Материалдар / Python бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

Python бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-9 сынып оқушыларына арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Python-ды орнату

Python бағдарламалау тілін қолданбас бұрын, оны жүктеп, компьютерге орнату қажет. Python3 тегін және оны орнату оңай. Windows, Mac, Linux, және Ubuntu операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды.

Windows-тегі Python3

  1. Python-ның веб-сайтына кіреміз (http://www.python.org)
    2. Windows-қа арналған Python-ның үшінші нұсқасынан бастап, тізімнің жоғары бөлігінде болатын соңғы нұсқасына басыңыз.
    3. Орнату автоматты түрде жүктеледі, одан соң жүктеу файлын ашып, төмендегі галочкаларды басып, "Install Now" батырмасын басу қажет.
    4. Енді программаның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Менюді ашып, "IDLE" сөзін теріңіз. Одан "IDLE" ішкі топтамаларын шертіңіз.

IDE-ні орнату

Интеграцияланған өңдеу ортасы (ағылш. Integrated Development Environment) - бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін бағдарламашылар пайдаланатын бағдарламалық құралдар жүйесі. Бұл бағдарлама арқылы сіз бағдарламалаумен ыңғайлы түрде айналысып, жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз. Python тіліне арналған көптеген сапалы IDE-лер бар. Бірақ мен сіздерге "PyCharm" программасын ұсынамын. Бұл IDE қолданыста ыңғайлы әрі тиімді болып табылады. PyCharm-ды орнату үшін, https://www.jetbrains.com/pycharm/download/ сілтемесі арқылы өтіп, "Community" сөзінің астындағы "Download" батырмасын шертіңіз. Сонда программа автоматты түрде жүктеледі. PyCharm-нің Community нұсқасы тегін болып табылады.



PyCharm-да код жазуды бастау үшін, "Create New Project" батырмасын шертіп, проектке ат беріңіз. Одан кейін тінтуірдің он батырмасын шертіп, New -> Python File батырмаларын басыңыз. Python файлына ат беріп, "OK" батырмасын басыңыз. Міне, енді сіз PyCharm-да кодты тере аласыз! Жазылған кодты жүзеге асыру үшін, үстіндегі жасыл үшбұрышты шертіңіз.

Python бағдарламалау тіліне кіріспе

Арифметикалық өрнектер

x+y

Қосу

x-y

Айырма

x*y

Көбейту

x/y

Бөлу(нәтиже үнемі float типті болады) 11/5=2.2 10/5=2.0

x//y

Бөлгендегі бүтін бөлігі (Екі санда бүтін болса, аргумент бүтін болады) 11//4=2 11.8//4=2.0

x%y

Бөлгендегі қалдық 11 % 4=3

x**y

X санының Y дәрежесі 2**3=8

abs(x)

Модулі

round(x)

Дөңгелектеу 11.3 = 11

round(x,n)

Үтірден кейінгі N санға дейін дөңгелектеу ROUND(12.456123,3)=12.456

pow(x,y)

X**Y Жазбасының аналогы

Ескеру: +, -, *, ** амалдарының нәтижесі int типті болады, егер екі аргументте бүтін болса.

Тізбектегі сандармен қолданылатын функциялар

max(a, b, …)

Үлкенін табу max([2,6,3,1]) =6

min(a, b, …)

Кішісін табу max([2,6,3,1]) =1

max(seq)

Үлкенін табу max([2,6,3,1]) =6

min(seq)

Кішісін табу max([2,6,3,1]) =1

sum(seq)

Қосындысын табу max([2,6,3,1]) =6

sorted(seq)

Сұрыптау ([2,6,3,1]) = [1, 2, 3, 6]

Math модулінің функциялары мен тұрақтылары

trunc(x)

Бүтінге қарай дөңгелектеу

sqrt(x)

Квадраттық түбірі

exp(x)

Экспоненті

log(x), log2(x), log10(x)

Натуралды, екілік, ондық логаримдары

sin(x), cos(x), tan(x)

Синусы, косинусы, тангенсі, х-радиан

asin(x), acos(x), atan(x)

Арксинусы, арккосинусы, арктангенсі

degrees(x)

Радианды градусқа ауыстыру

radians(x)

Градусты радианға ауыстыру

sinh(x), cosh(x), tanh(x)

Гиперболдық синусы, косинусы, тангенсі

asinh(x), acosh(x), atanh(x)

Кері гиперболдық синусы, косинусы, тангенсі

hypot(x,y)

Катеттері x,y болатын үшбұрыштың гипотенузасы

factorial(x)

Факториалы

gamma(x)

Гамма функция

pi

Пи мәнін қайтарады

e

е санын қайтарады

Жолдық операциялар

S1 + S2

Жолдарды біріктіру

S1 * n

Жолды қайталау

len(S)

Функция. Жолдың ұзындығының

S[n]

Индекс бойынша сілтеме

S2 in S1

Логикалық операция. S2 жолы S1 жолда бар екендігін анықтау

min(S)

Функция. S жолының ең кіші кодты символы

max(S)

Функция. S жолының ең үлкен кодты символы

Функция мен әдістердің қызметі

Функция немесе әдіс

Қызметі

S.find(str, [start],[end])

Жол ішіндегі жолды іздеу Біріншісін көрсетеді немесе -1

S.index(str, [start],[end])

Жол ішіндегі жолды іздеу. Біріншісін көрсетеді немесе ValueError

S.replace(шаблон, замена)

Шаблонды өзгерту

S.split(символ)

Жолды бөлгіштер арқылы бөліп жазу

S.isdigit()

Жолда цифрды анықтау

S.isalpha()

Жолда әріпті анықтау

S.isalnum()

Жолда цифрды немесе әріпті анықтау

S.islower()

Жолда төменгі регистрлі символдарды анықтау

S.isupper()

Жолда жоғарғы регистрлі символдарды анықтау

S.isspace()

Жолда көрінбейтін символдарды анықтау (пробел, символ перевода страницы ('\f'), «новая строка» ('\n'), «перевод каретки» ('\r'), «горизонтальная табуляция» ('\t') и «вертикальная табуляция» ('\v'))

S.istitle()

Сөз бас әріппен басталатындығын анықтау

S.upper()

Жолды жоғарғы регистрге ауыстыру

S.lower()

Жолды төменгі регистрге ауыстыру

ord(символ)

Символдың ASCII коды

chr(число)

ASCII кодының символы

S.lstrip([chars])

Жолдың басындағы бос орынды жою(пробел)

S<

Жариялаған:
Болат Каукар
30 Сәуір 2021
753
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі