Материалдар / "Психологиялық кеңес беру" сабағы бойынша алынған тақырып "Отбасылық кеңес беру "

"Психологиялық кеңес беру" сабағы бойынша алынған тақырып "Отбасылық кеңес беру "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал үлкен және шағын отбасыларға қиындық болған кезде отбасыларға көмек беретін адамға керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
923
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасылық кеңес беруде психолог-консультанттың құзырлылығы

Жоспар:

  1. Отбасылық кеңес  беру:

  2. Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары

  3. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады

Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:
1.
Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.
4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.
6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.
8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады.
Картер отбасының өмірлік циклінің 6 кезеңін ажыратады:

1. некеге тұру, ата-ана отбасынан бөліну

2. жас жұбайлардың бір-біріне бейімделуі

3. баланың пайда болуы

4. балалар есейген сайын ата-ана-бала қарым-қатынасының өзгеруі

5. ересек балалардың отбасынан "шығуы"

6. дамудың соңғы кезеңіндегі отбасы, ата-әжелердің жаңа рөлдерін дамыту.

Егер отбасының әр мүшесі отбасының бір сатыдан екінші сатыға табиғи ауысуын оңай қабылдаса, жаңа рөлдер мен жаңа міндеттемелерді қабылдауға дайын болса, отбасы өзінің үйлесімділігін сақтайды.

Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.
Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.
Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.
Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:
1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).
2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?
3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?
4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?
5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?
6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Қорытындылай келе психолог кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Малкина-Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006.

2.Эриксон Э. Детство и общество/ Пер. с англ.-СПб.:Речь,2000.-416с.

3. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.: Изд-во Моск.ун-та,1990.-367б





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ