Психологиялық сабақ "Менің сезімдерім мен эмоциям" 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық сабақ "Менің сезімдерім мен эмоциям" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «сезім» және «эмоция»психологиялық түсініктері туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «МЕНІҢ СЕЗІМДЕРІМ МЕН ЭМОЦИЯЛАРЫМ»

7 сынып

Педагог-психолог А.Б.Жарболова


Мақсаты: Оқушылардың «сезім» және «эмоция»психологиялық түсініктері туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

- оқушыларға «сезім» мен «эмоцияның» психологиялық түсінігі мен олардың жүйелері жайында өзектендіру;

- эмоцияның көңіл-күйге әсерін реттеу дағдысын дамыту;

- оқушыларды басқалардың жағымсыз эмоцияларына қалпты көзқараспен қарайға үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

Ботадай боздау – мағынасын ( қатты жылау) дәптерге жазу. Бұл бүгінгі өтетін сабақтың түрі эмоцияға жатады.

«Мен берілмеймін» жаттығуы

Оқушылар жұптасады. Оқушының бірі екінші жұбын күлдіруге тырысады, ал оның жұбының мақсаты эмоцияға берілмей өзін ұстау қажет (күлмеу қажет)

Теориялық бөлім

Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әр түрлi құбылыстармен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi

Кезкелген адамдапайда болатын эмоцияоның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуышарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.


Shape1

Эмоция топтары



Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Жағымсыз

Жағымды



Shape7 Shape6

Shape8 Shape9

Қуаныш, суйіспеншідлік, көңіл-қоштық

Қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, урейлену, үмітсіздену





Shape10

Эмоция түрлері



Shape11 Shape12

Shape14 Shape13

Қарапайым

Күрделі



Shape15 Shape16



Shape17 Shape18

Көңіл, аффект, құмарлық

Органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады







Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байкалатын мөнерлі қозғалыстарды алайык-Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры — үрейі ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр тұрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.

«Түйсік» жаттығуы

Түйсік сөзінің анықтамасын белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр

  • Барлық сезімдердің негізі

  • Эмоционалды өмір

  • Ағзаның әсері

  • Түйсік Бұл барлық сезімдердің негізі. Аштық, шөл, ауырғанды сезіну бұлар эмоционалды өмірдегі бірінші деңгейдің көрсеткіштері.

« Менің көңіл – күйімнің түсі» жаттығуы

Қатысушылар дәл қазіргі кездегі көңіл–күйлерін ассоциациялайтын түстерін шеңбер бойынша атайды. Шеңбер ортасына “қуаныш”, “көңілсіздік», «мұңды”, “ыза”, “үрей”, “қызығушылық” сөздері қойылады, және қатысушылардан бұл түсініктердің қандай байланысы бар екені сұралады. Жауап: бұл – эмоциялар. “Эмоция” сөзіне нақты анықтама беру сұралады.

Эмоция – қаншалықты жағымды болғанына қарай, қандай да объектіге немесе жағдайға деген қарым–қатынас. Басқа адамдардың эмоцияларын, көңіл–күй және өзіндік сезіммен анықталатын, олардың мінез–құлқы арқылы түсінуге болады.

«Көңіл-күй» жаттығуы

Сұрақтарға жауап беріңіз

  • Адамдардың көңіл-күйі кандай болады? ___________________________

  • Көңіл-күйге не әсер етеді? _______________________________________

  • Неге адамның жақсы көңіл-күйі оның өмірлік қызмет саласының көрінісі болады? _________________________________________

Диагностика

Тест: "Сіз эмоцияға жиі берілесіз бе?"

Қаншалықты эмоцияға берілгіш адам екеніңді анықтауға көмектесетін тест:

1. Ашуланған кезде төбелесуге дейін баратын сәттеріңіз бола ма?

А) Өте жиі болып тұрады – 3 ұпай

Ә) Жоқ – 1 ұпай

Б) Кейде – 2 ұпай

2. Деректі фильмдер мен телехикаяларды көрген кезде немесе лирикалық өлең оқып жатқан сәтте көзіңізге жас аласыз ба?

А) Жоқ – 1 ұпай

Ә) Кейде жылаймын – 2 ұпай

Б) Үнемі жылаймын – 3 ұпай

3. Көңіл –күйіңіздің еш себепсіз жиі өзгеріп тұратынын байқайсыз ба?

А) Ия – 3 ұпай

Ә) Өте жиі – 2 ұпай

Б) Жоқ – 1 ұпай

4. Өзге түгіл өзіңіз де тынышталдыра алмайтындай ашуланатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, барлық іс-әрекеттерімді бақылай аламын – 1 ұпай

Ә) Қатты ашулансам да, өзімді ұстай білемін – 2 ұпай

Б) Ия, ондай жағдайлар жиі болмаса да, кейде болып тұрады – 3 ұпай

5. Өзіңізді сабырлы адамдардың қатарына жатқызасыз ба?

А) Жоқ – 3 ұпай

Ә) Ия – 1 ұпай

Б) Бұл сұраққа нақты жауабым жоқ – 2 ұпай

6. Біреумен сөз таластырған кезде жиі жеңіліп қаласыз ба?

А) Әр кезде әр түрлі – 2 ұпай

Ә) Ия – 3 ұпай

Б) Жоқ, ешқашан. Мен ең дөрекі деген адамның өзін орнына қоя аламын – 1 ұпай

7. Біреумен ұрсысып жатқан кезде, төбелесіп немесе қолыңыздағы затты лақтырып жіберген кезіңіз болды ма?

А) Жоқ – 3 ұпай

Ә) Ия – 1 ұпай

Б) Білмеймін, есімде жоқ – 2 ұпай

8. Шешімді қандай сезімде болған кезде қабылдайсыз?

А) Миым сергек кезде – 1 ұпай

Ә) Эмоцияға беріліп тұрған кезде – 3 ұпай

Б) Барлығы сол «сәтке» байланысты – 2 ұпай

9. Еш себепсіз күліп немесе жылап алатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, ешқашан – 1 ұпай

Ә) Кейде ғана – 2 ұпай

Б) Ия, ондай сәттер болып тұрады – 3 ұпай

Жинаған ұпай санына байланысты өзіңіздің қаншалықты эмоцияға берілгіш жан екеніңізді анықтаңыз.

9 – 14 ұпай. Шындығында, сырттай сабырлы да ұстамды болып көрінгенмен, өзіңіздің эмоцияға берілгіш әрі тез ренжитін адам екеніңізді жасырып қалғыңыз келеді. Жасандылық танытамын деп күйзеліске тап болуыңыз да мүмкін. Сол себепті аз уақытқа болсын бетпердеңізді шешкеніңіз жөн.

15 – 21 ұпай. Қанша жерден ашулансаңыз да, ойлау қабілетіңізді сергек күйінде ұстайсыз. Қажет болған жағдайда өзіңізді ұстай да білесіз әрі ішіңізде бұғып жатқан ашуды шығарудан да еш қысылмайсыз. Яғни сіздің мінезіңізде тұрақтылық пен тепе-теңдік бар.

22 – 27 ұпай. Сіз өте сезімтал әрі эмоцияға берілгіш адамсыз. Бір қызығы, осы мінезіңізбен қоршаған ортаңызға ұнайсыз. Қызығушықлықтарыңыз да аз емес. Өзіңіздің жақсы, жаман мінездеріңізді анықтаған соң, эмоцияыңызды бақылап үйренесіз.

Практикалық бөлім

«Менің эмоцияларым» жаттығуы.

Әрбір топтан екі оқушы шығып, түрлі эмоциямен «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деп айтулары тиіс. Мысалы: Қатты қуанып тұрған, қорқып тұрған, уайымдап тұрған, ренжіп тұрған, абыржып тұрған, ұялып тұрған кейіпте.

«Эмоцияны келесі адамға жеткіу» жаттығуы

10-15 оқушы өз қалауларымен шығады. Қатарласып бір-бірінің артына тұрады. Біріншіболып тұрған оқушы артында тұрған оқушыға бір эмоция көрсетеді. Артында тұрған оқушы келесі оқушыға дәл сол эмоцияны көрсету қажет. Берілген эмоцияны түсініп келесіге жеткізу қажет. Осылай оқушылар барлығы көрсету қажет.

Бұл жаттығуда эмоцияны басқару мақсатында қандай тәсілдерді қолдандыңдар?

Сабақтың қорытындысы:

Жетінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба?

Бағалау шкаласы:

Өте жақсы – 5 балл

Жақсы – 4 балл

Орташа – 3 балл

Ортадан төмен – 2 балл

Төмен – 1 балл

Өте төмен – 0 балл

Рефлексия

1.Эмоция дегеніміз не?

2.Эмоцияның қандай түрлерімен таныстындар?

3. Адам өмірінде түйсік қандай ролді атқарады?

4. Эмоцияны қалай басқаруға болады?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
2022
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі