Психологиялық тренингтер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренингтер 3 бағытқа негізделіп жасалынған. 1-бағытта қарым-қатынастың негізгі психологиялық ерекшеліктері ескеріліп,топтың атмосферасын жақсарту мәселелері көзделген. 2-бағыт адамның сезімталдығына арналған тренинг,басқа адамды есту және көруді бір мезгілде бақылау қабілеттілігін айқындайды. 3-бағытта ойдың шығармашылығын қалыптастыруға жетелейтін тренингтер енгізілген. Сондай-ақ , жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін және психологиялық белсенділікті көтеруге адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар зор роль атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық жаттығулар


Психологиялық тренингтер 3 бағытқа негізделіп жасалынған.

1-бағытта қарым-қатынастың негізгі психологиялық ерекшеліктері ескеріліп,топтың атмосферасын жақсарту мәселелері көзделген.

2-бағыт адамның сезімталдығына арналған тренинг,басқа адамды есту және көруді бір мезгілде бақылау қабілеттілігін айқындайды.

3-бағытта ойдың шығармашылығын қалыптастыруға жетелейтін тренингтер енгізілген.

Сондай-ақ , жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін және психологиялық белсенділікті көтеруге адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар зор роль атқарады.

Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ,сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің , әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады. «Тренинг» термині / ағылшынның training сөзінен / оқыту,тәрбиелеу,жаттықтыру,үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие.Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән.Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады.Ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталады.Сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.

Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады.Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг алғаш рет АҚШ-та К.Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен.


Тренингтік топтың жұмысының принциптері :

1.Белсенділік ұстанымы

Тренинг барысында ададар арнайы талқыланған іс-әрекеттерге араласады.Ол қандай да бір іс-әрекеттерге араласу,жаттығуларды орындау,арнайы схема бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін.Белсенділік ұстанымы негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің 10 пайызын,көргенінің 50 пайызын ,айтқанының 70 пайызын және өзі істегенінің 90 пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.

2.Зерттеушілік / шығармашылық / ұстанымы

Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп,анықтап,ашумен қатар ,өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ.Осы ұстанымға сүйене отырып,жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп , қалыптастыра түсуге,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады,құрпастырады және ұйымдастырады.Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады.Үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте адамдар тарапынан қарсылық туады.Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына ,өмірге ,өз-өзіне шығармашылық тұрғыда қарауға ,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.

3.Мінез-құлықты нысаналау / түсіну / ұстанымы

Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары пайдаланылады.Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері ,мінез-құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейнежазба болмақ,оны кейін топ мүшелері қарап шығып,талқыға салады.

4.Әріптестік қатынас ұстанымы

Субъект-субъект қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы ,сондай-ақ олардың сезімі ,көңіл-күйі ,мазасыздануы ескеріледі,басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай ,мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік ,ашықтық,қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады.


Тренинг өткізбес бұрын ,жаттықтырушы өзіне мынадай сұрақтар қояды:

-Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?

-Неге мен ол мақстақа жеткім келеді?

-Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді?


1-жаттығу

Жаттығу жұппен орындалады.Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады.

Нұсқаулық: Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады.Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс.Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін,уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.

1-тапсырма

Бір-бірімізге үнсіз 4 минут қарап тұрамыз.

2-тапсырма

Әрқайсыңызға 4 минут уақыт беріледі,осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғанын әңгімелеп беріңіз.Әңгімені «Мен алдымда ... көріп тұрмын» деп бастап,алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз,әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек,мысалы:мейірімді көздер,ойлы жанар және т.б.сияқты.Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз,ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз,одан кейін керісінше.

3-тапсырма

Әрқайсыңыз 5 минут уақыт аралығында ,өз серігіңіздің жас кезінде қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз.Тек сыртқы келбетін ғана емес,сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады.


Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.

4-тапсырма

Әрқайсыңыз 5минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек.Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.


2-жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады,жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқау: Жұмысты бір-бірімізге бүгінгі күнде жақсы тілектер айтумен бастаймыз.Тілек қысқа,мүмкіндігінше бір сөз болуы керек.Сіз допты тілек тілегіңіз келген адамға ,тілек айта лақтырасыз.Ал ол адам өз кезегінде келесі адамға тілек тілей допты лақтырады.Ешкімді назардан тыс қалдырмай ,араласуын қадағалай отырайық.

3-жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: Қане ,бір-бірімізге мақтау айтайық. Оны былай жасаймыз.Бірінші бастағысы келген адам ,қолына доп алады да ,өзі таңдаған адамына лақтырады да ,оған мақтау айтады.Допты тосып алған адам оны келесі адамға лақтырып өзінің мақтауын айтады ,ары қарай т.с.с. доп әркімнің қолында болып шыққанға дейін.

4-жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: Қазір бір-бірімізге қандай да сезімді немесе күйді атап допты лақтырамыз.Ал допты тосып алғанда антоним қарама-қарсы сезім немесе күйді атаймыз.Мысалы мен допты біреуіңізге лақтырамын да «Мұңлы» деймін ,ал қағып алағн адам «көңілді »деп антонимін атайды.Содан соң допты басқа адамға лақтырып ,сезім немесе көңіл-күйді атайды,ол адам қарама-қарсы сезім атап,жалғаса береді.

5-жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: Қанеки танысайық және оны былай жүзеге асырайық:әрқайсымыз өзінің есімін атайды да ,мінезіндегі қасиеттерді,ерекшеліктерді атайды.Біздің ойлануға уақытымыз бар және барлығымыз дайын болған кезде бастаймыз.

6-жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.Жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық:Қазір бір-бірімізге мына допты лақтырамыз.Допты лақтыратын адам : «ауа», «жер» немес «су» деген 3 сөздің бірін айтады.Допты тосып алған адам егер ауа сөзі айтылса-құстың атын,жер сөзі айтылсы-аңның атын,су сөзі айтылсы-балықтың атын айтады.Мүмкіндігінше жылдам қимылдау керек.

7-жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: Қазір әрқайсыңыз үнсіз ешкімге ештеңе айтпай,қандай да бір кез-келген жануарды4 суретін таңдайсыз.Барлығымыз таңдап болған соң кезекпен,еш үн шығармай,таңдаған жануарды бейнелейсіздер.Бір адам көрсетеді,қалғандары бұл қандай аң екенін анықтайды,болжамдарын айтады.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі