400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Python сабақ ҰБТ 2024 дайындық есептер сұрақтар тесттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Python сабақ ҰБТ 2024 дайындық есептер сұрақтар тесттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 – сабақ

  1. Жүйелік программалардың ең көп таралған түрі – архивтеу программалары.

  2. Архтвтеу программаларының басты міндеті: файлдар өлшемін өзгеріссіз сығып тастау

  3. Ақпараттарды сығу – файлдағы ақпараттарды сығу процесі, нәтижесінде файлдардың өлшемдерін бірнеше есе кішірейіп, компьютер жадын үнемдеуге мүмкіндік береді

  4. Бір немесе бірнеше файлдың арнайы тәсілдермен сығылған түрі архивтелген файл немесе архив деп аталады

  5. Архивтелген файл кеңейтілімдері: .7z, .rar, .arj, .pkg, .tar, .gz

  6. Файлдарды архивтеу мақсаты – диск жадынан ақпараттарды жинақы түрде тығыз орналастыру, ұзақ уақыт сақтау, компьютерлік желілердегі байланыс арналары арқылы ақпаратты тасымалдау құнын азайту

  7. Архивтен шығару: сығылған файлды қалпына келтіру

  8. Компьютерлік желі – бір бірімен дерек алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеу жүйесі

  9. Бір бөлмеде, ғимаратта, жақын орналасқан ғимараттар кешенінде орналасқан компьютерлер қандай желіге біріктірілген: жергілікті желі

  10. Жүздеген және мыңдаған километрді қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе сапалық компьютержелілері: ауқымды желі

  11. Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұл компьютер не деп аталады: жұмыс станциясы

  12. Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол не деп аталады: сервер

  13. Негізгі аппараттық компоненттер: абоненттік жүйелер(компьютерлер, принтер, сканер), желілік компоненттер(концентратор, коммутатор, маршутизатор), байланыс арналары(сымдар, қосқыш ұяшықтар, сымсызтехнологиялар арқылы деректер жіберу және қабылдау құрылғылары)

  14. Жергілікті желіге қосылған компьютер арқылы қандай құрылғылармен жұмыс істеуге болады: деректер базасымен, ақпараттар көзімен, принтерлермен, модемдермен және т.б.

  15. Негізгі желілік программалық компоненттер: желілік операциялық жүйелер(Windows NT, LANtastic, Unix, Linux), желілік программалық жабдықтар(желі клиенті, желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі)


  1. Компьютерлік желінің негізгі құраушылары болып табылады: желілік компоненттер

  2. Концентратор дегеніміз: коммутатор мен маршутизатормен салыстырғанда ең қарапайым және арзан құрылғы. Барлық деректер концентратордың бір портына келіп түсіп, қалған порттарға таратылады. Осылайша, бір концентраторға қосылған әр компьютер бір-бірін көріп отырады.

  3. Коммутатор(switch қосқыш) дегеніміз: оның қызметі концентратордың қызметіне ұқсас. Ерекшелігі – желіде таратылатын әр дерек пакетінде адресат пен дереккөздің MAC-мекенжайы болуында. Коммутатор, порттарына жалғанған әр компьютер мекенжайын еске сақтап алып , реттеуші қызмет атқарып деректерді тек адресат компьютеріне ғана жібереді.

  4. Маршутизатор немесе бағдарлауыш(router) дегеніміз: деректер пакетін тарату үшін екі не одан да көп желілерді байланыстыратын ақылды құрылғы. Маршутизатор коммутатормен салыстырғанда күрделі әрі қымбат құрылғы. Ол желілік трафикті бақылау, желідегі өзгерістерді жылдам анықтау, қажетті пакеттерді өткізіп, қажетсіз пакеттерді блоктау қызметін атқарады. Бағдарлауыш жергілікті желі мен интернет желісі арасында байланыс қызметін орнатуға адрестерді аудару функцияларын жүзеге асырады

  5. IP – мекенжай (ағылш. Internet Protocol Address) – бір түйіннен екінші түйінге ақпаратты жіберу, алу, табу үшін қажетті бірегей мекенжай

  6. Түйін немесе желілік түйін – желіге қосылу мүмкіндігі бар кез-кезген құрылғы(ұялы телефон, компьютер, принтер, коммутатор , маршутизатор, концентратор)

  7. IP мекенжай бөлінеді: ішкі және сыртқы

  8. Ішкі IP-мекенжай – дербес жергілікті, сұр

  9. Сыртқы IP-мекенжай – көпшілік, ауқымды, ақ

  10. Провайдер – ұйым мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания(мысалы: қазақтелеком, билайн, теле2)

  11. Сыртқы IP мекенжайлар – интернет желісінде қолданылады. Ауқымды желідегі құрылғылар ғана көре алатын бүкіл интернет желісіндегі бірегей мекенжай.

  12. Статикалық(тұрақты) IP мекенжай – компьютер әрбір желіге қосылған сайын оған қызмет ететін провайдер компаниясы бір ғана мекенжай тағайындап беріп отыратын IP-мекенжай

  13. Динамикалық(тұрақсыз) IP-мекенжай – белгілі бір шектеулі уақытқа ғана провайдермен берілетін мекенжай.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі