QADAZ феномені: Бір қыздың идеясы – жүздеген грант, мыңдаған мүмкіндік
Қазақстандағы шығармашылық емтиханға дайындық нарығының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірегей бастамалардың бірі — QADAZ шығармашылық курсы. Бұл жоба шығармашылыққа шын жүректен сенген, күрделі жолды өзі жүріп өткен, табанды ұстаз әрі мықты ұйымдастырушы Аружан ханымның бастамасымен құрылған. Оның өз өмір жолы — мыңдаған талапкерге шабыт сыйлайтын нағыз мотивациялық оқиға.
Шынайы ізденіс — шығармашылық таңдау
Аружан ханым мектеп кезінде үнемі белсенді, үздік оқушы болды. Алғашқы ҰБТ-ға дайындық кезінде ол 5 пәндік бағытты таңдағанымен, оқу жылының соңына қарай бұл жол — оның жүрек қалауымен сәйкес келмейтінін сезді. Анасының қолдауымен шығармашылық бағытқа бет бұру туралы шешім қабылдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырып шықты. Ал шығармашылық емтиханға небәрі бір апта ғана дайындалып, рекордтық нәтиже көрсетіп, екі үздік университеттің грант иегері атанды. Бұл — қарапайым дайындықтың емес, жүйелі әдістеменің нәтижесі еді.
Жеке тәжірибеден — авторлық методикаға дейін
Аружан ханым өзінің шығармашылыққа дайындық кезеңінде тап болған қиындықтарды жеңу жолында жеке авторлық методикасын жасап шығарды. Әсіресе шығармашылық емтихан туралы ақпараттың аздығы, материалдың жетіспеушілігі, нақты бағдардың болмауы — оны бұл бағыттағы оқушыларға қолдау көрсетуге итермеледі. Міне, осылайша, QADAZ шығармашылық курсы дүниеге келді.
Алғашында небәрі 5 қыздан құралған команда өз миссиясын тек тегін негізде жүзеге асырып, табыс емес, талапкерлердің алғысын басты нәтиже деп білді. Курстың алғашқы шәкірттері бүгінде еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының грант иегерлері.
Алайда бұл жол жеңіл болмады. Курстың алғашқы кезеңінде табыс болмағандықтан, идеяға сенетін мамандардың қатары азайып, соңында жобаның тізгінін тек Аружан ханым жалғыз өзі ұстап қалды.
Тағы бір қиындық — шығармашылыққа дайындалатын талапкерлердің бастапқы ақпараттан мүлде бейхабар болуы еді. Олар журналист, дизайнер, режиссер болғысы келсе де, бұл жолдың неден басталатынын білмейтін. Ал ҰБТ мен емтиханның халықаралық форматта өтуі — оларға үрей тудыратын. Бірақ QADAZ-тың келуімен бұл үрей сенімге ұласты. Аружан ханым мен командасы талапкерлерге батыл шешім қабылдауға жол ашты. Бастапқыда тек журналистика бағытымен шектелген курс, бүгінде 5 негізгі шығармашылық мамандыққа: архитектура, дизайн, режиссура, актерлік шеберлік және журналистикаға бағытталған толыққанды жүйеге айналды. Бұл – QADAZ-тың шығармашылық орталық ретіндегі қалыптасуын білдіреді. Ұйымдастырушылықтың тағы бір маңызды жетістігі — мықты команда. Аружан ханым өз оқушыларынан құралған бәсекеге қабілетті жастар тобын жинап, кәсіби, тұрақты жұмыс моделін құрды. Бұл — QADAZ-тың 11-сыныппен шектелмей, студенттік кезеңге дейін шәкірттеріне қолдау көрсететінін дәлелдейді.
Қазіргі таңда QADAZ — шығармашылық бағыттағы білім беру саласында 5 жылдық тәжірибесі бар, нақты нәтиже көрсеткен жетекші курс. Өткен оқу жылында ғана 4 абсолютті рекордсменді дайындап шықса, бүгінгі таңда шығармашылық ҰБТ-да рекорд қойған оқушыларының саны 10-ға жетті. Бұл – QADAZ-тың шығармашылық емтихан нарығындағы сенімділік пен сапа белгісіне айналғанының дәлелі.
Шынайы өмірге дайындық – басты миссия
Бүгінде QADAZ тек талапкерлерге емтиханға дайындықпен ғана шектелмей, 10-сынып оқушыларына арналған тегін тәжірибе жобасын — “ШТАБ” бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл жоба арқылы оқушылар өз мамандығын ертерек сезініп, нақты тәжірибе жинайды. Сонымен қатар QADAZ-тың түрлі шығармашылық бағыттар бойынша ресми серіктестері де бар.
Барлық бастамаларымыз бен еңбегіміздің түпкі мақсаты — шынайы өмірге дайын, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру.
*QADAZ – батыл шешім, нақты бағыт, шынайы нәтиже.*
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
QADAZ феномені

шағым қалдыра аласыз