Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) бала дегеніміз кім, мұндай диагноз қандай балаға, қашан қойылады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) бала дегеніміз кім, мұндай диагноз қандай балаға, қашан қойылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
ПДТ ерекше білімді қажет ететін балалардың психологиялық дамуы мен шығу тарихы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) бала дегеніміз кім, мұндай диагноз қандай балаға, қашан қойылады?


Қазіргі қоғамдағы отбасылық ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың, экологиялық өзгерістер мен зиянды тағамдардың, әлеуметтік экономикалық дағдарыстардың салдарынан жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар балалардың көбеюі жылдан-жылға артуда. Себебі, дерлік жалпы білім беру ұйымдарындағы үлгерімі төмен оқушылардың басым көпшілігін психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар құрайды.

Психикалық дамудың тежелуі дегеніміз (ПДТ) – психикалық даму жылдамдығының қалыптан бұзылуы, жеке психикалық қызметтердің (есте сақтауы, зейіні, ойлауы, эмоционалды-еріктік сферасы) өз жасына сәйкес дамымай, тежелуін айтамыз.

Дегенменде мұндай балалар кеше ғана анықталмағанын біз психикалық дамудың тежелуін дифференциалды анықтау сұрақтарымен айналысқан батыс және отандық зерттеушілердің зерттеулерінен оқи аламыз.

Шығу тарихына үңілер болсақ, ең алғаш 1911 жылы А.Бине мен Т.Симон «псевдоқалыпты емес» білім алушылар тобын бөліп көрсеткенін, яғни ондай топқа оқуда үлгерімі төмен және соматикалық сырқаты бар балаларды кіріктіргенін, В.Филипп пен П.Бочкур үлгерімі төмен оқушылардың арасынан «Субқалыпты балалар» тобын, 1925 жылы И.Борисов «қарым-қатынасының даму деңгейі төмен» балаларды бөлгенін білеміз. Ал,1936 жылы С.И.Федоров 500 үлгерімі төмен оқушылардың арасынан дамуында ауытқу бар, дене және ақыл-ойында тежелісімен ерекшеленетін балаларды бөлген.

Ендеше, психикалық дамуы тежелген (ПДТ) бала дегеніміз кім, мұндай диагноз қандай балаға, қашан қойылады деген сұраққа жауап берейік.

ПДТ диагнозы 8 жасқа дейінгі балаға қойылады, жаңадан туылған сәбиге бұл диагнозды қою мүмкін емес, себебі бала бұл уақытта физиологиялық тұрғыда жақсы дамиды. Көптеген ата-ана баласының психикалық дамуының тежелгенін байқамайды. Себебі, баланың ең алғашқы қоғамдық ортасы балабақшада қандай да бір белсенді ақыл-ойды қажет ететін әрекет талап етілмегендіктен психикалық дамуының тежелуі байқалмайды. Себебі, балабақшада баланың негізгі әрекеті – ойын болып табылады. Баланың психикалық дамуының тежелгенін бала мектеп табалдырығын аттаған сәтте-ақ байқалады. ПДТ-дің негізгі белгілері:

- Сабақта тыныш отыруы қиын;

- Мұғалімді тыңдауы, тапсырманы орындауы қиын және сөздік қоры тым аз;

- Баланың бар ойы ойынға және белсенді қимылға ауып отырады.

ПДТ баланың екі сферасы тежелген болып саналады: ақыл-ой немесе эмоционалды.

Егер баланың эмоционалды сферасының дамуы тежелген болса, онда бала өз жасынан кіші баланың психикасына сәйкес әрекеттер жасайды. Олар үздіксіз, шаршамай ойнайды және өз бетімен күрделі әрекет жасай алмайды, кез-келген ақыл-ойды қажет ететін әрекет өте қиын болып көрінеді. Сондықтан баланың зейіні тұрақталмай, сабақты түсінуі, оқу тәртібіне бағынуы қиын болады.

Егер баланың ақыл-ой қабілетінің дамуы тежелген болса, онда ол керісінше сабақта өте байсалды, шыдамды болып, мұғалім мен ересектердің бұйрықтарына бағынатын болады. Олар өте ұялшақ, жасқаншақ болады. Олар психологтың кеңесіне тәртібіне орай емес, оқу үлгерімінің төмендігіне байланысты жіберіледі.

Сонымен қатар ПДТ баланы қалай ерте анықтауға болады, қандай әдістемелерді қолдану керектігі туралы әдістемелерді ұсынуға болады.

1 жасқа дейінгі балаларға жүргізуге болатын әдістеме: Баланың дене және психологиялық дамуы оның жасына сәйкес келуі керек. Бала мойнын 1,5 айында, арқадан ішке аунауы 3-5 ай аралығында, отыру мен тұру 8-10 аралығында орындалу керек. Баланың сөйлеу қабілетіне де зейін аударған жөн. Бала 6-8 айында былдырлап, 1 жасында алғашқы «ма-ма» буындарын айтуы қажет.

9-12 айға дейінгі балаларға жүргізілетін әдістеме :Бұл кезде балада қарапайым ойлау дағдылары қалыптасады. Мысалға, баланың көзінше ойыншықты қорапқа тығып, «ойыншық қайда?» деп сұрау қажет. Бала жауап ретінде қораптың ішіндегі ойыншықты алып беріп, өз қуанышын эмоционалды көрсетуі тиіс.

1-1,5 жастағы балаларға жүргізілетін әдістеме: Бала қоршаған ортаның барлығына қызығушылықпен назар аударып, бақылап, ұстап, дәмін татып көруге асығады. Егер балада ондай белсенділік байқалмаса, ата-анасы маманның көмегіне жүгінген жөн.

2-3 жастағы балаларға жүргізуге болатын әдістеме: Бала фигураларды өз орнына қою секілді ойындарды еш қиындықсыз орындауы керек.

3-5 жастағы балаға жүргізілетін әдістеме: Бұл жаста баланың дүниетанымы қалыптасады. Ол әр затты өз атауымен атайды. Бала көліктің не екенін, дәрігердің кім екенін түсіндіріп бере алады. Бұл жаста баладан көп ақпаратты талап етудің қажеті жоқ. Дегенмен, сөздік қордың тым аз болуы, дүниетанымның шектелуі баланың ата-анасының күдіктенуі үлкен себеп.

5-7 жастағы балаларға жүргізуге болатын әдістеме: Бұл жаста бала 10-ға дейін еркін санап, осы сандар төңірегінде алу, қосу амалдарын орындай алуы қажет. Ол көп және аз мөлшерін, геометриялық фигуралар атауын еркін айта алады. Негізгі түстерді ажырата алады. Баланың шығармашылық әрекетіне де баса назар аударған жөн: сурет салу, сазбалшықтан илеу, құрастыру бала ойынының негізі құрамы болуы шарт. Егер бала осы аталған әрекеттерді орындай алмаса, онда ата-ана маманның кеңесіне міндетті түрде жүгінуі қажет.

Баланың ПДТ неден пайда болады?

Бала ПДТ-дің пайда болуының бірнеше себебі болуы мүмкін. Кейде ол әлеуметтік жағдай, ал кейде туа біткен бас миының ауытқуы болып табылады.

Балада ПДТ-дің әлеуметтік факторына отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жүргізбеу. Ондай бала ата-ана мейірім мен қамқорлығын сезінбейді. Олар антиәлеуметтік, сәтсіз отбасынан немесе балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларда байқалады. Баланың тәрбиеленген әлеуметтік ортасының ауыр болуы оның психикасында ауыр ізін қалдырып, денсаулығына әсер етеді.

ПДТ физиологиялық себебіне бас миының қалыпты дамуына әсер ететін тұқымқуалаушылық, анасының ауыр жүктілігі, баланың ұзақ сырқаттануы жатады. Бас миының зақымдануының салдарынан баланың психикалық саулығы зардап шегеді.

Баладағы ПДТ 4 классификациясы

  1. ПДТ түрі ПДТ-дің Конститутционалды түрі; шығу тегі: Тұқымқуалаушылық; Себебі Қалай көрінеді? Бала дене бітімі мен психикасының дамымауы

  2. ПДТ-дің соматогенді түрі; шығу тегі: Баланың бас миының дамуына әсер ететін қауыпты аурумен ерте жастан сырқаттануы; Себебі Қалай көрінеді? Баланың ақыл-ойы қалыпты болса да, эмоционалды-еріктік сферасының қызметі бұзылады, дамуында тежелу байқалады.

  3. ПДТ-дің психогенді түрі; шығу тегі: Тәрбиелеудің ауыр түрлері (жетім бала, толық емес, сәтсіз отбасында тәрбиеленген балалар) Себебі Қалай көрінеді? Ақыл-ой мотивациясының төмендеуі, өз бетімен әрекет орындай алмауы.

  4. ПДТ-дің церебралды-органикалық түрі; шығу тегі: Анасының жүктілігі кезіндегі ауытқудан бала бас миының дұрыс дамымауы немесе баланың 3 жасқа дейін ауыр сырқатпен ауыруы; Себебі Қалай көрінеді? ПДТ ең ауыр формасы, эмоционалды-еріктік сферасы да, ақыл-ойының дамуы да анық тежелген.


ПДТ анықталған баланың ата-анасына ұсыныс:

- Бұл ауруды ғылыми тұрғыда меңгеріңіз. Дәрігердің мақалалаларын оқыңыз, психиатр және психологпен кеңесіңіз.

- Мамандардың көмегіне жүгініңіз. ПДТ балаға невролог, психоневролог, дефектолог, педагог-психолог, логопед мамандарының көмегі қажет.

- Оқыту кезінде дидактикалық ойындарды жиі пайдалану. Баланың жасы мен оқыл-ой қабілетіне қарай ойындардың қарапайымнан күрделі түріне кезеңдеп өту. Ойын балаға түсініксіз және қиын болмауын ескеру.

- Баланың сабақ тапсырмаларын орындау кезінде міндетті түрде 30-60 мин уақытыңызды бөлу. Алғашқыда көмектесіп, кейіннен өз бетімен үй тапсырмаларын орындауына үйрету.

- Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің ескертуіне зейін қойып, баланың жалпы жағдайына үнемі көңіл бөлу.

Ата-ана ПДТ баланың ақыл-ойы кем бала емес екенін түсінуі қажет. ПДТ бала тапсырмаларды саналы орындап, айналада болып жатқан құбылыстардың мәнін түсінеді. ПДТ-ді оқыту мен тәрбиелеудің дұрыс формасын таңдай отырып, баламен үздіксіз жұмыс жасап, оны 10 жасына дейін толығымен жоюға болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі