Материалдар / психология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

психология

Материал туралы қысқаша түсінік
емтихан билеттеры
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2024
249
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Зейін және оның маңызы. Зейіннің түрлері және негізгі қасиеттері. Оқушылар зейінін дамыту жолдары.

Зейін — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын.

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады зейіннің бес қасиеті бар: зейін, тұрақтылық, көлем, таралу және ауысу. Әрине, зейіннің аталған қасиеттері зейіннің барлық түрлерінде — еріксіз, ерікті және еріксіз түрде көрінуі мүмкін.

Зейінді дамытудың жолы — жаттығу және берілген тапсырманы орындату. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ әуен, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.

Сабақтың басында немесе ортасында нейрогимнасикалық жаттығулар жасау өте пайдалы. Баланы үстелге отырғызыңыз. Жаттығу кезінде екі қолмен бірдей жұмыс жасалады. Алдымен алақанмен, одан соң алақан қырымен, соңында жұдырықпен үстел бетін кезектестіре бір-бір реттен ұрғылауға тиіс. Бастапқыда асықпай жасап, біршама жаттыққан соң жылдамдықты арттыра түсу қажет.


  1. Қиял және оның маңызы. Қиялдың түрлері. Оқушыларда қиялдың дамуы және қалыптастыру

Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Қиял түрлері: Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді.

Пассив қиял-адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады.

Актив қиял-адамның саналы түрде мақсат қоюмен байланысты о.браздардың әдейілеп жасалуы.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту - олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мысалы: көркем әдебиет кітаптарын оқу, музей және галереяларға бару, ұйымдасып музыка тыңдау бала қиялын жаңа мазмұнға толықтыра түседі. Оқушылардың қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен естігендей күйге түседі. Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің баланың қиялын дамытуда көмегі зор. Шығармашылық қиялды қалыптастырудағы тамаша құралдың бірі - арнайы және еркін тақырыпқа шығарма жазу. Оқытудың алғашқы жылынан бастап, оқушыларды әдебиеттен, сурет салудан, қол еңбегіне нәр қилы шығармашылық еңбекке ынталандыру қажет.


  1. Ес.Естің маңызы, түрлері және процестері. Ассоциациялар. Оқушыларда естің дамуы және тәрбиелеу жолдары.

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.

Психикалық белсенділікке қарай · Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі; · Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру; · Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту; · Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз. Ес -есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады. Бір нәрсені еске сақтау —оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.

Ассоциация дегеніміз не - анықтама. Бұл психологиядағы белгілі бір оқиғалар мен фактілер арасында пайда болатын, санада бейнеленетін және есте сақталатын тұрақты байланыс. Бұл бізді бір құбылысқа тап болған кезде екінші құбылыс туралы ойлауға мәжбүр ететін байланыс. Осылайша, түлкі – қулық, қоян – қорқыныш, қызыл – құмарлық, ақ – тазалық сияқты келесі ассоциативті байланыстар туындайды.

есте сақтау қабілетін дамыту: -диктанттар, оның ішінде таңдамалы, еркін; - "Жанды сөздер" ойыны; - көңілді жаттаулар; - суреттері бар жеке карточкалар; -кестелер, алгоритмдер; -ұсыныспен жұмыс бойынша "жаттығуларды" жаттықтыру; -орыс халық тілінің бұрмалары мен таза сөйлемдері; -дидактикалық сөзжұмбақтар; -дидактикалық жұмбақтар; - "Дыбыстарды тыңдайық" тапсырмалары; -сауат ашу сабақтарындағы көңілді өлеңдер.


  1. Түйсік. Анализатор, түйсіктің физиологиялық механизмі ретінде. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары мен түрлері. Түйсіктің дамуы.

Түйсік (ағылш. Sense) — адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады.

Түйсіктердің физиологиялық механизмі анализатор деп аталатын арнайы жүйке аппаратының қызметінен тұрады. Әрбір анализатор келесідей қасиетке ие: - тек белгілі мөлшерде ғана энергия көзін жұмсау; -осылайша өзінің физикалық-химиялық күйін өзгерте алуы - химиялық энергияны электрлік потенциалға айналдыра алу.

Түйсік негізгі заңдылықтары:

Сезгіштік — адамның түйсіне алу қабылеті. Ол екіге бөлінеді: абсолюттік және айырма. Абсолюттік — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түсіндіре алуы. Айырма — сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.

Адаптация — сезім мүшелерінің біртіндеп бейімделуін айтамыз. Сезгіштіктің артуын және төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде, немесе керісінше.

Сенсибилизация — сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артады.

Синестезия — тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.

Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi.

Түйсікті дамыту Бұл әдеттердің өзгеруі және медитация, шығармашылық жаттығулары, зейін немесе эмоционалды интеллект пен позитивті ойлау практикасы сияқты белгілі бір іс-әрекеттерді орындау арқылы мүмкін болады.


  1. Эмоция мен сезім. Олардың маңызы. Күрделі эмоциялар. Жоғары сезімдер. Сезімде көрінетін формалар. Эмоциялар мен сезімдердің дамуы.

Эмоциялар мен сезімдер адамның ішкі дүниесінің негізін құрайды. Бұл тәжірибе түріндегі шындықтың көрінісін білдіретін психикалық процестер. Сонымен қатар, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.

Сезімдер — бұл өзімізге және басқаларға деген көзқарасымызды көрсететін күй. Бұл адамның сыртқы жағдайларға қанағаттануының субъективті көрсеткіші.

Эмоциялар— сезімнің ашылатын көріністері. Мысалы, егер адам музыканы жақсы көретін болса, бұл сезім. Әдемі әуенді естігенде ол "рахаттану" жағымды эмоциясын, ал орындау жалған болса, тыңдаушы "ыза" жағымсыз эмоциясын бастан кешіреді.

Күрделі эмоциялар — аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, кӛніл күй жатады.

Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда ӛтеді.

Адамның жоғары сезімдері: имандылық, интеллектілік, эстетикалық.

Жоғары сезімдердің қалыптасуына адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді.

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс.

Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну, наздану, қорқу, қайғыру, үрейлену, т.б. — сезімнің эмоция деп аталатын қарапайым түрлері.

Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты олар түрлі деңгейде көрінеді.

Адамның органикалық қажеттері мен инстинктеріне байланысты қарапайым, өткінші эмоциялардан (күлкі, жылау, т.б.) мұның күрделі түрлерін (аффект, көңіл, құмарлық, стресс) ажырату қажет.

Эмоциялардың көмегімен адам айналасында болып жатқан барлық нәрсеге жауап береді, өз сезімдерін білдіреді. Эмоционалды даму - бұл қоршаған ортаның құбылыстарына жауап беру, өз сезімдерін бақылау және олардың көріністерін басқару қабілеттерін қалыптастыру процесі.


  1. Жеке тұлға туралы түсінік. Жеке тұлға бағыттылығы. Жеке тұлғаны қалыптастыратын факторлар.

Жеке тұлға — әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.

Тұлға бағыттылығы — тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан тәуелсіз орнықты түрткі ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен мұраттармен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді.

Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады.


  1. Темперамент. Темпераменттің физиологиялық негізі. Темпераменттің психологиялық сипаттамасы.

Темперамент – сыртқы тітіркендіргіштерге реакция жылдамдығы мен күшін анықтайтын жүйке жүйесінің тұрақты қасиеттерінің жиынтығы. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл жеке адамның психикасының негізгі параметрлері. Темперамент адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқына айтарлықтай әсер етеді.

Жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғарғы жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.

Темперамент — бұл қарым—қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

Сангвиник — ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.

Холерик — ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын.

Флегматик — селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады. Меланхолик — селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.

  1. Психиканың пайда болуы. Жануарлар әлемінде психиканың дамуы. Сананың шығу тарихы.

Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі — тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі, сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Егер жалғыз ғана биологиялық жағдай болғанымен, оған сыртқы дүние әсер етпесе, психика пайда болмайды. Психика —сыртқы дүниенің сәулесі, хайуанаттарға сыртқы дүние, адамға — тарихи әлеуметтік жағдайлар адамның биологиялық негіздеріне әсер етеді, психиканың дамуын меңгеріп, басқарып отырады.

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды. Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Даму процестерінде жәңдіктердің жүйке саласы, сезім мүшелері пайда болады, ол күрделенеді. Ал адамда осы даму процесінде психиканың ең айрықша сапасы — сана пайда болады.

Сананың пайда болуы - бұл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған материалдық жүйелер жүзеге асыратын рефлексияның неғұрлым күрделі, реттелген түрінің пайда болуы. Мұндай жүйелер биологиялық және әлеуметтік болып табылады, сондықтан сананың пайда болуы мен дамуы, яғни. шағылысу формаларының эволюциясы материяның төменгі формалардан жоғары формаларға қарай үдемелі дамуының екі кезеңімен байланысты: 1) тіршіліктің пайда болуымен және дамуымен; 2) қоғамның пайда болуымен және дамуымен.




  1. Психология пәні, маңызы және шығу тарихы. Психика туралы түсінік. Психологияның салалары.

Психология — психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің кӛпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.

Психология тарихы. Психика туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет, Қытай), философия қойнауында пайда бола бастады. Бұл түсініктердің дамуына қоғамдық практиканың, емдеу мен тәрбие салаларының сұраныстары себепші болды. Ежелгі заман дәрігерлері психиканың ағзасы ми екенін анықтап, темпераменттер туралы ілімді дамытты.Антика дәуіріндегі психологияның ұшар шыңы Аристотельдің ілімі болған еді: ол тіршілік ете алатын материалдық дененің ұйымдастырылу нысаны деп ұғындырды. Ол объективтік және генетикалық әдістер негізінде тұжырымдалған психологиялық ұғымдардың алғашқы жүйесін баяндады. ХІХ ғасырда физиологияның қойнауында психикалық функцияларды зерттеудің эксперименттік әдістері пайда болып, бұл функцияларды талдауға сандық бағалауды енгізу тұрғысында алғашқы әрекеттер жасалды (Э.Г.Вебер, Г.Т.Фехнер, Г.Гелъмгольц).

Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды.

Заманауи психология әр түрлі салалар мен тақырыптарды қамтиды, әрқайсысы адамның ойлау, сезім, мінез-құлық және әлеуметтік өзара әрекеттесуінің күрделі аспектілерін зерттейді.

Міне, заманауи психологияның бірнеше негізгі салалары:

Клиникалық психология. Психологиялық ауытқуларды, жүйке жүйесінің бұзылуларын және психотерапиялық емдеу әдістерін зерттейді.

Когнитивті психология. Ойлау, есте сақтау, шешім қабылдау, қиялдау және тілдік қабілеттер сияқты когнитивтік процестерді зерттейді.

Әлеуметтік психология. Адамдардың өзара әрекеттесуі, қарым-қатынас, топтық мінез-құлық және әлеуметтік ықпалдың психологиялық аспектілерін зерттейді.

Даму психологиясы. Адамның өмір бойы дамуын, балалық шақтан бастап егде жасқа дейінгі кезеңдерді зерттейді.

Мектеп психологиясы. Оқу ортасындағы балалардың психологиялық, оқу және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған.

Жұмыс және ұйым психологиясы. Жұмыс ортасындағы мінез-құлық, ұйымдық даму және жұмыс көңіл-күйін зерттейді.

Емдік психология. Психологиялық ауытқуларды диагностикалау және емдеу әдістерін қамтиды.

Спорт психологиясы. Спортшылардың психологиялық дайындығын және олардың жарыстардағы мінез-құлқын зерттейді.

Эксперименталды психология. Психологиялық теорияларды және гипотезаларды зертханалық жағдайларда сынақтан өткізеді.

  1. Ми және психика. Сананың дамуы.

Ми — адамның ойлау жүйесі мен сана сезімдерінің басқарушы тетігі. Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы бөлігін алып жатады. Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек, өйткені ерлер әйелдерге қарағанда ірілеу болып келеді.

Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды.

Сананың пайда болуы - бұл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған материалдық жүйелер жүзеге асыратын рефлексияның неғұрлым күрделі, реттелген түрінің пайда болуы. Мұндай жүйелер биологиялық және әлеуметтік болып табылады, сондықтан сананың пайда болуы мен дамуы, яғни. шағылысу формаларының эволюциясы материяның төменгі формалардан жоғары формаларға қарай үдемелі дамуының екі кезеңімен байланысты: 1) тіршіліктің пайда болуымен және дамуымен; 2) қоғамның пайда болуымен және дамуымен.


  1. Жеке адам туралы жалпы түсінік. Жеке адамның қалыптасуы.

Адам — өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі, әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі.

Жеке адамның қалыптасуы — күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады.


  1. Қарым-қатынас түсінігі және оның маңызы. Қарым-қатынас түрлері. Қарым-қатынас және тіл. Топтың түрлері.

Адамаралық қарым-қатынас (ағылш. Interpersonal relationship) — саналы адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым—қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан:

Тура: жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым—қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас — жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.

Жеке адамаралық қарым-қатынас — топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас — көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.

Тіл — адамдардың қарым-қатынас құралы. Сөйлесім тілі — тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, ұғыныса алады. Тілдік қатынас сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттар жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады.


  1. Ойлау және оның маңызы.Ойлаудың түрлері мен формалары. Ойлау операциялары. Оқушыларда ойлаудың дамуы.

Ойлау — объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.

Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ұғым — бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ой қорытындысы арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы — бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық


Ойлаудың негізгі формалары: ТҮСІНІК — бұл нысанның нақты белгілерін тіркейтін ойлау формасы. Түсініктің көлемі нысандар жиыны түрінде берілуі мүмкін. Пікір — нақты заттардың қасиеті туралы жалған немесе ақиқат екендігі айтылатын ойлау формасы. Пікір ақиқат немесе жалған бола алады. Ой қорыту — бір немесе бірнеше пікірлердің көмегімен жаңа пікір (қорытынды) туғызатын ойлау формасы.

Ойлау операциялары:

Салыстыру. Шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция.

Анализ. Ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

Синтез. Ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ойлау операцияларының күрделі түрі:

Абстракция. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды.

Нақтылау. Жеке нәрселер мен заттар туралы ой.

Оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді.


  1. Қабылдау ұғымы. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдың ерекшеліктері. Оқушыларда қабылдаудың дамуы және оны қалыптастыру жолдары.

Қабылдау — бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Қабылдаудың физиологиялық негізі-үлкен ми сыңарлары қабынудағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:

Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз.

Қабылдаудың құрылымдылығы. Біз белгілі бір объектіні жеке және элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдаймыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Толып жатқын объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз ( оның қасиетін, сапасын ).

.


  1. Қабілет. Қабілеттің түрлері. Балада қабілеттің дамуы.

Қабілет — іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті.

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!