Психологиялық сабақ "Мен жеткіншекпін" 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық сабақ "Мен жеткіншекпін" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының өзін тұлға ретіндегі өзектіндіруінің мағынасын ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «МЕН – ЖЕТКІНШЕКПІН»

7 сынып

Педагог-психолог А.Б.Жарболова


Мақсаты: өзін тұлға ретіндегі өзектіндіруінің мағынасын ашу

Міндеттері:

- өзінің шынайы – «менін» тануына ықпал ету ;

- өзін жетілдіруге деген ұмтылысын дамыту;

- өзіне сенімділікке тәрбиелеу.


Ұйымдастыру кезеңі

«Тәуекелге бел буу» тұрақты сөз тіркесі нені білдіреді?

Мағынасын дәптерге жаз. (Жолындағы кедергілерді айналып өтетін күтпеген шешім қабылдау). Шахматшылар арасында осыған байланысты «Атпен жүру» сөз тіркесі де пайда болған. Ат тура емес «Г» сияқты жолмен жүретін жалғыз фигура. Дәл осы ерекшелігі оны ауыспалы мағынада қолдануға мүмкіндік берді.

Теориялық бөлім

Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектік те жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін» - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді. Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі оң қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдер көруге ынталы, спортты ұнатады.

Жас жеткіншек деген кім?

«Мен кіммін?» жаттығуы

Жас жеткіншекке жататын сөйлемді белгілеп, өз ңұсқаңды жаз.

  • Тұлға

  • Өзін-өзі баламалы бағалау

  • Өздігімен әрекет жасай біледі

  • Қабілетті

  • Қалыпты іс-әрекет

  • Өз ойын тоқтатқан

  • Өзіне сенімді

  • ________________________________

«Мен-тұжырымдамасы – адамның өзі туралы түсінігі, оны бағалаудың жиынтығы. Мен-тұжырымдамасы тек адамның өзіндік қасиетін ашып қана қоймайды, оның болашақтағы даму мүмкіндігін ойластырады». Мен-тұжырымдамасы адамда әлеуметтік өзара әрекет арқылы пайда болады. Ол адамның туғаннан бастап кәрілігіне дейін қалыптасып, өз белгісін қалдырады.

Өзін–өзі бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам - жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар. Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар енгізіп, болашақта кім және қандай болатындарыңды білулерің керек. Барлық салада қабілетті болу мүмкін емес, бірақ жігерлі болсаң, көп жетістіктерге жетесің.

«Мен кіммін?» жаттығуы

Жас жеткіншекке жататын сөйлемді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр.

  • Тұлға

  • Өзін-өзі баламалы бағалау

  • Өздігімен әрекет жасай біледі

  • Қабілетті

  • Қалыпты іс-әрекет

  • Өз ойын тоқтатқан

  • Өзіне сенімді

  • ________________________________

«Өзін-өзі баламалы бағалау» жаттығуы

Өзін-өзі баламалы бағалауына жататын сөйлемді белгіле жене өз нұсқанңмен толықтыр

  • Үлгерімі жоғары деңгейде

  • Үлгерімімде кенет өзгерістер жоқ

  • Жоғары қоғамдық және өзіндік мәртебе

  • Үлкен қызғушылықтар бар

  • Белсендігі әртүрлі қызметтерге бағытталған

  • Қарым-қатынаста өзін және басқаларды тануға қабілетті

  • _________________________________

«Өзін-өзі әсіре бағалау» жаттығуы

Өзін-өзі әсіре бағалауына жататын сөйлемді белгіле және өз нұсқаңмен толықтыр

  • Түрлі қызметте жеткілікті шектеулік байқалады

  • Мәнсіз қарым-қатынасқа үлкен бағыт алынған

  • Үлгерімі жоғары деңгейде

  • Басқалардың пірімен санаспайды

  • агрессивті

  • ______________________________________

«Агрессия» жаттығуы

Агрессияға жататын сөйлемді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр

  • Өз-өзіне деген соңғы бағалауымен сипатталады

  • Қобалжуы көтерінкі

  • Өзін-өзі әсіре бағалауы

  • Өзін-өзі төмен бағалауы

  • Кең әлеуметтік байланыстардан қорқыныш

  • Қиын жағдайлардан шығудан жол таба алмау, менмендік.

«Өзі-өзі бағалауы төмен» жаттығуы

Өзі-өзі бағалауы төменге жататын сөйлемді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр

  • Депрессивті беталысқа тап болған

  • Депрессивті әсер

  • Қарым-қатынасқа аз түседі

  • сенгіш

  • ___________________________________________________

«Мен тұжырымдамасы» жаттығуы

Мен тұжырымдамасына жататын сөйлемді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр

  • индивидтің өзі жайлы түсінігі.

  • оның әрекетіндегі ұстамды беталысы

  • олардық қабылдау мен талқылауы азды көпті катты эмоцияға әкеп соғуы мүмкін

  • мен және өзін-өзі бағалауының кейіпі оның нақты әрекетіне әкелуі мүмкін

  • ___________________________________________________

«Мен » жаттығуы

«Мен» дегенге жататын сөйлемді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр

Мен ол:

  • ол белсенді-шығармашыл, интегративті бастамашыл, индивидтік өзінің мүмкіншіліктерін, өзінің қасиеттерін сезінуге, сондай-ақ саналы түрде өзінің қызметін бағыттап, реттейді

  • оның әрекетіндегі ұстамды беталысы

  • ойлау себъектісі, рефлексивті

  • қабылдау оъектісі және ішкі сезімі

  • белсенді, әрекет етуші

  • _________________________________________________

  • ___________________________________________________


Мен тұжырымдамасы – ол ұстамды сонымен қатар соның негізінде өз іс-әрекетін құрайды.

«Мен шынайы және Мен-идеалды» жаттығуы. Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі бағалап көруіне көмектесу

Нұсқау: өздеріңізді дәптердегі екі тіктөртбұрышты жақтауға «Мен-шынайы» және «Мен-идеалды» бейнелеріңіздің суретін салыңыздар немесе жазбаша суреттеңіздер. 10-15 минут беріледі.

Аяқталған соң екі сұрақпен талқыланады:

- қай кезде үлкен күшті сездіңіздер: идеалды ма әлде шынайыны бейнелегенде ма?

-Қалай ойлайсыздар, осы екі ұғымды біріктіру үшін нені қолдану керек?

«Шамшырақ» аутогенді жаттығу

Мақсаты: қамқорсыздық, осалдық, жалғыздық күйлерін жеңуге көмектесу. Құрлықтан алыс жерден кішкентай жартасты аралды елестетіңіз. Аралдың басында – ұзын, берік шамшырақ тұрғызылған. Сіз сол шамшырақ екеніңізді елестетіңіз. Ақырын келесі сөздерді қайталаңыз:

Мен биік әрі берік тұрған шамшырақпын. Мен бекем тұрмын! Мені қатты желдің өзі шайқай алмайды. Күндіз-түні адамдар мен кемелерге мен мықты жарық сәулесін жіберіп, оларға жол сілтеймін.

Талдау: қайталаған кезде не сездіңіздер?

«Шеңберді бұзып кір»

Мақсаты: өзіне-өзі сенуге, жасқаншақтықты жеңе білуге, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балаларды жеке алып қалады. Қалғандары бір-бірінің қолынан қатты ұстап, шеңбер жасап тұрады. Бала қатты жүгіріп келіп, шеңберді бұзып кіруі керек.

«Айна»

Мақсаты: басқалардың сезімін түсінуге және сезінуді тәрбиелеу. Балалар екіден бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады да, бір-бірінің көзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса, екіншісі оны қайталайды.Тәрбиеші жест және мимика арқылы әртүрлі эмоциональды жағдайларды ұсынады (мұң, қуаныш, қорқыныш, ауыру, жек көру, т.с.с.).

Қатысушылардың жаттығу барысында және оның аяқталу кезіңдегі сезімдері талқыланады.


Сабақтың қорытындысы:

Жетінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?

Бағалау шкаласы:

Өте жақсы – 5 балл

Жақсы – 4 балл

Орташа – 3 балл

Ортадан төмен – 2 балл

Төмен – 1 балл

Өте төмен – 0 балл


Рефлексия

- «Өзектендіру» сөзін қалай түсінесіндер?

- Мен-шынайына тану үшін маңызы?

- Қалай ойлайсыздар адам қандай «Менге» ұмтылу керек?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі