Жақсы көңіл-күйдің бақшасы
Мақсаты: Мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымда психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?,- деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Қажетті құралдар: суреттер, шар, маркер, ақ парақ, геометриялық фигуралар.
Жұмыс түрі: ұжым,а арналған психологиялық тренинг.
Психолог: Құрметті ұстаздар! Халқымызда «Адам сөйлескенше, жылқы кісініскенше» дейтін мақал адамдардың тілдесіп, өзара түсіністігін, тұжырымдап жеткізген халық даналығының ұлағатты үлгісі болса керек.
Әсіресе, ұжымда адамдардың бір-бірімен тілдесіп, пікір алысуы табиғаттың адамға сыйлаған дарыны арқылы жүзеге асса нұр үстіне нұр емес пе? Ендеше бүгінгі тренингімізді ұжымдағы психологиялық ахуалға, бір ұжым екенімізді сезінуге арналғалы отырмын.
Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер!
1.Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
2.«Менің белгім» анкетасын толтыру, таныстыру. Берілген 4 сұраққа жауап береді (сөзбен, сурет арқылы): Менің белгім, менің жақсы мінезім, менің жағымсыз мінезім, мұғалім ол - ...
3.Топпен жұмыс. Рөлдік ойын «Педситуация». Әр топ өз тәжірибесінде болған бір жағдайды сахналайды, қалған топтар оның шешімін айтуы керек. Сосын шешімдер салыстырылады.
4.Топпен жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі». Ол қандай? Суретпен, сөзбен.
5.Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі. Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздердің міндетіңіз: тез оқи отырып, сол сөздерді табуыңыз керек. Жұмыс уақыты – 2 минут.
6. «Өз-өзіңді білгің келсе ...» Сурет салу : күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол сақина, гүл, жылан.
Егер күн дәл ортасына салынса жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – жасөспірім шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты деген сөз.
Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер таудың ұшы тым үшкір болса өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса, онда ол өзгермелі адам.
Үй суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, түтін шығып жатса, онда ол әңгімеге жақын өсекқұмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді яғни балажан болып келеді. Оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.
Қапшық егерде қаншалықты үйге жақын жатса, онда бұндай адамға байлық та жақын болады. Керісінше болса, онда ол адам байлыққа да жоқ болып келеді яғни қолында ақша тұрмайды. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса керісінше еңбекқор адам.
Сақина көзсіз болса онда ол адам өте қонақжай болып келеді. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл үйге жақын болса, қуаныш, той болады; үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыс.
Жылан үйден алыс салынса жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін аса зор.
Қорытынды
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық мақалы бар. Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік, достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез-келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірігіп, бірлікте жұмыла істеген істің қуанышы көп болады. Ынтымақ бар жерде, береке, татулық, сыйластық болады.
Әрбір қатысушы бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөліседі және қандайда бір ұсынысы болса қалдырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Психологиялық тренинг "Жақсы көңіл-күйдің бақшасы"
Жақсы көңіл-күйдің бақшасы
Мақсаты: Мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымда психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?,- деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Қажетті құралдар: суреттер, шар, маркер, ақ парақ, геометриялық фигуралар.
Жұмыс түрі: ұжым,а арналған психологиялық тренинг.
Психолог: Құрметті ұстаздар! Халқымызда «Адам сөйлескенше, жылқы кісініскенше» дейтін мақал адамдардың тілдесіп, өзара түсіністігін, тұжырымдап жеткізген халық даналығының ұлағатты үлгісі болса керек.
Әсіресе, ұжымда адамдардың бір-бірімен тілдесіп, пікір алысуы табиғаттың адамға сыйлаған дарыны арқылы жүзеге асса нұр үстіне нұр емес пе? Ендеше бүгінгі тренингімізді ұжымдағы психологиялық ахуалға, бір ұжым екенімізді сезінуге арналғалы отырмын.
Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер!
1.Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
2.«Менің белгім» анкетасын толтыру, таныстыру. Берілген 4 сұраққа жауап береді (сөзбен, сурет арқылы): Менің белгім, менің жақсы мінезім, менің жағымсыз мінезім, мұғалім ол - ...
3.Топпен жұмыс. Рөлдік ойын «Педситуация». Әр топ өз тәжірибесінде болған бір жағдайды сахналайды, қалған топтар оның шешімін айтуы керек. Сосын шешімдер салыстырылады.
4.Топпен жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі». Ол қандай? Суретпен, сөзбен.
5.Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі. Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздердің міндетіңіз: тез оқи отырып, сол сөздерді табуыңыз керек. Жұмыс уақыты – 2 минут.
6. «Өз-өзіңді білгің келсе ...» Сурет салу : күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол сақина, гүл, жылан.
Егер күн дәл ортасына салынса жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – жасөспірім шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты деген сөз.
Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер таудың ұшы тым үшкір болса өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса, онда ол өзгермелі адам.
Үй суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, түтін шығып жатса, онда ол әңгімеге жақын өсекқұмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді яғни балажан болып келеді. Оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.
Қапшық егерде қаншалықты үйге жақын жатса, онда бұндай адамға байлық та жақын болады. Керісінше болса, онда ол адам байлыққа да жоқ болып келеді яғни қолында ақша тұрмайды. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса керісінше еңбекқор адам.
Сақина көзсіз болса онда ол адам өте қонақжай болып келеді. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл үйге жақын болса, қуаныш, той болады; үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыс.
Жылан үйден алыс салынса жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін аса зор.
Қорытынды
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық мақалы бар. Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік, достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез-келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірігіп, бірлікте жұмыла істеген істің қуанышы көп болады. Ынтымақ бар жерде, береке, татулық, сыйластық болады.
Әрбір қатысушы бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөліседі және қандайда бір ұсынысы болса қалдырады.
шағым қалдыра аласыз













