2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қағазбен жұмыс. «Тұқым салатын қағаз қапшық»

Қағазбен жұмыс. «Тұқым салатын қағаз қапшық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, тік төртбұрышты қағаздарды теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру, дайындалған қағаз қапшықтарды әшекейлеу барысында көркемдік талғамдарын арттыру, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Оқу қызметі: Қол еңбегі

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс. «Тұқым салатын қағаз қапшық»

Мақсаты: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, тік төртбұрышты қағаздарды теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған

қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру, дайындалған қағаз қапшықтарды әшекейлеу барысында көркемдік талғамдарын арттыру, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.

Көрнекілігі: сурет дәптерінің беті, әліппе-дәптер, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастер, қайшы, желім, қылқалам, сүлгі.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, қағазды қос бүктеу, шеттерін бір-біріне қарама-қарсы бүктеу және бүктеу сызықтарын тегістеу.

Іс-әрекет

бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру


Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтқызу.

Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жақсы тілектер білдіреді.







Негізгі бөлім


Алдымен балалармен күз мезгілінің ерекшелігі, күзгі еңбек жайында әңгімелесу.Тұқым жинау туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру. Дидактикалық материалдардағы тұқым түрлерінің суретін қарастыру. Бүгінгі сабақта қағаздан тұқым салатын қағаз қапшық жасайтындарын айту. Дайындалған үлгіге талдау жасалады. Әліппе-дәптердегі үлгіні қарау. Қағаз қапшықты жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру.

  • тік төртбұрышты қағаздың бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу;

  • тік төртбұрышты қайта жазып ашып, екі шетін мөлшермен қарындашпен белгілеп алып (2 см), қарама-қарсы бағытта бүктеу, бүктеу сызықтарын тегістеу;

  • қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып, оң жағын желімдеп алады;

  • екінші бөлігіне желім жағып, оны да желімдейді, қапшық дайын болады;

  • қапшықтың сыртын қарындашпен немесе фломастермен әшекейлеу ұсынылады.

Балаларды қағазбен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге бағыттап, кейбір балаларға көмектесіп, жұмыс барысында басшылық жасалады.

Қапшықты жасау барысында орындалу ретіне мән беріп, қағазды бүктеу, желімдеуде әр баланың іс-әрекеті қадағаланады. Балалардың іс-әрекеті мадақталып, еңбек нәтижелерін бір-біріне көрсетіп, кімнің тұқым салатын қағаз қапшығы әдемі болғанын айтып, өз жолдастарының еңбегін бағалайды. Бүгінгі сабақта жақсы жұмыс жасағандарын айта келіп, еңбек туралы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау.

Еңбек түбі –зейнет.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.



Жұмыстың орындалу барысын тәрбиешінің көрсеткен нұсқауы бойынша орындайды.




Барлық бөліктерін қиып алып, үлгі бойынша желімдеп жапсырады.

Дайын болған соң,оған балалар өз қалаулары бойынша қосымша бөліктерді өздері ойлап табады.

Қорытынды.

Балалардың бүгінгі еңбек жетістіктеріне талдау жасау. Мадақтау .


Балалар еңбек туралы мақалдар айтып, сабақты қорытындылайды.




Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:қағазды бүктеп қию тәсілін меңгеру.

Көрсете білуі: тапсырманы мұқият үлкен жауапкершілікпен орындаулары керек.












16 Сәуір 2018
1451
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі