Материалдар / Психологиялық тренинг Тақырыбы: Алғыс айту күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг Тақырыбы: Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Алғыс айту күніне орай тренинг Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату. Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: интер – тақта • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2022
2606
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғыс айту күніне орай тренинг

Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.

Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты

қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: интер – тақта

Әңгімелесу

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Дильназ

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.

Ал,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.

Ақжол

1.Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де,

Үлкен болған кезінде.

Бикен

2.Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

Данагул

3.Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Амандық

4.Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдепті қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Аружан

Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.

- Бүгін балалар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымызда біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы тақтада көрініп тұрады.

Құрметті оқушылар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 1-наурыз алғыс айту мерекесімен құттықтаймыз.Бүгінгі Бекі бастауыш мектебі оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Рахмет пен алғыс айту» тренингіне қош келдіңіздер.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.Міне біз сол мейрамды екінші жыл тойлап отырмыз.

Бүгінгі тақырып рахмет пен алғыс алуу туралы, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасы, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке баланы тәрбиелеу жайлы пікірлерін тыңдау.

Дариға: Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...Айтпақшы, РАХМЕТ!!!
«Шаттық шеңбер»

Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық 

«Рахмет» сөзін қосып тілек айту.тренингі 
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен. 
Сұрақ – жауап.

1. Ата – анаңыздың жақсы жақтарын атаңыз?
2. Ризашылық дегеніміз не?
3. Ата – анаңыз үнемі еркелетеме?
4. Алғыс дегенді қалай түсінесің.
5. Осы мереке керек деп ойлайсызба?
6. Мектепке көңіліңіз тола ма?
7. Досыңыздың ренжітетін қылықтары?
8. Кімге алғыс айтар едіңіз?
9. Қандай өнерлеріңіз бар?

Топтық жұмыс

Аяулы ата – анам, Сүйікті ұстазым, Ардақты достым.

«Ғажайып алаң» ойыны

Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.

І- кезең сұрағы.

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)

Әдепті екен бұл дейміз!

Көрермендермен ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Тәрбиеші басқы сөзін айтады,балалар ойланып жалғастырып айтуы керек.

- Үлкендердің алдынан. (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы...(жылатуға болмайды.)

- Құстарды.....(атуға болмайды.)

- Қыз баланы....(ренжітуге болмайды.)

- Мектепке.....(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта......(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)

- Үлкен кісіні.....(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін....(алу керек.)

- Үлкендерге.....(сәлем беру керек.)

- Кішілерге.....(қамқор болу керек.)

Енді ортаға ІІ кезең қатысушыларын шақырамыз.

- Сендерге берілетін тапсырма мынадай:

Кітап, дәптер, қаламы,

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Жасырылған сөз (Ұқыпты)

Ұқыпты екен бұл дейміз!

Тапсырмаларың мынадай:

Таудай биік талабы,

Сабағы жақсы баланы

Кім дейміз?

Жасырылған сөз (үлгілі)

Үлгілі екен бұл дейміз.

Ортада ІІІ кезең ойыншылары.

  • Жақсы,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (рахмет)

  • Балалар жүр көшеде

Естіледі айғай-шу.

Сенде шықтың, көршіңді

Қойып кеттің байқамай.

Не деу керек? (кешіріңіз)

  • Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық.

Көшенің сол шетіңде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе?)

Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.

Сергіту сәті: Сымсыз телефон

«Алғыс хат» жолдау, оқу

Қорыту. – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!