Психологиялық сабақ "Өзіндік бағалау" 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық сабақ "Өзіндік бағалау" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жеткіншек шағын адам өміріндегі ерекше кезең ретінде қабылдауын дамытуға бағытталған. Оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалауын және өзіне жағымды қатынасын қалыптастыру үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «ӨЗІН - ӨЗІ БАҒАЛАУ»

7 сынып


Педагог-психолог: А.Б.Жарболова


Мақсаты: Оқушылардың өз-өзін бағалауын, ерік- жігерін, күш –қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

- өзін-өзі бағалау және оның түрлері жайында ұғымды қалыптастыру;

- оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау және өзін-өзі бағалауынның қарым-қатынас үрдісіне әсернін көрсету;

- қалыпты өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға септесу.

Ұйымдастыру кезеңі

«Дәлме, дәл» тұрақты сөз тіркесі нені білдіреді?

Мағынасын (тура айтылған) дәптерге жазыңдар.

«Дәлме- дәл» - бұл тіркес садақтың ұшын дәл тигізді деген сөздерден шыққан. Сонымен қатар бұл тіркес қандай да бір нәрсенің сәйкес келу жағдайында қолданады.

Теориялық бөлім

Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады

Өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін –өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек

Ой шақыру: - Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің?

- Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?

- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз?

- Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

Топпен жұмыс: Біздің ғасырымызда адамға жоғары адамгершілік керек. Осыған байланысты әр топқа адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі.

Диагностика

Мен

Shape6 Shape8 Shape1 Shape7 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2


Нұсқау: сіздердің дәптерлеріңізде 9 шеңбер берілген. Сол шеңбердің қайсысы сенің орың деп санайсың сол шеңберге белгі қой.

Өңделуі: Алғашқы 3 шеңбер- өзіне деген бағалауы жоғары;

Ортаңғы 3 шеңбер – қалыпты;

Соңғы 3 шеңбер – төмен.

«Айна» ойыны: Өзім жайлы қалай білуге болады? - Алдарында гүл салынған себетте айналар бар. Сол айнаны алып қараңдар да, мына сұрақтарға жауап беріңдер?

1. Сенің көзіңнің, шашыңның түсі қандай?

2. Сенің бойың қандай? ( өзгелермен салыстырғанда)

3. Саған қандай адам көбірек ұнайды?

4. Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?

5. Сен өзіңді сұлумын деп санайсың ба?

-Айна тек сендердің сыртқы бейнелеріңді ғана көрсетіп қоймай, адамның ішкі бейнесін , мінез- құлқын , адамгершілігін білдіреді.

-Басқалардан өзгеше болу – кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.

«Өзін-өзі бағалау» жаттығуы

Төмендегі өзін-өзі балауларды бөліп жазыңыздар. Қай шкалаға жататынын жазыңыздар


Өзін-өзі бағалауы төмен

Өзін-өзі өсіре бағалауы

Өзін-өзі баламалы бағалау

Негізгі өзін-өзі бағалауы

Мен — жаманмын, Сен — жақсысың




Мен жақсымын, сен  — жамансың


Мен  — жаксымын, Сен жақсысын


Мен — жақсымын, Сен —жақсысың

Болуы мүмкін:

Мен — жаманмын, Сен — жамансың

Берілген әр нұсқада адамдар қалай қарым-қатынас жасайды? Қарым-қатынас жасағандай қандай қиындықтарға әкеп соғады?


Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары». Қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алады.

Мен сүйемін...........................................................................................

Маған ұнайды.........................................................................................

Маған қиын............................................................................................

Менің жанымды жадыратады................................................................

Өз достарымның арасында Мен.............................................................

Мен келешекте.........................................................................................

Сонымен, балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз-өзіңді бағалау – кемшіліктеріңді, жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым- қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс-әрекеттеріңді білу деген сөз.

Адам өзін-өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.

Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті. сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз.

Сабақтың қорытындысы:

Жетінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Бағала

Рефлексия

  1. Өзін-өзі бағалау деген не?

  2. Басқа адамдардың бағалауына қандай әсерін тигізеді?

  3. Өзін-өзі бағалау қандай болуы мүмкін?

  4. Қандай өзара қатынасты қалыптастыруы мүмкін?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.00.2018
747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі