психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы, Алғабас ауылы.

«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Педагог-психолог: Аширбекова Шынар Газизовна.

Психологиялық тренинг.

Тақырыбы : Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр: 9, 11 сынып оқушылары, ата-аналары

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

  Тренинг барысы

 1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)

   Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...» Жоспар:

-          Есімдер аллитерациясы

-          Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

-          Ең-ең... (ойын)

-          «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

-          Мамандықты тап (ойын)

-          Мейірімділік алаңы (жаттығу)

-          Бос микрофон

2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады.

3 «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

-          Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған     байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

-          Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару.

-          Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

-          Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің  таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

-          Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Оқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

-          Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

-          Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

-          Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

 4  «Ең-ең...» (ойын)

    Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа   парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады

-          ең жасыл мамандықтар

-          ең ақшалы мамандықтар

-          ең таза мамандықтар

-          ең көңілді мамандықтар

-          ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтың ішінде  ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек   және де топтың мүшесі  тізімдерімен таныстырып шығады.

5  «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы  интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын  анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады.

 6  «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға  карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Хирург,Фабрика басшысы,Хатшы,Кітапханашы,Банк қызметкері

Сатушы,Мұғалім,Бухгалтер

 7  «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

  Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл   шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің шауқтарына -  ұстаздарға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылады және де  ақ ватманға бекітіледі.

 8  «Бос микрофон» (рефлексия) Еркін түрінде қатысушылар  психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі