Тақырыбы: «Тәуелсіздік
– қасиет тұнған ұлы ұғым»
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға
деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш
ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге
қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі
жастардың қолында екенін ұғындыру.
Оқушыларға патриоттық тәрбие
беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті
тақта, Еліміздің туы, Елтаңбасы мен
Әнұраны, Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер,
буклеттер.
Кіріспе
бөлімі.
Мұғалім: Армысыздар, тәуелсіз
еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз
еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Соның арқасында
бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған
жеке мемлекетке айналдық. Туған халқымыз тәуелсіздік алды.
Тарихымыздың беттеріне 1991 жылы алтын әріптермен жазылды. Биыл
тәуелсіздігімізге 26 жыл. Осыған байланысты «Тәуелсіздік –
қасиет тұнған ұлы ұғым» атты ашық тәрбие сағатын
бастаймыз.
1-жүргізуші:
Қандай бақыт қуанышты күн
бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны.
Қазақстан Республикасының әнұраны
орындалсын.
2-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен
ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле
бер
Мерейің құтты болсын,
тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе
берер!
Хормен:
Біз қазақпыз, бейбіт
елміз
Пейілі кең бейне
теңіз!
Алтын бесік туған
жерді,
Асқақ әнмен
тербетеміз.
Ән: «Тәуелсіз елдің
ұраны»
Нұртілеу:
Мен-қазақпын мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң
тілімен.
Жылағанда жүрегім күн
тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн
түрілген.
Мен- қазақпын, ажалсыз анамын
мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы
мен.
Пәк сәбимін бесікте
уілдеген
Дәуірлермен құрдаспын,данамын
мен.
1-жүргізуші:
Қайран, қазақ елі... Жас
ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін
сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына
жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер,
тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны.
Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп
тұр.
2-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не
көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан
бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта
халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету
қаупі тұрған еді.
1-жүргізуші:
Осыдан жиырма алты жыл бұрын
егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар
бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы
еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң
халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.
Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін
көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып,
Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға
күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен
Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың
аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге
қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының
нәтижесі.
2-жүргізуші: Желтоқсан
айы...
«Желтоқсан» десе әрбір
қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең
алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды
да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер
еді.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен
жеңгесі дастархан басында отырады.
Үйге
милиционер жігіт
кіреді.
Милиция: Біз
органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген
азаматты
тұтқындауға
келдік. Прокурордың санкциясы бар.
Міне!
Жеңгесі: Қайрат,
бері кел.
Милиция: Тез
жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау
бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы
бар
еді?
Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше,
сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске
қатысыпты.
Анық – қанығын
тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде
Қайратты милиционер алып кетеді.)
Ерасыл:
Тәуелсіздік
төрімізде,
Желбірейді
туымыз.
Қазақпын деп
мақтанады,
Қызымыз бен
ұлымыз.
Ән: «Қазағым
менің»
Нұрасыл:
Отан деген от басынан
басталар,
Отбасыма от салмасын
басқалар.
Отан деген қасиетті,
киелі,
Отан десем оянады асқақ
ар!
Отансыздар мына өмірде бос
қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ
жасқанар.
Отанымды күзетеді
адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас
қағар.
Көрініс
Талғат: Апа, апа, Қайрат
көкемнен хат келді.
Анасы:
Рас па?
Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды
басайын.
Қайраттың
хаты: Амансыздар ма, анам,
туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді
деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене
көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың
жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан
сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де
топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға
шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз –
азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес,
«ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні
алыс емес! Аман болыңдар!
Ана:
Ұлым
менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын
алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы
анашың...
Шуақ:
Қазақстан – Тәуелсіздік
бесігі,
Басқалардың тимесінші
кесірі.
Елдің көшін өрге бастап
барады,
Нұрағаңмен егіз болар
есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік
бесігі,
Бесігімде тербеледі дос
үні,
Ұлттардың ұйып тұрған
ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық
осыны!
Көрініс
Тергеуші:
Сен өзің
Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ
па?
Қайрат:
Жоқ, мен
Савицкийді көргенім жоқ!
Тергеуші:
Ақымақ!
Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот
келе жатыр!
Үкім:
Қазақ КСР
Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987
жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер
жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы
Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып
мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің
60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға
бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1
бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға
кесілсін.
Қайрат:
Күнәдан
таза басым бар,
21-де жасым
бар,
Қасқалдақтай қаным
бар,
Бозторғайдай жаным
бар.
Алам десең
алыңдар!
Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым
бар.
«Еркек тоқты
құрбандық»
Атам десең
атыңдар!
Айым:
Қазақпыз
Қадірлейтін қыран
далам
Қазақпыз
Сол даладан сыр
аңдаған
Қазақпыз
Қобланды, Ертарғын
боп
Жасынан жауға шауып
Ұрандаған!
Қазақпыз
Талай сыннан өте
білген
Қазақпыз
Көкірегінен от
өрілген
Қазақпыз
Ракета ұшырғыш
боп,
Байқоңыр топырағынан
көтерілген.
Ән: «Көк тудың
желбірегені»
Еділ:
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегімді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды теп-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы – құт,
жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Олжас:
Тәуелсіздік - тірлігімнің
айғағы
Татулығым – бірлігімнің
айғағы.
Сөгілмесе еліміздің
іргесі,
Әлде де бар ұрпағымның
арманы.
Димаш:
Қазағымның тарихы жатқан
аңыз
Ел болдық егеменді
мақтанамыз.
Төбеміз көкке жетті
қуаныштан,
Жаңғырды ата дәстүр,
салт-санамыз.
Ұлжан:
Тәуелсіздік бақытына
оранып,
Елім жатыр шаттығына
қуанып.
Желбірейді көкте туы
әдемі
Егемен ел бал дәуренін
өткеріп.
Ән: «Күн дидарлы
Қазақстан»
1-жүргізуші:
1991 жылы 16желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп
жарияланды.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолында талай
жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең
қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата- бабаларымыз басынан кешті.
Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның
тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек.
Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды
көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға
міндетті»-деген.
Еділ:
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Ән: «Бала
тілегі»
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен
ел,
Тәуелсіз күнің туды
кенеле бер.
Мерейің құтты болсын
Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе
берер!
2-жүргізуші:
Мерекең құтты болсын егемен
ел,
Терезең барлық елмен тең ерен
ел.
Бабалар мәңгі бақи арман
еткен,
Теңдікті,бостандықты
иеленгендер.
Ән:
«Атамекен»
Хормен:
Отан
туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Ән: «Туған
жер»
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар,
оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ендігі сөз кезегін тәрбие
сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.