Материалдар / Психологиядан авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиядан авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп психологтеріне арналағн.Авторлық бағдарламада психологиялық тренингтер бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
2201
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Авторлық бағдарлама


Психологиялық тренингтер арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

«Педагогика және психология» мамандарына арналған



















Құрастырған: Жәлел Г.Т

Бұл авторлық бағдарлама 5-11-сынып оқушыларының оқу іс-әрекет кезіндегі ой-өрісін анықтауға және қалыптастыруға арналған психологиялық тренингтертерден құралған.

Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы барлық мамандықтар бойынша психология пәнінде қолдануға арналған. Бұл әдістемелік құрал психологтардың, педагогтардың және топ жетекшілерінің жұмысында көмекші құрал бола алады.

Құрастырушы Үшсарт негізгі мектебінің педагог-психологі Жәлел Гүлжазира Темірбекқызы 2020 жыл



































Түсінік хат

Ұсынылып отырған жұмыс, мектеп психологтері мен сынып жетекшілер үшін кең көлемді ақпараттық маңызы бар материал болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде мектеп психологтері мен сынып жетекшілердің жауапкершілігі арта түсуде. Оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселенің бірі болып отырғаны мектептегі мұғалімдеріміздің бәріне де мәлім.

Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты. Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.

Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген. Сол себепті күнделікті сабақ барысында,оқушылармен түрлі психологиялық тренингтер өткізіп отырған дұрыс.

Психология өмірді сан қырлы жағынан зерттейді.Аталған бағдарламада

мектеп оқушыларына арналған тренинг жаттығулары және тұлғаның өзін — өзі анықтау шеберлігін, біліктілігін дамыту мақсатында бірнеше жаттығулар ұсынылып отыр.

Мектеп психологінің мақсаты бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Бағдарламада 5-11-сынып бойынша топтық және жеке жұмыстар жоспарланған. Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды. Тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас, яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып табылады.















Зерттеу жұмысының мақсаты:

Тренинг жаттығулары және тұлғаның өзін — өзі анықтау шеберлігін, біліктілігін дамыту.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Оқушыларының қарым-қатынас пен ой-өрісіне теориялық талдаулар жасау.

2.Оқушылардың     қарым-қатынас    үрдісіндегі    зейін    қасиеттерінің орнын анықтау.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Психологиялық тренингтер арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту нәтижелі болады.

























1.Жұмыстың барысы: В. Сухомлинский «Аң қанаты»

Мақсаты: Балаларға сүйіспеншіілік туралы түсінік беруӘдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндірі, көрсету, көркем сөз, мақтау-мадақтау.

Жайма шуақ жаз еді. Қаз өз балапандарымен серуенге шығып, оларды шөпті, жұлып жеуге үйретеді. Балапандарға шөптер дәмді көрінеді. Ауа-райының балапандарға ұнағаны сонда олар аналарын ұмытып жан-жаққа бытырап кетті. Аспанды бұлт торлады да жерге жауын тамшылары тама бастады. Осы мезетте оларға аналарының жылы қанаты естеріне түсіп, жүгіріп барды. Осы уақытта бұршақта жауа бастады. Балапандар болса анасының қанаты астында жасырынып жатты. Сол кезде олар қанат ішінде тыныш, ал сыртында қауіпті екенін түсінді. Бірақ олар бұршақтың анасына жауып жатқанын сезбеп еді. Бір кезде ауа-райы саябырсып, тынышталды. Балапандар мәз болып, анасына да қарамай көгалға жүгіре жөнелді. Тек кішкентай балапан ған «Ана сізге не болды?»-деді. Шынындада қаздың қанаттары қатты бұршақтан жаралы еді. Анасы балапанға: «Ештеңе емес, бар ойнай ғой», -дедіде балапандарының қуанышыта көріп өзін бақытты сезінді.

2.Сүйіспеншілік пен мейірімділік

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботасынан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші? Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді: - сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын. Сағынған жиендеріме барып, түннің бір уағына дейін әңгімелесіп, кеш жаттық. Таңға жақын тысырдан оянып кеттім, қарасам, әлгі үйдің 8-сынып оқитын Азамат деген жиеншарым көрпемді қымтап жауып жатыр екен, сірә үстім ашылып, тоңазып қалсам керек. Әй, содан кейін рахаттанып ұйықтадым –ау. Былай қарасақ, елеусіз ғана нәрсе сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?- дейді Қайсар ағай.

3.«Алма ағашы» өсиет әңгіме

Жарық дүниеде Алма ағашы өмір сүріпті.Ол кішкентай бір баланы жақсы көріпті. Бала күн сайын Алма ағашқа келіп жапырақ жинап, орман королін ойнау үшін, олардан шеңбер өреді.  Ол оның діңімен өрмелеп, оның бұтақтарында тербеледі… және алмасын жейді. Алма ағашпен тығылмақ ойнайды. Ойнап болып шаршаған соң Алма ағаштың бұтақтарының көлеңкесінде ұйықтайды. Бала алма ағашты өте жақсы көреді. Алма ағашыда бақытты болады. Уақыт өтіп жатты. Бала ер жетті. Бірде бала алма ағашқа келді. Оның жүзі мұңды болатын. Ағаш балаға: «Менімен бірге ойнашы», — деп тіл қатты. Бала: «Мен енді бала емеспін. Мен енді ағаштың айналасында ойнамаймын, маған ақша керек.Сен ақша бере аласың ба?

«Кешір, менің ақшам жоқ. Бірақ, менің алмаларымды алып, сатсаң болады. Сонда ақша табасың», — деді алма ағашы. Бала өте қобалжулы еді. Ол ағаштағы алмалардың бәрін алып, қуанышы қойнына сыймай кете берді. Ол сол алмаларды әкеткеннен ұзақ уақыт келген жоқ. Алма ағашы мұңайып, жабырқаулы күйде болды. Бір күні бала қайта келді. Сонда ағаш оны қуанышпен қарсы алып: «Менімен ойнашы», — деп өтініш жасады. Ал, бала: «Менің ойнайтын уақытым жоқ. Отбасымды асырау үшін жұмыс істеуім керек. Бізге баспана керек. Сен маған көмектесе аласың ба?» — деді. Менің саған берер үйім жоқ. Бірақ, үй салу үшін менің бұтақтарымды кесіп алып, өзіңе үй салып алуыңа болады.

-Бала өзіне үй салып алу үшін Алма ағаштың бұтақтарын кесіп алды.

Ағаш оның қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзін көріп, риза болып қала берді. Бірақ, ол адам содан кейін ұзақ уақытқа дейін келмей қойды. Алма ағашы тағы да жалғыздықтың зардабын тартып, мұңаюмен болды. Ал бала қайта оралғанда Алма ағаш бақыттан әрең сөйледі.

-Бала, бері келіп ойна, -деп сыбырлады ол.

-Мен ойнау үшін өте кәрімін және қасіреттімін,-деп жауап берді бала. Маған алысқа жүзіп кету үшін қайық керек. Сен маған қайық бере аласың ба?

-Менің діңімді кесіп алып, өзіңе қайық жасап ал,-деп жауап берді Алма ағашы.  Сонда сен алысқа жүзіп кете аласың да, бақытты боласың.

Бала Алма ағаштың діңін кесіп алып,өзіне қайық жасап алды да, алысқа жүзіп кетті. Алма ағаш бақытты еді, өйткенмен…

Тағы да көп уақыт өтті, бала Алма ағашқа қайтып оралды.

-Кешір, бала,-деді Алма ағашы, енді саған берер ештеңем жоқ, менде еш нәрсе қалған жоқ. Саған берер алмам жоқ…», — деді.

-Алма жейтін тісім жоқ, — деп жауап берді.

-Менде бұтақтар қалған жоқ,-деді Алма ағашы, сен оларда тербеле алмайсың.

-Бұтақтармен тербелуге мен өте кәріммін,-деп жауап берді бала.

-Кешір,-деп демін ішіне алды Алма ағашы,-мен саған бір нәрсе болса да бергім келеді…бірақ менде ештеңе қалмады. Мен енді тек кәрі түбірмін. Кешір…

-Ал енді маған көп нәрсе керек емес. Тек тынығып, бой жазатын жер қажет. Осыншама жылдардан бері әбден титықтадым», — деп жауап берді. «Жақсы! Ағаштың ескі тамыры дем алуға өте ыңғайлы. Отыр, жаныма тізе бүгіп, тынығып ал». Бала отырғанда, ағаштың қуанғаннан көз жасы жерге тамып, күлімсірей берді…Алма ағашы бақытты болды.

 1.Бала алма ағаштың кеңпейілділігін бағалай алды ма?

2.Кеңпейілділіктің шегі бар ма?

3.Бала ағаштың кеңпейілділігіне сай ниет танытса, не болар еді?

4.Балаға қандай тілек айтар едіңдер?

Қорытынды:

Бұл әңгіме біздің баршамызға қатысты. Алма ағашы – біздің ата-анамыз. Біз кішкентай болғанда Әкемізбен, Анамызбен ойнаған бізге ұнайтын. Есейгенде олардан жыраққа кетеміз. Оларды анда-санда ғана еске алып, қиналғанда көмек сұрап, сая іздеп келеміз. Біз хабарсыз кетіп, қал-жағдайын білмесекте, қайтып келіп не сұрасақта әке-шешеміз тек біздің бақытты жүзімізді көру үшін қолдарындағы барын бізге береді. Не жұбай, не бала, не достар ешқайсы бізді ата-анамыздай жақсы көріп, біз үшін өздерін құрбан ете алмайды. Сол себепті де «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында» екенін естін шығармайық. Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, сыныптастарыңызды әрдайым бағалай, сыйлай, қадірлей және сүйіспеншілікке бөлей біліңіздер.

4.Ойын «Үйің қайда»

Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту, топ бірлестігін үйрету.

Балалар 3 топқа бөлінеді. «балықтар» , «қояндар», «торғайлар»

Психолог балаларға әр  жануардың өз өмірі сүретін ортасы барын түсіндіреді. Балық суда жүзеді, құс аспанда ұшады, қоян жерде жүреді. Ойын барысында ортаға үлкен шеңбер жасалады. Балалар сол шеңберді айналып музыкалық сүйемелдеумен билеп жүреді. Психолог музыканы тоқтатып; «аспан», «жер», «су»деген команда береді. Сәйкес топтағы балалар шеңбер ішіне кіруі керек. Балалар толық дағдыланғанша ойналады.

Нақыл сөздер.

«Өзіңді қалай сүйсең, Отаныңды да солай сүй » «Махаббат бар жерде- бақыт бар»

Қорытынды: Бүгінгі сабақта өткізілген тренингтен алған әсерлерін сұрау. Сабақ барысында жақсы қатысып отырған балаларға мақтау ретінде смайлик тарату, орташа қатысып отырған балаға сары жұлдызша ұсыну.


5.«Гүлге қонған көбелек» тренингі

Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек. Менің болашақтағы арманым... Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.

Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.

6.«Бір-біріңе жақында» жаттығуы

Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!».

  • « Дыбыстық гимнастика»

  • Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген

  • әріптерді хормен қайталау.

  • Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы

  • үшін маңыздылығын түсіндіреді.

  • А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

  • Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

  • И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

  • О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

  • Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді

7.СТРЕСС

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.

СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.

Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

Стресті қалай жеңуге болады?

Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккеөру және т.б.

Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

«Келесі кездескенше» жаттығуы

Мақсаты: қорытындылау сабағына байланысты қатысушыларға кері байланыс жүргізу.

Нұсқау: Менің қолымда керемет күн тұр (қағазбен жасалған күн). Ол бүгінгі күнге жылы, жарық, куаныш, бақыт нұрын төгіп тұр. Енді сендер бір-бірлеріңе осы күнді беріп, жақсы сезімдеріңмен бөлісіңдер. Бір-бірлеріңе жақсы тілектер айтып, бүгінгі күн- жайлы талқылаңдар.

8.Жаттығу «Тілек жапырағы» (7 мин)

Мақсаты. Толып жатқан тілектердің ішінен бір – екі маңызды да қажетті, қазіргі заманға сай деген тілектерін табу.

Нұсқау. Жұмыс дәптеріңіздегі «Тілек жапырағы» бетшесін толтырыңыз. Бала кезіңізден бастап орындалмай қалған тілектеріңіздің бәрін есіңізге түсіріңіз. Бұл тілектеріңізді енді есіңізден шығарып тастаңыз, себебі бұл орындалмаған тілектер сіздің алдағы армандарыңызды орындауға кедергісін тигізеді, сондықтан да артық тілектің қажеті жоқ. Содан соң тілектеріңіздің маңыздылығы мен орындалуына қарай реттеңіз. Ең жеңіл тез орындалатын тілегіңізге 1 санын, содан соң 2 және т.б. Егер де тілектеріңіздің ішінде қиындығы жағынан бірдей бірнешесі болса оның барлығын бір санмен белгілеуіңізге болады.

Нәтижесін қорыту. Бланкіде 10 баған – 10 бағыттың мүмкіндігі:

1 – физика мен математика; 2 – химия мен биология; 3 – радиотехника мен электроника; 4 – механика мен құрылым; 5 – география мен геология; 6 – әдебиет пен өнер; 7 – тарих пен саясат; 8 – педагогика мен медицина; 9 – кәсіпкерлік пен үй шаруашылығы; 10 – спорт пен әскери іс.

Әр бағандағы «+» белгісін сынаңыз. «+» белгісі қанша көп болса, бүл салаға қызығушылық та сонша. Бес бала бір пәнге немесе осы бағытқа деген анық қызығушылығыңызды білдіреді. Бүл қажетті, дегенмен мамандықты дұрыс таңдадым деген сөз емес.

Ең басты шарт – бейімділігіңіз немесе кәсіби шеберлігіңіз маңызды қасиет. Егер әр бағандағы ұпайың үштен аспаса, онда кәсіби қызығушылығыңыз нашар деген сөз. Бір бұл әдістің қорытындысы бойынша мамандық таңдау қиын, сондықтан біз басқа да тестілер ұсынамыз.

9.Жаттығу «Өзін – өзі анықтау «Мен болғым келеді» (5 мин)

Мақсат. Өзіңіздің қызығушылық автопортретіңізді құрастыру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!