Материалдар / Психологиялық сауалнамалар "Мен қандаймын?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық сауалнамалар "Мен қандаймын?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп—интернат оқушыларына арналған тест—ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
8534
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Мен қандаймын?"

Психологиялық сауалнамалар

Материал жайлы қысқаша түсінік: мектеп -интернат оқушыларына арналған тест – ойын:

Суреттегі санның бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. Сіздің мінезіңіз жайлы...

1. Оптимист Сіз өте белсендісіз. Жаныңыз нағыз махаббатқа құмартқанымен, оны таба алмай қаламын ба деп қорқасыз. Жүрегіңізге түскен сызаттарға қарамастан, кез келген адаммен тез тіл табысатын жансыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің онсыз да қиын екенін түсініп, адамдардың алдында көңілді де қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Тұрақты әрі тұйықСіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Ішкі сезімдеріңізді өзіңіз де түсінбей қалатын сәттер болып тұрады. Сіздің ойыңызда не тұрғанын айту қиын. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге көмек қолын соза білетін ақылды да байсалдысыз. Қоғамнан қалмай өмір сүруге тырысасыз. Дәрменсіздерге көмектескенді жақсы көресіз. 

3. Қызуқанды әрі тұрақсыз, Сіз қызуқандысыз. Бөлменің ішіндегі ең жарық шам секілдісіз. Ашуланып жүресіз. Өмірде еш уақытта тоқтамайтын мотормен бірдейсіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Ақылды әрі ашық жарқынСіз өте ақылдысыз. Жақсы кітаптарды оқудан лəззат аласыз. Өзгелердің әлемін аралағанды жақсы көресіз. Терең ойланып, қоршаған ортаңызға сай әрекеттер жасайсыз. Өзгерістер мен жаңа идеяларды ұнатасыз. Тәртіп пен адалдықтың құлысыз. «Өмірде ең бастысы – адалдық» деген ұстанымыңыз бар. Ешкімге бағынбайтын тәуелсіз, дүниетанымы кең адамсыз. Бойыңыздағы көп қасиетіңізді мақтан тұтсаңыз да, оны көрсетпеуге тырысасыз.

5. Жолы болғышҮнемі өзгелер үшін алаңдап жүресіз. Қарапайым, терең ойдың құшағында жүретін мейірімді жансыз. Сізге ұзақ уақытқа жетерлік жоспарлар керек. Осы өмірдің жақсаруына аз да болсын үлес қосқыңыз келеді. Әрбір күнді соңғы күндей өткізгенді жақсы көресіз. Ғаламды тұтастай өзгерте алмасаңыз да, адамдардың өмірін өзгертіп жүрсіз. Ара-тұра жолыңыз да болып тұрады.

6. ПозитивСіз белсенді жансыз. Сіздей күндей жарқырап, ешкімде жоқ энергиясы бар адамға қызықпау мүмкін емес. Айналаңыздағының барлығын білгіңіз келеді. Достарыңыздан да алыс емессіз. Әрбір сағатыңызды бағалап, оны қуанышты сәттерге толтырудасыз. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Әзіл-қалжыңды қызықты қылып айтасыз. Өмірден рахат алғысы келетін адамдар сізбен сөйлеседі. Өзіңізді қуанышқа бөлегенді жақсы көресіз.

7. Табысты әрі энергияға толыСіздің күш-қуатыңыз мол. Бір уақытта бернеше жұмыс істей аласыз. Цирк өнерін меңгерген болуыңыз да ғажап емес. Алдыңызға қойған айқын мақсаттарыңыз бар. Армандарыңыздың орындалуы үшін барынша тырысып бағудасыз. Әрбір қабылдаған шешіміңізге жауапкершілікпен қарайсыз.

8. Тәртіпті әрі мейірімдіСіз тәртіпке бағынуды ұнатасыз. Өзіңіз бар жерде адамдар өзін жайлы сезінеді. Әрбір адамға жеке индивид ретінде қарайсыз. Өмірде бәріне көңіліңіз толады. Күлкіңізде шынайылық бар. Достарыңыз жүрегіңіздің тазалығын ерекше құрметтейді.

9. Мейірімді әрі барлығын да түсінетін адамСіз өте мейірімдісіз. Өмірге деген көзқарасыңыз да ерекше. Әрдайым кешіріп, түсіністікпен қарай білесіз. Тыныш өмірді жақсы көресіз. Айғай-шудан аулақ жүресіз. Бос уақытыңызда өмір туралы терең ойлағанды жақсы көресіз. Уақытты қадірлей білесіз.

 10. Тағдырыңыз өз қолыңыздаСізге кеңес беру артық. Сіз үнемі бәрін сараптап, ақылға салсыз. Сезіміңізді босатсаңыз болды, бақыттың кілті – еркіндікте.
Әзілді қабылдай білесіз бе?

 Берілген тест әзіл-оспақты түсіне білесіз бе, әлде тым байсалдысыз ба, соны анықтауға көмектеседі. 1. Қиялдауға, өзіңізді түрлі жағдайларда елестетіп көруге құмарсыз ба? Иә - 5, Жоқ - 0 2. Сізді ашуландыру оңай ма? Иә- 0, Жоқ- 5 3. Көңіл-күйіңіз белгілі бір істе жетістікке жетуіңізге немесе керісінше, жолыңыздың болмауына байланысты ма? Иә- 0, Жоқ- 5 4. Күлкі қысып тұрғанда, күлесіз бе? Иә- 5, Жоқ- 0 5. Көп адам жиналған кезек сіздің көңіліңізді түсіре ме? м - 0, Жоқ- 5 6. Комплементті жақсы көресіз бе, оларға қуанасыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 7. Балалармен тілдескен сізге ұнай ма? Иә- 5, Жоқ- 0 8. Жиі жабырқайсыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 9. Сәтсіз әзілі үшін біреуге ескерту жасайсыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 10. Бейтаныс адамдардың ортасында олардың үстерінен мысқылдайсыз ба? Иә- 5, Жоқ- 0 11. Сурет салғанды ұнатасыз ба? Иә- 5, Жоқ- 0 12. Әдепсіздікке келекемен жауап бересіз бе? Иә- 0, Жоқ- 5 13. Таныстарыңыз сізді көпшіл деп санай ма? Иә- 5, Жоқ- 0 14. Экстрасенс, парапсихолог, астрологтарды сынайсыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 15. Өткір сөзден сайысуға барсыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 16. Спорт ойындарын тамашалап отырып, қатты уайымдайсыз ба? Иә- 5, Жоқ- 0 17. Көңілді әңгімелер, қалжыңдар айтуды, тыңдауды ұнатасыз ба? Иә- 5, Жоқ- 0 18. Серігіңіздің үсті-басындағы ретсіздік сіздің көңіліңізді түсіре ме? Иә- 0, Жоқ- 5 19. Мақсат жолында бәрін істеуге болады деп ойлайсыз ба? Иә- 0, Жоқ- 5 20. Әзілді түсінбейтініңіз жайлы өзгелердің пікірі сізді ызаландыра ма? Иә- 0, Жоқ- 5 100 - 85 ұпай. Әзіл-оспақты түсіну қабілетіңіз тіпті, тым артықтау. Бір жағынан, бұл жаман емес. Ал екінші жағынан, күнделікті өмірде бұдан өзге қабілет пен сезімдер керегірек. Бірақ сіз оны әрдайым түсіне бермеуіңіз мүмкін. 80 - 50 ұпай. Адамдарға қуаныш, қуатсыйлайсыз. Ауыр күндерде де әзіл сізбен бірге. Бипаз әрі орнымен әзілдейсіз. Елікпе жан болғандықтан, сізбен сұхбаттасу қызық және сізге сенім артуға болады. 45 - 30 ұпай. Әзілді мүлдем түсінбейсіз деуге келмейді, бірақ бұл сіздің ерекше қасиетіңіз емес. Әзілмен қабылдау керек нәрселерді жиі шындап қабылдап жатасыз. 25 - 0 ұпай. Сирек күлімдейсіз және көп нәрсені шындап қабылдайсыз. Сіздің шамадан тыс байсалдылығыңыз өзгелердің де ұнжырғасын түсіруі мүмкін. Өміріңізде қандай қиындықтар туындаса да, қара бұлтты төндірмеңіз, өзгелермен қатар күліп жүруді үйреніңіз. Осылай өмір сүру өзіңізге де, өзгелерге де жеңілдеу екенін ұғыныңыз.

Арман ағашы
Елестетіңіз, күн шайдай ашық, сіз көгалда серуендеп келе жатсыз. Ауа райы керемет, самал жел бетіңізден өбіп келеді. Бір кезде алдыңыздан бірнеше жеміс бір өзінде өсетін ағаш шықты
. Бұл – арман ағашы. Көзіңізді жұмып, ішіңізден ең аяулы арманыңызды ойлаңыз. Енді қай жемісті алатыныңызды ойлаңыз. Сіздің таңдауыңыз арманыңыздың қалай орындалатынынан хабар береді.  Қараөрік Армандаған ойыңызға қол жетуге сәл-ақ қалды. Байқаған жоқсыз ба? Енді сізге сәл ғана күту қалды. Апельсин Егер таңдауыңыз апельсинге түссе, арманыңыз толыққанды орындалмайтынын білдіреді. Бірақ бұл үмітсіздіктің белгісі емес. Тағдырдың сізге дайындап қойған одан да ауқымды сыйы бар. Банан – жағымды жаңалықтың белгісі. Өміріңіздегі қиын кезеңдер өтіп, ерен еңбегіңіз жемісін беріп, бейнеттің зейнетін көресіз. Алма сізге бүкіл әлемнің мейірбандылығын уәде етеді. Мықты сеніміңіздің арқасында арманыңыз міндетті түрде орындалады. Ананасты таңдасаңыз, сіз өз өміріңіздің шебері болғаныңыз. Талабыңыздың шыңына шығып, арманыңызды жүзеге асыру тек өзіңіздің қолыңыздан келеді. Қандай арман ойласаңыз да, қай жемісті таңдасаңыз да, мынаны ұмытпаңыз: жақсылық та, жамандық та қайтарымымен болады.

Ағаш - Сіз өте мұқият адамсыз. Барлық істеріңізді жоспарлы түрде жүзеге асырасыз. Мақсатыңыздың жолында барлық қадамға баруға дайынсыз. Сондықтан қаталдық сізге тән.  Әйел- Сіз өте эммоцианалды адамсыз. Сондықтан үнемі құбылып тұрасыз. Бірде жұмсақ, бірде қаталсыз. Сондықтан сіздің қаталдық ұзаққа бармайды. Құс - Қаталдық сізге тән дүние емес. Қолдан жасауыңыз мүмкін. Алайда, сіз өте мейірімдісіз және мұны барлығы біледі. 

Адам мінезі оның әр ізінен, әр ісінен көрініс тауып отырады. Әсіресе, киген киіміне қарап болмысына бойлау оңай. Сіз берілген бес бейнеден өзіңізге ең ұнамдысын таңдасаңыз, біз мінезіңіз жайында сыр шертеміз.

1-көйлек. Сақ әрі мейірімді адамсыз. Өмірдің келеңсіз кездерін назардан тыс қалдырып, тек жақсылықты көруге ұмтыласыз. Көпшілік арасында көзге түскен ұнамайды, бірақ үнемі мінсіз боп жүресіз. Романтизмге бай, нәзік жаратылыссыз, мінезіңіз де жібектей. Әйелге тән әлсіз тұстарыңызды орынды қолдана білесіз.

2-көйлек. Жаңа ғана тігілген киімі өзіне құйып қойғандай – бұл теңеу тура сізге арналған. Жетістікке жету құпиясын ешкіммен бөліспейтін жансыз. Теңдессіз стиліңізбен, таңдаулы талғамыңызбен басқалардан айрықшалана түсесіз. Өзгелердің тамсана қараған көзқарасына етіңіз үйренген. Әсіресе ер адамдар сізге көп көңіл бөледі, бірақ сіз оларды көзге де ілмейсіз.

3-көйлек. Құпия бейтаныс. Сіздің бүкіл өміріңіз сахнаның сыртындай сырға толы. Оған тіпті жақындарыңыздың өзі бойлай алмайды. Кез келген шекараның бұзып-жарып өте аласыз. Ал гардеробыңыз классикаға тұнып тұр. Өзіңізге өте сенімдісіз. Ерлер өзіңізге қандай көзқараста екенін жақсы білесіз әрі мұны жақсы қолдана аласыз.

4-көйлек. Тойдың гүлі. Мақтаусыз тұра алмайсыз. Өзгелердің сынап-мінеуін көтере алмайсыз, себебі өз ісіңізге сенімдісіз. Шығармашылық жаратылыс деп сізді айтуға болады, кретивтік шешімдер шығаруды жаныңыз сүйеді. Жарқын харизмаңызды басқалар оңайлықпен естен шығара алмайды.
Қиындықтар сізді қорқыта алмайды, оған тіпті пысқырып та қарамайсыз

5-көйлек. Отбасының ұйытқысы. Ашық-жарқын мінезіңізбен ерекшеленесіз. Сіздің барыңыз да, нарыңыз да – жанұяңыз. Сүйікті адамдарыңыз үшін барлығына бара аласыз. Тіпті өз қалауыңызды да кейінге сырып қойып, өзгелердің ырқына көнесіз. Сізге еш қатысы жоқ адамнан да көмегіңізді аямайсыз әрі одан қайтарымын күтпейсіз. Сәннің жетегінде кетпей, ішкі және сыртқа дамуға инвестиция құясыз.


Әр адам өзінше өзгеше тұлға. Қысқаша тест арқылы өзі туралы қызық та пайдалы ақпаратқа қанық болу мүмкіндігін ұсынамыз. Суреттен не көріп тұрсыз? Қара мысық Сіз өзіңізді барынша жоғары ұстайсыз. Асығыс шешім қабылдайсыз, істі түбіне дейін қазбалауды аса ұната бермейсіз. Бірақ биікке қол созасыз. Сізе аздап тереңнен ойлай және мұқият болу жетіспейді. Жауапкершілікті сезініп, салмақты болуға тырысыңыз. Әйтпесе діттеген жеріңізге жетуіңізге екіталай. Тышқан Аса мұқият, ойшыл жансыз, шешім қабылдауда жеті өлшеп, бір кесесіз. Сіздің бір ғана кемшілігіңіз – өзіңізге еркіндік бермейсіз. Алайда өмір тек жұмыс істеу мен алға қойған міндетті орындаудан құралмайды. Браз уақытты демалысқа да арнаңыз. Әйтпесе уақытынан бұрын өмірден өтіп кетуіңіз де ғажап емес. Ақ-қара жолақ Сіз үшін өмір тек ақ пен қарадан ғана тұрады. Сіз өз қиялыңыздағы идеалдарға ғана сенесіз. Жұмыста да барлығы қалтқысыз орындалуын қалайсыз. Бар мәселе осыда, ештеңе де соңына дейін жасалмайды. Өмірде ақ пен қарадан өзге реңктер де бар екеніне сене алмайсыз.Төмендегі таңдаған жұптардың бірі сіз туралы сыр айтады. Ендеше қай суретті таңдар едіңі

1. Сіздің өміріңізде барлығы жақсылыққа құрылған.   Жолыңыз болғыш, әр күніңіз сәттілікке толы, бақытыңызды еселеу де қиын емес. Қолыңызда барыңызға қанағат тұтып, тағдырыңызға әрдайым алғыс айтып, шүкіршілік етуді ұмытпаңыз. Алда көп күш пен төзімді қажет ететін сындар көп. Алайда оның барлығын еңсересіз. Ең бастысы, өзіңізге деген сенімділігіңізді ешқашан жоғалтпаңыз.  

2. Сіздің жан-дүниеңіз арпалысқа толы.   Не әлдекімге өте ашулысыз, не ренжіп жүрсіз. Тіпті бұл күй басымнан ешқашан өтіп кетпейтін шығар деп, ары қарай не істеу керегін де білмейсіз. Бірақ өмір мұнымен тоқтамайды. Қала сыртына шығып, жаныңызға тыныштық сыйлаңыз, миыңызды демалдырыңыз. Бойыңызға жиналған жағымсыз әсерді түгелімен шығарып тастаңыз, әйтпесе денсаулығыңызға кесірі тиеді. Өкпелеткендерді біржола кешіріңіз де, өмірді таза парақтардан бастаңыз. Өміріңізде әлі-ақ жақсы адамдар мен бақытты күндер көп болады.

3. Қазір сіздің басты ұстанымыңыз – «өмірді жеңілдету».   Жаңа дүниелерді тез қабылдайсыз, шын беріліп дос бола алмағандармен тез қоштасасыз. Жамандықтардан арылу үшін барлығын байқап көресіз. Алған бағытыңыз дұрыс. Кеңістігіңізді тазалайтын уақыт жетті. Өзіңіз қалағандай өмірді сүруг әбден құқылысыз. Қоршаған ортаның орынсыз пікіріне құлақ аспаңыз. Өз ар-ұятыңыз алдында таза болсаңыз болғаны. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Алда не күтіп тұрғанын білгіңіз келе ме? Мүмкін сізге біз ұсынған тест көмектесетін шығар. Ол үшін суреттегі төрт хаттың бірін таңдаңыз. 

1-хат Махаббатта жолыңыз болғалы тұр. Теңіз мұхитында жүзіп, бақыттан басыңыз айналады, сыңарыңыз сізге осындай тосын сый дайындап жатыр. Ал екінші жартыңызды әлі жолықтырмаған болсаңыз, көптен күткен сәт жақындап қалды, сәл шыдаңыз.

2-хат Нағыз жолыңыз болғыш жан екенсіз. Қаржылық жағдайыңызды жақсартып алуға таптырмас уақыт келе жатыр. Тым жуық арада марапаттап, мадақтап, сый ақы бөледі. Лотерея ойнасаңыз да, ұтып кетуіңіз мүмкін. Тәуекелге бел байлайсыз ба? 

3-хат Жүрегіңіз өзгерісті қалап жүр еді ғой. Міне, қалағаныңыз өзі-ақ келе жатыр. Таңғажайып шытырман оқиғалар тым жақын қалды. Жалықтыратын істің барлығын тастап, демалыс алыңыз. Саяхатқа шығыңыз. Қайда, кіммен баратыныңыз маңызды емес, тек жақсы да жаңа таныстықтарға мүмкіндік туатын, ұмытыылмастай әсер қалдыратын жаққа тартып отырыңыз.

4-хат Тағдыр сізге күлімсіреп келеді. Жүйкеңізді жұқартқан сәтсіздіктер, әркімнің күлкі етуі, әртүрлі жағымсыз жайлар аяқталуға шақ қалды. Өмірдің қара жолақтары өшіп, ақ сызықтарға орын береді. Сәттілік сіздің жағыңызға шығады. Мәселелердің барлығы күліп қана еске алатын естелікке айналады.Суреттен өзіңізге ұнайтын стақан таңдап, нөміріне сәйкес сипаттамасын оқыңыз, мүмкін сіз туралы жазылған болар. 2-3 стақанды таңдасаңыз да болады. Ал, кеттік.

1. Сіз өзгелерден өзгерексіз, үнемі көңілді жүресіз, адамдармен тез араласып кетесіз. Басқалардан тек жақсылықты көріп, жағымды ойлар ойлайсыз, бұл өзіңіз үшін де жақсы. Жануарларды жақсы көресіз, қызықты фильмдер көріп, әңгіме-дүкен құрған да ұнайды. Романтикалық кештерге қарағанда, жақынмен өткізген жарты сағатты артық көресіз

2. Санға қарағанда сапаны жоғары қоятын адамсыз. Әдепті жансыз, күнделікті қайталанатын әдетіңізді бұзғандарды ұнатпайсыз. Сырт көзге өзіңізге сенімді көрінесіз, бірақ іштей өзін-өзі бағалау деңгейіңіз төмен. Ақылды, парасатты жансыз, барлығын бақылауда ұстайсыз. Сізге сақ болу керек, себебі кейде сенімді ақтамайтын адамдарға да сеніп қаласыз. Өзгелерге шабыт беретін әңгіме айтуды ұнатасыз.

3. Сіз өзгелерге пайдаңызды тигізуді ойлап тұрасыз. Ұйымдастыру жұмыстарында жолыңыз болғыш. Бірақ үйде бәрі басқаша. Жеке өміріңізде тепе-теңдікті табу қиын, жиі жүйкеңіз жұқарады. Барлығын назарда ұстағыңыз келеді, бірақ ол үшін балансты табу керек. Өмірге деген терең көзқарастар қалыптастыруға көбірек уақыт бөліңіз.

4. Сіз үнемі бір жаққа асығасыз. Тәуліктің жиырма төрт сағаты аздық ететіндей қабылдайсыз. Оңашада ойлануды ұнатпайсыз, сол себепті үнемі айналысатын бір нәрсе табуға тырысасыз. Қатаң тәртіппен жүресіз, бірақ бақытты өмір үшін бұл сізге керек пе, оны да ойлап қойыңыз. Шабыт беретін адамдармен жиі араласыңыз. Бір сәт аялдап, әлемнің рахатын сезінуге уақыт бөліңіз.

5. Ойшыл әрі мейірімді жансыз, бірақ сізге өмірде эмоциялар жетіспейді. Болашаққа нақты қандай мақсатыңыз бар екенін білмейсіз, алайда пайда әкелерін сезесіз. Не нәрсе бақыт сыйлайтынын, жаныңыз не қалайтынын түсінуіңіз керек. Өмірді сүйесіз, демалысты жақсы көресіз, бірақ сізге бір кез жұмысыңызды да сүйіспеншілікпен істеу керек. Өз қадір-қасиетіңізді арттыра біліңіз.

6. Сіз еңбекқор әрі өзгермелі адамсыз. Сезімдеріңізді сыртқа шығаруды ұнатпайсыз. Әлемді өзгерте алатыныңызға сеніміңіз мол. Сізбен араласқан адамдар бойыңыздағы қарапайымдылықты жоғары бағалайды. Өмірдің мәнін мұңнан іздейсіз, өз-өзіңізбен жиі торығып отырасыз. Негізінен жайсыздық пен депрессия өміріңізді тек қиындата түседі, сол себепті одан бас тартыңыз. 7. Сіз уайымшылсыз. Сондықтан өмірдің тосын сыйларына жолықпас үшін, барлығын алдын ала жоспарлап қоясыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүресіз, ештеңенің байыбына бармайсыз. Шынайы қарым-қатынастан қорқасыз. Қызығушылықтарыңыз бен армандарыңыздың артынан ілесуге жүрексінбеңіз. Жаныңызға шаттық сыйлайтын істі табыңыз.

8. Жүйкесі тозған, жаңашыл идеяларға бай, жұмбақ жансыз. Жаңа нәрселер ойлап тапқышсыз, бұл өмірге деген көзқарасыңызды батыл көрсетуге көмектеседі. Интроверсияға жаныңыз жақын, іске берілген, терең ойлы жан деп сізді айтамыз. Интеллектіңіз қалыпты, ішкі түйсігіңізге сеніп, шабыттың қайнар көзін іздеңіз.

9. Сізді басқалар жақсы көріп, сыйлап жүргені өте ұнайды. Парасатты әңгіме, жақсы кітап, жаңа білім, сүйікті әуендер – сіз үшін ең жақсы күннің құрауыштары. Әрдайым кішіпейілсіз, бұл сізге ерекше күш береді. Жетістіктеріңіз арқылы басқаларды басқарғыңыз келеді, бірақ имиджіңізге нұқсан келтіретін бірден-бір жағдай – эгоистік. Айналаға зер салыңыз, сізден де басқа жақсы көруге тұратын дүние жетерлік.

10. Өте жігерлі жансыз. Уақытты бекер өлтірмейсіз. Идея, мүмкіндік, тәсіл – бар жаңашылдыққа құшағыңыз ашық. Жүйелілікті жақсы көресіз, шығармашылық бағытқа ұмтыласыз. Негізінен өте жақсы жазасыз. Оқуды да, тамақ әзірлеуді де жақсы көресіз. Бірақ әлі басталмаған іске кірісіп кетуден қорқасыз. Әліптің артын бағасыз. "Көз – қорқақ, қол – батыр" екенін естен шығармаңыз.

11. Көңілді, тапқыр, шығармашылыққа жақын жансыз. Бірақ ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Ауқымды жобаларды жиі қолға аласыз да, орта жолда тастап кетесіз. Себебі қиын не қызықсыз болып кетеді. Адамдар өзін қалай ұстайтыны туралы жиі сөз етесіз. Шындығында, ішкі жан дүниеңіз қай іске қабілетті екенін білмейсіз. Әрдайым қолдауды қажет етесіз. Бойыңызды бос ұстап, заттарға тереңірек үңілуге тырысыңыз.

12. Көңілді әрі еркетотай адам – ол сіз. Өмірге өте жеңіл қарайсыз. Әдетте адамдар сізді жақсы көреді, жаныңызға жуық жүргісі келеді. Кездесулер мен жиын-кештерге жаныңыз құмар. Жаныңыздағылар бақытты болса, сіз де бақыттысыз. Бірақ өзіңізді жоғалтып алмаңыз! Ұзақ уақыт жалғыздықта қалсаңыз, депрессия басталады.

13. Өзгелердің сәтсіздігіне алаңдаумен жүресіз. Бірақ қалай көмектесуді де біле бермейсіз. Қоршаған ортаға үреймен қарайсыз. Үйреншікті нәрселерді жақсы көресіз. Артыңызға жиі қарайсыз, кейде өткенге оралуды аңсайсыз. Өткен өзгерістерге қарамастан, әр істің жақсылығын көре білуді үйренуіңіз керек. Сәтсіздіктеріңізге өзгелерді кінәлайсыз. Бірақ есіңізде болсын, әркім – өз бақытының ұстасы.

14. Сіз күннің көзінде отырып, ұзақ жұмыс күнінің соңына жеткенде мұзды сусын жасап ішкенді жақсы көресіз. Сізде ешқандай менмендік жоқ, оны мәнсіз деп санайсыз. Сізге өмірдің биік деңгейі ұнайды, бірақ ол ертеңгі күннің кепілі емес екенін білесіз. Өмірден барынша бүгін ләззат алып қалуға тырысасыз. Адамдармен араласуды ұнатасыз, ешкімді жоғалтқыңыз келмейді.

15. Сіздің күш-қуатыңыз тасып тұр. Әлемді өз көзқарасыңызға сай өзгерткіңіз келеді. Әрдайым адамдардың назарында болып, олардың көңілін аулауды ұнатасыз. Барлығы сізбен бірге уақыт өткізгенде көңілді болғанын қалайсыз. Шытырман оқиға ортасына түсу мүмкіндігін жіберіп алғыңыз келмейді. Отырыстарға барсаңыз, қызықтан құр қалмау үшін ең соңғы болып кетесіз. Өзіңіз қайырымды болсаңыз да, өзгелердің жасаған жақсылығын қабылдауға қысыласыз. Негізінен эмоцияға байсыз, оны шығаруға қорықпаңыз.

140-150 см Ақылды әрі ойшыл. Сіздің идеяларыңыз бен ойларыңыз бәрінен маңызды. Өз теорияларыңызды ойлап тауып, оңашада ойлануды жақсы көресіз. Интровертсіз. Ізденгенді, ойланғанды ұнататын адамдармен жақсы қарым қатынаста боласыз. Үстіртін жүріс сізге сай емес. Өмірге деген көзқарасыңызды қалыптастыруға көп уақыт жұмсайсыз. Жарты әлем сізге қарсы тұрса да, өз дұрыс деп тапқаныңызды істеуге тырысасыз. 150-160 см Философ әрі көреген. Сіз басқаларға ұқсамайсыз. Түйсігіңіз өте жақсы дамыған, өмірде сенген ғажайыптарыңыз да орындалып жатады. Көпшілігі сізді дұрыс түсінбей жатады, бұл жаныңызды жаралайды. Сізге жеке кеңістік керек. Шығармашылығыңыз ары қарай дамытуды және оған өзгелер құрметпен қарауын талап етеді. Өмірдің ағын да, қарасын да айқын көресіз. Эмоцияңыз да басым. 160-170 см Шыншыл да тартымды. Сіз басқаларға қамқор болуды жақсы көресіз әрі жауапкершілігіңіз жоғары. Адал еңбекке сенесіз, өз мойныңызға жүктелген міндеттерді оңай алып шығасыз. Мінезіңіз жайлы. Адамдар сізге зор сеніммен қарайды. Ақжарқын, тапқыр, шапшаң жан деп сізді айтамыз. Сіз диммидентсіз. Сөйлегенде кез келген ортаны үйіріп әкетесіз. 170-180 см Сенімді әрі үстем жансыз. Адамдармен тез тіл табысып кетесіз. Достарыңыз да көп, олардың өміріне мән қосып жүруді ұнатасыз. Аураңыз жарқын да жылы. Сіздің жаныңызда кез келген жан өзін жайлы сезінеді. Әр күн сайын кешегіден жақсырақ бола түсуді ойлайсыз. Қызықты, зерек, бірегей болғыңыз келеді. Сізге махаббат көбірек керек. Өзіңізді ұнатпайтын жанды да сүюге барсыз.
190-нан жоғары Бақытты да байыпты жан. Сергек, түсінігі мол адамсыз. Біреудің сөзін еш бөлместен, қарсы сөйлеместен, мұқият тыңдайсыз. Өмірде әр адамның жеке соқпағы болуы керек деп санайсыз. Болып жатқан жағдайлар мен адамның тосын мінездерін жеңіл қабылдайсыз. Көп нәрсеге алаңдамайсыз, стресстен тез өтесіз. Босаңсыған жан деуге де болады. Өз жолыңыздан таймай-ақ үнемі уақытты жақсы өткізесіз.Суреттің парақтағы орны - парақ тігінен тұрған кезде сурет ортасында бейнеленсе, бұл қалыпты жағдай деп есептеледі. Ал егер сурет жоғарғы жағына салынса, сурет авторы өзін қатты бағалайды және қоғамдағы орнына разы еместігін әрі өзінің бағаланбай жүргенін білдіреді. Ал егер төмен салынса, сурет авторы өзін тым төмен бағалағаны. Ол өзін сенімсіз әрі әлеуметтік дәрежесі өзін толғандырмайды дегенді білдіреді. Суреттің негізгі бөлігі Жануардың басы оңға қарап тұрса, бұл адам тез шешім таба біледі, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, жоспарын іс жүзінде жүзеге асыра алады. Егер бас солға қарап тұрса, сурет авторы жеке басына көп көңіл бөледі дегенді білдіреді. Жұмысты істегеннен бұрын, жұмыс туралы көп ойланады. Істі қолға алмас бұрын ол туралы он ойлап, мың толғанғанды жөн санайды. Жануардың басы сурет авторына қарап тұрса, эгоцентризмнің басымдығын білуге болады. Егер баста көз, құлақ, ауыз секілді сезім мүшелері бейнеленса, сурет авторы өзгенің ойына тәуелді деп ойлаңыз. Егер ауыз ашық тұрса, тілі көрінсе, ал еріні бейнеленбесе, сөзге жақын, тіпті ауызжаппас екенін аңғаруға болады. Ал ерін бейнеленсе, ол кісінің сезімтал екендігінен хабар береді. Ал аузы ашық әрі ерні мен тілі болмаса, бұл кісінің бойында қорқыныш әрі сенімсіздік бар екенін білуге болады. Балалар мен жасөспірімдер көбіне ауыз дөңгелек формада бейнелейді, бұл қорқыныш пен үрейден хабар береді. Жануардың тістері адамның вербалды ашуын көрсетеді. Яғни, дауда өзін қорғайтын «қауіпті» әрі дөрекі сөздер сөздік қорында бар екенін білуге болады. Көз ерекше рөл ойнайды. Егер адам көздің алмасын анықтап салса, үрейдің символын байқауға болады. Егер сурет авторы әйел адам болса және қасты бейнелесе, өзін көрсеткісі келеді дегенді білдіреді. Ал егер ер адам қасты бейнелесе, оның бойында әйелге тән қасиет бар деп білген дұрыс. Бастың көлеміне назар аудару қажет: егер бас дене формасына сай келмесе, сурет авторында зияткерлік пен дұрыс ойлау қабілеті басым. Мүйіз, тырнақ, денедегі инелер секілді дүниелер ашуды білдіреді. Бұл ашуды өзін-өзі қорғану не аяқ астынан туған деп есептеуге болады. Жануардың қауырсындары бейнеленсе, сурет авторы өзін танытқысы келеді дегенді білдіреді. Түк немесе жал адам өзінің жыныстық ерекшелігін танытқысы келетіндігін білдіреді. Суреттің төменгі бөлігі Жануардың аяғы денесіне сәйкес бағаланады. Егер аяқ ірі болса, сурет авторының дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай алатындығын, жоспар құрып, сол ізбен жүретіндігін білдіреді. Ал кішкентай ірі қысқа аяқтарды жеңіл ойлап, дұрыс шешім қабылдай алмайтындар бейнелейді. Мұндай ерекшелік аяқ салмаған «суретшілерден» де байқалады. Аяқты денемен қалай байланыстырғаны да адамның жеке қасиетін көрсете алады. Егер денесі мен аяқ түсініксіз жағдайда байланысып тұрса, адам ұқыпсыз, айтқанын өзі түсінбейтін, күйгелек болса керек. Кей суреттерде екі аяқ бір жаққа қарап тұрады және бірдей болады, бұл суретті қалыптасқан ойдан шыға алмайтын, тек бір жақты ойлайтын адамдар ғана салады. Ал егер екі аяқ екі түрлі бейнеленсе, бұл адам сыни ойлай алатын қасиетке ие.


Қара Сіз өте құпия, жұмбақ тұлғасыз. Ер адамдар сіздің сырыңызды ашуға ынтығып тұрады. Өз бағаңызды білесіз. Ақымақ адамды көрсеңіз, бірден бойыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Сіздің онымен айтар еш ортақ тақырыбыңыз жоқ. Қызыл Сіздің ең басты қасиетіңіз – тартымдылық, қызбалық, эмоциялылық. Кейде өз сезімдеріңізді басқара алмай қаласыз. аузыңызға келгенді айтып, ойланбай іс істеп те жатасыз. Есесіне сіздің жаныңызда жүрген жандардың іші пыспайды. Ақ Бұл түсті басқаларға көмектесуге бейім тұратын мейірімді адамдар таңдайды. Сіз – ең жақсы дос, ақылды кеңесші бола аласыз. Бірақ «жоқ» деп айтуды да үйреніп, өзіңізді пайдаланып жүрген амал достардан құтылғаныңыз да абзал. Көк Сіз үшін адалдықтың, әділдіктің орны бөлек. Себебі өзіңіз осы қасиеттерге байсыз. Кез келген кикілжіңді күліп шешуді қалайсыз. Ал егер біреу сіздің жақындарыңызды ренжітетін болса, онда оны аямайсыз. Жасыл Көбісі сізді нәзік деп ойлауы мүмкін, бірақ сіз олар ойлағаннан әлдеқайда мықтысыз. Жетістікке ешкімнің көмегінсіз, өз күшіңізбен жетесіз. Мансапты бірінші орынға қоймайсыз. Ал нағыз өз азаматыңызды, сенеріңізді, тірек болар жаныңызды кездестіргенде барлық бал қылық, нәзіктігіңіз соның ғана алдында төгіледі.
"Стақандағы су" техникасының авторы Хосе Сильва өзі ойлап шығарған, басты "ингредиенті" интуицияға негізделген психологиялық тренингтерінің нәтижесінде әлемге танымал болды.  "Стақандағы су" техникасын қолдану. Параққа ой формасын жазыңыз. Мысалы: "Мен өзіме сенімдімін. Менің ішкі жан-дүнием әрқашан жарық пен махаббатқа толы. Жұмыстарымның барлығы оңынан шешіледі". Осы парақтың үстіне су толтырылған стақанды қойыңыз. Алақаныңызды уқалаңыз. Алақаныңыздың арасынан ауа шарын көзіңізге елестетіңіз. Ол сіздің энергияңыз. Алақандарыңызды стақанның жанына жақындатыңыз, бірақ ұстамаңыз. Параққа жазған ойыңызды өзіңізге деген сеніммен және көзіңізге елестете отырып, сырттай немесе ішіңізден қайталаңыз. Содан соң суды ішіп қойыңыз. Осы әдісті таңертең ұйқыдан тұрған соң және ұйықтар алдында жасаңыз. Ойыңыз іске асатын болады.
Ой формасы Ой формасы абстрактілі және көп сөзді тілек болмауы қажет. Барлығы нақты, ықшамды және бір мақсатқа бағытталған болуы керек. Егер сізде бірнеше мақсат болса, әр мақсатты әр стақанға жазған дұрыс. Егер ой формасы сауығуға бағытталған болса, судың емдік қасиеті арта түседі.  Парақ Біріншіден, ойыңызды айтып қана қоймай, оны жазған кезде ол қосымша күшке ие болады. Екіншіден, суы бар ыдысқа жабыстырылған бір сөз болсын, суды ақпаратпен қуаттандырады. Суды мұз ғып қатырып, микроскоппен көруге болады. Тәжірибелер нәтижесі бойынша, "Мен сені сүйемін", "Рақмет", "Сәлеметсіз бе" сөздері айтылған суда өте әдемі түйіршіктер туса, жағымсыз сөздерден көріксіз мұздар пайда болған. Әрине, бұл жерде бастысы тілекті жазып отырғанда және оны стақанға жабыстырғандағы адамның шын ниеті болып отыр.  Қолдың күші Соңында, қолыңыздың энергиясы ойыңызды күшейтіп, су жылдам қуаттанады. Суда жазылған ақпарат барлық денеге тарап, тапсырылған ниеттің орындалуына морфологиялық био жазықтық құрады. Қазір келіспесе, жаттығып үйренген соң, 1 аптадан кейін жүзеге асуы мүмкін. 

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез бар. Бірі – жібектей нәзік, сабырлы келсе, енді бірі бірден шу шығарып, жанжалдасуға дайын тұрады. Ал сіз ше? Қаншалықты сабырлысыз? Бұл сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, төмендегі тест көмегіне жүгініңіз. 

1. Сіз ұсынған идеяны өзгелері қолдамаса, ренжисіз бе? а) ия – 0; ә) жоқ – 2. 2. Достарыңызбен кездескен кезде ойын ойнадыңыздар делік. Сіз нені таңдайсыз? а) Тек тәжірибесі бар адамдардың ойнағанын – 0; ә) Әлі ережесін толық білмейтін адамдар ғана ойнағанын – 2.

3. Қайғылы хабарды сабырмен қабылдайсыз ба? а) ия – 0; ә) жоқ – 2.

4. Қоғамдық орындарда мас болып жүретін адамдар жүйкеңізге тие ме? а) Егер олар ешкімнің мазасын алмаса, оларға бұрылып қарамаймын – 2; ә) Өзін ұстай алмайтын адамдарды сыйламаймын – 0

5. Қызығушылығы мен танымы бөлек адаммен әңгімелесе аласыз ба? а) Мұндай кезде қатты қиналамын – 0; ә) Мен мұндай нәрселерге назар аудармаймын – 2.

6. Біреу сізді келеке етсе, не істейсіз? а) Келеке еткен адамды жақтырмаймын – 0; ә) Қалжыңы орынсыз болса да, жауапты сыпайы түрде қайтаруға тырысамын – 2.

7. «Адамдардың көбі өзгелердің шаруасына араласады» деген пікірге көзқарасыңыз қандай? а) ия – 0; ә) жоқ – 2.

8. Жаныңыздағы досыңыз сізге қарағанда жақсы жұмыс істеп, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Мұндайда не істейсіз? а) Шынымды айтсам, оның көлеңкесінде қалып қойғым келмейді – 0; ә) Мен тек қана қуанамын – 2.

9. Қонаққа барған кезде жастарды ғайбаттап отырған адаммен кездестіңіз. Не істейсіз? а) Сылтау тауып, ертерек кетіп қаламын – 2; ә) Онымен сөз таластырамын – 0. Жауабы: 0-4 ұпай.Сіздің пікіріңізді өзгерту қиын. Ешкімнің ырқына көнбейсіз. Керісінше өзгелерге айтқаныңызды істеткіңіз келеді. Мақсатыңызға жету үшін жақын адамдарыңызды құрбандыққа шалуыңыз мүмкін. Қырсық мінезіңіздің арқасында көп адаммен сөзіңіз жараспайды. 6-12 ұпай. Өз пікіріңізді соңына дейін қорғайсыз. Қажет болған кезде ортақ шешімге келіп, адамдармен тіл табыса аласыз. Кейде қарсы алдыңызда отырған адамды қатты ренжітуіңіз мүмкін. Жеңіске әділ жолмен жетуді үйренгеніңіз жөн. 14-18 ұпай. Ақылыңыз көркіңізге сай. Ал мінезіңізге тағар мін жоқ. Кез келген адамның пікірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдай аласыз. Ақ пен қараның ара-жігін оңай ажыратасыз.Қара шоколад таңдайтындар өз құнын жақсы біледі. Олардың ішкі рухы биік болуымен қатар, туа сала басқаларды соңынан ертіп, ұйымдастыруға, басқаруға шебер. Агрессивті күйге жиі түседі, өзгелерге өктемдік көрсетеді. Болашағына аса сеніммен қарап, дәл өзі қалаған адам болатынына еш күмән келтірмейді. Жай ғана тәтті қиялға беріліп, ауадан қамал жасау ұғымын мүлде түсіне алмайды. Іс-әрекет пен нәтиже көрсету ұғымы нағыз осы адамдарға арналған. Олар бір түзудің бойымен ғана жүреді, өте әділ әрі қатал. Мұндай бастық ең жалқау да керітартпа ұжымның өзін аяғынан тік тұрғызып, нағыз шебер мамандарға айналдырады.Сүтті (молочный) шоколадты көбіне әйел адамдар таңдайды. Бұл нәзік, қылықты жандардың таңдауы. Келешегіне күдікпен қарап, өткенін сағынышпен еске алып отырады. Олар жауапкершілігі мол жиналысты, маңызды кездесуді саябақтағы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!