400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қағаздан сырмақ жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі сырмақтың түрлері, пайдалану тұтыну ерекшеліктері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы түсінік беру. Олардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, сыни тұрғыда ойлану қабілетін дамыту. Зергерлік бұйымдардың ұлттық мұрасы екенін айта отырып, ұлттық мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып

Пәні: Еңбекке баулу Пән мұғалімі: Таңатаров Сырлыбек

Сабақтың тақырыбы

Қағаздан сырмақ жасау

Сілтеме

Еңбекке баулу 4-сынып К. Өстеміров. Б. Қалназаров, Н. Рахметова, Н. Адамқұлов, А. Сманова. Атамұра 2011ж Түрлі – түсті қағаз, сызғыш, қарындаш, қайшы, желім, стикерлер, плакаттар, маркерлер.

Жалпы мақсаты






Оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі сырмақтың түрлері, пайдалану тұтыну ерекшеліктері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы түсінік беру.

Олардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, сыни тұрғыда ойлану қабілетін дамыту.

Зергерлік бұйымдардың ұлттық мұрасы екенін айта отырып, ұлттық мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сырмақтың түрлері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы білім алады.

Олардың танымдық белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасайды, сыни тұрғыда ойлану қабілеті қалыптасады.

Ұлттық мұраны қастерлей білуді үйренеді.

Түйінді идеялар


Қағаздан сырмақты жасай алуы

Диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлану дағдысын қалыптастыру

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

Кеңейтілген тапсырманы беру арқылы талантты және дарынды балаларды анықтау

Көшбасшылық жүзеге асады.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сыныпта ынтымақтастық амосферасын ұйымдастыру

«Ең жақсы тілек» Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.

  1. Топқа бөлу: (түстер арқылы)

1-топ Сырмаққа қандай ою-өрнек қолданылады?

2-топ Сырмақ туралы не білеміз?

3-топ Қолөнер түрлерін білеміз бе?

Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

Үй тапсырмасын сұрау

«Кебеже және асадал жасау»

«Кубизм» әдісі Оқушылар әрқайсысы жұмыстарын топта талқылайды, бірін-бірі бағалайды.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Жаңа сабақ

Ой қозғау






Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы (1892, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы– 1.4.1960,  Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ педогогикалық училещесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921). 1925 – 36 жылы Қазақ драма театрында, 1936 – 58 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 жылы ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығармашылық өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемлекеттік тапсырыспен Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Қазақстан республикасының облысы музей қорларында сақтаулы.

  1. Сөзжұмбақ шешу «Сырмақ»

с ы р м а қ

  1. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі

  2. Тігінші құралы

  3. Ең көне ою

  4. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал

  5. Жеңсіз жеңіл киім

  6. Құралып тігілетін бұйым

  1. «ББҮ» кестесін толтыру

Оқулықпен жұмыс. Іштей тізбектей оқыту.

1. Сырмақ деп қандай төсенішті айтамыз?

2. Сырмақ неден жасалады?

3. Сырмаққа қандай ою-өрнектер қолданылады?

2.Постермен жұмыс

1-топ Сырмақ түр ата

2-топ Суретпен жұмыс (ассосиация)

3-топ Сурет құрастыру (сырмақ)

Сергіту сәті

Қимыл қозғалыс биі

Сарамандық жұмыс

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі түсті қағаздың дәл ортасынан көлденең және тік сызық жүргіземіз

2. Оны төртке бүктеп, бір бөлігіне қарындашпен оюды сызамыз

3. Сызық бойынша оюды қиып аламыз.

4. Дайын оюға желім жағып, түрлі түсті қатырма қағаз бетіне желімдейміз.

Кейінгі тапсырмалар

«ББҮ» әдісі кестесін толтыру «Кубизм» әдісі

Бағалау

Формативті бағалау

Үй тапсырмасы

Әр түрлі ою-өрнектерді пайдаланып, қағаздан сырмақ жасау









Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы (1892, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы– 1.4.1960,  Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ педогогикалық училещесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921). 1925 – 36 жылы Қазақ драма театрында, 1936 – 58 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 жылы ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығармашылық өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемлекеттік тапсырыспен Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Қазақстан республикасының облысы музей қорларында сақтаулы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі