11.06.2018ж.
Тренинг элементері бар психологялық
тесттер:
“Психологиялық тест – жан дүние
хабаршысы”
Мақсаты:Қызметкерлердің психологиялық білімін
көтере отырып,ойындар арқылы көңіл-күйін
көтеру,психологиялық
тұрғыдан жеңілдетіп,сергіту жұмыстарын жүргізе
отырып,өзін-
өзі тануына,өзіне құрметпен
қарауға шақыру.
Керекті құралдар: Проектор,слайдтар,А-4
қағаздары,қарындаштар.
Барысы:
«Өзін-өзі таныған,
өмірдің мәнін түсінген адам
ешқашанда сол қалпында
қала алмайды»
Томас
Манн
Психолог: Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзгенің
жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы
сұрақтарға жауап іздейді.Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық
жасау арқылы рухани, әлеуметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан
үйлесімділікке қол жеткізу қабілетерін ашады және дамытады.Адамның
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы
қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына
көмектеседі.
Шарты: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды
тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай
амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасасыңдар.
1.Алақан соққанда –бір-біріміздің қолымызды қысып
амандасамыз.
2. Бубен соққанда-бірімізбен қос алақанымызды тигізіп
амандасамыз.
3.Ысқырықпен дыбыс шығарғанда- иықпен
амандасамыз.
«Көз-жанның айнасы» тестінің
кілті:
1. Ашық
жанды
Әрқашан және әркіммен де
қарым-қатынасы түзу, жаңа таныстықтарға дайын. Сіз бүкіл әлемге
теріс айналудан гөрі, қауіп-қатерде тәуекел етіп, соққы жеуге де
дайынсыз. Сіз қорқып тұрғаныңызды немесе қорғансыз екеніңізді
ешқашан көрсетпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шешуге тырысасыз.
Алайда басқа біреулерге қолдау білдірмей отыра алмайсыз, көмекке
қуана келісесіз, тіпті өзіңіз қиналып тұрсаңыз да. Егер біреуге
көмек қажет бола қалса, сіз әрқашан жәрдемдесуге
дайынсыз.
2.
Саналы
Сіз әрқашан бастаған ісіңізді
лайықты түрде аяқтағыңыз келеді, оны ынта-жігеріңізбен орындайсыз.
Барлық әрекетіңіз өзге жандардың өміріне әсер етеді деген сеніммен
өмір сүресіз. Сіз жабық адамсыз – көңіліңіз түссе, оны ешқашан
көрсетпейсіз. Сіз бақытсыздықты да, әділетсіздікті де көрдіңіз,
бірақ сол уайымның барлығын өз ішіңізде сақтайсыз. Сіздің ойыңызда
мінсіз адам болу деген мақсат бар, өзіңіз де біреулерге үлгі болуға
тырысасыз. Сіз біздің әлемімізге бұдан да артық жақсылық жасай
аласыз.
3.
Сотқар
Сіздің өткен күндеріңіздің
елесі сізді әлі күнге дейін мазалайды. Сіз өткен күндердегі
әрекеттеріңізді өзгерте де алмайсыз, сондықтан кем дегенде өмірді
қиындатпауды ойлайсыз. Көңіл-күйіңіздің түсіп кеткенін
айналаңыздағыларға ешқашан көрсетпейсіз. Қиындықтардың барлығын,
ойларыңызды өз ішіңізде сақтайсыз. Ал болашаққа сеніммен қарайсыз.
Сіз өзіңіз ойлап тауып алатын кедергілерден өтуден
шеберсіз.
4.
Дана
Сіз барлық адамды және барлық
жағдайды ойлай беретін адамсыз. Сіз әр нәрсенің де терең мағынасын
түсінуге тырысасыз. Әрдайым өз ойыңызда шомып, бұл әдеттен арылу
қиынға соғады. Егер күдіктеніп тұрсаңыз, оны ешкімге көрсетпейсіз.
Қандай да бір мәселе бойынша нақты шешім жасамасаңыз да,
өз-өзіңізге сенімді болып көрінесіз. Сіз үшін өмір пазл сияқты: сіз
бөлшектерді бір бүтін картинаға жинағанды ұнатасыз. Алайда әлемге
келуіңіздің мақсаттарын жете түсінбесеңіз де, онда өзіңізді жайлы
сезінесіз.
5. Жұмбақ
адам.
Көрінгеннің алдында сырын
жайып салатын адамдардың қатарынан емессіз, сондықтан өмірлік
серіктеріңізге сәттілік тілейміз. Өз ішіңізде көптеген
қарама-қайшылық бар, көңіл-күйіңіз болса әрқашан өзгеріп отырады.
Айналаңыздағыларға өзіңіз жайлы көп ашылып айтпайсыз. Сөзшең
емессіз, ал ісіңізбен кімді болса да жайпап өтесіз. Сіз бір адаммен
сөйлесе бастаудан бұрын оны жете танып алуды ұйғарасыз және нақты
білетін тақырыпта ғана сөйлесесіз.
8.
Әпенде
Сіздің қызығушылықтарыңыз да,
әуестігіңіз де, әрекеттеріңіз де қалыптан тыс. Сіз әрқашан
біртүрлілігіңізбен көзге түсетінсіз. Ал дәстүр мен ережелерге мән
беріп те қарамайсыз. Әрбір істі өз стиліңізде жасайсыз, бірақ
өзгеріс жасағыңыз келмейді. Әлемнен ештеңені де жасырмайсыз –
жасыратыныңыз да жоқ. Ал сізді сынап, артыңыздан сөз айтатындар
сізге дым да әсер етпейді. Сіз өзіңіз сияқты адамдарды көргіңіз
келеді. Нонкоформист болуды ұнатасыз, себебі бұл
қызық.
9.
Интуит
Сіз адамдарды жақсы түсінесіз.
Бір адам жайлы оның ым-әрекетіне немесе даусына қарап тұрып, оның
қандай екенін айтып бере аласыз. Сізге біреу-міреу өтірік айтып
жатса, оны дереу сезіп қоясыз. Айналаңыздағылармен ашылып
сөйлеспейсіз, өзіңіз жайлы тек қажеттіні айтасыз. Сіз өзгелерді
ғана емес, өзіңізді де тани білесіз. Біреу сізге билігін жүргізгісі
келгенде мұны бірден біліп қоясыз. Әдетте бұл қасиетіңізді
пайдалана бермейсіз, бірақ кейде бұл сізге қажет болуы
мүмкін.
Психолог:
Адам өзінің жанын ұсақ уайым
, болымсыз қам-қарекеттің
дертімен
былғаудан сақтауы керек.
М.Әуезов
Шарты:Әр
қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар
қозғалысқа түседі ,бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші
қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде
сол санға сай бірігіп тұра қалу керек .
Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады
.
«Қандай эмоция байқап тұрсыз?» психологялық
тестінің кілті:
Қорқыныш.
Егер қорқыныш байқасаңыз, өз үлесіңізді барлық
жерде адалдықпен алып шығасыз, ешкімге есе
жібермейсіз. Алдан кездесер қиындықтардан
да қорықпайсыз.
Ашу.
Егер суреттен ашу белгісін
байқасаңыз, демек өз ішіңізде де өзіңізге білінбейтін болса да
әлдеқандай ашу бар. Сырттай сабырлы, салқын қанды болсаңыз да,
айналаға қайта бір қарап, ашуыңызға тиетін нәрселерді сараптап
көріңіз. Негізінен бұл соншалықты жаман эмоция емес. Дегенмен
ашуыңызға тиген жан көп зардабын тартуы
мүмкін.
Бақыт.
Барлық нәрседен позитив көре
аласыз. Айналаңыздағы адамдарды да бақытқа бөлеу сіздің қолыңыздан
келеді.
Ешқандай эмоция көре
алмасаңыз.
Қазір сізді эмоциялар
дағдарысы болып жатыр. Психиатр мамандар көбірек фильм көріп, кітап
оқуға кеңес береді.
«Суреттегі ең бақытты жұпты
таңдаңыз» психологиялық тестінің кілті:
1.Сіздің өміріңізде барлығы
жақсылыққа құрылған. Жолыңыз болғыш, әр күніңіз сәттілікке
толы, бақытыңызды еселеу де қиын емес. Қолыңызда барыңызға қанағат
тұтып, тағдырыңызға әрдайым алғыс айтып, шүкіршілік етуді
ұмытпаңыз. Алда көп күш пен төзімді қажет ететін сындар көп. Алайда
оның барлығын еңсересіз. Ең бастысы, өзіңізге деген
сенімділігіңізді ешқашан жоғалтпаңыз.
2. Сіздің жан-дүниеңіз
арпалысқа толы. Не әлдекімге өте ашулысыз, не ренжіп жүрсіз.
Тіпті бұл күй басымнан ешқашан өтіп кетпейтін шығар деп, ары қарай
не істеу керегін де білмейсіз. Бірақ өмір мұнымен тоқтамайды. Қала
сыртына шығып, жаныңызға тыныштық сыйлаңыз, миыңызды демалдырыңыз.
Бойыңызға жиналған жағымсыз әсерді түгелімен шығарып тастаңыз,
әйтпесе денсаулығыңызға кесірі тиеді. Өкпелеткендерді біржола
кешіріңіз де, өмірді таза парақтардан бастаңыз. Өміріңізде әлі-ақ
жақсы адамдар мен бақытты күндер көп болады.
3. Қазір сіздің басты ұстанымыңыз – «өмірді
жеңілдету». Жаңа дүниелерді тез қабылдайсыз, шын беріліп дос
бола алмағандармен тез қоштасасыз. Жамандықтардан арылу үшін
барлығын байқап көресіз. Алған бағытыңыз дұрыс. Кеңістігіңізді
тазалайтын уақыт жетті. Өзіңіз қалағандай өмірді сүруге әбден
құқылысыз. Қоршаған ортаның орынсыз пікіріне құлақ аспаңыз. Өз
ар-ұятыңыз алдында таза болсаңыз болғаны. Денсаулығыңызға көңіл
бөліңіз.
Нұсқау; -Бір-біріңіздің
соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп
елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және
қапырық болып тұр.
-
Жел көтеріліп желкіді (
арқаны қаттырақ басамыз) .
-
Қатты дауыл соқты
(қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында
жүргізіледі)
-
Ұсақ жаңбыр сіркіреді
(серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен
басасыз)
-
Кенет нөсер жауын құйды
(алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар
жасаңыздар).
-
Бұршақ жауды (арқаны
қаттырақ соғамыз).
-
Тағы да нөсер жауын жауды.
(алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар
жасаңыздар).
-
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
(серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен
басасыз)
-
Дауыл соқты. (қимылдарыңыз
күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
-
Жел соқты. ( арқаны
қаттырақ басамыз) .
Жел басылып келеді.
(алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар
жасаңыз).
Қарапайым ғана бұл тестте көзіңізге бірінші
түскен суретті емес, өзіңізге ұнамды көрінген суретті таңдайсыз.
Бізде төрт нұсқа бар: жол белгісі, сыбызғылы бала, жол және
жылан. Қайсысы
ұнайды?
“Қай сурет ұнайды?”тестінің
кілті:
Жұмыста біліміңіздің
жетіспеуіне байланысты аздаған қиындықтар тууы мүмкін. Өзіңізді
дамытыңыз, өсіңіз, қолыңыздан көп іс
келеді.
Жуырда жұмыс орныңызды
ауыстыруға мүмкіндік туады.
Өмірлік бағдарыңыз дұрыс
таңдалмаған.
Өте
маңызды символ. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ, тәуекелге бел буатын
кез жетті.
Суретке қараңыз, көп ойланудың қажеті жоқ. Ең
алдымен нені байқадыңыз? Мұнда төрт түрлі бейне бар. Қайсысы
бірінші көзіңізге түссе, сол нәрсеге сәйкес мәтінді оқыңыз, сіздің
болмысыңыздан хабар береді.
«Суреттен не көрдіңіз»психологиялық тест
кілті:
-
Қыз – керегесі кең, шаңырағы биік отбасының иесі
болатыныңыздан хабар береді. Отбасылық қарым-қатынасыңыз да нығая
түседі. Қолға алған істеріңізді не орта жолда қалдырып кеткен
шаруаларыңызды аяғына дейін жеткізуге тура келеді.
Отбасыңыздың игілігі үшін ең
абзалы осы болмақ.
-
Жарықшақ, сынықтарды көріп
тұрсаңыз, отбасыңызда ұрыс-керіс, өкпе-нала болуы мүмкін.
Қарсыластарыңыз сіздің жағыңызға шығуы екіталай. Қателіктеріңізді
мойныңызға алып, өзіңіз жасаған кемшіліктерді түзетуіңіз керек.
Басыңызды көтеріңіз! Барлығын қалпына келтіруге болады, тіпті кейін
оның ізі де білінбей кетеді.
-
Көлеңке не бір кескін көріп
тұрсаңыз, өмірді де, өзіңізді де бар қалпында тура қабылдай аласыз.
Жеке өмірде де, қызмет жолында да эмоциялық өрлеу, белсенділік және
жаңа сатылар күтіп тұр.
-
Айнадағы бейне сіздің қоғамда,
достар мен туыстар арасында жай-күйіңіз бен мүмкіндіктеріңізді
дұрыс бағалай алатыныңызды көрсетеді.
-
Ақ сызық – Сіз аса ұстамсыз
әрі эмоцияға берілгіш жансыз. Ол сізді өмірде күтпеген бұралаңдарға
әкеп соқтыруы ықтимал. Өзіңізді қолға алып, асау мінезіңізді
жүгендеуге тырысыңыз. Сезімге еркі бермеңіз, пасық есептерді
доғарыңыз. Әйтпесе барлық істе серіктестеріңізден айырылып қалуыңыз
ғажап емес.
Адам баласының бойына тән,
болмысына біткен
-
парасаттылық пен
пендешілік,
-
даналық пен
надандық,
-
биіктік пен
пәстік,
-
өрлік, өжеттік пен
ынжықтық,
-
дарындылық пен
дарынсыздық,
-
жомарттық пен
сараңдық,
-
азаматтық пен тоғышарлық
сияқты екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол
өмір безбенімен өлшенер қасиеттер.
-
Тәлімдік көрсетілім: «Әр
күні есте ұстайық»
-
4-жаттығу:
“Мен-...,...тілеймін”
Қатысушылар шеңбер бойына тұрадады да солдан оңға
қарай өз есімін атап,сол есімінің алғашқы әріпінен басталтын сөз
ойлап,көрші тұрған қатысушыға тілегін айтады.Мысалы: психолог
бастайды: Мен-Үрзиямын,Сізге үлкен арманыңыздың орындалуына
тілектеспін:
Психолог:Адамның аса зор ерекшелігі –
ең қиын кедергілерді жеңудегі
табандылығы.
Л.Бетховен
Психолог: Бүгінгі психологоиялық тесттер мен
тәлімдік әңгіме Сіздің өмірге деген көзқкрасыңызды қайта қарауға
немесе дамытуға үлес қосады деген ойдамын.
Назар аударып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Жетібай кенті
Дайындаған:психолог У.Ж.Абдалова
11.06.2018 ж.