«Психологиялық қызметтің
міндеттері, жұмыс бағыттары және оны жүзеге асыру
формалары»
Алматы облысы Іле ауданы
«24 лицей мемлекеттік коммуналдық мекемесі»
педагог-психологі;
Болекбаева Салтанат
Касымовна
Аннотация. Бұл зерттеуде автор
психологиялық қызметтің жүзеге асыру формалары кезінде қолданатын
бағыттары мен формалары қарастырылған.
Тірек
сөздер: инновация, практикалық
психология, әдістеме, жаңа заман талабы,
білім.
Зерттеудің
өзектілігі. Білім беру жүйесінде
психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен
назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін,
таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің
көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге
мұғалімдердің өздеріне өте қиын.Сондықтан да білім беру жүйесінде
психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған
мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеудің
әдістері: практикалық психология,
психологиялық бақылау.
Зерттеу
нәтижелері.
Қазіргі таңда практикалық
психология белсенді даму үстінде: психологиялық қызметтің небір
салалары бар. Психология күнделікті өмірде болып жатқан
құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық
тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын,
түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс.
Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен,
айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге
тәрбиеге тығыз байланысты.Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар
– оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі
татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре
отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз. Психологтың барлық
міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып, мен
өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын.Себебі, мен өз
мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай
деңгейге жеткізгім келеді. Мектеп психологиялық қызметінің жұмысына
қажетті әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі мәселелері
болғандықтан баяндаманың тақырыбын: «Қазіргі
кезеңдегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары мен
іс-құжаттарының түрлері» деп алдым.
Психологияда қолданатын
әдіс-тәсілдер:
Баланың әр жас ерекшелік
кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін
тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз
ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал
етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық
жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен
анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен
және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе
білуімен анықталады.
Міндеттері:
—
білім беру жүйесіндегі
психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша
ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық
қызметінің міндеттері мен мазмұнын
анықтау.
Тұлғаға бағытталған
технология.
Баланың әр жас ерекшелік
кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін
тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз
ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал
етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық
жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен
анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен
және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе
білуімен анықталады.
Міндеттері:
—
білім беру жүйесіндегі
психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша
ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық
қызметінің міндеттері мен мазмұнын
анықтау.
Әлеуметтік-диспетчерлік
бағыттар:
1) педагог-психологтың және
кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі,
функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу
бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.)
аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер
туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек
көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің
мониторингін жүргізу.
Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған
проблемалық
себептердің ғылыми-теориялық негіздерін
қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар
жасау.
Қорытындылай
келе ұжымдағы өзара қарым-қатынас
типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты
жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім
беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі.
Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни
жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары,
адам жанын танушы болуы қажет деп білемін!
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:
1. Қазақстан
Республикасы “Білім туралы” Заңы. /ҚМ., 23 шілде,
1997
2.Орта білім беру ұйымдарында
психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20
желтоқсандағы № 528 Бұйрығы.
3.Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология»
IIII — бөлім
Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы»
әдістемелік көмекші құрал
4.О.Н.Истратова,Т.В.Эксакусто Большая книга
подросткового психолога
5.Е.И.Рогов Настольная книга практического
психолога
6.С.Нұржанова Жалпы және балалар
психологиясы
7.А.Панова Әлеуметтік педагог қызметі:
ұйымдастыру және жоспарлау
8.Мектептегі Психология в школе
журналдары
9.Большая энциклопедия психологических тестов М
Эксмо, 2007г
10.М.М.Байбекова, П.М.Ибраева «Әлеуметтік
психологиялық тренингтер, әдістемелер мен жаттығулар» Шымкент
2012ж
11.Источник:
https://www.tarbie.kz/32340