Материалдар / Психологиялық сабақ "Эмоцияңды басқара біл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық сабақ "Эмоцияңды басқара біл"

Материал туралы қысқаша түсінік
5-8 сынып оқушыларына арналған психологиялық сабақ. Тақырыбы "Эмоцияңды басқара біл". Балалар адамның бет-жүзінен оның эмоциялық кейпін аңғаруға жаттығады, оқушылар өз эмоцияларын тізгіндей білуге үйренеді; эмоцияны дұрыс шығара білуге жаттығады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2024
648
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оразалина Фарида Тураровна

Сәтбаев қаласы, С. Сейфуллин атындағы гимназия психологы

Сабақтың тақырыбы. Эмоцияңды басқара біл. 6 сынып. (психологиялық сабақ) Сабақтың мақсаты: адамның бет-жүзінен оның эмоциялық кейпін аңғаруға жаттығу, оқушыларды өз эмоцияларын тізгіндей білуге үйрету; эмоцияны дұрыс шығара білудің жолдарын үйрену.

Құрал-жабдықтар: тыныш әуен, қағаз, мимикокарталар, суреттері бар парақшалар, эмоциялар жазылған карточкалар, түрлі-түсті дөңгелекшелер, матаға мақта салынып жасалған жүрек.


Сабақтың барысы.

  1. «Шаттық шеңбері».

Психолог: «Барлығымыз шеңбер құрамыз. Енді өзіңіздің досыңызбен немесе өзіңізге ұнайтын сыныптасыңызбен жұп құраңыз. Бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыздар да, көздеріңізді жұмыңыздар. Терең тыныс аламыз. Тағы да бір рет. Енді бір рет. Қолымызды алға созамыз, қолдарыңыз тамаша гүлдер көмкеріп келеді. Соны көз алдарыңызға елестетіңіздер... (жалғасы бар).

Осылай біртіндеп бір-біріміздегі сенімсіздік, түсінбестік мұзын ерітеміз. Бір-біріңізге қандай гүл таңдағаныңызды айтыңыз. Бір-біріңізбен өз әсерлеріңізбен бөлісуіңізге бірнеше минут беріледі».

Талдау.

Сізді гүлмен орағанда қандай әсерде болдыңыз?

Өзіңіздің досыңызды гүлмен толтырғанда қандай әсерде болдыңыз?

Сол гүлдерді көрдіңіз бе?

Гүлмен көмкеріп жатқанда алақаныңыз не сезді?

Қандай жылы лебіздерді досыңызға тіледіңіз?


Психолог: «Барлығыңыздың да көңіл-күйіңіз жақсарды».

  1. Люшердің «Түстер тесті».

Психологтың сөзінің жалғасы: «Осы көңіл-күйлеріңізді түстер арқылы беріңіздер. Люшердің «Түстер тесті» арқылы адамның көңіл-күйін, мінез-құлқын, жұмысқа қатысын байқауға болады. Өздеріңіз ұнататын түсті көрсетіңіз» (Оқушылар ұнаған түстерін дөңгелекшермен көрсетеді. Психолог әр түске анықтама береді).

Қызылдар – жігерлілік танытады, белсенді іс-әрекет жасайды, жетістікке ұмтылады, аздап агрессияда танытуы да мүмкін. Көктер – тыныштық, қанағат. Жасылдар – сенімділік, табандылық, кейде бірбеткейлік. Сарылар – қарым-қатынас жасауға талпыну, көңілділік, әсершілдік. (Психолог түстердің басымдығына қарай оқушылардың көңіл күйін анықтайды).

  1. Тақырыпқа ену.

Мимикокарталар арқылы оқушылар адамның бет-кейпіндегі эмоцияларды атайды. (Қуаныш, ашу, ыза, жиіркену, таңдану, жек көру, ұялу, мұңаю, шаршағандық, күлімсіреу, жайдарылық т. б.)

  1. «Менің бет-жүзім» жаттығуы.

Мақсаты: өзінің сезімдері туралы ойлау және оны басқалармен талқылауды үйрену.

Жүргізілу жолы. Психолог: «Мен сіздерге адамның беті салынған парақшалар беремін, әрқайсысының астында эмоциялар берілген, сол эмоцияңызды салыңыз. Суретті салып бітіргеннен кейін әңгімелесеміз».




Талдау.

Сіз мынадай түрде қашан боласыз?

Адамның көңілсіз екенін тағы да қандай белгілерден білуге болады?

Сіз өз сезіміңізді көрсеткенді ұнатасыз ба немесе жасырғанды ұнатасыз ба?

(Қорытындылау).


  1. «Менің эмоцияларым» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың әртістік қабілетін арттыру және сенімсіздіктен, қысылудан арылуға көмектесу, жағдайға сай эмоцияларды тани білуге үйрету.

Психолог: «Мен қазір кейбіреулеріңізге карточкалар беремін, мұнда адамның эмоциялық кейпі және оның денесінің бір бөлігі жазылған. Сіз карточканы мұқият оқып, сол кейіпті бетіңіз және аталған дене бөлігі арқылы көрсетесіз. Ал біз сол кейіпті табуымыз керек».

Карточкалар: «Қайғы. Бет.», «Қуаныш. Ерін.», Үрей. Аяқ.», «Мақтаныш. Иық.», «Таңдану. Қас.», «Бөспелік. Оң қол.»

Талдау.

Бұл эмоциялар нені білдіреді?

Қандай өмірлік жағдайларда пайда болады?

Не үшін біз адамның бетінен оның эмоцияларын байқай білуіміз керек?

Біз эмоцияларымызды тежей аламыз ба? Теріс эмоцияларға қандай эмоциялар жатады? (мазасыздану, қобалжу, үрей, ашу, ыза, өкіну, қапалану, қынжылу, стресс).

Ұнамды эмоциялардың орынсыз қолданылуы мүмкін бе?

Теріс эмоциялардан арылу үшін біз қандай амал-тәсілдерді қолданамыз?

(Қорытындылау).

  1. Кеңес беру.

Интерактивті тақтада «Өз эмоцияңды қалай басуға немесе басқаруға болады?» атты психолог кеңесі көрінеді. Оқушылар оқиды және өздерінің де амал-тәсілдерін айтады.

«Өз эмоцияңды қалай басуға немесе басқаруға болады?» психолог кеңесі.

  1. Сергіту сәті.

Әр топ аталған әрекеттен кейінгі өздерінің күйін көрсетеді.

8. Конфликт жағдайды бейбіт жолмен шешудің жолдары. Тренинг-жаттығу. Психолог: «Конфликт дегеніміз 2-жақтың қарама-қарсы келуі». Оқушылар бастарынан өткен конфликт жағдайларды естеріне түсіреді. (Сызбаларды интерактивті тақтадан көрсету).


Конфликт жағдайларды бейбіт шешудің жолдары

І сызба

Менің сезімдерім

БDrawObject2 DrawObject1 DrawObject3 олған

жағдай


DrawObject4

DrawObject5 DrawObject6




DrawObject7 DrawObject8




ІІ сызба

DrawObject9

DrawObject10 DrawObject11



СDrawObject12 DrawObject13 езім



DrawObject14 DrawObject15






Психолог: «Сабағымыздың келесі кезеңінде конфликт кезінде эмоцияны басқаруды үйренеміз. Ол үшін мен әрбір топқа гимназиямыздың балаларының басынан өткен жағдайларды беремін. Сіздер сол жағдайларды конфликті шешудің 3 жолы ( 1. Басу, сол қалпында қалдыру; 2. Ашумен шығару. 3. Бейбіт жолмен шығару.) тұрғысынан көрініс ретінде көрсетіп, осы жолдың қайсысы тиімді соны табасыздар. Өз пікірлеріңізді дәлелдейсіздер».


1-жағдай.

2-жағдай.

3-жағдай.

Мүмкін жауаптар. (Тиімді жолы қарамен берілген).

Конфликті шешудің 3 жолы




Басу, сол қалпында қалдыру




Ашумен шығару




Бейбіт жолмен шығару







3 топтың да көріністерін тамашалау және оны қорытындылау, бағалау.


Қорытынды.

Психологтың сөзі: «Егер сен өзіңнің сезіміңді, эмоцияңды реттей білуді үйренгің келсе, онда өзіңді басқаның орнына қоя білуді үйрен. Конфликт жағдайларын шешуде үш тәсілдің де қолданылатынына көздеріңіз жетті. Кейбір жағдайда біз ашуды пайдаланамыз, кейде кешірім жасаймыз, көп жағдайда бейбіт жолды ұстанған дұрыс. Біреуін жақсы, біреуін жаман деп айтуға болмайды. Әр түрлі тілді шебер қолдана білгендей, осы үш тәсілді де жетік қолдана білуді үйрену керек».



  1. «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері.

Психолог: «Ал енді, балалар, мен жүректі ұстап тұрмын. Жүрек - жылылықтың, мейірімділіктің, махаббаттың нышаны. Бүгінгі сабағымызда басқаға жылы шырай танытып, қарым-қатынаста жылылықты, жұмсақтықты ұстануды үйреніп жатырмыз. Осы жүректі ұстап тұрып бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді айтып, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.


Қолданылған әдебиеттер.

  1. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. Алматы, Атамұра, 1994.

  2. Мен –адаммын. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған құрал. /Құрастырған Б. Қ. Игенбаева. – Алматы, Дәуір, 2000.

  3. Рогов Е. И.: Настольная книга практического психолога в образовании. Учебное пособие.-М.: Владос, 1996.

  4. Цукерман Г. А., Мастеров Б. М. Психология самообразования. М., Интерпракс, 1995.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!