Материалдар / Психикалық дамуы тежелген оқушылардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал логопед-дефектологтарға керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
1104
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А.Сухомлинский.


Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген оқушылардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Мақсаты: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін және жазба тілін сөздік жұмыс арқылы байланыстыра сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын молайту.  Есте сақтау қабілетін жетілдіру. Көрнекілік арқылы танымдық белсенділігін арттыру. Саусақ ойындарының нәтижесінде баланың сөйлеу тілін жетілдіру.

Көрнекіліктер: көкөністер, жеміс-жидектер, гүлдердің суреттері, сағат, өрнектер жазылған карточкалар, геометриялық пішіндер.


Сабақ барысы: Оқушылармен амандасып, саусақ жаттығуларын өлең жолдарымен орындау.

Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен балаң үйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, балаң үйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

Доп. Алақандар бір-бірімен жабысады.

Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады.

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.


«Суретті құрастыр»

Мақсаты: Баланы бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтас суретті құрастыра білуге үйрету,ойлау қабілетін дамыту, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сурет бөліктерін таңдағанда қателеспеу.

Ойын іс-әрекеті: Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру.

Қажетті құралдар: Бірнеше бөлікке бөлінген түрлі заттардың суреттері


Лото

Мақсаты: Балалардың жеміс-жидек, көкөніс, гүлдер жайлы білімдерін дамыту және олардың өсіп-өнетін орындарын дұрыс айтқызу.

Ойын шарты: Көкөністерді – бақшаға, жеміс-жидектерді – бауға, гүлдерді – гүлзарларға орналастыру.

Ойын іс-әрекеті: Үш үлкен карточка- бақша, бау, гүлзар бейнеленген карточкалар және көкөністер, жемістер , гүлдер бейнеленген көлемдері карточкалар.


«Қол соғу» ойыны

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар: Әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек сағат болуы тиіс.

Ойынның мазмұны. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады.


«Қай вагонға ілемін?» ойыны

Мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнектері жазылған карточкаларды тарату. Олардың мәні вагондардың нөмірлеріне сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмірлі вагон, өрнектерінің жауабы 5-ке тең оқушылар, вагонға сәйкес мәнді әкеліп іледі.



«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

Көңілді шеңбер

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Белгі берілген кезде көздерін жұмады. Сол кезде отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды. Балалар көздерін ашқан кезде «не өзгерді?» - деп сұрайды.

Көрнекті материалдар: Гүл, орамал, көзілдірік.


Саусақ жаттығулары

Үйшік

Егістікте үйшік тұр, (саусақтарының бастарын түйістіріп, үйшік жасайды)

Оған барар жол жабық (қолдарын айқастырып, жолды жабады)

Айқара ашып қақпаны (қақпаны ашады)

Шақырамыз қонақты (қолдарын бұлғап шақырады).


Бас бармағым қайдасың?

Бас бармағым қайда болдың? (екі қолдың бас бармақтарын көрсетеді)

Мына ағаммен тауға бардым, (саусақтарын кезекпен бас бармаққа қосады)

Мына ағаммен отын жардым

Мына ағаммен ән салып,

Ал ініммен тойға бардым.



Қорытынды

Балалар біз бүгін сабағымызда неше түрлі ойындар мен саусақтарымызға арналған жаттығуларды жасадық. Сендер бүгін өте жақсы жұмыс атқардыңдар. Жарайсыңдар!































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!