Материалдар / Психологиялық тренинг "Күлімде, өмір ғажап!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг "Күлімде, өмір ғажап!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру. өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2022
2395
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Давлетова Марал Жұмағалиқызы

Түркістан жоғары медицина колледжінің психология негіздері және коммуникативті дағдылар

пәнінің оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: Күлімде, өмір ғажап!

Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки

Сабақ типі: психологиялық тренинг

Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық құрылғы, презентация материалдары, аудио және бейне жазбалар, плакаттар, қосымша материалдар.

Сабақтың мақсаты:  
1.     Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
2.     Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3.     Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4.     Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-         өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
-        студенттерді өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
-         студенттерді өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін. Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек . Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп,  әлсіздік, шарасыздық танытпауымыз керек. Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз.

Адам өзін — өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет . Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? Өмір — арпалыс, күрес. Бұл табиғат заңдылықтары. Әрбір адам бала кезінен алдына мақсат-міндет қойып, өмірінің басты мән-мағынасын айқындап алуы үшін болашаққа жоспар құрып, соған жету жолында ар-ожданымен үйлесімге ұмтылуы маңызды. Яғни, жас адам бірден дұрыс жолды таңдауы оның өмірге деген көзқарасы, өз өмірінің толықққанды қожасы болуға деген тілегімен, өз тағдырын өзі жасауға тырысуымен астасып жатыр. Ал, мұның бәрі оның өмірдегі қандай құндылықтарды таңдап алуына келіп тіреледі. Әлеуметтанушы-ғалымдар суицид жасау қаупінің өсу деңгейіне өмірлік құндылықтар мен әлеуметтік жағдай едәуір ықпал етеді деп есептейді. Яғни, жеке адам өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну дәрежесіне – адамның ортаға бейімделуіне тікелей байланысты.

Тренингтің барысы

  1. Амандасу, танысу тренингі

Психолог: Қайырлы күн, құрметті қатысушылар! Мен сіздерді бүгінгі кездесуде көргеніме қуаныштымын.

«Менің есімім» жаттығуы

Мақсаты: Тренингке қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру, ой бөлісу.

1-ші бір – бірімізбен жақын танысып алайық. Ол үшін шеңбер болып тұрамыз, сағат тілі бойынша әрқайсымыз өз есімімізге бір сын есім қосып айтамыз. Енді келесі жаттығуымызға көшейік.

Топ 1,2,3-ке рет бойынша саналады,

1 саны – қолдарын мойынға айқастырады

2 саны- қолдарын беліне таянады

3 саны – қолдарын тізе үстіне қояды, осы қалыппен бір – бірімен амандасып, танысады.(әркімнің өмір сүру салты ар қалай болуына байланысты үш түрлі қалыпта тұрсыздар)

Сіздерге өмір жайлы бір қызық оқиға айтып өтсем

Өмірден түңілген бір бойы ұзын жігіт өз-өзіне қол жұмсамаққа сарайға барса, сарайдың төбесі бойымен бірдей болады. Анда барып, мында барып бойынан ұзын жер таба алмайды. Ары ойланып, бері ойланып өзендегі көпірге келеді. Сол жерден жіп тауып, көпірден секірген уақытта жібі шіріген болып, үзіліп кетеді. Сөйтіп, жігіт суға құлайды. Өзі жүзе алмайды екен. Әйтеуір, тырмысып жүріп әрең дегенде жағаға шығады. Жанұшырған жігіт жағаға шығысымен «Суға батып кете жаздадым ғой» деген көрінеді.

Иә, бұл ел аузында жүрген қалжың әңгіме. Десе де қанша жер- ден қалжың болса да астарында бір ақиқат бар. Ол – адам жанының тәттілігі, барлық нәрседен қымбаттылығы.

2 .Миға шабуыл – cұрақтар:

Сіздер өткен өмірлеріңізге шолып, нені өзгерткілеріңіз келеді, немесе өз өмірлеріңізге қанағатсыз ба, әлде ризасыз ба?- деген сұраққа жауап беріңіздерші!

«Өмір», «Тағдыр» деген сұрақтар неліктен адамзатты қобалжытады екен? Немесе толғандырады?

-Өмір немен өлшенеді?

-Сізше өмірдің бағасы неде?

-Өзіңізді адамдар есте сақтауы үшін өмірді қалай өткізу керек?

- Өмір адамға 1-ақ рет беріледі, осы қуаныштан өзіңді айыруға бола ма?

—         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?

Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп,пікірлестіңдер,өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екен  ұқтыңдар.

Енді кішкене ойымызды бөлінуі үшін жаттығу орындайық.

3.Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»

Мақсаты:дыбыстық гимнастикамен таныстыру,рух пен пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:

Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз,тік тұрамыз,арқамызды тік ұстаймыз.Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен

«А» дыбысын айтыңыз-ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.

«Е»-қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.

«И»-миыңызға,көзіңізге,құлағыңызға.

«О»-жүрегіңіз бен өкпеңізге

«У»-асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге

«Х»-денеңіздің тазаруына

«ХА»-көңіл-күйіңіздің көтерілуіне.

Осы жаттығуды жаттап алып,әркезде орындап отырыңыздар,денсаулығыңыз өз қолыңызда,эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.

4. Видео ролик «өмір жайлы 7 ақиқат».

- Сізге әсер етті ма, қандай әсер алдыңыз?

5. « Өмір белестері »  жаттығуы.

Шеңберге тұрып, көздеріңізді жұмыңыздар. Қолдарыңызды алға созып, ары-бері жүріп көріңіз. Осы жағдайда өз тұрған жеріңізден қарсы жаққа шығыңыз. Бір адамның  иығына қолыңызды қойып, оны өз иығым деп есептеңіз, иықтарыңыздан ұстаған қалпы барлығыңыз жабық шеңбер құрыңыздар. Шеңбер бойына айналып жүріңіздер. Қолдарыңызды құрбыңыздың иығынан алып, ары-бері жүріп көріңіз.

Енді, осы жағдайда жаңа ғана ұстап жүрген өз иығыңызды қайта табыңыз. Осы өз иықтарын іздеу сәтінде мына сөздер айтылады:

Мұндай қиындықтар өмірде де кездеседі, сол қиындықтарды біз жеңе білуіміз қажет. Сен өз иығыңды тура табуың керек. Өзіңді таба білуің керек. Өйткені ол өзіңдікі, оны өзгерте алмайсың, сол сияқты сен өз ата-анаңды , жақындарыңды, достарыңды өзгерте алмайсың, ауыстыра алмайсың. Қандай болса да, ол сенің ата-анаң, ол сенің досың.

-қандай әсерде болдыңыздар?

- өз иығыңызды табу оңай болды ма?

6. Жаттығу. «Ақша қар» ойыны

"Ақшақар" ойын жаттығуы мақсаты: бірлесе ойлауға,шешім қабылдауға, көшбасшыны анықтауға көздеген мақсатқа бірлесе жетуге бағытталған.

Қажетті заттар: жіп,карандаш,бос шырын ыдысы. Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді.

14 қатысушы болса 7 бөлік 2м жіп керек.

Топқа берілетін тапсырма: жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салулары қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы «Бірлік бар жерде тірлік бар».

7. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».

Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын».
Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың жеке өмірлеріне, білімінің ерекшеліктеріне, көзқарастарына және т/б. байланысты болуы керек.
Мысалы, орындарын ауыстырады …
— Өмірді қатты бағалайтындар;
— Күніге көңілді жүретінде;
— Өзін жақсы көретіндер;
Осы жаттығудан кейін, жауап берем деушілерден біріншіден, кімнің есінде кім туралы қалғандығы, ал екіншіден, кім өзі туралы басқалардын естерінде не қалғандығын айтқанын қалайды. Осылай, қатысушылар орындарымен ауысады.

8. Рефлексия

Студенттер параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4.  «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

«Кішкентай  бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!