениетпен байланысты өрескел бұзады. Ата-ана мен баланың ең ерте кезеңдерде байланысы өрескел бұзылады, өйткені ересек мәдениет тасығыш дамуында кемістігі бар балаға әрбір қалыпты дамып келе жатқан бала арнайы ұйымдастырылған жағдайларсыз, арнайы құрал-жабдықтармен, әдістермен, оқыту жолдарынсыз алатын әлеуметтік тәжірибені қалай бере алмайтынын білмейді.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта ПДТ балаларды этимологиялық қағида негізінде жіктеу қолданылуда (К.С.Лебединская).

Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады:

1. Конституциялық;

2. Соматикалық;

3. Психогендік;

4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.

Соңғы жылдары елімізде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелерінің ерекше түрі – арнайы мектептер жәні көпшілік жалпы білім беретін мектептер ішінен ПДТ балаларды теңестіруге арналған арнайы сыныптар бөліне бастады.

Жалпы орта білім беретін мектепте түзете - дамыта оқыту сыныптарына әртүрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар тобы қабылданады. Бұл сыныптарда оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшісі, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының түрлері көп.

Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

- шаршап кетпеуін қадағалау;

- оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;

- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

2. Шаршап кетпеуін қадағалау.

3. Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту.

4. Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.

5. Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.

6. Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте күрделі процесс. Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балалардың, ұжымға бейімделуі мен білімді меңгеруінде кедергілер болады. Сол себептен бұл оқушыларды сыныптастарымен теңестіру немесе қатарға қосу негізінде ойын терапиясының маңызы өте зор. Ойын іс-әрекеті баланың танымдық қабылдауына тікелей байланысты жүргізілгені дұрыс. Себебі ойын – оқушының психикалық процестерін дамытудың бірден-бір көзі. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды.

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен бірге баланың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру барысында әртүрлі психологиялық жаттығулар түзете-дамыту ойындарын өткізу қажет. Дамыту ойындары – бұл баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Көмекші құрал ретінде қолданылатын дамыту ойындары арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Осы мақсатта психологиялық дамуы тежелген оқушыларға төмендегі ойындарды жүргізу ұсынылады.

1. «Сенемін-сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:

- Піл ұшу біледі;

- Құстар аспанда ұйықтайды;

- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.

2. «Ақылды үкі» ойыны

Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту.

Балаларға әртүрлі орман мекендеушілерінің суреттері бар карточкалар таратылады. Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы бір бала таңдап алынып, үкі етіп тағайындалады. Ақылды үкі болған бала ортада тұрады. Енді шеңбер бойында тұрған балалардың біреуі өзінің қолындағы карточкадағы бейнеленген жануардың басына түскен бір жағдайды айтады және оны шешу үшін ақыл беуін сұрайды.

Мысалы: Орманда екі қоян бір үлкен жидек тауып алып, оған таласып қалды. Не істеуге болады?

Үкінің ақылы: жидек біреу болғандықтан қояндар оны анасына сыйласын.

Ал егер, үкі ақыл айта алмаса, онда ол кімге ақыл бере алмады сол бала оның орнына ақылды үкі болады.

Қорыта келгенде, психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады. Жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестіру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.






Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Аверин В.А. Психология развития детей дошкольного возраста. СПб:. — 2000.




  1. Ермағамбет Ә. Психологиялық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Алматы, — 2008.


  1. http://artpsy.kz/psihikaly-damuynda-tezhelui-bar-bala/


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!