Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
б) тәрбиелік: оқушылардың еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс т.б.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, сыныптың назарын сабаққа аударту.
Миға шабуыл (Оқушылар топпен бірлесе отырып ойларын жазады. (эссе, өлең, сурет т.б))
1)Туған жер,туған ел дегенде ойларыңа не түседі?
2)Туған жерге,елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
Туған жер –адамзаттың кең дүние есігін ашып,өміпге келген,бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.Отанға деген сүйіспеншілігінің түп-тамыры сыйластық,татулық,бауырмалдық,бірлікте болады.Отанды,туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.
ІІ Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.
ІІІ Жаңа сабақ:
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын слайд арқылы көрсету.
2. Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, өз туған жеріміз өзімізге ыстық. Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер, ата-бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын-туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның. Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету – әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын! Тағдыр талайымен тарыдай шашылған қазақтар дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударайық
3. «Сұрақты тап». Интербелсенді тақтадан сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылады.Қандай сұрақтар қойылды?
2
Сұрақты тап
1 3
с
6 4
![]()
5
1.Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы,қапсағай шал осы.
2.Көзі ілініп бара жатып,әлсін-әлі шошып ояна берген.Ол көбінше артымнан қуғыншы келеді деп емес,ұықтап жатқан жерімде жыртқыш аңдардың бірі бас сала ма деп қауіптенді.
3. «Я,жасаған,-деп тіледі:ол көктегі айға қалтыраған қолын жайып тұрып,-маған енді үш күндік ғұмырыңды қия гөр!Оның арғысын сұрамаймын да...Арғанатының аңғарына жеткесін,аманат жаныңды ала бер!»
"Мүмкін,Құдай сол тілегімді қабыл көрген болар,-деп ойлады ол бүгін жолда келе жатып,-өйткені бұл менің ақырғы тілегім ғой"
4.Құйып алып шыққан айраны бұдан екі күн бұрын таусылған. Содан бері таңдайын жібітіп,талшық қып жатқаны-бір уыс малта.
5.Өзен ағысы қатты екен.Әлде тау басына жаңбыр жауды ма,түсі бұзылып,тастан тасқа соғып,жыртқыш аңдай өкіріп,долданып ағып жатты.
1.Жолға шыққан жолаушы қарт қайда сапар шегіп келеді?
2.Қарт неге шошып оянды?
3.Қарттың тілегі не?
4.Қарттың жолға алып шыққан азығы не?
5.Шығармада өзен ағысы қалай суреттелген?
І топ: Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
|
Шығарманың аты |
Авторы |
Кейіпкері |
Іс-әрекеті |
Адами қасиеті |
|
«Қаздар қайтып барады» |
Қабдеш Жұмаділов |
Байтас қарт |
Жолға шықты,қасқырмен алыс-ты, туған жерге асықты, шар-шады, қажыды,отбасынан айы-рылды, немересін бақты, шека-радан асты, туған жеріне жетті. |
Қайсар,қажырлы,төзімді, туған еліне деген сағынышы басым, рухы биік,адал жан. |
ІІ топ: Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.
|
Жетті |
Жеткен жоқ |
|
Байтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті. Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді. |
Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек- теген шекарашылар түскен жоқ па? |
ІІІ топ: Мәтіндегі жер-су,өзен аттарын теріп жазу. ( Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра)
IY топ: Әңгіме желісі бойынша сурет салу.
IY Білімін тексеру: «Бұл жалған ба,әлде,шындық па?»
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы дүниеге келген./шындық/
Байтас қарт жазықсыз жаланың құрбаны болды . /шындық/
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы - Қабдеш Жұмаділовтің шығармасы. /жалған/
Шығармадағы Төлеутай –қарияның немересі. /шындық/
Қарияның бойтұмарына түйілген туған жердің топырағы еді. /шындық/
«Қаздар қайтып барады» құстар туралы жазылған шығарма./жалған/
Қария туған еліне сапар шекті. /шындық/
Жол бойындағы ол бір уыс малтаны талшық етті. /шындық/
Жол бойында оны жылан шағып алды. /жалған/
Оқиғаның басында тау іші суреттелген. /шындық/
Қарияның соңына қорқау қасқыр түсті. /шындық/
Қария қаздарды немересі үшін атты. /жалған/
Y Сабақты бекіту: Сұрақ жауап арқылы бекіту.
1. Байтас қарт осы сапарға қанша жыл дайындалған? (40)
2. Қарттың туған жерге жету үшін Алладан тілеген тілеуі? (үш күндік ғұмыр)
3. Сусыны таусылған қарттың жолдағы азығы? (малта)
4. Қарттың жалғыз немересінің аты? (Төлеутай)
5. Қытай үкіметінің қартқа таққан айыптарының бірі? (үйде қару ұстайды)
6. Қарттың орны толмас өкініші? (немересінен қапыда айырылуы)
7.Қарт қырық жыл бойы бойтұмар етіп тағып жүрген зат – (туған жердің топырағы)
8. Байтас қарттың сапарға шыққандағы жасы? (70)
9. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің жарияланған жылы? (1967)
10. Әңгіменің түйінді ойы? (туған жерге оралу)
YІ Үйге тапсырма:
1. «Туған жердің топырағы» тақырыбына эссе жазу
2. Шығарманың композициялық құрылымы
1.Басталуы 1.Жалғыз жортқан жолаушы
2.Дамуы 2.Жолдан көрген қиыншылықтар
3.Байланыс,шегініс 3.Ойға оралған өткен күндер,жалғыз немере-Төлеутай
4.Шарықтау шегі 4.40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар
5.Шешімі 5.Туған жерге жету,мойындағы тұмардағы топырақты табыстау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қабдеш Жұмаділов "Қаздар қайтып барады" 8 сынып

шағым қалдыра аласыз