Материалдар / Психологиялық тренинг "Қызға 40 үйден тыйым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг "Қызға 40 үйден тыйым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
3971
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Психологиялық тренингтің тақырыбы: «Қызға 40 үйден тыйым»



Мақсаты:
Қыздардың  жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін  дамыту.

Күтілетін нәтижелері:
1)
    Қыз балалардың жат қылықтардың зияны туралы өзіндік мәні бар түсініктері  қалыптасады.
2)    Темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады.  
3)    Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын  ұстануға және өзгелерден де оны  талап етуге үйрене бастайды  

Жаттығу: «Танысыңыз, шетелдік!»

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ағылшын, француз, италъяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.

Қыздардың қызығушылығын ояту.

Мақсаты: 
–     Жаман әдеттер туралы ой – пікірлерін білу, ол туралы естігендерін талдау;
–    Жат қылықтардың зияны туралы ой салу, осы тақырыпта  әңгімелесуге даярлау.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.    «Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің?
2.    Жаман әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен?
3.    Темекі тарту, арақ ішу қыздарға неге керек?  
4.    Денені жалаңаштау туралы не ойлайсыңыз? 
5.    Қыздар неліктен төбелеседі?

Денені  жалаңаштау туралы
Болашақ ана атанатын қазіргі қазақ қыздары сәнді деп батысқа еліктеп барады. Кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер қазақ қызының ұстанатын стиліне айналған тәрізді. Кейінгі кезде ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер де ұмытылып барады. Бүгінде бойжеткендердің жарым-жартылай жалаңаш, кіндіктерін жарқыратып жүре беруі етіміз үйреніп кеткен құбылысқа айналып барады.               
Дегенмен, мұны сән деуге келе ме? Өйткені, сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды.  Қазіргі күндегі сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл?
Біз әу бастан-ақ, жанның сұлулығын тән сұлулығынан жоғары қойып өскен елміз. Қыздар мен келіндер жасы үлкендерге сонау жерден сәлем беріп, тіпті, дастархан басында тура қарамай, бір қырындап отырған. Ер-азаматтар отырған жерде дауыс көтеріп сөйлемеген, ретсіз күлмеген. Ұлтымыз қыз баланы қылықты қылығына қарап та бағалаған. Жат-жұрттық боп саналатын қыз бала тәрбиесіне айрықша мән берген. 
Отбасында ерекше тәрбиемен өскен қыз, кісі көзінше денесін жалаңаштамақ түгіл, әлдебіреудің бетіне күліп те қарамаған. Ал, қазір ше? Ата салтына ескілік деп қарап, батыстың бейәдеп қылықтарын санасына сіңіруден таймай отыр. Әсіресе, ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер қол жетпес сағымға айналуда. Жартылай жалаңаш киім киісі тұрмақ, бұл күнде мұрын мен кіндік тұсын тесіп, сақина кигізіп алатынын қайтесіз?
Сән қуған жастарымыздың кіндігін жарқыратып жүретін осы бір әдетінің орны толмас өкінішке ұрындыратынын елеп-ескере бермейтіні өкінішті-ақ. Статистикалық мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың дені бүйрек ауруына тез шалдығады. Себеп-салдарын алыстан іздемей-ақ, сән қуып жеңіл киіну, қала берді қос бүйірді жалаңаштап, желдің өтіне тоса жүруінен аңғаруға болады. Қыстың қақаған аязы мен жылы күндері соғып тұратын өкпек желдің зардабы қауіпті екенін жастар ескере бермейді. 
Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігінің белгісін қылығы ғана емес, сыртқы бет-пішіні, киім киісіне қарап та бағалаған. Осындай ибалы әдеттердің көбісі кейінгі кезде ұмытылып бара жатқаны жан түршіктіреді. Сондықтан, «ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең — ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Батыстық тәлім-тәрбие үлгісі мен мәдениетіне еліктейміз деп жүргенде, қазақи қалпымызды жоғалтып алмайық…
Жалаң бас, кеудесін ашып, тізеден төмен жалаңаш жүру егде тартқан кексе әйелдерде көп кездеседі. Өкінішке орай, өздерінше заман талғамына сай киініп жүрміз деп ойлайды және соны мақтаныш көреді. Қазаққа жат қылықтарды көргенде қатты қапаланасың. Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Барлық қазақ әйелдеріне айтылған деп теріс түсініп қалып жүрмеңіздер. Өкінішке қарай, осындай жайлардың көбейіп кеткені шындық.  
Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды. Белгілі дәрігер Ишанбай Қарақұлов айтқандай: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? “Әсемпаз болма әрнеге”,— деп Абай осындай ұрпақтарына ескерткен сияқты болады да тұрады.
Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. ”Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам” дегенде   оларды кемсітіп емес, жоғары бағалау деп түсіну керек.

Денеге сурет салу
Бүгiнде жастар арасында денеге сурет салу белең алып барады. Бiр сөзбен айтқанда, адам тәнiне таңба басу және ол суреттердiң небiр жын-шайтан кейпiндегi бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткiншектер психологиясының күрт өзгеруiне бiрден-бiр себепшi болып отыр. Алайда, жастар мұны керiсiнше түсiнедi. Олар үшiн бұл – сұлулық пен өзгеден ерекшеленудiң белгiсi, бүгiнгi қоғамның модасы.
Қазiр мектепте оқитын, «бесiктен белi шықпаған» қыз бала ойланбастан денесiне сурет салдырады. Бiр-екi оқушының әңгiмесiн тыңдап көрсеңiз болды, мұндай татуировкаларды қайда және қалай салдыруға болатындығын жаттап алған. Әрi соған сай қаланың кез келген жерiнен қалаған суретiңдi салып беретiн салондардың қатары да көбейiп отыр. Ал бұл аз десеңiз, адам денесiн қойып, көздiң қарашығына сурет салдыруға болатындығы жөнiндегi жарнамалар да бар. Адам денесiнiң ең киелi әрi нәзiк мүшесi көзге мұндай iс-әрекеттердiң қаншалықты зиян екендiгiн, әрине, олар бiле бермейдi. Тiптi, көзге мұндай суреттердi салдыру кезiнде адамның жанары бiр-ақ мезетте су қараңғы болып қалмайтындығына кiм кепiл...
«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ хылқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ емес.

Төбелесу туралы
Қыздың бойындағы нәзіктік оның жан дүниесінің табиғатын ерекше нұрға бөлеп тұрары хақ. Белгілі абайтанушы Омар Жәлел: «әйел күші нәзіктігінде» деген екен. Қыз-қарындас, қыз-ана, қыз-болашақ жар. Қыздың жатжұрттық екенін кішкентайынан құлағына құйып, тәрбиесіне сіңіретін қазақ үшін қыздың орны әрқашан бөлек. Тіпті, ер адамның ауыр жұмысына да жақындатпай, аялап өсіргені белгілі.
Бүгінгі таңда тағдырдың ауыртпалығына төтеп беру үшін қыздар ердің жұмысын атқарса, ол таңсық емес. «Нәзіктігімен қатар бойында қайсарлық та бар екен» дейміз. Ал қыздардың арасындағы кикілжіңді шешу үшін қара күш пен төбелеске жүгінуінің себебі неде?! Қайсарлығын көрсету немесе еріккеннің ермегі ме?!
Қыздардың арасындағы төбелестің түр-түрі жасөспірімдердің қолдарындағы ұялы телефондарда да, сайттарда да жиі ұшырасатын көрініске айналды. Тіпті, телеарналардар да кейде ондай бейнежазбаларды «жаңалық» етіп көрсетуге құмар. Сұлу сымбаты бола тұра, күшке жүгінудің қыздарға жараспайтыны айдан анық.  Мейірімділік пен жақсылық үшін жаралған қыздардың кейбірінен бұл қасиеттің кетіп, зұлымдық пен қорлау сияқты жолға бой алдырғаны ма?! Көпшілікті толғандыратыны төбелестің туындау себебі болар. Ерекше қатыгездік байқалатын көріністердің кейбірі кездейсоқ түсірілсе, кейбір төбелестер «арнайы» түсірілім үшін даярланса керек. Қыздар үшін басқа ермек жоқ дегенге де ешкім сенбес. Бәлкім, бұл еліктеу болар?! Көгілдір экраннан сан түрлі зорлық-зомбылық, төбелестің куәгері болып өскен қыздардың сол жолға бет бұруы да таң қалдырарлық емес. Тіпті, мектеп жасындағы қыздар арасындағғы төбелестерді де ара тұра телеарналардан көрсетіп тұратыны белгілі. Ал, шетелдің «шедеврлерінде» ұлдар да, қыздар да төбелесқұмар тұратынын көріп жүрміз.
Қоғамның бөлінбес кикілжіңіне айналған осындай төбелестерді  телеарнадан көріп қалғаным бар. Осының барлығын көре тұра туындаған сұрағым біреу-ақ болды: Қыздардың ұяңдығы мен нәзіктігі қай жамандықтың тасасында қалды?!
Бұл төбелестерде, әсіресе, қатыгездіктің белең алатыны рас. Нәзік болмысты қыз үшін біреуді ұрып-соғуды ерлік көріп, мақтан ету, меніңше, ұят нәрсе. Қыздың күші білекпен өлшенеді деген де қазақ үшін жат қылық.
Қыздардың кейбірі ішімдікке, бірі темекіге құмар, енді бірі төбелеске құмар болып алды. Қазақ үшін жаны ашитын адамдарды толғандыратын мәселе де осы болып отыр. Яғни, ұлттың ұрпағын өмірге келтіруші де, тәрбие беруші де – қыздар. Қанында осындай қасиет тамшысы болса, олардың сүтімен сусындаған ұрпақ қандай болмақ?!

Талқылау:

- Неге сүйеніп анықтадық?

- Ұлттық таптауырындар қажет пе?

Осы сұрақ бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажетін дәлелдейтін болса, ал екінші топ — оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікір-талас жүргізіледі.

Менің білейін дегенім, кейбір қыздарда туылғаннан қыздық белгісі болмайды деп жатады. Осы рас па?

Қыздық белгі 6 түрге бөлінеді. Мысалы ай, жүзік, жұлдызша түрінде, сондай-ақ қынаптың аузы бітеулі қыздықтар да болады. Сондықтан көбіне ай түріндегі қыздық белгіден қан көп кете қоймайды, ал жұлдызша түріндегісі созылмалы келеді.



Жаттығу: «Күншуақ»

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.

Барысы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп түр. Күн шуағының жылуын сезініңдер.


Жаттыгу: «Сыйлық».

Топтағы қатысушылардың әрқайсысы бір-біріне сыйлық силайды. Сыйлықты сыйлау былай басталады: «Менің Сізге сыйлығым — …» Неге сыйлаймын? Не үшін? — деген сұрақтарға жауап беріледі.




Қызға 40 үйден тыйым:

1. Жарыса сөйлеуге

2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

4. Орынсыз ұрынуға

5. Басқаларға қол тигізуге

6. Өтірік, өсекке 

7. Суық жүріс, сумаң қылыққа

8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға

10.Шалқайып жатуға 

11.Тамақты обырлана асауға

12.Ұрлық-қарлыққа

13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14.Бұраңдап, қылымысуға

15.Қызыл іңірде жатуға

16.Түске дейін ұйықтауға

17.Кісі алдында киім ауыстыруға

18.Салт-дәстүрден аттауға

19.Елді ғайбаттауға

20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21.Ішімдік пен шегімдікке

22.Ұрыс-керіске

23.Беттен алып, бет жыртысуға

24.Қараулыққа, ысырапқа

25.Рахымсыздық пен қатыгездікке

26.Түнде суға жалғыз баруға

27.Жат жыныстылармен арласып жатуға

28.Күйеуге қашып тиюге

29.Әдепсіз сөзге

30.Тарс-тұрс етуге

31.Адам мен жануарларды тебуге

32.Кісіні қорлап, жәбірлеуге

33.Тәкәппарлық пен сайқымазақтыққа

34.Айғай сүреңге

35.Шектен тыс сыланып жасануға

36.Қызғаншақтық пен күншілдікке

37.Менмендік пен өзімшілдікке

38.Алдап-арбауға

39.Көрсеқызарлыққа

40.Нәпсіқұмарлыққа тыйым


























Денені  жалаңаштау туралы
Болашақ ана атанатын қазіргі қазақ қыздары сәнді деп батысқа еліктеп барады. Кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер қазақ қызының ұстанатын стиліне айналған тәрізді. Кейінгі кезде ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер де ұмытылып барады. Бүгінде бойжеткендердің жарым-жартылай жалаңаш, кіндіктерін жарқыратып жүре беруі етіміз үйреніп кеткен құбылысқа айналып барады.               
Дегенмен, мұны сән деуге келе ме? Өйткені, сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды.  Қазіргі күндегі сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл?
Біз әу бастан-ақ, жанның сұлулығын тән сұлулығынан жоғары қойып өскен елміз. Қыздар мен келіндер жасы үлкендерге сонау жерден сәлем беріп, тіпті, дастархан басында тура қарамай, бір қырындап отырған. Ер-азаматтар отырған жерде дауыс көтеріп сөйлемеген, ретсіз күлмеген. Ұлтымыз қыз баланы қылықты қылығына қарап та бағалаған. Жат-жұрттық боп саналатын қыз бала тәрбиесіне айрықша мән берген. 
Отбасында ерекше тәрбиемен өскен қыз, кісі көзінше денесін жалаңаштамақ түгіл, әлдебіреудің бетіне күліп те қарамаған. Ал, қазір ше? Ата салтына ескілік деп қарап, батыстың бейәдеп қылықтарын санасына сіңіруден таймай отыр. Әсіресе, ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер қол жетпес сағымға айналуда. Жартылай жалаңаш киім киісі тұрмақ, бұл күнде мұрын мен кіндік тұсын тесіп, сақина кигізіп алатынын қайтесіз?
Сән қуған жастарымыздың кіндігін жарқыратып жүретін осы бір әдетінің орны толмас өкінішке ұрындыратынын елеп-ескере бермейтіні өкінішті-ақ. Статистикалық мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың дені бүйрек ауруына тез шалдығады. Себеп-салдарын алыстан іздемей-ақ, сән қуып жеңіл киіну, қала берді қос бүйірді жалаңаштап, желдің өтіне тоса жүруінен аңғаруға болады. Қыстың қақаған аязы мен жылы күндері соғып тұратын өкпек желдің зардабы қауіпті екенін жастар ескере бермейді. 
Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігінің белгісін қылығы ғана емес, сыртқы бет-пішіні, киім киісіне қарап та бағалаған. Осындай ибалы әдеттердің көбісі кейінгі кезде ұмытылып бара жатқаны жан түршіктіреді. Сондықтан, «ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең — ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Батыстық тәлім-тәрбие үлгісі мен мәдениетіне еліктейміз деп жүргенде, қазақи қалпымызды жоғалтып алмайық…
Жалаң бас, кеудесін ашып, тізеден төмен жалаңаш жүру егде тартқан кексе әйелдерде көп кездеседі. Өкінішке орай, өздерінше заман талғамына сай киініп жүрміз деп ойлайды және соны мақтаныш көреді. Қазаққа жат қылықтарды көргенде қатты қапаланасың. Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Барлық қазақ әйелдеріне айтылған деп теріс түсініп қалып жүрмеңіздер. Өкінішке қарай, осындай жайлардың көбейіп кеткені шындық.  
Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды. Белгілі дәрігер Ишанбай Қарақұлов айтқандай: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? “Әсемпаз болма әрнеге”,— деп Абай осындай ұрпақтарына ескерткен сияқты болады да тұрады.
Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. ”Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам” дегенде   оларды кемсітіп емес, жоғары бағалау деп түсіну керек.









































Денеге сурет салу
Бүгiнде жастар арасында денеге сурет салу белең алып барады. Бiр сөзбен айтқанда, адам тәнiне таңба басу және ол суреттердiң небiр жын-шайтан кейпiндегi бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткiншектер психологиясының күрт өзгеруiне бiрден-бiр себепшi болып отыр. Алайда, жастар мұны керiсiнше түсiнедi. Олар үшiн бұл – сұлулық пен өзгеден ерекшеленудiң белгiсi, бүгiнгi қоғамның модасы.
Қазiр мектепте оқитын, «бесiктен белi шықпаған» қыз бала ойланбастан денесiне сурет салдырады. Бiр-екi оқушының әңгiмесiн тыңдап көрсеңiз болды, мұндай татуировкаларды қайда және қалай салдыруға болатындығын жаттап алған. Әрi соған сай қаланың кез келген жерiнен қалаған суретiңдi салып беретiн салондардың қатары да көбейiп отыр. Ал бұл аз десеңiз, адам денесiн қойып, көздiң қарашығына сурет салдыруға болатындығы жөнiндегi жарнамалар да бар. Адам денесiнiң ең киелi әрi нәзiк мүшесi көзге мұндай iс-әрекеттердiң қаншалықты зиян екендiгiн, әрине, олар бiле бермейдi. Тiптi, көзге мұндай суреттердi салдыру кезiнде адамның жанары бiр-ақ мезетте су қараңғы болып қалмайтындығына кiм кепiл...
«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ хылқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ емес.























Төбелесу туралы
Қыздың бойындағы нәзіктік оның жан дүниесінің табиғатын ерекше нұрға бөлеп тұрары хақ. Белгілі абайтанушы Омар Жәлел: «әйел күші нәзіктігінде» деген екен. Қыз-қарындас, қыз-ана, қыз-болашақ жар. Қыздың жатжұрттық екенін кішкентайынан құлағына құйып, тәрбиесіне сіңіретін қазақ үшін қыздың орны әрқашан бөлек. Тіпті, ер адамның ауыр жұмысына да жақындатпай, аялап өсіргені белгілі.
Бүгінгі таңда тағдырдың ауыртпалығына төтеп беру үшін қыздар ердің жұмысын атқарса, ол таңсық емес. «Нәзіктігімен қатар бойында қайсарлық та бар екен» дейміз. Ал қыздардың арасындағы кикілжіңді шешу үшін қара күш пен төбелеске жүгінуінің себебі неде?! Қайсарлығын көрсету немесе еріккеннің ермегі ме?!
Қыздардың арасындағы төбелестің түр-түрі жасөспірімдердің қолдарындағы ұялы телефондарда да, сайттарда да жиі ұшырасатын көрініске айналды. Тіпті, телеарналардар да кейде ондай бейнежазбаларды «жаңалық» етіп көрсетуге құмар. Сұлу сымбаты бола тұра, күшке жүгінудің қыздарға жараспайтыны айдан анық.  Мейірімділік пен жақсылық үшін жаралған қыздардың кейбірінен бұл қасиеттің кетіп, зұлымдық пен қорлау сияқты жолға бой алдырғаны ма?! Көпшілікті толғандыратыны төбелестің туындау себебі болар. Ерекше қатыгездік байқалатын көріністердің кейбірі кездейсоқ түсірілсе, кейбір төбелестер «арнайы» түсірілім үшін даярланса керек. Қыздар үшін басқа ермек жоқ дегенге де ешкім сенбес. Бәлкім, бұл еліктеу болар?! Көгілдір экраннан сан түрлі зорлық-зомбылық, төбелестің куәгері болып өскен қыздардың сол жолға бет бұруы да таң қалдырарлық емес. Тіпті, мектеп жасындағы қыздар арасындағғы төбелестерді де ара тұра телеарналардан көрсетіп тұратыны белгілі. Ал, шетелдің «шедеврлерінде» ұлдар да, қыздар да төбелесқұмар тұратынын көріп жүрміз.
Қоғамның бөлінбес кикілжіңіне айналған осындай төбелестерді  телеарнадан көріп қалғаным бар. Осының барлығын көре тұра туындаған сұрағым біреу-ақ болды: Қыздардың ұяңдығы мен нәзіктігі қай жамандықтың тасасында қалды?!
Бұл төбелестерде, әсіресе, қатыгездіктің белең алатыны рас. Нәзік болмысты қыз үшін біреуді ұрып-соғуды ерлік көріп, мақтан ету, меніңше, ұят нәрсе. Қыздың күші білекпен өлшенеді деген де қазақ үшін жат қылық.
Қыздардың кейбірі ішімдікке, бірі темекіге құмар, енді бірі төбелеске құмар болып алды. Қазақ үшін жаны ашитын адамдарды толғандыратын мәселе де осы болып отыр. Яғни, ұлттың ұрпағын өмірге келтіруші де, тәрбие беруші де – қыздар. Қанында осындай қасиет тамшысы болса, олардың сүтімен сусындаған ұрпақ қандай болмақ?!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!