ҰБТ емес, жүрек таңдауы: QADAZ неге трендке айналды?
Қазақстандағы шығармашылық бағыттағы білім берудің қалыптасу жолында өзіндік мектебін қалыптастырып үлгерген бірегей орталық – QADAZ шығармашылық курсы. Бұл жоба – өзінің мектеп кезінен шығармашылыққа деген шынайы қызығушылығын нақты іске айналдыра білген Аружан Жалелбекқызының бастамасымен дүниеге келіп, бүгінде мыңдаған талапкердің болашағына бағыт беріп отырған білім кеңістігі.
Қазіргі таңда QADAZ – жай ғана курс емес, жүйелі білім беру платформасы, патенттелген авторлық методика, серіктестік желісі бар кәсіби ұйым, әрі кәсіптік бағдар мен шығармашылық емтиханға нақты нәтиже көрсететін платформа.
Аружан Жалелбекқызы өзінің шығармашылық жолындағы күрделі кезеңдерді еңсеріп, білім алуға және ізденіске негізделген жеке авторлық методикасын жасады. Бұл методика бірнеше модульден тұрады және шығармашылық емтиханға жүйелі түрде дайындалуға толық мүмкіндік береді.
QADAZ курсы үш негізгі бағыттан тұрады:
1. ШТАБ курсы (10-сынып оқушыларына арналған):
2–3 айға созылатын бұл бағдарламада оқушылар мамандықтармен теориялық тұрғыда танысып, оқу аяқталған соң таңдалған бағыт бойынша офлайн стажировкадан өтеді. Бұл — тек білім емес, болашақ мамандығының шынайы атмосферасын сезінуге мүмкіндік. Нәтижесінде оқушы өз таңдауының дұрыстығына сенімділікпен қарай бастайды.
2. Шығармашылық ҰБТ-ға дайындық:
Бұл кезеңде талапкерлер арнайы QADAZ авторлық базасымен дайындалады. Аталған база — нақты ҰБТ спецификасына сай әзірленген, соның арқасында оқушылар 1 ай ішінде 6–7 балл аралығында прогресс көрсетеді. Жүйелілік, бағыттылық және практикалық тапсырмалар — жоғары нәтижеге қол жеткізудің басты кепілі.
3. Шығармашылық емтихан курсы:
Курс ұзақтығы — 2 ай. Әр модуль шығармашылық емтиханның кезеңдері мен құрылымына негізделген. Бұл курс тек емтихан сұрақтарын жаттауға емес, саланың іргетасы – дағдылар мен көркемдік түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Мысалы, архитектура немесе дизайн бағытын таңдаған оқушы тек емтиханға ғана емес, сурет өнерінің негізгі принциптеріне де терең бойлайды.
Курс барысында барлық оқушыларға жеке кураторлар, бөлім жетекшілері мен видеосабақтар ұсынылады. Бұл – қатаң бақылау мен тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді.
QADAZ-тың басты ерекшелігі – авторлық методикасының ресми түрде патенттелуі. Бұл – орталықтың білім беру нарығында өз позициясы мен сапасын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.
2025 жылы осы методика негізінде Қазақстанда алғашқы онлайн форматтағы шығармашылық бағыттағы әдістемелік кітап жарық көрді. Бұл — еліміздегі шығармашылық емтиханға жүйелі дайындықты қамтамасыз ететін тұңғыш онлайн құрал.
Кітаптың мазмұны теориямен шектелмейді:
– шығармашылыққа қатысты практикалық тапсырмалар,
– талапкердің өмірлік таңдауы мен кәсіби бағдарын анықтауға бағытталған әдістемелер,
– Қазақстандағы жоғары оқу орындары туралы нақты ақпарат,
– шығармашылық емтиханның кезең-кезеңімен талдауы,
– дайындыққа арналған толыққанды нұсқаулықтар,
– шығармашылыққа қатысты кең тараған мифтер мен лайфхактар,
– сондай-ақ кәсіби сарапшы көзқарасымен жасалған аналитикалық тапсырмалар қамтылған.
Бұл онлайн кітап – 5 жылдық тәжірибенің жиынтығы әрі шығармашылыққа нақты қадам жасағысы келетін жастар үшін бағыт-бағдар.
QADAZ – шығармашылықтағы серпілістерге жол ашқан алғашқы жоба
QADAZ – көптеген салаларда алғаш болып отырған бастама:
• Қазақстанда алғаш болып шығармашылыққа арналған патенттелген методика жасаған;
• Шығармашылық бағыттағы онлайн әдістемелік кітап ұсынған алғашқы ұйым;
• ENU (Еуразия Ұлттық университеті) тарапынан “Амбассадор” мәртебесін иеленген алғашқы білім беру платформасы;
• QADAZ түлегі түсірген QADAZ туралы деректі фильмнің премьерасы Жапонияда өтеді – бұл да отандық шығармашылық білімнің шетелге шыққан алғашқы үлгілерінің бірі.
Миссиямыз – жүрекпен таңдаған мамандыққа жол ашу. Бүгінде шығармашылық емтихан талапкерлер үшін түсініксіз, жүйесіз, қорқынышты болып көрінеді. Ал QADAZ – осы мәселенің шешімі. Жыл сайын жүздеген жас ҰБТ емес, жүрек қалауымен жол таңдай бастады. Соның арқасында шығармашылыққа деген сенім мен қызығушылық артып, нарықтағы сұраныс күрт жоғарылады.
QADAZ — жай курс емес, жеке жолы бар, миссиясы бар жүйе. Ол жүйені бастаған Аружан Жалелбекқызы бүгінгі таңда жастардың шығармашылық таңдауына бағыт-бағдар беріп отырған білікті педагог, сарапшы және әдістеме авторы.
QADAZ – болашақты жүрекпен таңдағандардың мекені. QADAZ – шығармашылықтың құрылымы мен тәртібін қалыптастырған, шәкірттерге кәсіби бағдар мен сенім сыйлаған, жүйелі әрі дәлелденген нәтиже көрсеткен бірден-бір платформа. Бұл — Қазақстандағы шығармашылық білім беру дәуірінің жаңа беті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Qadaz жаңалығы

шағым қалдыра аласыз